Дене шынықтыру және спорт туралы
1999 жылғы 2 желтоқсандағы № 490-І Қазақстан Республикасының Заңы
(2011.06.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1-тарау. Жалпы ережелер
|
(1 - 8 баптар)
|
2-тарау. Дене тәрбиесінің жүйесі
|
(9 - 15 баптар)
|
3-тарау. Спортты ұйымдастыру және дамыту
|
(16 - 22 баптар)
|
4-тарау. Дене шынықтыру мен спорт саласындағы басқару
|
(23 - 24 баптар)
|
5-тарау. Дене шынықтыру мен спортты қаржыландыру, материалдық-техникалық жағынан және кадрлармен қамтамасыз ету
|
(25 - 28 баптар)
|
6-тарау. Дене шынықтыру мен спорт саласындағы жеңілдіктер және әлеуметтік кепілдіктер
|
(29 - 31 баптар)
|
7-тарау. Дене шынықтыру мен спорт саласындағы халықаралық қызмет
|
(32 - 33 баптар)
|
Түпнұсқада мазмұны жоқ
|
|
Осы Заң дене шынықтыру және спорт саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, бұқаралық дене шынықтыру, әуесқойлық және кәсiпқойлық спорт қызметiн қамтамасыз етудiң және оларды дамытудың құқықтық, ұйымдық, экономикалық және әлеуметтiк негiздерiн белгiлейдi.
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР 04.07.03 ж. № 471-II (бұр. ред. қара); 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 1-бап өзгертілді; 2009.10.07. № 181-IV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) Арнайы олимпиада – мүгедектер мен ақыл-есінің мүмкіндігі шектеулі адамдар қатарындағы спортшылар арасында өткізілетін халықаралық қысқы және жазғы жарыстар;
2) әуесқойлық спорт – азаматтардың дене тәрбиесінің жалпы жүйесіндегі өзінің спорт шеберлігін жетілдіруге және спорттың әр түрінде жоғары нәтижелерге жетуге мүмкіндік беретін сан қырлы бұқаралық спорт қозғалысы;
3) бас жаттықтырушы – Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасына басшылық жасауға, спорт түрі бойынша әлем чемпионаттарында, Азия және Олимпиада ойындарында және басқа да халықаралық жарыстарда оның даярлығына, қалыптасуы мен сайысқа түсуіне жауап беретін жаттықтырушы;
4) бұқаралық спорт – дене жаттығуларымен айналысуға тарту және спорттың әр түріндегі талантты спортшыларды анықтау мақсатында халық арасында дене шынықтыруды дамытуға ықпал ететін бұқаралық спорт қозғалысын білдіретін дене шынықтырудың бір бөлігі;
5) бұқаралық спорт іс-шараларының күнтізбесі – дене шынықтыру-спорт ұйымдарының оқу-жаттығу жұмысын күнтізбелік жылға жоспарлауы мен өткізуін регламенттейтін ресми құжат;
6) дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері – дене шынықтырумен және спортпен айналысатын адамдарды медициналық қамтамасыз етуге, дәрігерлік бақылауға, емдік дене шынықтыруға және оңалтуға арналған медициналық ұйым;
7) дене тәрбиесі – дені сау, дене бітімі және рухани жағынан жетілген, моральдық жағынан табанды жеткіншек ұрпақты қалыптастыруға, адамның денсаулығын нығайтуға, жұмыс қабілетін арттыруға, шығармашылық ғұмырлылығы мен өмірін ұзартуға бағытталған педагогикалық процесс;
8) дене тәрбиесінің құралдары – дене шынықтыру жаттығулары, табиғаттың сауықтыру күштері және гигиеналық факторлар;
9) дене шынықтыру – мәдениеттің ажырамас бөлігі, адамның дене бітімін дамыту, оның денсаулығын нығайту мақсатында қоғам жасайтын және пайдаланатын, адамның үйлесімді дамуына ықпал ететін рухани және материалдық құндылықтар жиынтығы болып табылатын әлеуметтік қызмет саласы;
10) дене шынықтыру (дене шынықтыру-спорт) қозғалысы – халықтың дене шынықтыру деңгейін арттыруға, жеке және заңды тұлғалардың дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі нысаналы қызметіне жәрдемдесетін әлеуметтік қозғалыс нысаны;
11) дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті орган – дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
12) дене шынықтыру және спорт жүйесі – халықтың дене тәрбиесі мен спортты дамыту мақсатындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелердің және өзге де заңды тұлғалардың жиынтығы;
13) дене шынықтыру және спорт саласындағы аккредиттеу – дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті органның спорт түрі бойынша республикалық қоғамдық бірлестіктің тиісті халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасын білдіретін құқықтық өкілеттігін ресми тануы;
14 ) дене шынықтыру-сауықтыру, спорт және спорттық-техникалық ғимараттары – азаматтардың дене шынықтыру жаттығуларымен, спортпен айналысуына және спорттық ойын-сауық іс-шараларын өткізуге арналған объектілер;
15) дене шынықтыру-спорт қоғамы (спорт клубы) – қызметі азаматтардың дене шынықтыру және спорт құралдарымен сауығуына бағытталған дене шынықтыру-спорт ұйымының құрамдас бөлігі;
16) дене шынықтыру-спорт ұйымы – дене шынықтыру және спорт саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
17) жаттықтырушы – кәсіби білімі бар және оқу-жаттығу процесі барысында спортшының даярлығын және спорттық нәтижелерге қол жеткізу үшін оның жарыс әрекетіне басшылықты жүзеге асыратын жеке тұлға;
18) жоғары дәрежедегі спортшы – Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасының мүшесі болып табылатын, спорттық атағы бар және жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткізу мақсатында спорт жарыстарында өнер көрсететін спортшы;
19) жоғары жетістіктер спорты – жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткізуді, рекордтар жасауды қамтамасыз ететін спорт саласы;
20) кәсіпқойлық спорт – спорттық ойын-сауық іс-шараларының экономикалық тиімділігін және жоғары ақпараттық-көңіл көтеру құндылығын көздейтін спорттық-кәсіпкерлік қызмет;
21) кешенді ғылыми топ – ғылыми-әдістемелік және медициналық-биологиялық зерттеулер жүргізу, спортшының функционалдық жай-күйін және даярлығының техникалық деңгейін айқындау үшін құрылатын білікті мамандар тобы;
22) мемлекеттік жаттықтырушы – Қазақстан Республикасында спорт түріне жалпы басшылық жасау және оның дамуы үшін жауап беретін жаттықтырушы;
23) оқу-жаттығу базасы – құрама командалардың оқу-жаттығу процесін тамақтану және сонда тұруымен қоса қамтамасыз етуге арналған спорт ғимараты;
24) олимпиадалық даярлау орталығы – республикалық деңгейде құрылып, Қазақстан Республикасының жастар мен жасөспірімдер құрама командаларының спортшыларын халықаралық жарыстарға даярлау бойынша оқу-жаттығу, спорттық-әдістемелік қызметті жүзеге асыратын дене шынықтыру-спорт ұйымы;
25) олимпиадалық резерв даярлау орталығы – жергілікті деңгейде құрылып, өңірдің жастар мен жасөспірімдер құрама командаларының спортшыларын республикалық және халықаралық жарыстарға даярлау бойынша оқу-жаттығу, спорттық-әдістемелік қызметті жүзеге асыратын дене шынықтыру-спорт ұйымы;
26) Параолимпиадалық ойындар – тірек-қозғалу аппараты және көру органдары зақымданған мүгедек-спортшылар арасында өткізілетін халықаралық қысқы және жазғы жарыстар;
27) президенттік тестілер – бақылау нормативтері арқылы халықтың дене шынықтыру дайындығының жалпы деңгейін айқындайтын жаттығулардың (сынақтардың) жиынтығы;
28) салалық көтермелеу жүйесі – дене шынықтыру және спорт қызметкерлерін саланы дамытуға қосқан үлесі үшін ынталандыру нысаны;
29) спорт – жарыс әрекетінің, спортшыларды жарыстарға қатысуға даярлаудың ерекше нысаны болып табылатын дене шынықтырудың бір бөлігі;
30) спорт төрешісі – арнайы даярлықтан өткен және тиісті біліктілік санатын алған, спорт түрінің және спорттық іс-шараның ережелерін сақтауды қамтамасыз етуге спорттық іс-шараларды ұйымдастырушы уәкілеттік берген жеке тұлға;
31) спорт түрі – біліктілік деңгейі, жаттығу ортасы, пайдаланылатын құрал-сайман мен жабдық, жарыс ережесі айрықша белгілері болып табылатын дене шынықтырудың құрамдас бөлігі;
32) спорт түрі бойынша қоғамдық бірлестік – мақсаты бір немесе бірнеше спорт түрлерін дамыту, спорт жарыстарын және басқа да спорт іс-шараларын ұйымдастыру мен өткізу болып табылатын, азаматтардың ерікті негізде құрылған бірлестігі;
33) спорттық индустрия – дене шынықтыру-спорт мақсатындағы қызмет көрсетуді, өнімдер өндіруді жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілердің жиынтығы;
34) спорт қызметі туралы келісім-шарт – жоғары дәрежедегі спортшы немесе жаттықтырушы мен заңды тұлға арасында жасалатын шарт;
35) спорт медицинасы және оңалту орталығы – спортшыны қалпына келтіру, алдын алу және оңалту іс-шараларын, медициналық-биологиялық препараттарды қолдану қауіпсіздігін және олардың тиімділігін қамтамасыз ететін медициналық ұйым;
36) спорттық сыныптама – жекелеген спорт түрлерінде шеберлік деңгейін, сондай-ақ жаттықтырушылардың, спортшылардың, нұсқаушылардың, әдіскерлердің және төрешілердің біліктілік деңгейін айқындайтын спорттық атақтардың, разрядтардың және санаттардың жүйесі;
37) спорттың техникалық және қолданбалы түрлері – спортшының техникалық құралдарды қолдана отырып жарыстарға арнайы даярлығын талап ететін дене шынықтырудың бір бөлігі;
38) спортшы – спорт түрімен (түрлерімен) үнемі айналысатын және спорт жарыстарында өнер көрсететін жеке тұлға;
39) Сурдолимпиадалық ойындар – есту органдарына зақым келген мүгедек-спортшылар арасында өткізілетін халықаралық қысқы және жазғы жарыстар;
40) Универсиада – спорттың әр түрі бойынша өткізілетін дүниежүзілік студенттік қысқы және жазғы спорт жарыстары;
41) ұлттық спорт түрлері – жарыс әрекеті нысанында тарихи қалыптасқан және өзіне тән дене шынықтыру жаттығуларын және дене шынықтыру белсенділігін ұйымдастырудың өзіндік ережелері мен тәсілдері бар халық ойындарын білдіретін дене шынықтырудың бір бөлігі;
42) халықаралық спорт жарыстары – кемінде бес мемлекеттің өкілдері қатысатын спортшылар (командалар) арасында спорт түрінен өтетін сайыс.
2-бап. Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттiк саясат принциптерi
Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясат халықтың салауатты тұрмыс салтын қамтамасыз ету, дене шынықтыру мен спортты дамыту мақсатында жүргiзiледi және:
1) барлық азаматтар үшiн дене шынықтырумен және спортпен айналысу теңдiгi мен жалпыға қолайлылығы;
2) халықтың әртүрлi жас топтарының дене тәрбиесiнiң толассыздығы мен сабақтастығы;
3) дене шынықтырумен және спортпен айналысудың ерiктiлiгi;
4) дене шынықтыру-спорт шараларының сауықтыру бағыты;
5) дене шынықтыру мен спортты ұйымдастырудың мемлекеттiк, қоғамдық және жеке нысандарын тану;
6) дене шынықтырумен жаппай айналысуға, әуесқойлық және кәсiпқойлық спортқа тең құрмет көрсету;
7) халықаралық жарыстарда Қазақстан Республикасының намысын қорғайтын жоғары жетiстiктi спорттың басымдығы;
8) дене шынықтыру мен спортты мемлекеттiк қолдау және демеушiлiк, қайырымдылық қызмет пен меценаттықты көтермелеу;
9) дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық және спорттық-техникалық ғимараттар мен басқа да объектiлердiң меншiк нысандары өзгерiп жатқан жағдайда оларды азаматтардың дене шынықтырумен және спортпен айналысуы үшiн сақтау;
10) халық ойындары мен спорттың ұлттық түрлерiн дамыту;
11) дене шынықтыру-спорт қозғалысы, жоғары жетiстiктер спорты және спортшыларға медициналық қызмет көрсету проблемаларын зерттеу үшiн ғылыми базаны дамыту;
12) спорттың техникалық және қолданбалы түрлерiн дамыту принциптерiне сәйкес жүзеге асырылады.
3-бап. Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт саласындағы заңдары
Дене шынықтыру және спорт саласындағы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттардың нормаларына негiзделедi және осы Заңнан, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы заңдағыдан өзге ережелер белгіленсе, халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
4-бап. Дене шынықтыру мен спортты дамытуды мемлекеттiк қолдау
1. Мемлекет дене шынықтыру мен спорт саласындағы қатынастарды мемлекеттiк саясатты қалыптастыру, дене шынықтыру мен спортты дамытуды тиiсiнше қаржылық, материалдық-техникалық, кадрлар, ғылыми-әдiстемелiк, медициналық, ақпараттық, нормативтiк-құқықтық жағынан қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы дене шынықтыру-спорт қозғалысының өзiндiк мәртебесiн тану жолымен реттейдi.
2. Мемлекет барлық үлгiдегi және тұрпаттағы балалар-жасөспiрiмдердiң спорт мектептерiнiң, азаматтардың тұрғылықты жерi бойынша спорт және балалар клубтарының, балалар мен жастарға арналған сауықтыру лагерьлерiнiң, мамандандырылған топтардың және мүгедектерге арналған мектептердiң, дәрiгерлiк-дене шынықтыру диспансерлерiнiң санын көбейту, олардың материалдық-техникалық базасын нығайту үшiн жағдайлар жасайды.
3. Мемлекет дене шынықтыру-спорт ұйымдары сыртқы байланыстарының дамытылуына, Қазақстан Республикасындағы дене шынықтыру қозғалысының өрлеуiне жәрдемдесетiн халықаралық спорт ұйымдары мен мекемелерiне интеграциялауға қолдау көрсетедi.
4. Мемлекет халықаралық стандарттарға сай келетiн спорт ғимараттарын, спорт мақсатындағы тауарлар мен жабдықтар, спортшыларға арналған жоғары сапалы өнiмдер шығару жөнiндегi кәсiпорындарды жобалау мен салуға өз қаражатын жұмсайтын отандық және шетелдiк инвесторларға қолайлы инвестициялық ахуал жасайды.
5-бап. Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спортты дамытудың мемлекеттiк бағдарламасы
1. Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спортты дамытудың мемлекеттiк бағдарламасын Yкiмет әзiрлеп, Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.
2. Мемлекеттiк бағдарламада халықтың денсаулығын нығайтуды ұйымдастыру жөнiндегi шаралар, дене тәрбиесi жөнiндегi оқу бағдарламаларына, бағдарламалық-бағалау нормативтерi жүйесiне қойылатын талаптар және түрлi топтардың дене бiтiмiн дамыту жөнiндегi талаптар, жоғары жетiстiктер спортын дамытудың негiзгi бағыттары, сондай-ақ ұйымдық, материалдық-техникалық, кадрлар, ақпараттық және құқықтық жағынан қамтамасыз етудiң негiзгi принциптерi көзделедi.
6-бап. Азаматтардың дене шынықтыру мен спорт саласындағы құқықтары мен мiндеттерi
1. Қазақстан Республикасы азаматтарының:
дене шынықтыру-сауықтыру және спорт бағытындағы қоғамдық бiрлестiктерге кiруге;
спорт бағытындағы дене шынықтырумен және спортпен, оның iшiнде кәсiби қызмет ретiнде де айналысуға;
дене шынықтыру мен спортты басқаруға қатысуға;
мемлекеттiк, коммуналдық және жеке спорттық ғимараттарды және қызметтердi тегiн не ақылы негiзде пайдалануға құқығы бар.
2. Қазақстан Республикасының спортпен айналысатын азаматтары:
салауатты өмiр салтын насихаттауға;
жергiлiктi, республикалық және халықаралық жарыстарда дене шынықтыру-спорт ұйымы мен мемлекеттен лайықты өкiл болуға;
гигиена негiздерiн зерделеуге және сақтауға мiндеттi.
3. Ата-аналар, қамқоршылар, қорғаншылар немесе олардың орнындағы адамдар отбасындағы кәмелетке толмаған балалардың дене бiтiмiн дамытуға және денсаулығын нығайтуға, оларға дене шынықтырумен және спортпен айналысу үшiн қажеттi жағдайлар жасауға қамқорлық көрсетуге мiндеттi.
7-бап. ҚР 04.07.03 ж. № 471-II Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР 04.07.03 ж. № 471-II (бұр. ред. қара); 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара); 2009.10.07. № 181-IV (бұр.ред.қара) Заңдарымен 8-бап өзгертілді
8-бап. Дене шынықтыру мен спортты насихаттау
1. Дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi орган, спорт түрлері бойынша қоғамдық бiрлестiктер, денсаулық сақтау мекемелерi бұқаралық ақпарат құралдарымен бiрлесе отырып, дене шынықтыру және спорт саласындағы бiлiм мен жетiстiктердi, салауатты өмiр салтының принциптерiн насихаттауды жүзеге асырады.
2. Спортта қатыгездiк пен зорлық-зомбылыққа табынуды, адамның қадiр-қасиетiн қорлауды, тыйым салынған қоздырғыштар мен препараттарды, алкогольдi iшiмдiктер мен темекi бұйымдарын насихаттауға жол берiлмейдi.
3. Журналистердің және бұқаралық ақпарат құралдарының өзге де өкілдерінің спорт жарыстарын және басқа да спорт шараларын телерадиохабар арналары бойынша таратуы, сондай-ақ жазып алуы, оның ішінде спорт жарыстарын және басқа да спорт шараларын дыбыс-бейне жазу техникасы, кино-және суретке түсіру құралдарын пайдалана отырып, жазып алуы Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Спорт жарыстарын және басқа да спорт шараларын өткізу кезеңінде тауарларды, жұмыстар мен қызмет көрсетулерді жарнамалау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларды ұйымдастырушылар мен жарнама қызметі субъектілерінің арасындағы шарт негізінде жүзеге асырылады.
2009.10.07. № 181-IV ҚР Заңымен 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2-тарау. Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт жүйесі
2009.10.07. № 181-IV ҚР Заңымен 8-1-баппен толықтырылды
8-1-бап. Қазақстан Республикасындағы дене шынықтыру (дене шынықтыру-спорт) қозғалысының субъектілері
Қазақстан Республикасындағы дене шынықтыру (дене шынықтыру-спорт) қозғалысы:
1) олимпиадалық даярлау орталықтарын;
2) олимпиадалық резерв даярлау орталықтарын;
3) жоғары спорт шеберлігі мектептерін;
4) спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттарды;
5) олимпиадалық резервтің спорт мектептерін;
6) олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектептерін;
7) балалар-жасөспірімдер спорт мектептерін;
8) дене шынықтыру-спорт қоғамдарын (спорт клубтарын);
9) балалар-жасөспірімдер дене шынықтыру даярлығы клубтарын;
10) балалар мен жеткіншектер клубтарын;
11) спорт медицинасы және оңалту орталықтарын;
12) дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерлерін;
13) допингке қарсы комиссияларды;
14) кешенді ғылыми топтарды;
15) оқу-жаттығу базаларын;
16) қызметі мектеп жасына дейінгі балалардың, оқушылар мен студенттердің дене тәрбиесі мен спорттық даярлығына бағытталған жеке және заңды тұлғаларды қамтиды.
2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара); 2009.10.07. № 181-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 9-бап өзгертілді
9-бап. Мектепке дейiнгi балалар мекемелерiндегi, жалпы бiлiм беретiн мектептердегi және басқа оқу орындарындағы дене тәрбиесi
1. Мектеп жасына дейiнгi балалардың, жалпы бiлiм беретiн және кәсiптiк мектептер, колледждер, лицейлер оқушыларының, жоғары оқу орындары студенттерiнiң дене тәрбиесi оқу және ұзартылған күн режимiнде, оқу жоспарларына, дене тәрбиесiнiң кешендi мемлекеттiк бағдарламаларына, санитариялық ережелер мен гигиеналық нормативтерге сәйкес сабақтан тыс уақытта және дербес жүзеге асырылады. Мiндеттi дене тәрбиесi сабақтары бүкiл оқу кезеңi бойына аптасына мектепке дейiнгi мекемелерде - кемiнде 8 сағат, жалпы бiлiм беретiн мектепте - кемiнде 3 сағат, кәсiптiк-техникалық мектептерде, колледждерде, лицейлер мен жоғары оқу орындарында кемiнде 4 сағат жүргiзiледi.
Денсаулығы нашар оқушылар мен студенттер арнаулы медициналық топтар мен емдiк дене шынықтыру топтарында шұғылданады.
2009.10.07. № 181-IV ҚР
Достарыңызбен бөлісу: |