Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 10 маусымдағы n 6-i заңы



жүктеу 0,51 Mb.
Pdf просмотр
бет1/16
Дата15.05.2018
өлшемі0,51 Mb.
#13875
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16


 

Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы 

Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 10 маусымдағы N 6-I Заңы

 

        ҚОЛДАНУШЫЛАР НАЗАРЫНА! 



 

      Қазақстан Республикасының 2005.11.22. № 90 Заңымен енгізілген өзгерістер әртүрлі 

уақытта қолданысқа енгізілген (2-бапты қараңыз). Қажет болған жағдайда "Заң" Деректер 

базасының 5 версиясының алдыңғы редакцияларын қараңыз. 

 

МАЗМҰНЫ


 

 I ТАРАУ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР  

      1-бап. Реттелетiн мәселелер 

 

      Осы Заң санаткерлiк меншiк саласында ғылым, әдебиет және өнер туындыларын 



(авторлық құқық), қойылымдарды, орындаушылықты, фонограммаларды, эфирлiк және кабельдiк 

хабар тарату ұйымдарының хабарларын (сабақтас құқықтар) жасауға және пайдалануға 

байланысты туындайтын қатынастары реттейдi. 

 

      2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар 

 

      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 



 

         1) автор - шығармашылық еңбегімен ғылым, әдебиет, өнер туындысын жасаған жеке 

тұлға; 

 

      2) авторлық құқық - автордың жеке мүліктік емес және мүліктік құқықтары;



 

       3) авторлық құқықты және сабақтас құқықтарды қорғаудың техникалық құралы - 

туындыларға немесе сабақтас құқықтар объектілеріне қол жеткізуді бақылайтын, автор, 

сабақтас құқықтар иесі немесе өзге де айрықша құқықтар иесі туындыларға немесе сабақтас 

құқықтар объектілеріне қатысты рұқсат етпеген іс-әрекеттерді жүзеге асыруды болғызбайтын 

не шектейтін техникалық (бағдарламалық-техникалық) құрылғы немесе оның компоненттері; 

 

      4) авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектiсiнiң контрафактiлiк 



данасы – жасалуы, таратылуы немесе өзгедей пайдаланылуы осы Заңның ережелерiне не 

Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына орай авторлық 

құқықтың және (немесе) сабақтас құқықтардың бұзылуына әкеп соғатын туындының, жазылған 

орындаушылықтың, фонограмманың, эфирлiк және кәбiлдiк хабар тарату ұйымдары хабарының 

данасы. Құқық иеленушiнiң рұқсатынсыз құқықтарды басқару туралы ақпараты жойылған немесе 

өзгертiлген не авторлық құқық пен сабақтас құқықтарды қорғаудың техникалық құралдарын 

айналып өтуге мүмкiндiк беретiн заңсыз пайдаланылатын құрылғылардың көмегiмен жасалған 

авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектiлерi де контрафактiлiк болып 

танылады;

 

      5) авторлық шарт – нысанасы бір немесе бірнеше авторлық құқық объектілерін 



пайдалануға мүліктік құқықтарды беру болып табылатын шарт. Авторлық шарт лицензиялық 

шарттың бір түрі болып табылады;

 

       6) айрықша емес құқық - осы Заңда белгіленген жағдайларды қоспағанда, автордың 



немесе өзге құқық иеленушінің тиісті рұқсатымен басқа адамдардың құқық иеленушімен бір 

мезгілде туындыны, орындаушылықты, қойылымды, фонограмманы, эфирлік және кәбілдік хабар 

тарату ұйымдарының хабарын пайдалана алатын құқығы

 

      7) айрықша құқық – автордың және (немесе) өзге де құқық иеленушінің туындыны және 



(немесе) сабақтас құқықтар объектісін белгіленген мерзім ішінде кез келген тәсілмен 

пайдалануды жүзеге асыруға, оған рұқсат беруге және тыйым салуға мүліктік құқығы;

 

      8) аккредиттеу - ұжымдық басқару салаларында мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде 



басқаратын ұйымдардың осы Заңда белгіленген заңды құқықтарын уәкілетті органның ресми 

тану рәсімі;

 

       8-1) 



алып тасталды - ҚР 24.11.2015

 № 419-V 

Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа 

енгізіледі).

 

       9) деректер базасы - деректер электронды-есептеу машинасының (бұдан әрі - ЭЕМ) 



көмегімен табылатындай және өңделетіндей етіп жүйеге түсірілген материалдардың іріктелуі 


және (немесе) орналасуы жағынан шығармашылық еңбектің нәтижесін білдіретін деректер 

(мақалалар, есептер, фактілер және басқалар) жиынтығы. Деректер базасы ұғымы оның 

көмегімен деректер базасының материалдарына электрондық қол жеткізуді жүзеге асыруға 

болатын ЭЕМ-ге арналған бағдарламаға қолданылмайды; 

 

       10) дыбыстау-бейнелеу туындысы - тиісті техникалық құрылғылардың көмегімен көріп 



және естіп (дыбыспен берілетін жағдайда) қабылдауға арналған өзара байланысты кадрлардың 

немесе бейнелердің (дыбыспен сүйемелдеп немесе сүйемелдемей) түсірілген сериясынан 

құралатын туынды. Дыбыстау-бейнелеу туындылары кинематографиялық туындыларды және 

бастапқы немесе одан кейінгі түсірілу тәсіліне қарамастан, кинематография құралдарына 

ұқсас құралдармен бейнеленген туындылардың барлығын (телефильмдерді және 

бейнефильмдерді, диафильмдер мен слайдфильмдерді және сол сияқты туындыларды) қамтиды; 

 

       11) дыбыстау-бейнелеу туындысын шығарушы - осындай туындыны жасаудың бастамасы 



мен жауапкершілігін мойнына алған жеке немесе заңды тұлға. Өзге дәлелдемелер болмаған 

кезде, осы туындыда есімі немесе атауы белгіленген тұлға дыбыстау-бейнелеу туындысын 

шығарушы деп танылады; 

 

       12) жазу - дыбыстарды және (немесе) бейнелерді техникалық құралдардың көмегімен 



оларды бірнеше қайтара қабылдауға, қайта шығаруға немесе хабарлауға мүмкіндік беретін 

қандай да бір материалдық нысанда жазып алу

 

       13) жалпы жұрттың назарына жеткізу - авторлық құқық және (немесе) сабақтас 



құқықтар объектілерін көпшілік оларға өзінің жеке қалауы бойынша кез келген жерден және 

кез келген уақытта (интерактивтік режимде) қол жеткізуді жүзеге асыра алатын сым арқылы 

немесе сымсыз байланыс құралдарымен хабарлау; 

 

      14) жариялау - автордың не авторлық немесе сабақтас құқықтар объектілеріне өзге 



құқық иеленушінің келісімімен туындының, орындаушылық жазбасының немесе фонограмманың 

даналарын көпшіліктің орынды қажеттіліктерін қанағаттандыратын мөлшерде көпшілікке 

ұсыну;

 

      14-1) интернет-ресурс – аппараттық-бағдарламалық кешенде орналастырылатын, бірегей 



желілік адресі және (немесе) домендік аты бар және Интернетте жұмыс істейтін, мәтіндік, 

графикалық, аудиовизуалдық немесе өзге де түрде бейнеленетін электрондық ақпараттық 

ресурс;

 

       15) кәбіл бойынша жалпы жұрттың назарына хабарлау - туындыны, фонограмманы, 



орындаушылықты, эфирлік немесе кәбілдік хабар тарату ұйымдары хабарын жалпы жұрттың 

назарына кәбіл, сым, оптикалық талшық арқылы немесе соған ұқсас құралдардың көмегімен 

хабарлау; 

 

       16) көпшілік алдында орындау - туындыны мәнерлеп оқу, ойнау, билеу немесе қандай 



да бір өзге жолмен, соның ішінде техникалық құралдардың көмегімен отбасы мүшелері болып 

табылмайтын адамдар болатын немесе болуы мүмкін орындарда орындау; 

 

       17) көпшілікке көрсету - туындының түпнұсқасын немесе данасын тікелей немесе 



слайд, кино-, телекадр түрінде экранда, басқа кез келген техникалық құралдың көмегімен 

немесе кез келген өзге әдіспен (дыбыстау-бейнелеу туындысына қатысты - олардың 

реттілігінен тыс жеке кадрларды көрсету) отбасы мүшелері болып табылмайтын адамдар 

болатын немесе болуы мүмкін орындарда көрсету

 

       18) көшірмелеу (репрографиялық қайта шығару) - жазбаша және басқа да графикалық 



туындылар түпнұсқаларының немесе көшірмелерінің фотокөшірме жолымен немесе басып 

шығарудан өзге басқа да техникалық құралдар арқылы кез келген мөлшерде және нысанда бір 

немесе одан да көп данасын факсимильдік қайта шығару. Репрографиялық қайта шығаруға 

аталған көшірмелерді электрондық (цифрлық көшірмелерін қоса), оптикалық немесе машинамен 

оқылатын өзге де нысанда сақтау немесе қайта шығару кірмейді; 

 

      19) қайта шығару – туындылардың немесе сабақтас құқықтар объектiлерiнiң бiр немесе 



одан да көп тұрақты немесе уақытша даналарын кез келген әдiспен және кез келген нысанда

толық немесе iшiнара, тiкелей немесе жанама түрде дайындау. Қайта шығару түрлері дыбыс- 




жүктеу 0,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау