Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы : Қойдың хламидиоз ауруының диагностикасы мен алдын алу шаралары Беттер саны



жүктеу 237,5 Kb.
бет1/3
Дата19.11.2018
өлшемі237,5 Kb.
#21338
түріДиплом
  1   2   3

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ

ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Ветеринария факультеті

Микробиология, вирусология және иммунология___кафедрасы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:Қойдың хламидиоз ауруының диагностикасы мен алдын алу шаралары
Беттер саны ___

Сызбалар мен көрнекі

материалдар саны__

Қосымша__



Орындаған: _________Темишев Серік_______
2007 жылы «__»_______________қорғауға жіберілді.
Кафедра меңгерушісі, профессор________________Бияшев Қ.Б.
Жетекші, доцент ____________________________Түлкібаев К.Ә.
Сарапшы _______________________________________

Алматы 2007



МАЗМҰНЫ

бет
1 КІРІСПЕ…………………………………………………….3


2 Әдебиетке шолу.....................................................................4
2.1 Қойдың хламидиоз ауруының эпизоотологиясы ,

диагнозы және алдын алу .............................................4


2.2 Хламидилердің сипаттамасы ............................................6
3 Өзіндік зерттеулер................................................................7
3.1 Зерттеу материалдары мен әдістемесі..........................7
3.2 “Алматы” ауыл шаруашылық өндірістік кооперативінің

сипаттамасы……………………………………………….9


3.3 Өзіндік зерттеулердің талдауы мен нәтижелері .........…10
3.4. Хламидоиозға қарсы жүргізілген шаралардың

экономикалық тиімділігін есептеу...............................…26


4 Еңбекті қорғау......................................................................27
5 Қорытынды............................................................................29
6 Практикалық ұсыныс..........................................................29
7 Қолдалынылған әдебиеттер тізімі......................................30



1 КІРІСПЕ.
Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан Республикасында қой шаруашылығы -мал шаруашылығының жоғары сапалы мол өнім беретін ұтымды саласы. Қойдың басын және өнімін көбейтуде инфекциялық ауруларға дер кезінде диагноз қойып, аурудың алдын алудың маңызы зор.

Саулықтарға буаздықтың соңғы кезінде іш тастататын, осы іш тастаудан кейін сепсистен саулықтарды өлтіретін, сонымен қатар әлсіз , тіршілікке қабілеті төмен төлдер туатын, ересек қозыларда пневмония , артрит тудыратын және саулықтарды қысыр қалдыратын хламидиоз ауруы үлкен экономикалық зиян кетіреді.

Хламидиоз ауруының қой шаруашылығында кең тарауына ауруға диагноз қою мен алдын алу шараларының әлде болса жеткіліксіздігі себеп болып отыр.

Сонымен қатар аурудың кең таралуына хламидиоз ауруынан кейін көп малдардың хламиди тасымалдаушы болып қалып, аурудың таралуына қолайлы жағдай жасайды.

Қой хламидиозына диагноз қою мен тәндік алдын алу осы күнге дейін зерттелуде.

Осы ауруды зерттеуде ТМД елдерінің көптеген ғалымдарының еңбектері зор (И.И.Носов, А.А. Волкова, 1965; А.Актаев,1970; Ю.Д. Караваев және басқалар 1971; Н.З. Хазипов және басқалар 1984 ; Х.З.Гафаров 1984; ) .

Қазақстанда қойдың хламидиозды іш тастауын алғаш рет 1966жылы О.Ш. Байтурина және Б.А.Матвиенко (1969) ашты. Республиканың оңтүстік аймағында бұл ауруға диагноз қоюға атсалысқан Ш.Б. Абишева (1970).

Қазіргі уақытта қой хламидиозы республикамыздың барлық аймақтарында кездеседі. Сол себепті қойдың хламидиоз ауруына диагноз қою мен алдын алу өзекті мәселе болып саналады.



Дипломдық жұмыстың мақсаты: «Алматы» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативіндегі қойлардың хламидиозды іш тастауына диагноз қою, аурудың эпизоотологиясын, клиникасын және алдын алу шараларын зерттеу.

Осы мақсатты орындау үшін төмендегі міндеттер алға қойылды:



  • Жеке шаруашылықтағы қойлардың хламидиозды іш тастауының эпизоотологиясын тексеру.

  • Аурудың клиникалық белгілерін бақылап, ауруға зертханалық диагноз қою.

  • Аурудың алдын-алу шараларын ұйымдастыру.

  • Хламидиозға қарсы жүргізілген ветеринариялық шаралардың экономикалық тиімділігін есептеу.



2 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
2.1 Қойдың хламидиоз ауруының эпизооитологиясы, диагнозы және алдын-алуы.

Қойдың хламидиозды іш тастауын алғаш рет Шотландия ғалымы И. Стемп 1950 жылы ашқан Ол ауру қоздырушысын қойдың қынабынан аққан сұйықтан бөліп алған. Қоздырушыны тауық эмбрионына пассаж жасау арқылы және буаз қойларға енгізу арқылы осы ауруды дәлелдеген .

Бұрынғы кеңес мемлекетінде қойлардың хламидиозды іш тастауы жөнінде И.И.Носов (1965) , Н.Ф. Шербань және басқалар (1967) , А.А.Волкова мен А.Ф.Тимофеев (1967), О.Ш.Байтурина (1969) хабарламалар жасады. Олар кейбір шаруашылықтарда күйлі қойлардың жаппай іш тастауын байқаған.

Х.З. Гафаров (1984) шаруашылықтағы 560 буаз қойдың 62-сінің іш тастағанын хабарлайды .Іш тастау буаздықтың 5 айында жас және кәрі қойларда кездескен. Іш тастаған қойлардың жатырынан Cl.psittaci қоздырушысын бөліп алған.

Н.З. Хапизов және басқалар микроорганизмдерге қарағанда хламидилердің өсу , даму циклі тек торша ішінде болатындықтан , олар жануарларды жіті және созылмалы аурулар шақыратындығын , ал қойларда жаппай іш тастайтындығын айтады .

Болгариялық ғалымдар П.Нейков, Г.Гейчев, Д.Арнаудов (1988) 656 қойдың қан сарысуын серологиялық әдіспен тексергенде 20,2 % хламидиозға оң нәтиже бергенін хабарлайды.

Ағылшын ғалымы M.Prettejohn (1988) қойлардың хламидиозды іш тастауының қоздырушысы Cl. рsittaci екендігін дәлелдеп, бұл қоздырушыға қой , ешкі және адамдарда сезімтал екенін хабарлайды .

И.И. Носовтың (1965) айтуы бойынша қойлар хламидиоз қоздырушысымен алиментарлық жолмен және күйек кезінде қошқарлар арқылы зақымданады.

Ағылшын ғалымдары I.P.Aitken және басқалар (1990) қойдың хламидиозды іш тастауының қоздырушысы Cl. рsittaci екенін айтып, Ұлыбританияда осы аурудан жылына 10-20 миллион фунт-стерлинг зиян шегетіндігін хабарлайды.

Азербайжан ветеринариялық ғылыми зерттеу институтының ғалымдары Г.А.Сариев және басқалар (1984) қойдың хламидиоз ауруының қоздырушысын жабайы құстар тасымалдайтынын айтады.

Біздің университеттің ғалымдары Ш.Б.Абишева (1972), О.Ш.Байтурина, Б.А. Матвиенко , Д.Е. Арзымбетов (1985, 1987), А.Ж. Макбузов (1993); Қ.А.Түлкібаев (2002); Қазақстанның шаруашылықтарындағы қойлардың хламидиозды іш тастауын зерттей отырып, аурудың 70 % іш тастағаннан кейін анықтауға болатындығын, содан кейін ауруды анықтау төмендейтінін, 3 ай өткеннен кейін 18 % , ал 12 айдан кейін тек 3,4 % диагностикалық титрмен анықталатынын, сонымен қатар ұрықтандыру алдында хламидиоз 9 % анықталса, буаздық кезінде 20 % , ары қарай жартысы зақымдалып іш тастайтынын хабарлайды.

Жасырын түрде ауырған, тексерген кезде оң нәтиже берген қойлар инфекцияның көзі болып табылады .

Тексерілген 2861 қошқарлар мен 896 жас қошқарлардың 9 % -ті хламидиозға оң нәтиже берген. Бұл хламидиоз ауруының қой шаруашылығында кең тарағандығын көрсетеді .

Сонымен қатар қойдың хламидиоз ауруы шаруашылықтарда басқа инфекциялық аурулармен бірге кездеседі.

К.Водас , С. Мартинов (1987) , Н.Worbes , J.Streu (1988) қойлардың іш тастауы кезінде бір мезгілде риккетсий , хламидий , сальмонелла , кампилобактериялар бөліп алған, яғни аралас инфекция болғанын хабарлайды.

О.Ш.Байтурина және басқалар (1985) ; А.Ж.Макбузов( 1993) ; Түлкібаев Қ.А. (2002); шаруашылықтарда қойлардың хламидиоз ауруы сальмонеллезбен бірге кездесетінін анықтаған.

Отандық және шет ел ғалымдарының зерттеулері бойынша қой шаруашылығында хламидиоз аурулары жиі кездесетіні және олардың моно- немесе аралас түрде өтетіні анықталды. Сол себептен хламидиоз ауруының алдын алудың маңызы зор. Осы салада бірнеше талпыныстар болды.

Хламидиоз ауруы кезінде иммунитет және оның пайда болу механизмі әлі толық зерттелмеген .

И.З. Хапизов және басқалар (1984) зерттеулері егілген қойлардан төлдеріне антидене туғаннан кейін 5-6 күнге дейін берілетінін көрсетеді.

Қой хламидиозының арнаулы алдын алу үшін дүние жүзінде әртүрлі тәжірибелік тірі және әлсіретілген вакциналар алынған.

Шет елдерде инактивтендірілген және гидроокись алюминий қосылған тауық эмбрионының тұқым қабықшасы мен сары уызының суспензиясынан жасалған вакцина қолданылады .

Германияда ағылшын фирмасы жасаған «Вэллком» майлы адъюванты инактивтендірілген вакцина сыналған. Осы кезде Венгрияның «Филаксия» фирмасы жасаған инактивтендірілген эмульгирленген вакцинасы кең қолданыс табуда. Сонымен қатар Бүкіл Ресейлік ветеринариялық тәжірибе институтында Ю.Д.Караваевтың басшылығымен жасалған эмульгирленген вакцина қой хламидиозының алдын алуда жақсы нәтиже көрсетті. Егілген малдарды 90 % -ға дейін хламидиоздан сақтаған. (И.З.Хапизов және басқалар (1984) бойынша жазылған) .

Р.Х.Хамадеев және басқалар (1983) қой хламидиозына қарсы тірі және инактивтендірілген вакциналардың шаруашылыққа енуі жөнінде вакцинаның тиімділігі эпизоотологиялық жағдайға, еккен жеріне, буаздықтың кезеңдеріне және басқа жағдайға байланысты екенін хабарлаған .

О.Ш.Байтурина және басқалар (1985, 1987) , А.Ж. Макбузов (1993) К.С.Шманов және басқалар (1998) , Ұ.М.Нарымбетова және басқалар (1998) , Түлкібаев Қ.А. (2002) қойлардың хламидиоз ауруларының арнаулы алдын алуда Венгрияның «Филаксия» фирмасының вакцинасын моно- және кешенді қолданғанда тиімді екенін көрсетеді.

Қорыта келгенде қойдың хламидиоз ауруының арнаулы алдын алу үшін Венгрияның «Филаксия» вакцинасын және тәжірибеде жүрген Караваевтың вакцинасы қолданылуда .

2.2 ХЛАМИДИЛЕРДІҢ СИПАТТАМАСЫ.
Хламидилер прокариотты грамм әдісімен теріс боялатын микроорганизмдер қатарына жатады . Микробиология қоғамының Халықаралық комитетінің шешімі бойынша 1980 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап өзіндік тәртіппен жіктелді.

Chlamydiales қатары Chlamydiacea тұқымдастығына бөлінеді . Бұл тұқымдастыққа бір ғана туыс енгізілді : Chlamydіа. Ал Chlamydia туысы Chlamydia psittaci және Chlamydia trachomatis болып екі түрге бөлінеді .

Хламидилер – торша ішілік тоғышарлар . Хламидилердің жетілген жұқпалы түрі элементарлы денешіктер түзейді (ЭД). Өсіп-өнуінде вегетативті торшалар мен ретикулярлы денешіктердің пайда болуымен сипатталады . Элементарлы денешіктердің пішіні шар тәрізді , көлемі 270-350 нм. Хламидилердің элементарлы денешігі ригидалық торшалар қабырғасы мен цитоплазмалық қабатпен шектелген . Цитоплазмаының ортасында ДНҚ мен рибосома бар . Торша қабырғасының қалыңдығы 80А болатын күрделі құрамнан тұрады . Торша мембранасының ішкі қабатының диаметрі -20 нм болатын бірліктерден тұрады . Хламидилердің генетикалық аппараты нуклеоид түрінде сыртына қарай орналасқан тығыз бір молекулалы ДНҚ-дан тұрады.



Өсіп-өну циклі
Хламидидің өзіндік зат алмасу қасиеті болғанымен тоғышарларға жатады , олардың өмірі иесінің торшасының энергия алмасуына байланысты . Хламидилердің өсіп-өнуі бірнеше сатыдан тұрады . Алдымен адсорбция сатысы басталады . Хламидилердің элементарлық денешіктері сезімтал торшаларға жабысады . Екінші сатысында ЭД ретикулярлық денешіктерге (РД) айналады . РД көлемі 500-1200 нм дейін барады . Ретикулярлық денешіктердің даму циклінде «аралық денешіктер» пайда болады , ал аралық денешіктер элементарлы айналады да , торшадан шығады .

Хламидилердің торшадан шығуы екі түрде өтеді. Иесінің торша қабықшасы жыртылғанда белсенді лақтыру жолымен және плазмолемма жыртылғанда ақтарылу жолымен шығады. Бір элементарлық денешіктің өзінен ғана 200-1000-ға дейін ұрпақтары бөлініп шығады . Хламидилердің өсіп-өнуінен торшадағы биосинтетикалық процесстер тежеледі .



Химиялық құрамы: Хламидилерде нуклейн қышқылының екеуі де РНҚ мен ДНҚ бар . Хламидилердің әр штамдарында ДНҚ-3,4 , РНҚ-2-7 , белок -33,1 , липидтер -35-40 , көмірсу -1-67 пайыз болады .

Антигендік қасиеті : Барлық хламидилер туыстығына жататын микроорганизмдерде арнайы туысқа тән комплемент байланыстырушы термостабильді антиген бар . Сонымен қатар , термолабильді түрге тән, табиғаты протейнді антиген және тағы бар. Осы аталған антигендердің көмегімен адам мен малдың патологиясы анықталды . Хламидилер ауыл шаруашылық малдарында әртүрлі аурулар туғызады.

Қойдың хламидиоз қоздырушысы Cl. psittaci. Қоздырушының физикалық , химиялық әсерлерге төзімділігі жоғары . Жаңа алынған патматериалда түсік қоздырушысы 4 ºС-қа дейінгі температурада 7 күнге дейін өмір сүреді . 199 ортада немесе фосфатты буферде рН -7,4 суспензия түрінде хламидилер 10 ºС температурада 10 күнге дейін сақталады . Бөлме температурасында 2 күнге дейін белсенділігін жоймайды . Торша сыртында болатын хламидилер жұқпалылығын 35-37 º С температурада 24-36 сағат ішінде жоғалтады . Хламидилер концентрленген суспензияда 95- 100 ºС 1 минут ішінде белсенділігін жояды . 75 º С-5-10 мин. , 50 ºС -30 мин. кейін инактивтелінеді . 4 º С –хламидилер белсенділігі бір айдан соң төмендейді . Тауық эмбрионының сарыуызында , төменгі 20 º С –тан 70 ºС дейінгі температурада хламидилер жақсы сақталады .Ал , лиофилизацияланған түрде хламидилер белсенділігін 4 жыл сақтайды . УФ сәулелер хламидилердің белсенділігін 3-4 мин. ішінде жояды . Хламидилер глициринге сезімтал , 2 % сілті , 2% формалин , 1 % фенол ерітіндісіне тез бейтарапталады (Д.Б.Оболадзе 1974. ).





3 Ө З І Н Д І К З Е Р Т Т Е У Л Е Р

3.1 ЗЕРТТЕУ МАТЕРИАЛДАРЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ.

Дипломдық жұмыс жоспарға сәйкес Алматы облысы Талғар ауданы “Алматы” ауыл шаруашылық өндірістік кооперативінде және Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің микробиология, вирусология және иммунология кафедрасының зертханасында жүргізілді.

Жұмыс барысында 93 қой қаны қолданылды. Бұлардың ішінен 50-і іш тастаған, ал 43-і төлдеген қойлар. 6 түсіктен зағадат және 10 қозының қан сарысуы алынды. Клиникалық зерттеулер нәтижесінде 20 іш тастаған саулық қой және 10 ауру қозы болып шықты, бұл 10 қозыға емдеу шаралары жүргізілді.

Серологиялық зерттеулер үшін қан сарысуын пробирканың 1/3 бөлігінде алынды. Сарысуын тұндыру үшін 0,5 сағат қараңғы жерде ұстадық.

Зағадат алу үшін саулық қойлардың түсіктері қолданылды. Стерильденген таза ыдысқа төлдің ұйқы безі, өкпе, бауыр, котиледон, шу бөліктері алынды. Бұл зағадат консервіленбеген түрде мұзы бар термоста кафедраға әкелінді.

Әкелінген патматериалдарды вирусологиялық жолмен өңдеп, тауық эмбрионын зақымдау үшін сұйықтық дайындадық. Сұйықтықпен 6-7 күндік тауық эмбриондарының сары уызын зақымдадық.

Ауру малдарды клиникалық зерттеулер кезінде көру, нұқу, аускультация, термометрия әдістері қолданылды. Ауру қозыларды емдеу тетрациклинмен жүргізілді. Препарат бұлшық етке, буын қуысына егілді.

Серологиялық зерттеулер кафедрада жүргізілді. Херсон биофабрикасы шығаратын хламидий антигенімен КҰБР ( комплементті ұзақ байланыстыру реакциясы) қойылды.



Микроскопиялық зерттеулер: Зағадаттан жұғынды даярланып, Стемп әдісімен боялды. Препаратты спиртовка жалынында ұстап бекіттік. Одан кейін ( 1:10 араластырған) карбол-фукцинге 15 минут салып қоямыз. Дистилденген сумен жуып 0.5%-тік күкірт қышқылының сулы ерітіндісінде 1 минут ұстап және сумен қайталап жуамыз. Содан кейін препаратты малахитты жасылмен ( дистилденген сумен 1:1000 араластырылған) 1 минут бояймыз. Иммерсиялы обиективпен қараймыз. Хламидиялардың элементарлы денешіктері қызылға, торша жасыл түске боялады.

3.2 “Алматы” ауыл шаруашылық өндірістік кооперавтивінің сипаттамасы

Алматы облысы Талғар ауданының «Алматы» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі ауданның оңтүстік шығысында орналасқан. «Алматы» ауыл ауыл шаруашылық өндіірстік кооперативі ауданының орталығы Талғардан 5 км, Алматы қаласынан 20 км қашықтықта орналасқан.



Алматы облысының климаттық ауданға бөлінуіне байланысты «Алматы» ауыл шаруашылық өндіірстік кооперативі шөл даланың аймаққа және оның орталық егіншілік аймақ тармағына жатқызылады. Осы аймақтағы климаттың негізгі ерекшелігі болып құрғақшылық және тез арадағы континентальдық болып табылады. Жазы ыстық, ұзақ, кейде ауаның температурасы 35-400С дейін жоғарылайды, қысы құрғақ, аязы-300С дейін төмендейді. Бір жылдағы жайылымдық кезеңінің ұзақтығы 210-245 күн. Жайылымдағы өсімдіктер әр түрлі.

Өндірістік кооперативтің жерді пайдалануы тұрақты және ұзақ уақыт пайдаланатын жерлерді қолдануға негізделген. Топырағының басымдау бөлігі шөлді, сұрғылт қоңыр түстес, құрамындағы гумусы аз. Көлемі кішірек жерді, егістікке жарамды жерлер қамтиды. Егер органикалық және минералдық тыңайтқыштар пайдаланылса, егіншілікпен айналысу тиімді болып саналар еді.

Өндірістік кооперативтің егіс егетін суармалы емес жерлері де бар, сондықтан егіннің, табиғи пішеннің және жайылымның түсімі көбінесе жауын-шашынның болуына және жылдық ауа-райы жағдайларына баланысты. Мал шаруашылығы 35-40 % дайын азықпен қамтамасыз етіледі, ал азыққа деген қалған қажеттілік жайылым есебінен болады.

Өндірістік кооперативіндегі қойдың саны 2007 жылдың басында 5602 басты, оның ішінде саулықтары 3700-ді құрайды. Қойлар қыста «Кербұлақ» қыстауында, жазда «Асы» жайлауында болады.

Ұрықтандыру кезеңінің басында өндіріс кооперативіндегі саулықтардың саны 3700 басты оның ішінде тұсақтары 1300-ді құрады. Бұдан басқа қой басының төмендеуіне кері әсерін туғызған жағдайлар: өлім-жітімге ұшырауы мен әлсіздерінің союға жіберілуі және көктемгі төлдеу кезеңдеріндегі саулықтар арасындағы түсік тастаулар болады, сол себептен 2007 жылы әрбір 100 саулықтан 84 қозы алынды.

«Алматы» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі бір қатар жылдардың аралығында қойдың қылаулық түсік тастауынан таза емес шаруашылық болып саналды. 2007 жылы қылаулық себептерден түсік тастаған 30 қой анықталды. Қылаудан түсік тастаулардың барлық жағдайлары аудандық ветеринариялық зертханада және кафедра зертханасында расталды.

Осыған байланысты қылаулық түсік тастаудың алдын алу мақсатында өндірістік кооперативтің саулықтарын әлсіретілген К-8 штамынан жасалған тірі вакцинамен ектік.
3.3 ӨЗІНДІК ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ ТАЛДАУЫ МЕН НӘТИЖЕЛЕРІ

«Алматы» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативінде хламидиозға 3 отар қой тексерілді. (аға шопандар: Ж.Алтаев, Қ. Талдыбаев, О. Усенбаев). Хламидиоздан таза емес жеке отарларда биылғы жылы қойдың хламидиоздан іш тастауы көктем ортасынан ауа байқала бастады. Бұл отарлардан конюктивит, полиартрит, жөтел сияқты клиникалық белгілері бойынша 10 қозы бөлініп алынды. Тыңдау және нұқу әдістерімен зерттегенде малдардан пневмония белгілері білінді. Ауру қозылардың өсу-даму қабілеті айтарлықтай төмендеген. Негізінен тұяқ, тұсамыс буындары зақымдалған. Қозылар ақсап, көп жата береді, қиналады, буындары ісінген, ауырсынады, жүріп-тұруы қиындайды. Кейбір ауру қозыларда конюктивит, көзден ағынды аққаны, қабағы ісінгені байқалады. Қозыларды клиникалық зерттеу нәтижелері 1 кестеде көрсетілген.


1 - кесте


ҚОЗЫЛАРДА ХЛАМИДИОЗ БІЛІНУІНІҢ КЛИНИКАЛЫҚ БЕЛГІЛЕРІ

Реттік


Нөмірі

БЕЛГІЛЕРІ




Пневмония


Артрит


Конюктивит


1


-

-

+

2

-

+

+

3

-

+

+

4

-

+

+

5

+

-

-

6

+

-

-

7

+

-

+

8

+

+

-

9

+

+

+

10

-

+

+

Тексеру нәтижелері бойынша бір қозыда бір мезгілде пневмония, конюктивит, артрит белгілері байқалды. Ал 4 қозыда ( № 2,3,4) конюктивит, артрит белгілері байқалды. Басқа ауру қозыларда пневмония, конъюнктивит немесе пневмония – артрит байқалды, ал пневмония белгілері тек екі ауру қозыда ( № 5-6) байқалды.

Қойлардың хламидиозды іш тастауының клиникалық белгілері :

2005 жылдың қаңтар, наурыз айларында байқалды. Түсіктер негізінен сақман науқанына 10-20 күн қалғанда басталды. Сонымен қатар, түсктер ошақты түрде жүрді. Аға шопан Ж.Алтаевтың отарларында өлі қозылар да туылды. Кейбір ауру малдарда қынаптан кілегейлі сұйық ақты, бұл кезде малдар тынышсызданып, біресе жатып, біресе тұрды. Қойлардың хламидиоз ауруының клиникалық белгілері серологиялық зерттеулермен дәлелденді. Ол үшін КҰБР- сы қолданылды.



КБР-н қою үшін келесі компоненттер қажет:

  • комплемент байланыстырушы арнайы топқа тән хламидилық антиген

  • бақылаушы антиген

  • құрамында арнайы топқа тән хламидилық антиденелері бар позитивтік қан сарысуы

  • негативтік (теріс) қан сарысуы

  • комплемент (теңіз шошқасының консервленген және лиофильді кептірілген қан сарысуы)

  • гемолизин (қошқардың эритроциттерімен иммунделген қоянның қан сарысуы)

  • қошқар эритроциті

  • тексерілетін қан сарысуы

  • физиологиялық ерітінді

Арнайы және бақылау антигендерін , позитивті және негативті қан сарысуларын биофабрикалар дайындайды .

КБР- да антигенді этикеткада көрсетілген жұмыс титрында қолданады. Позитивті қойдың қан сарысуын КБР-ң негізгі тәжірибесінде бақылау ретінде комплементті титрлеу үшін және КҰБР- да гемолитикалық системаны титрлеу үшін қолданады.

Негативті қан сарысуын КҰБР –да комплементті титрлеу , гемолитикалық системаны титрлеу үшін бақылау ретінде қолданады . КҰБР-да гемолизинді 3 есе титрда қолданады . Қошқардың эритроциттерін 2500-3000 айн/мин. 10-15 мин центрифугамен айналдырып , тұнық тұнба түзгенге дейін физиологиялық ерітіндімен шаяды. КҰБР-да 3 % тұнбадан алынған эритроциттердің суспензиясы қолданылады.

Жұмыс алдында эритроциттердің суспензиясын гемолитикалық қан сарысуымен бірдей көлемде араластырып , алынған гемолитикалық системаны термостатқа (37 º) 30 минутқа сенсибилизациялауға қояды. Жұмыс уақытында гемолитикалық системаны бөлме температурасында немесе тоңазытқышта 2-4 сағат сақтайды.

Серологиялық зерттеулер үшін зерттелетін қан сарысулары жаңа болу керек. Зерттеуге кейбір жағдайларда 1 рет мұздатылған, бор қышқылымен консервленген қан сарысуларын қолдануға болады.

Лай, өсіп кеткен немесе гемолизденген қансарысулары зерттеуге жарамайды. Компоненттерді сұйылту үшін пайдаланатын физиологиялық ерітіндіні даярлайды (0,85 % таза натрий хлоридінің дистилденген судағы ерітіндісі) және реакция қойылатын күні 5 миут қайнатады.


Комплементті ұзағынан байланыстыру реакциясын қою:

Реакцияның 1-ші фазасын тоңазытқышта 2-6 º С , 16-18 сағат1 өткізеді. 2- ші фазасын су моншасында 37-39 ºС-та 20 минут өткізеді. Гемолитикалық жүйені титрлеу үшін КҰБР – ға негізгі тәжірибедегі гемолитикалық жүйенің мөлшерін білу үшін оны 3-4 қан сарысуында титрлейді: позитивті , негативті және 1-2 тексерілетін қан сарысуында.

1:5 мөлшерінде сұйытылған инактивтелген қан сарысуларын (позитивті, негативті, тексерілетін) штативтегі екі қатар пробиркаларға 0,2 мл құяды. Бұдан кейін 1-ші қатардағы пробиркаларға 0,2 мл антиген, 2-ші қатарға 0,2мл физиологиялық ерітінді құяды. Барлық пробиркаларға 0,2 мл комплемент 1,2 құйып тоңазытқышқа 2-6 ºС -та 16-18 сағат қояды , келесі күні штативтерді тоңазытқыштан алып , 20-30 мин бөлме температурасында ұстайды.

Бұдан кейін позитивті, негативті және тексерілетін қан сарысулары бар бірінші пробиркаларға 0,1 мл-ден гемолитикалық система , ал екінші пробиркаларға 0,2 мл- ден , үшінші пробиркаларға 0,3 мл қосамыз, сөйтіп 1 мл-ге дейін жеткіземіз. Пробиркаларды араластырып, су моншасында 37-38 ºС 20 минут қойған соң гемолитикалық системаны анықтайды.


КҰБР- дың негізгі тәжірибесі.

Бірінші күні гемолитикалық жүйені титрлеу үшін қан сарысуын құяды, антигенді құяды. Бұдан кейін негізгі тәжірибенің барлық пробиркаларына 0,2 (1:25, 1:30) комплемент құяды, пробиркаларды араластырып , тоңазытқышқа 2-6 º С- да 16-18 сағатқа қояды . Келесі 1-ші фазадағы штативтерді тоңазытқыштан алып, 20-30 мин бөлме температурасында ұстағаннан кейін , барлық пробиркаларға гемолитикалық жүйені анықталған мөлшерде құяды. Штативтерді қозғап , су моншасына 37-38ºС –қа 20 минут қояды. Реакцияны қою 2- ші кестеде көрсетілген.

КҰБР- ның нәтижесін 2 рет тексерілді.

1-ші рет – су моншасынан кейін,

2-ші рет эритроциттердің пробирканың түбіне тұнбаға шөккеннен соң ( су моншасынан кейін 3-4 сағат өткеннен соң) немесе тоңазытқышқа (+2 -6) сақтағаннан кейін оқиды.

Эритроциттердің гемолизінің тежелуінің дәрежесі:

4 крест (+ + + +) - эритроциттердің гемолизі 0-40 % .

3 крест (+ + +) - эритроциттердің гемолизі 0-40 % .

2 крест (+ +) - эритроциттердің гемолизі 40-70 % .

1 крест (+) - эритроциттердің гемолизі 70-90 % .

минус (-) -эритроциттердің гемолизі 90-100 % .


2 – кесте КҰБР-сын қою үлгісі

Реакция компонент

Тері

Пробиркалардың №


Бақылаулар



1

2

3

4

Арнаулы антиген



Бқы

Бақлаушы антиген



Гемолитикалық жүйе

Қан сарысуын сұйылту дәрежесі

1:5

1:5

1:5

1:10



Комплемент-

Арлыққа қарсы



Гемолити-

калыққа қарсы



Комплемент-

арлыққа


қарсы

Гемолитикал-ыққа қарсы

Тексерілетін

қан сарысуы



0,2

0,2

0,2

0,2

-

-

-

-

-

Физиология

Лық ерітінді



0,2

-

-

-

-

0,2

-

0,2

0,6

Бақылаушы антиген

-

0,2

-

-

-

-

0,4

0,4

-

Арнаулы анти

Ген


-

-

0,2

0,2

0,4

0,4

-

-

-

Жұмыстық сұйылтудағы комплемент

(1:25, 1:30)




0,2

0,2

0,2

0,2

0,2

-

0,2

-

-

Тоңазытқышқа 2-6 С-та 16-18 сағ , содан кейін бөлме температурасында 20-30 мин.

Г емолити

Калық


Жүйе

0,6

0,6

0,6

0,6

0,6

0,6

0,6

0,6





жүктеу 237,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау