"Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы



жүктеу 3,71 Mb.
бет4/13
Дата21.01.2018
өлшемі3,71 Mb.
#7858
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Мұнай-газ химиясы
      Базалық мұнай-газ химиясы (бастапқы нысандарда мұнай-химия өнімдерінің өндірісі) – Қазақстан экономикасының жаңа перспективалық саласы. Базалық мұнай-газ химиясының өнімдерін түрлі мақсаттағы: құрылыс материалдары, қаптамалар және басқалар үшін пластмассалардан жасалатын бұйымдарды қазақстандық өндірушілер пайдаланады. Осы секторлардың мұқтаждықтары үшін жыл сайын Қазақстанға орташа алғанда 400 млн. АҚШ долл. полимерлік шикізат импортталады. Базалық мұнай-газ химиясы өнімінің ішкі нарығының көлемі шамамен 72 млрд. теңгені құрайды, бұл ретте 70 %-дан астамы импортқа тиесілі.
      Мұнай-газ химиясының өнімдері жоғары экспорттық әлеуетке ие. Тауарлардың басым топтары бойынша макроөңір елдерінің импорты 20 млрд. АҚШ долл. астамды құрайды.
      Импорт алмастыру үшін мүмкіндіктер Атырау МӨЗ-де хош иісті көмірсутектерді өндіру жөніндегі кешен, Атырау облысындағы интеграцияланған газ-химия кешені және бутадиен мен полибутадиен өндірісі жөніндегі кешен іске қосылғаннан кейін және басқа да жобалар іске асырылғаннан кейін жасалады.
      2012 жылы химия өнеркәсібі өндірісінің жалпы көлеміндегі саланың үлес салмағы 2008 жылмен салыстырғанда 3,9 %-ға ұлғайып, 10,8 %-ды құрады. 2008 – 2012 жылдар аралығында өндіріс көлемі нақты көріністе 12,8%-ға өсті. Саладағы жалпы қосылған құн 2008 жылғы 3,5 млрд. теңгеден 2012 жылы 14,6 млрд. теңгеге дейін ұлғайды. Еңбек өнімділігі 2002 жылдан бастап 2012 жыл аралығында 5,8 есе өсті. Негізгі құралдардың тозу деңгейі 2012 жылы 52 %-ды, негізгі құралдарды жаңарту коэффициенті – 22,4 %-ды құрады. Негізгі капиталға инвестициялар 2012 жылы 48,7 млрд. теңгені құрады, бұл 2008 жылғы көрсеткіштен 27 есе жоғары.
      Қазақстаннан базалық мұнай-газ химиясы өнімдері экпортының көлемі 2008 – 2012 жылдар кезеңінде 2,2-ден 63,7 млн. АҚШ долларына дейін шамамен 29 есе өсті.
      Ішкі сұранысты қанағаттандыру үшін жеткілікті қуаттардың болмауы жағдайында базалық мұнай-газ химиясы өнімдеріне деген серпінді өсіп келе жатқан сұраныс біршама деңгейде импорт есебінен қамтамасыз етіледі.
      Өнеркәсіпке арналған химикаттар өндірісі секторы дамуының 2008 – 2012 жылдардағы негізгі көрсеткіштері 1-кестеде келтірілген.
1-кесте. 2008 – 2013 жылдардағы сектор бойынша деректер



Көрсеткіштер

2008 ж.

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

Өңдеуші өнеркәсіптегі үлесі

0,2

0,2

0,3

0,4

0,4

0,3

Химия өнеркәсібіндегі үлесі

6,9

8,3

11,2

11,6

10,8

10,0

Базалық мұнай-газ химиясы өнімдері өндірісінің көлемі, млн. теңге

7 310

7 089

11 647

17 189

19 378

18 517

ЖҚҚ, млн. теңге

3536,5

3809,1

9687,9

13914,6

14616,5

11103,9

Жалдамалы қызметкерлердің тізімдік саны, адам

1 669

1 980

1 019

971

1 191

2 021

Еңбек өнімділігі, мың теңге/адам

2119

1924

9507

14330

12272

5494

Негізгі құралдардың тозу деңгейі, %

39,2

48,5

55,7

50,5

51,9

39,2

Негізгі капиталға инвестициялар, млн. теңге

22 959

31 107

39 772

34 046

37 172

22 572

Негізгі құралддардың жаңару коэффициенті, %

151,9

29,0

14,1

14,3

22,4

151,9

Жылдың соңына бастапқы құн бойынша негізгі құралдардың болуы, млн. теңге

45,5

26248,1

18863,5

16183,1

15740,4

45,5

Экспорт, млрд.АҚШ долл.

2,2

4,0

20,8

35,6

51,0

40,6

Импорт, млрд.АҚШ долл.

343,2

267,5

383,7

526,2

565,8

598,0

Дереккөз: Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі


      Қазақстанда Павлодар қаласында полипропилен өндірісі бойынша қуат («Компания Нефтехим Лтд.» ЖШС) бар.
      Мұнай-газ химиясы өнімдері өндірісінің әлемдік нарығындағы Exxon Mobil Corp (АҚШ, 334 млрд. АҚШ долл.), Chevron Corp (АҚШ, 233 млрд. АҚШ долл. ) Royal Dutch Shell plc (Британия-Голландия, 360 млрд. АҚШ долл.), Газпром (Ресей, 375 млрд. АҚШ долл.), Statoil ASA (Норвегия, 135 млрд. АҚШ долл.) сияқты2 аса ірі ойыншылар қызметін өндіру сегменттерінде де, сол сияқты мұнай өңдеу және мұнай-газ химиясы сегменттерінде де жүзеге асыратын тігінен интеграцияланған болып табылады.
      Мұнай-газ химиясын дамыту мемлекеттің негізгі екі міндетін шешуге мүмкіндік береді:
      1) көмірсутек шикізаты – ілеспе мұнай мен құрғақ газды тиімді пайдалануды қамтамасыз ету, бұл өнімсіз экономикалық шығындарды, оның ішінде экологиялық сипаттағы шығындарды қысқартуға мүмкіндік береді;
      2) химия өнеркәсібін, құрылыс материалдары өндірісінің, рәзіңке-техникалық бұйымдар өндірісінің өнеркәсібін арзан шикізатпен қамтамасыз ету, өйткені бүгінгі таңда пластмасса және резеңке бұйымдарының өндірушілері импорттық шикізатты пайдаланады, ал бұл түпкілікті өнімнің қымбаттауына әкеліп соғады.
      Сектордың түйінді проблемалары:
      1) шикізаттың негізгі көлемін – газ өндіруді технологиялық қажеттіліктерге қолдану (газды қыртысқа ендіру, электр энергиясын өндіру);
      2) мұнай-газ химиясы өнімдерін өндіру жөніндегі кәсіпорындардың төмен технологиялық деңгейі;
      3) «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» АЭА инфрақұрылымының жеткіліксіз қаржыландырылуы;
      4) тиісті біліктілігі бар кадрлардың жетіспеуі;
      5) шетелдік білікті кадрларды тарту жөніндегі шектеу (квоталау, рұқсаттар беру);
      6) шетел инвестицияларын тартуға кедергі болатын қаржы, жер қатынастары, арнайы экономикалық аймақтар саласындағы заңнаманың жетілмегендігі.
________
2 Капиталдандыру бойынша деректер. Рlatts
      Мақсат
      Қазақстанның қолда бар ресурстық әлеуетін іске асыру және қолайлы нарықтық конъюнктура есебінен мұнай-газ химиясын дамыту.
                       Нысаналы индикаторлар:
      Бағдарламаны іске асыру 2019 жылы 2012 жылғы деңгейіне қарағанда мынадай экономикалық көрсеткіштердің:
      1) нақты көріністегі жалпы қосылған құнның кемінде 19,1 есеге;
      2) жұмыспен қамтылғандардың 2,6 мың адамға;
      3) нақты көріністегі еңбек өнімділігінің 6 есе;
      4) шикізаттық емес (өңделген) экспорттың құндық көлемінің кемінде 41 есе өсуіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.
2-кесте. Нысаналы индикаторлар





Нысаналы көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

2012 есепті

2013 күтілетін

2012 ж. қатысты болжам

2012 ж. қарағанда 2019 ж., %

2014 ж

2015 ж

2016 ж

2017 ж

2018 ж

2019 ж

1

Жалпы қосылған құн

%

100

95,2

102,1

110,08

110,6

447,5

1361,9

1910,7

19,1 есе

2

Жұмыспен қамтылғандардың саны

мың адам

1,2

2,0

2,0

2,0

2,5

3,0

3,4

3,8

2,6 мың адам

3

ЖҚҚ бойынша еңбек өнімділігі

%

100

56,1

60,2

65,4

52,4

175,7

471,8

600,8

6 есе

4

Шикізаттық емес (өңделген) экспорттың құндық көлемі

%

100

86,6

117,9

152,4

162,8

401,3

2712,5

4096,6

41 есе

      Міндеттер


      1) базалық өнім өндірісі бойынша жобаларды бәсекелестік негізде қажетті шикізатпен қамтамасыз ету;
      2) шикізаттық емес тауарларды сату үшін нарықтарды кеңейту;
      3) «Ұлттық индустриялық мұнайхимия технопаркі» АЭА аумағында инфрақұрылымды және қуаттарды дамытуды қаржылық қамтамасыз ету;
      4) «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» АЭА аумағындағы жобаларды қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету;
      5) мұнай-газ химиясы өнімінің экспортын көліктік-логистикалық қамтамасыз ету;
      6) мұнай-газ химиясы секторында қажетті біліктілігі жоғары кадрлармен қамтамасыз ету.
      Қызметтің басым түрлері
      Сала қызметінің басымды түрлері 3-кестеде берілген.
3-кесте. – ЭҚЖЖ-4 бойынша басым қызмет түрлері



ЭҚЖЖ-4

ЭҚЖЖ атауы

20.14

Өзге де негізгі органикалық химиялық заттар өндірісі

20.16

Бастапқы нысандағы пластмассалар өндірісі

20.17

Бастапқы нысандағы синтетикалық каучук өндірісі

      Тауарлардың басым топтары


      Тауарлардың басым топтары ішкі нарық конъюнктурасына, сондай-ақ халықаралық нарықтың өсу көлемі мен әлеуетіне негізделе отырып айқындалды (4-кесте).
4-кесте. Тауарлардың басым топтары



СЭҚ ТН-6

Тауарлық топтың атауы

Ішкі нарықтың импорт сыйымдылығы, млн. АҚШ долл.

Макроөңір нарықтарының импорт сыйымдылығы, млн. АҚШ долл.

20.1610

Үлес салмағы 0,94 және одан көп полиэтилен

202,5

6 906,3

201651

Полипропилен

17,6

6 449,1

201610

Үлес салмағы 0,94 кем бастапқы нысандардағы полиэтилен

37,9

3 183,3

201651

Пропиленнің қосалқы полимерлері

14,0

2 267,2

201630

Басқа компоненттермен араласпаған ПЖҚ

26,0

2 057,4

201411

Бутадиен

0

790,7

201710

Бастапқы нысандардағы бутадиен каучугы (BR)

0,9

833,6

201656

Полиуретандар

9,7

808,9

201640

Полиэтилентерефталат

99,8

1 286,5

      Басым жобалар


      2015 – 2019 жылдар кезеңінде мұнай-газ химиясы секторын дамытудағы мемлекеттік саясат бастапқы нысандағы полимерлерді (Атырау облысында қуаты жылына 500 мың тонна полипропилен мен қуаты жылына 800 мың тонна полиэтилен; полимерлік өнім ПП-пленка – жылына 4,1 мың тонна, БОПП-пленка – 14,7 мың, ПП-қаптар – жылына 48 млн. теңге; Атырау облысында бутадиен жылына 125 мың тонна) және мұнай-газ химиясы секторының өзі, сол сияқты тұтастай алғанда, химия саласы үшін органикалық қоспаларды – шикізат (Атырау облысында хош иісті көмірсутектерді өндіру жөніндегі кешен) өндіру жөніндегі жаңа қуаттарды құруға бағытталады.
      2015 – 2019 жылдар кезеңінде бизнес-құрылымдардың ұсыныстарына сәйкес полимерлік өнімдер мен одан жасалатын бұйымдар өндірісінің көлемін ұлғайтуға бағытталған жалпы инвестициялар көлемі 1,2 трлн. теңге болатын ірі инвестициялық жобалар іске асырылатын болады.
      Тамақ өнімдерінің өндірісі
      Тамақ өнімдерінің өндірісі елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін стратегиялық маңызды сала болып табылады. Тамақ өнімдерін тұтынудың өсуімен және тұтыну құрылымының неғұрлым сапалы өнімдер жағына өзгеруімен ел халқы өсуінің орнықты үрдісі қалыптасты. Сектор шикізатты жеткізуші ретіндегі ауыл шаруашылығы өндірісімен тығыз байланысты. Тамақ өнімдерін өндіру жөніндегі кәсіпорындар тұтыну орталықтарының (қалалар, ірі кенттер) жанында шоғырланған.
      Өңдеу өнеркәсібі көлеміндегі тамақ өнімдері өндірісінің үлесі 2008 жылғы 18,6 %-дан 2013 жылы 16,5 %-ға дейін төмендеді, бұл ретте 2008 – 2013 жылдар аралығында тамақ өнімдері өндірісінің көлемі 56,0 %-ға артты.
      Тамақ өнімдері өндірісі саласындағы ЖҚҚ 2008 – 2013 жылдар аралығында 1,5 есе ұлғайды.
      Тамақ өнімдері экспортының көлемі 2008 жылмен салыстырғанда 2013 жылы 17,1 %-ға төмендеп, 902,1 млн. АҚШ долл. құрады. Тамақ өнімдерінің импорты дәл осы кезеңде 17,4 %-ға өсіп, 2 446,5 млн. АҚШ долл. құрады.
      Тамақ өнімдерінің өндірісі секторының 2008 – 2013 жылдары дамуының негізгі көрсеткіштері 1-кестеде келтірілген.
1-кесте. 2008 – 2013 жылдардағы сектор бойынша деректер



Көрсеткіш

2008 ж.

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.*

Тамақ өнімдерінің өндірісі, млн. теңге

623 488

629 756

695 244

828 005

865 570

973 030

Өңдеуші өнеркәсіптегі үлесі

18,6%

21,4%

18,1%

17,2%

15,9%

16,5%

ЖҚҚ, млн. теңге

230 589,1

264 604,1

360 433,4

427 430,8

472 810,9

355 404,9

Жұмыскерлердің тізімдік саны (мың адам)

52,3

52,6

52,8

53,9

53,2

52,4

ЖҚҚ бойынша еңбек өнімділігі, мың теңге/адам

4 286

5 324

7 620

9 017,5

9 891,4

7 094

Еңбек өнімділігі, АҚШ долл. /адам

35 548

35 808

51 696

60 970

65 759

46 980

Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар саны

2442

2 402

2 326

2 263

2 219

1 573

Негізгі құралдардың тозу деңгейі, %

27,9

33,8

32,5

50,9

35,5

-

Экспорт, млн. АҚШ долл.

1 088,6

797,6

854,2

886,5

898,1

902,1

Импорт, млн. АҚШ долл.

2 083,4

1 615,5

2 190,6

2 450,4

2 456,3

2 446,5

Негізгі капиталға инвестициялар, млн. теңге

22 959

31 107

39 772

34 046

37 172

32 605

Негізгі құралдарды жаңарту коэффициенті, %

14,3

13,8

11,6

8,9

10,1

-

Жылдың соңына бастапқы құн бойынша негізгі құралдардың болуы, млн. теңге

174 489,9

236 200,2

289 893,2

392 229,3

336 416,6

-

Дереккөз: Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі


      Тамақ өнімдері өндірісі құрылымындағы негізгі үлесті астық өңдеу саласы (23,5 %), сүт өңдеу (16,3 %), нан және нан-тоқаш өнімдері (15,3 %), ет өңдеу (13,4 %), жеміс-көкөніс (8,1 %), май-тоң май (7,8 %) және өзге де салалар (15,6 %) алып жатыр.
      Сектордың негізгі проблемаларына: жергілікті өндірістің сапалы шикізатының жеткіліксіздігі; сауда-логистикалық инфрақұрылымның дамуының жеткіліксіз деңгейі; өңдеуші кәсіпорындар үшін айналым қаражатының төмен қолжетімділігі; моральдық тозған жабдықтың жоғары үлесі; білікті кадрлардың тапшылығы; сауданы статистикалық есепке алу және саланы дамыту проблемалары; техникалық реттеу, оның ішінде стандарттардың сақталуын бақылау саласындағы проблемалар; коммуналдық және көлік қызметтеріне арналған тарифтердің жоғары құны; ыдыс пен қаптаманың төмен қолжетімділігі; жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарға жоғары кредиттік жүктеме; ішкі және сыртқы нарықтардағы өнімді жылжытудағы жеткіліксіз қолдау жатады.
      Мақсат
      Қазақстанның тамақ өнеркәсібі өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жағдайлар жасау.
                        Нысаналы индикаторлар
      Бағдарламаны іске асыру 2019 жылы 2012 жылғы деңгейге қарай мынадай экономикалық көрсеткіштердің:
      1) нақты көріністегі жалпы қосылған құнның кемінде 1,04 есеге;
      2) жұмыспен қамтудың кемінде 2,4 мың адамға;
      3) нақты көріністегі еңбек өнімділігінің 1,1 есеге;
      4) шикізаттық емес (өңделген) экспорт көлемінің құнды көлемінің кемінде 1,2 есеге өсуіне қол жеткізуге мүмкіндік береді (2-кесте).
2-кесте. Нысаналы индикаторлар





Нысаналы көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

2012 есепті

2013 күтілетін

2012 ж. қатысты болжам

2012 ж. қарағанда 2019 ж., %

2014 ж.

2015 ж.

2016 ж.

2017 ж.

2018 ж.

2019 ж.

1

Жалпы қосылған құн

%

100

105,0

108,0

111,0

113,0

114,0

115,0

116,0

1,2 есе

2

Тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарындағы жұмыспен қамтылғандардың саны

мың адам

53,2

52,4

54,2

54,6

55,6

55,6

55,6

55,5

2,4 мың адам

3

ЖҚҚ бойынша еңбек өнімділігі

%

100

105,0

106,0

108,0

108,0

109,0

110,0

111,0

1,1 есе

4

Шикізаттық емес (өңделген) экспорттың көлемі

%

100

95,8

86,0

93,0

100,0

106,0

111,0

117,0

1,2 есе

      Міндеттер


      1) ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдейтін кәсіпорындар үшін ауыл шаруашылығы шикізатының қолжетімділігін арттыру;
      2) ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдейтін кәсіпорындар үшін қаржылық қызметтердің қолжетімділігін арттыру;
      3) саладағы өндірістің инфрақұрылымдық шығындарын (коммуналдық, көлік қызметтері, ыдысқа және қаптамаға жұмсалатын шығындар және басқалары), оның ішінде МЖӘ тетігі есебінен төмендету;
      4) отандық азық-түлік тауарларын өткізуді кеңейту үшін жағдайлар жасау;
      5) тамық өнімдерін тұтыну мәдениетін дамыту;
      6) тамақ индустриясы саласында техникалық реттеуді дамыту;
      7) экспортты/импортты саудалық реттеуді жетілдіру;
      8) ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдейтін кәсіпорындарды білікті кадрлармен қамтамасыз ету;
      9) тауар айналымының есебін жетілдіру.
      Жоғарыда көрсетілген міндеттерді шешу мынадай нысаналы индикаторларға қол жеткізуге мүмкіндік береді.
      Қызметтің басым түрлері
      Тамақ өнімдерінің өндірісі секторы бойынша қызметтің басым түрлері 3-кестеде келтірілген.
3-кесте. – Қызметтің басым түрлері



ЭҚЖЖ-4

ЭҚЖЖ атауы

1011

Етті өңдеу және консервілеу

1012

Үй құсының етін өңдеу және консервілеу

1013

Еттен және үй құсы етінен жасалған өнімдер өндірісі

1020

Балықты, шаянтектестерді және ұлуларды өңдеу және консервілеу

1031

Картопты өңдеу және консервілеу

1032

Жеміс және көкөніс шырындарының өндірісі

1039

Жемістер мен көкөністерді өңдеу мен сақтаудың өзге түрлері

1041

Майлар мен тоң майлар өндірісі

1042

Маргарин мен ұқсас жануарлар тоң майлар өндірісі

1051

Сүтті өңдеу және ірімшік өндірісі

1061

Ұн тарту-жарма өнеркәсібі өнімдерінің өндірісі

1062

Крахмал және крахмалдан жасалатын өнімдер өндірісі

1071

Нан өндірісі; жаңа піскен ұннан жасалған кондитерлік бұйымдар, торттар және пирожныйлар өндірісі

1072

Кептірілген нан және печенье өндірісі; ұзақ мерзімді сақтауға арналған ұннан жасалған кондитерлік бұйымдар, торттар, пирожныйлар, бәліштер мен бисквиттер өндірісі

1073

Макарон өнімдерінің өндірісі

1081

Қант өндірісі

1082

Какао, шоколад және қанты көп кондитер бұйымдарының өндірісі

1083

Шай және кофе өңдеу

1085

Дайындалған тамақ өнімдері мен жартылай фабрикаттар өндірісі

1086

Балалар тағамы мен емдәмдік тамақ өнімдерінің өндірісі

      4-кестеде түйінді нарықтарға бағдарланған тауарлардың басым топтары келтірілген.


4-кесте. – Тауарлардың басым топтары



СЭҚ ТН

Тауарлық топтың атауы

Ішкі нарықтың сыйымдылығы

2012 ж. (млн. тг)



Макроөңір нарықтарының импорт сыйымдылығы 2012 ж. (млн. тг)

101120

Ірі қара мал, шошқа, қой, ешкі, жылқы және жылқы тектес жануарлардың жас немесе тоңазытылған тағамдық қосымша өнімдері

4,1

530,5

101130

Мұздатылған ет және тағамдық қосымша өнімдері; ет және өзге тағамдық қосымша өнімдері

13901,8

1484755,1

101210

Жас немесе тоңазытылған үй құсының еті

106,6

16534,1

101220

Мұздатылған үй құсының еті

1808,1

25615,5

101314

Еттен, еттік қосымша өнімдерден немесе малдың қанынан жасалған шұжық және ұқсас бұйымдар

14065,6

26177,9

101315

Ірі қара малдың етінен жасалған дайын және консервіленген

103 705,18

22302

102013

Мұздатылған балық

1714,9

193428,0

102014

Мұздатылған балықтың жон еті

-

9583,6

102023

Қақталған, тұздалған немесе тұздалмаған немесе тұздықтағы судағы балық

269,3

9494,0

102025

Балықтан жасалған дайын тағамдардан басқа, басқа тәсілмен дайындалған немесе консервіленген балық

3267,4

47619,0

103111

Мұздатылған картоп

638,04

38 025

103114

Қайта өңделген және консервіленген картоп

3 872,08

14 988

103200

Құрамында спирт қоспалары жоқ жеміс шырындары (жүзім шырынын алғанда) және көкөніс шырындары

67 178,05

137 557

103917

Сірке суы немесе сірке қышқылы қосылмай консервіленген өзге де көкөністер (картоптан басқа), дайын көкөніс тағамдарынан басқа

4 034,51

47990

103918

Сірке суы немесе сірке қышқылы қосылмай консервіленген көкөністер (картоптан басқа), жемістер, жаңғақтар және өсімдіктердің өзге де жеуге жарамды бөліктері

350,15

14 483

103923

Басқа жерде аталмаған немесе қосылмаған, құрамында қант немесе басқа да тәттілейтін заттардың қоспасы немесе спирті бар немесе құрамында жоқ, өзге тәсілмен дайындалған немесе консервирленген жемістер, жаңғақтар және өсімдіктердің жеуге келетін өзге бөліктері

9 338,11

96 446

103930

Көкөністі шикізаттар және көкөністі қалдықтар, көкөністі шығындар және жанама өнімдер

15,29

1 198

103922

Джем, жеміс-жидек тоңбасы, жеміс-жидекті немесе жаңғақты езбе немесе паста

4 452,45

30 171

104120

Тазартылмаған өсімдік майы

1,7

427749,0

104124

Тазартылмаған күнбағыс майы

71 494,75

587843

104141

Күнжара және қатты майлар мен өзге өсімдік майларының қалдықтары

4 427,90

273564

104150

Қалдықтардан басқа, тазартылған май

8372,1

1429468,1

104210

Маргарин және ұқсас өнімдер

17 738,51

144 685

105111

Қоюлатылмаған және қан пен басқа да тәттілендіретін зарттар қосылмаған сүт және кілегей

83 537,18

31 266

105121

Майсыздандырылған құрғақ сүт

10245,3

135856,2

105122

Тұтас құрғақ сүт

2838,8

219598,3

105130

Сары май және сүтті спредтер (паста)

5902,4

145994,2

105140

Ірімшік және сүзбе

92 779,56

360 478

105152

Өзге де ұйытылған немесе ашытылған йогурт, сүт және кілегей

8461,6

23416,2

106111

Тазартылған күріш

141,1

1862,4

106121

Бидай немесе суржиктің ұсақ тартылған ұны

129 347,76

136 810

106122

Дәнді дақылдардың ұсақ тартылған ұны (бидай ұнынан басқа)

134,9

135 889

106123

Ұсақ және ірі тартылған өсімдік ұны

1 683,67

2 201

106131

Ірі тартылған жарма, ұн және дәнді дақылдардан алынған түйірлер

139,1

593,9

106133

Жүгері қауызын қоса алғанда, дәнді дақылдардың өзге де өнімдері

1 084,32

23 613

106140

Кебектер, еленділер, өзге де дәнді дақылдарды өңдеуден қалған қалдықтар

3 883,71

29 158

106211

Крахмалдар; инулин; бидай ұлпасы; декстриндер; өзге де түрлендірілген крахмалдар

471,43

89 866

107111

Нан, ұннан жасалған кондитерлік бұйымдар, пирожныйлар, печенье және құрамында какао бар немесе жоқ; вавелді тілімшелер, фармацевтикалық мақсаттарда пайлдалануға жарамды бос капсулалар, бедер салуға арналған вафельді қалып, күрішті қағаз және ұқсас өнімдер

11 885,12

206 448

10721

Кептірілген нан мен печенье; ұзақ уақыт сақталатын кондитерлік өнімдер мен пирожныйлар

2937,2

5669,5

107311

Жылумен өңдеуге тартылған немесе тартылмаған, салындысы бар (еттен немесе өзге азық-түліктерден) немесе салындысы жоқ немесе спагеттилер, макарондар, лапша, рожки, клецки, равиолалар, каннеллони сияқты басқа тәсілмен дайындалған макарон бұйымдары

22 284,60

46 693

108111

Құрақ немесе қызылшаның қатты түрдегі шикі қанты

231,3

30157,1

108112

Хош иісті және бояғыш қосымшалар қосылмаған, тазартылған құрақ немесе қызылша қанты және қатты түрдегі химиялық таза сахароза

10586,0

72367,3

108221

Құрамында какао бар шоколад және өзге де дайын тамақ өнімдері (тәттілендірілген какао-ұнтақтан басқа), көлемді қаптамаларда

1540,9

13864,2

108222

Шағын орамалардағы құрамында какао бар шоколад және тамақ өнімдері

36973,4

239955,4

108223

Құрамында какаосы жоқ, ақ шоколадты қоса алғанда, қанттан жасалған кондитерлік өнімдер

12907,3

84544,0

108224

Қантталған, глазурленген, шәрбат сіңдірілген және кептірілген жеміс-жидектер, жемістер, жаңғақтар, жеміс қабықтары және өсімдіктердің өзге де бөліктері

144,56

2 331

108300

Қайта өңделген шай және кофе

11949,0

238195,3

10851

Дайын тамақ өнімдері және тамақтар

37658,1

338459,1

108610

Гомогенделген және диеталық тамақ өнімдері

8823,9

224520,7

4-кестеге:


Ескертпе:*Макроөңір елдері: Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Қытай, Грузия, Иран, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түркіменстан, Украина, Өзбекстан.
      Басым жобалар
      2015 – 2019 жыл аралығындағы кезеңде тамақ өнімдерінің өндірісі саласында мыналарды: құс шаруашылығы өнімдерін (құс етін, жұмыртқа өндіру); сүт (құрғақ сүт, сары май, сыр және ірімшік, ішетін сүт, қышқыл сүт өнімдері), ет (мұздатылған, консервіленген, шұжық және ұқсас бұйымдар); балық (мұздатылған, балық еті, дайындалған және консервіленген); дәнді дақылдар (ұн, макарон бұйымдары, крахмал, ұлпа, инулин және басқалары); май (өсімдік майы, маргарин өндіру); көкөністер мен жемістер (шырындар, көкөністік және жемістік консервілер); қант, кондитерлік бұйымдар (қанттан, шоколад пен қанттан жасалған, жаңа піскен және ұзақ сақтаудағы нан-тоқаш кондитерлік бұйымдарынан) қайта өңдеу жөніндегі басым жобаларды іске асыру көзделеді.
      Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдейтін кәсіпорындар үшін ауыл шаруашылығы шикізатының қолжетімділігін арттыру
      Қайта өңдеуші кәсіпорындарды сапалы және қолжетімді шикізатпен жүйелі қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 ақпандағы № 151 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 - 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы (бұдан әрі – Агробизнес-2020) іске асырылатын болады.
      Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеуші кәсіпорындар үшін қаржылық қызметтердің қолжетімділігін арттыру.
      Отандық азық-түлік тауарларының тұрақты өндірісі үшін жағдай жасау мақсатында қайта өңдеуші кәсіпорындарды айналым қаражатын толықтыруға және негізгі құралдарды сатып алуға арналған кредиттік ресурстармен жеткілікті көлемде қамтамасыз ету қажет. Сондай-ақ, жаңа өңдеуші кәсіпорындарды салуды, оның ішінде инвестициялық субсидиялар, венчурлық қаржыландыру және т.б. арқылы ынталандыру үшін жеке қолдау талап етіледі.
      Тамақ өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының қаржыландыруға қолжетімділігін кеңейту үшін кредиттер мен лизинг бойынша шығындар бөлігінде субсидиялау түріндегі инвестициялық салымдар кезінде шығыстарды (құрылыс-монтаждау жұмыстары, жабдықты, ауыл шаруашылығы және арнайы техниканы сатып алу) ішінара өтеу түрінде мемлекеттік қолдау құралдары көзделетін болады, сондай-ақ қарыздарды сақтандыру және кепілдендіру жүйесі енгізілетін болады.
      Саладағы өндірістің инфрақұрылымдық шығындарын (коммуналдық, көлік қызметтері, ыдысқа және қаптамаға және басқаларына шығындар) оның ішінде МЖӘ тетігі есебінен төмендету.
      Өндірілетін азық-түлік тауарларының өзіндік құнын төмендету мақсатында ыдыс қаптамасын, этикеттелген бұйымдарды өндірумен айналысатын отандық компанияларды, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі есебінен дамыту бойынша шаралар қабылданатын болады.
      Сондай-ақ өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындары үшін коммуналдық, көлік қызметтеріне арналған сараланған тарифтерді қолдану бойынша шаралар қабылданатын болады.
      Отандық азық-түлік тауарларын өткізуді кеңейту үшін жағдайлар жасау.
      Ішкі нарықтағы отандық азық-түлік тауарлары айналымының көлемін ұлғайту үшін заманауи форматтағы сауда алаңдарын, сауда-бөлу орталықтарын кеңейту, сондай-ақ оларға қолжетімділік бойынша жағдай жасау жөніндегі шаралар қабылданатын болады.
      Сыртқы өткізу нарықтарына шығу үшін негізгі көлік бағыттары бойынша шекара маңы аумақтарында мамандырылған логистикалық орталықтар желісін құру көзделуде.
      Сонымен қатар, биржалық сауданы дамыту және әлеуетті отандық және шетелдік сатып алушыларды электрондық сауда алаңына барынша тарту бойынша шаралар қабылданатын болады.
      Азық-түлік өнімдерін тұтынуды мәдениетін дамыту.
      Отандық өнімді тұтыну мәдениетін дамыту үшін бұқаралық ақпарат құралдарында басымды жария етуді талап ететін тамақ және өңдеу өнеркәсібін дамыту жөніндегі түйінді хабарламалардың тізбесі айқындалатын болады.
      Отандық азық-түлік тауарларының ұлттық брендтерін жасау болжануда.
      Халықты тарту үшін тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы үгіт-насихат бағдарламалары жасалатын болады. Бұл ретте, халықтан сапалы өнім туралы ақпаратты қабылдау үшін қоғамдық қабылдау бөлмелерін құру жұмысы жалғастырылатын болады.
      Бұдан басқа, жаңа піскен және табиғи тамақ өнімдерін басымды тәртіппен сатып алу жөніндегі талаптарды қосу тұрғысынан азық-түлік тауарларын сатып алу талаптарын, сондай-ақ, ішкі нарықтағы отандық тамақ өнімдерінің жарнамасын жасауға және көрсетуге арналған шығындарды субсияларды қайта қарау көзделеді.
      Тамақ индустриясы саласындағы техникалық реттеуді дамыту
      Тамақ және өңдеу өнеркәсібі өнімінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оны өткізу нарықтарын кеңейту, сондай-ақ ішкі нарықты сапасыз өнімнен қорғау мақсатында техникалық реттеуде бірқатар шаралар қабылданатын болады.
      Техникалық регламенттер талаптарының сақталуына және тамақ өнімдерін бұрмалауға күресте мемлекеттік қадағалау (бақылау) жүргізу кезінде зертханалық зерттеулерге ерекше назар аударылатын болады. Бұл үшін республиканың әрбір өңірінде кемінде 1 сынақ зертханасы құрылатын (жаңғыртылатын) болады.
      Сонымен қатар, сәйкестікті және сынақ зертханаларын растау жөніндегі органдарды аккредиттеу саласы қайта қаралды.
      Стандарттарды ревизиялау жүргізіледі, сондай-ақ техникалық регламенттердің талаптарын орындау үшін қажетті, оның ішінде тамақ өнімдерін сәйкестендіру және оның бұрмалануын анықтау бойынша бақылау әдістеріне және өлшеу әдістемесіне арналған стандарттар әзірленді.
      Экспортты/импортты саудалық реттеуді жетілдіру
      Ішкі және сыртқы нарықтардағы өзгермелі жағдайларға жедел ден қою мақсатында тамақ және өңдеу өнеркәсібі өнімдерінің тауар қозғалысына мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету.
      Мониторинг нәтижелері негізінде сыртқы сауда қызметін реттеудің шараларын қолдану жөніндегі ұсыныстарды қалыптастыру және Еуразиялық экономикалық комиссияға жіберу жоспарлануда.
      Бұдан басқа, мемлекеттік органдар мен ұйымдарда кәсіпкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғайтын қоғамдық бірлестіктер мен бизнес қауымдастықтарды тарту жөніндегі шаралар көзделетін болады.
      Тауар айналымының есебін жетілдіру
      Аграрлық азық-түлік нарықтарын реттеу шараларын қабылдау үшін тамақ және өңдеуші өнеркәсіптің жай-күйіне толыққанды талдау жүргізу мақсатында олардың толықтығы мен шынайылығын қамтамасыз ету мақсатымен азық-түлік тауарлары өндірісінің статистикалық бақылаулар әдістемесіне өзгерістер енгізілетін болады, сондай-ақ Кеден одағының елдері арасындағы, оның ішінде түзету коэффициенттерін енгізу есебінен өзара сауда көлемдері есебінің әдістемесі жетілдірілетін болады.
      Сондай-ақ тамақ өнімдерін шығару жөніндегі кәсіпорындардың қуаттары болуының және оларды пайдаланудың статистикалық мониторингін жүргізуді қамтамасыз ету қажет.
      
жүктеу 3,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау