8. «Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдерді



жүктеу 120,74 Kb.
Дата28.11.2017
өлшемі120,74 Kb.
#2370

8. «Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдерді тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау және

әлеуметтік даму министрінің

2015 жылғы ____________

№ _______ бұйрығына

9-қосымша
Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау және

әлеуметтік даму министрінің

2015 жылғы 28 сәуірдегі

№ 279 бұйрығына

32-қосымша



«Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдерді тағайындау»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты


  1. Жалпы ережелер

1. «Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдерді тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – ЗТМО) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі


  1. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) құжаттардың топтамасын ЗТМО-да тіркеген сәттен бастап – 10 (он) жұмыс күні;

2) құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты ЗТМОда жүгінген күні – 30 минут;

3) ЗТМО-да көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут.


  1. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: «Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдерді жүзеге асыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы № 571 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1124 болып тіркелген) қаулысымен бекітілген нысан бойынша зейнетақы төлемін тағайындау туралы хабарлама.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.

7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

8. Жұмыс кестесі: ЗТМО-да – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру: дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде көрсетіледі.

9. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариалдық куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) мемлекеттік қызметті көрсету үшін ЗТМО-ға жүгінген кезде осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және мынадай құжаттарды ұсынады:

1) жеке басын куәландыратын құжаттың (Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, паспорты) (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);

2) Қазақстан Республикасының аумағында тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы не ауыл әкімдерінің анықтамасы);
      3) ай сайынғы төлемдерді беру жөніндегі ұйымдағы банктік шотының не түзеу мекемесінің арнайы шотының нөмірі туралы мәліметтер;
      4) капиталдандыру кезеңі, зиянды өтеу бойынша капиталдандырылған төлемдердің сомасы туралы мәліметтерді қамтитын, капиталдандырылған соманы алу құқығын растайтын сот актісінің (актілерінің) көшірмесі:
      капиталдандырылған төлемдер сомасын мемлекеттен алу кезінде - зиянды өтеу есебіне капиталдандырылған төлемдерді төлеу жөніндегі жауапкершілікті мемлекетке жүктеу туралы заңды күшіне енген шешім (қаулы, ұйғарым);
      таратылған заңды тұлғаның мүлкі есебінен капиталдандырылған сомаларды алу кезінде - бірінші кезектегі әрбір кредит алушы бойынша таратып жазылған материалдарды қамтитын конкурстық басқарушының қорытынды есебінің бекітіліп, конкурстық іс жүргізудің аяқталғандығы туралы ұйғарым (шешім).
      Капиталдандырылған соманы алуға құқықты соттың не капиталдандыру кезеңі, зиянды өтеу жөніндегі капиталдандырылған төлемдер сомасы туралы мәліметтерді қамтитын мемлекеттік мұрағаттың мұрағат құжатымен растауға болады.
      Зардап шеккен адамның мәртебесіне байланысты:

денсаулықты зақымдау арқылы келтірілген зиянды өтеу кезінде - кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі туралы анықтаманың көшірмесі;


      Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 940-бабының 3-тармағына сәйкес мүгедектік мерзіміне зиян өтелетін қызметкердің қайтыс болуы салдарынан зардап шеккен мүгедекке зиянды өтеу кезінде - мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі.

Капиталдандырылған соманы алуға құқықты растайтын сот актісінде не мұрағат құжатында кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылу немесе мүгедектік дәрежесін белгілеу туралы мәліметтер болған жағдайда жеке анықтама ұсыну талап етілмейді.

Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары және көшірмелері ұсынылады, бұдан кейін құжаттардың түпнұсқалары мен құжаттың қабылданғаны туралы белгісі бар өтініштің үзбелі талоны өтініш берушіге қайтарылады.

Көрсетілетін қызметті алушы осы тармақта көрсетілген құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушыға ЗТМО-да – тіркелген күні мен мемлекеттік қызметті алатын күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген өтініштің үзбелі талоны беріледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушы жеке өзі (немесе нотариалдық куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) келгенде жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде өтініштің үзбелі талонының негізінде беріледі.

ЗТМО көрсетілетін қызметті алушының ұялы телефонына sms-хабар жіберу арқылы көрсетілетін қызметті алушыны қабылданған шешім туралы хабардар етеді.

10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, ЗТМО қызметкері 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдерді тағайындауға өтініш қабылдаудан бас тарту туралы хабарлама береді.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, халыққа қызмет көрсету орталықтарының және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, ЗТМО және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдануда шағым түрінде осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші, ЗТМО басшысының атына не Министрлік басшысының атына беріледі.

Шағым жазбаша нысанда почта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің, ЗТМО немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

Көрсетілетін қызметті берушінің, ЗТМО немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып шағымды тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні), оның қабылданғанын растау болып табылады.

Көрсетілетін қызметті берушінің, ЗТМО, Министрліктің немесе ХҚО-ның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы, оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы, оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелері мен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, қойылатын өзге де талаптар
13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.mzsr.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде орналастырылады.

14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен статусы туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы «1414» арқылы алуға мүмкіндігі бар.

15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 24 07 49, 24 12 91.

«Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдерді тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі стандартына 1-қосымша


Нысан

Ауданның коды ___________


Қазақстан Республикасы

__________________ облысы бойынша


Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің департаменті

Өтініш


Азамат (ша) _____________________________________
                  (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

Туған күні « ___ » 19__ж.,


__________________________________________ мекенжайы бойынша тұратын

Банктегі шот № ___ Банк филиалының № ____ Байланыс бөлімшесі № _____


Жеке сәйкестендіру нөмірі ____________________________________
Жеке куәлігінің (төлқұжаттың) деректері № ___________________________
Кім берген ___________________ Берілген күні ________________________

      Маған бұрын капиталдандырылған және зиянды өтеу үшін берілген біржолғы сома төленген кезеңнің аяқталуына байланысты ай сайын төлем тағайындауыңызды сұраймын.

      Орталық бөлімшесіне ұсынылған құжаттардың дұрыстығы үшін құқықтық жауапкершілікті мойныма аламын. Төленетін ай сайынғы төлем мөлшерінің өзгеруіне әкеп соғуы мүмкін барлық өзгерістер туралы, сондай-ақ тұрғылықты жерімнің өзгеруі, оның ішінде Қазақстан Республикасы аумағынан шығу, сауалнама деректерінің, банк деректемесінің өзгеруі туралы Орталық бөлімшесіне 15 күнтізбелік күн ішінде хабарлауға міндеттенемін.

      Бұрын капиталдандырылған және зиянды өтеу үшін берілген біржолғы сома төленген кезеңнің аяқталуына байланысты ай сайынғы төлемдерді тағайындау үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

Берілген күні ________________ Өтініш иесінің қолы _________________
Азамат ___________________________________________ өтініші
      (өтініштің құжаттармен қоса қабылданған күні)

20_____ ж. « _____ » №______________ қабылданды

Құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), лауазымы және қолы _________
Өтінішке қоса берілген құжаттардың тізбесі:


Р/с

Құжаттың атауы

Құжаттағы парақтар саны

Ескертпе





































________________________________________________________________
                        (қию сызығы)
Азамат (ша) ________________________________________________ өтініші
№ _____ тіркелді
Құжаттар қабылданған күн ________
Құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), лауазымы және қолы: __________

«Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдерді тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі стандартына 2- қосымша


Нысан

Зейнетақы және жәрдемақыларды тағайындауға өтініш

қабылдаудан бас тарту туралы

№ ______ хабарлама


________________________________________________________________

(түрі көрсетілсін)

20__ жылғы «___» _______________
Азамат (ша)________________________________________________________

(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)


Туған күні: _____жылғы «___» ____________

Қамқоршы ________________________________________________________

тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
Жүгінген күні 20__ жылғы «___» ____________

__________________________________________________________________


себебі бойынша тағайындауға өтініш қабылдаудан бас тартылды.
__________________________________________________________________

       (жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және лауазымы)
жүктеу 120,74 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау