Microsoft Word 9 стандарт Кемені шетелде сатып алу стандарты. Doc



жүктеу 61,23 Kb.
Pdf просмотр
Дата01.01.2018
өлшемі61,23 Kb.
#6600


          Қазақстан Республикасы 

         Сыртқы істер Министрінің  

        міндетін атқарушының 

        2015 жылғы «8» мамырдағы 

       № 11-1-2/177 бұйрығына  

        9 - қосымша 



 

 

«Кеме шетелде сатып алынған жағдайда Қазақстан Республикасының 

Мемлекеттiк Туын көтеріп жүзу құқығына уақытша куəлiк беру» 

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 

 

 



1. Жалпы ережелер 

 

1.  «Кеме  шетелде  сатып  алынған  жағдайда  Қазақстан  Республикасының 



Мемлекеттiк  Туын  көтеріп  жүзу  құқығына  уақытша  куəлiк  беру»  мемлекеттік 

көрсетілетін қызметі (бұдан əрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы 

Сыртқы істер министрлігі (бұдан əрі – Министрлік) əзірледі. 

3.  Мемлекеттік  қызметті  Қазақстан  Республикасының  шетелдердегі 

мекемелері (бұдан əрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. 

Құжаттарды  қабылдау  жəне  мемлекеттік  қызмет  көрсету  нəтижелерін 

беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады. 

Берілген  рұқсаттарға  қатысты  мəліметтер  көрсетілетін  қызметті 

берушімен «Е-лицензиялау» Мемлекеттік ақпараттық жүйесіне енгізіледі. 

 

 

2. Мемлекеттiк қызметті көрсету тəртiбi 



 

4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 

1)  көрсетілетін  қызметті  берушіге  құжаттар  топтамасын  тапсырған 

күннен бастап – 5 (бес) жұмыс күні; 

Көрсетілетін  қызметті  беруші  жеке  немесе  заңды  тұлғаның  (бұдан  əрі  – 

көрсетілетін қызметті алушы) құжаттарын алған кезден бастап екі жұмыс күні 

ішінде  ұсынылған  құжаттардың  толықтығын  тексеруге  міндетті.  Құжаттардың 

ұсынылған  топтамасы  толық  емес  екені  анықталған  жағдайда,  көрсетілетін 

қызметті  беруші  көрсетілген  мерзімде  өтінішті  одан  əрі  қараудан  уəжді  түрде 

бас тартады. 

2)  құжаттар  топтамасын  тапсыру  үшін  кезек  күтудің  рұқсат  етілген  ең 

ұзақ уақыты – 60 минут; 

3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 10 минут. 

5.  Мемлекеттік  қызмет  көрсету  нысаны:  электронды  ішінара 

автоматтандырылған жəне (немесе) қағаз түрінде. 



6.  Мемлекеттік  қызмет  көрсету  нəтижесі  –  кеме  шетелде  сатып  алынған 

жағдайда,  Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік  туын  көтеріп  жүзу 

құқығына уақытша куəлік беру. 

Мемлекеттік қызмет көрсету нəтижесін беру нысаны: қағаз түрінде. 

7. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет 

стандартына  қосымшаға  сəйкес  «Салық  жəне  бюджетке  төленетін  басқа  да 

міндетті  төлемдер  туралы»  Қазақстан  Республикасының  2008  жылғы  

10  желтоқсандағы  Кодексінде  (Салық  кодексі)  белгіленген  консулдық  алым 

мөлшерлемелері  бойынша  ақылы  негізде  көрсетілетін  қызметті  алушыларға 

көрсетіледі. 

Консулдық  алым  сомасын  төлеу  қолма-қол  ақшалай  немесе  қолма-қол 

ақшасыз  түрде  екінші  дəрежелі  банктер  немесе  банк  операцияларының 

жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүргізіледі. 

8.  Көрсетілетін  қызметті  берушінің  жұмыс  кестесі:  Қазақстан 

Республикасының еңбек заңнамасына сəйкес демалыс жəне мереке күндерінен 

басқа,  дүйсенбіден  бастап  жұманы  қоса  алғанда,  сағат  13.00-ден  14.30-ға 

дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін. 

Құжаттарды  қабылдау  сағат  09.30-дан  12.30-ға  дейін,  ал  мемлекеттік 

қызмет  көрсету  нəтижелерін  беру  сағат  16.00-ден  17.00-ге  дейін  жүзеге 

асырылады. Сəрсенбі қабылдамайтын күн. 

Мемлекеттік  көрсетілетін  қызмет  алдын  ала  жазылусыз  жəне  жедел 

қызмет көрсетусіз, кезек күту тəртібімен жүзеге асырылады. 

9. Көрсетілетін қызметті алушы жеке өзі немесе оның заңды өкілі өкілдік 

етуге құзыреттілігін растайтын құжаттар ұсына отырып, көрсетілетін қызметті 

берушіге  жүгінген  кезде  мемлекеттік  қызметті  көрсету  үшін  қажетті  құжаттар 

тізбесі: 

1) жеке тұлғалар үшін: 

еркін нысандағы өтініш; 

көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куəландыратын құжат (жеке 

басын анықтау үшін); 

кемеге меншік құқығын растайтын құжат; 

кеменi бұған дейiн тiркеген мемлекеттің билiк орындары берген кеменің 

осы  мемлекеттің  кеме  тiзiлiмiнен  шығарылғанын  жəне  ипотека  ауыртпалығы 

жоқтығын  куəландыратын  (егер  мұндай  жағдай  өтiнiш  берiлгенге  дейiн  орын 

алған болса) құжат; 

өлшем куəлігі; 

сыныптау куəлігі; 

жолаушы куəлігі (жолаушы кемелері үшін); 

консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы. 

2) заңды тұлғалар үшін: 

еркін  нысандағы  өтініш  (көрсетілетін  қызметті  алушының  өкілі 

ұсынады); 

белгіленген  тəртіппен  куəландырылған  көрсетілетін  қызметті  алушының 

құрылтай  құжаттарының  көшірмелері  (салыстыру  үшін  түпнұсқаны  көрсету 

қажет); 



кемеге меншік құқығын растайтын құжат; 

кеменi бұған дейiн тiркеген мемлекеттің билiк орындары берген кеменің 

осы  мемлекеттің  кеме  тiзiлiмiнен  шығарылғанын  жəне  ипотека  ауыртпалығы 

жоқтығын  куəландыратын  (егер  мұндай  жағдай  өтiнiш  берiлгенге  дейiн  орын 

алған болса) құжат; 

өлшем куəлігі; 

сыныптау куəлігі; 

жолаушы куəлігі (жолаушы кемелері үшін); 

консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы. 

Көрсетілетін  қызметті  алушы  көрсетілетін  қызметті  берушіге  барлық 

қажетті  құжаттарды  тапсырған  кезде,  қағаз  жеткізгіштегі  өтініштің 

көшірмесіндегі қабылдау күні, қабылдаған адамның тегі, аты, əкесінің аты жəне 

құжаттар  топтамасын  қабылдаған  уақыты  көрсетілген  белгі  оның 

қабылданғанын растау болып табылады. 

9-1.  Көрсетілетін  қызметті  беруші  мемлекеттік  қызметті  көрсетуден 

мынадай негіздер бойынша бас тартады: 

1)  көрсетілетін  қызметті  алушының  мемлекеттік  көрсетілетін  қызметті 

алу  үшін  ұсынған  құжаттарының  жəне  (немесе)  олардағы  деректердің 

(мəліметтердің) анық еместігінің белгілі болуы; 

2)  көрсетілетін  қызметті  алушының  жəне  (немесе)  мемлекеттік  қызмет 

көрсету  үшін  қажетті  ұсынылған  деректердің  жəне  мəліметтердің  «Сауда 

мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, Қазақстан 

Республикасының 

Инвестициялар 

жəне 


даму 

министрінің 

міндетін 

атқарушысының  2015  жылғы  24  ақпандағы  №  165  бұйрығымен  бекітілген 

«Қазақстан  Республикасының  шет  елдердегі  мекемелерінің  Қазақстан 

Республикасының  азаматтығы  мəселелеріне  қатысты  құжаттарды  ресiмдеуі 

жөніндегі нұсқаулығының» (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде 

№ 11125 болып тіркелген) талаптарына сəйкес келмеуі. 

Көрсетілетін  қызметті  алушы  осы  мемлекеттік  көрсетілетін  қызмет 

стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сəйкес құжаттардың топтамасын 

толық  ұсынбаған  жəне  (немесе)  қолданылу  мерзімі  өтіп  кеткен  құжаттарды 

ұсынған  жағдайларда  көрсетілетін  қызметті  беруші  өтінішті  қабылдаудан  бас 

тартады,  бұл  ретте  көрсетілетін  қызметті  беруші  құжат  қабылдаудан  бас 

тартқаны туралы қолхат береді. 

 

 

3. Орталық мемлекеттік органның, сондай-ақ көрсетілетін қызметті 

берушінің жəне (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік 

қызмет көрсету мəселелері жөніндегі шешімдеріне, əрекеттеріне 

(əрекетсіздігіне) шағымдану тəртiбi 

 

10.  Көрсетілетін  қызметті  берушінің  жəне  (немесе)  оның  лауазымды 



адамдарының  мемлекеттік  қызмет  көрсету  мəселелері  бойынша  шешімдеріне, 

əрекеттеріне (əрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін 




қызмет  стандартының  12-тармағында  көрсетілген  мекенжай  бойынша 

көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі. 

Шағым  көрсетілетін  қызметті  берушінің  кеңсесі  арқылы  қолма-қол, 

пошта арқылы жазбаша түрде немесе «электронды үкімет» веб-порталы арқылы 

беріледі. 

Шағымды  қабылдаған  адамның  тегі  мен  аты-жөні,  берілген  шағымға 

жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің 

кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын 

растау болып табылады. 

Шағымда: 

1)  жеке  тұлғалар  –  өзінің  тегін,  атын,  əкесінің  атын  жəне  пошталық 

адресін көрсетеді; 

2)  заңды  тұлғалар  –  өзінің  аталуын,  пошталық  адресін,  шығыс  нөмірін 

жəне уақытын көрсетеді. 

Көрсетілетін  қызметті  берушінің  атына  келіп  түскен  көрсетілетін 

қызметті  алушының  шағымы  тіркелген  күнінен  бастап  бес  жұмыс  күні  ішінде 

қаралуға жатады. 

Көрсетілген  мемлекеттік  қызмет  нəтижелерімен  келіспеген  жағдайда, 

көрсетілетін  қызметті  алушы  мемлекеттік  қызметті  көрсету  сапасын  бағалау 

жəне бақылау жөніндегі уəкілетті органға шағыммен жүгіне алады. 

Мемлекеттік  қызмет  көрсету  сапасын  бағалау  жəне  бақылау  жөніндегі 

уəкілетті  органның  атына  келіп  түскен  көрсетілетін  қызметті  алушының 

шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады. 

11.  Көрсетілген  мемлекеттік  қызметтің  нəтижелерімен  келіспеген 

жағдайларда,  көрсетілетін  қызметті  алушының  Қазақстан  Республикасының 

заңнамасында белгіленген тəртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.  

 

 

4. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып 

қойылатын өзге талаптар 

 

12.  Мемлекеттік  қызметті  көрсету  орындарының  мекенжайлары 



Министрліктің www.mfa.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған. 

13.  Мемлекеттік  қызметті  көрсету  тəртібі  мен  оның  мəртебесі  туралы 

ақпаратты  көрсетілетін  қызметті  алушының  мемлекеттік  қызмет  көрсету 

мəселелері  жөніндегі  бірыңғай  байланыс  орталығы  арқылы  алуға  мүмкіндігі 

бар.  

14.  Мемлекеттік  қызметті  көрсету  мəселелері  бойынша  анықтама 



қызметтерінің  байланыс  телефондары  www.mfa.gov.kz  интернет-ресурсында 

«Мемлекеттік  көрсетілетін  қызмет»  бөлімінде  көрсетілген,  мемлекеттік 

қызметті  көрсету  мəселелері  жөніндегі  бірыңғай  байланыс  орталығының  

нөмірі - 1414, 8 800 080 7777. 

 

 

 




«Кеме шетелде сатып алынған жағдайда 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туын 

көтеріп жүзу құқығына уақытша куəлiк беру» 

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 

қосымша


 

 

 



Кеме шетелде сатып алынған жағдайда 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туын көтеріп  

жүзу құқығына уақытша куəлiк беру үшін алынатын консулдық алым 

мөлшерлемесінің көлемі 

Р/с 

№ 

Ел 



Консулдық алым 



1.  Америка Құрама Штаттары 

60 АҚШ доллары 

2.  Канада 

100 АҚШ доллары 

3.  Ұлыбритания жəне Солтүстік Ирландия Құрама 

Құрама Корольдігі 

50 ағылшын фунт стерлингі 

4.  Бельгия Корольдігі 

75 евро 


5.  Француз Республикасы 

50 евро 


6.  Германия Федеративтік Республикасы 

90 евро 


7.  Аустрия Республикасы 

45 евро 


8.  Швейцария Конфедерациясы 

65 Швейцариялық 

франкі 

9.  Италия Республикасы 



75 евро 

10.  Испания Корольдігі 

35 евро 

11.  Мажарстан 

40 евро 

12.  Чех Республикасы 

40 евро 

13.  Литва Республикасы 

75 евро 

14.  Түркия Республикасы 

60 АҚШ доллары 

15.  Нидерланды Корольдігі 

50 евро 

16.  Хорватия Республикасы 

75 евро 

17.  Грекия Республикасы 

40 евро 

18.  Румыния 

50 евро 

19.  Болгария Республикасы 

60 евро 

20.  Норвегия Корольдігі 

44 евро 

21.  Мысыр Араб Республикасы 

50 АҚШ доллары 

22.  Израиль Мемлекеті 

30 АҚШ доллары 

23.  Біріккен Араб Əмірліктері 

60  АҚШ доллары 

24.  Сауд Арабиясы Корольдігі 

60  АҚШ доллары 

25.  Қатар Мемлекеті 

60  АҚШ доллары 

26.  Иордания Хашимит Корольдігі 

60 АҚШ доллары 

27.  Иран Ислам Республикасы 

 60  АҚШ доллары 

28.  Пəкістан  Ислам Республикасы 

 60  АҚШ доллары 

29.  Ауғанстан Ислам Республикасы 

 50  АҚШ доллары 



 

 



30.  Үндістан Республикасы 

 30  АҚШ доллары 

31.  Қытай Халық Республикасы 

 60 АҚШ доллары 

32.  Малайзия 

50 АҚШ доллары 

33.  Корея Республикасы 

45 АҚШ доллары 

34.  Жапония 

60 АҚШ доллары 

35.  Моңғолия 

60 АҚШ доллары 

36.  Сингапур Республикасы 

60 АҚШ доллары 

37.  Ливан Республикасы 

50 АҚШ доллары 

38.  Либия Араб Социалистік Халық Жамахириясы 

50 АҚШ доллары 

39.  Таиланд Корольдігі 

60 АҚШ доллары 

40.  Ресей Федерациясы 

60 АҚШ доллары 

41.  Украина 

50 АҚШ доллары 

42.  Беларусь Республикасы 

30 АҚШ доллары 

43.  Өзбекстан Республикасы 

60 АҚШ доллары 

44.  Қырғыз Республикасы 

60 АҚШ доллары 

45.  Түрікменстан 

60 АҚШ доллары 

46.  Тəжікстан Республикасы 

50 АҚШ доллары 

47.  Əзербайжан Республикасы 

50 АҚШ доллары 

48.  Армения Республикасы 

60 АҚШ доллары 

49.  Оман сұлтандығы 

60 АҚШ доллары 

50.  Бразилия Федеративтік Республикасы 

60 АҚШ доллары 

51.  Индонезия Республикасы 

50 АҚШ доллары 

52.  Финляндия Республикасы 

75 евро 


53.  Грузия 

60 АҚШ доллары 

54.  Польша 

40 евро 


55.  Куба 

50 АҚШ доллары 





 

жүктеу 61,23 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау