Қазақстан республикасы білім жəне ғылым



жүктеу 5,38 Mb.
бет107/241
Дата12.11.2023
өлшемі5,38 Mb.
#44224
түріОқулық
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   241
Бидайбеков-Е.Ы.-Информатиканы-оқыту-əдістемесі

Ақпаратты тарату үдерісі


Ақпаратты тасымалдау үдерісін сипаттаудағы кілттік ұғымдар: ақпарат көзі, ақпарат қабылдағыш, ақпараттық арна болып табы- лады. Бұл үдеріс схема түрінде 11.2-суретте бейнеленген.


Мұндай үдерісте ақпарат қандай да бір сигналдардың, символдардың, белгілердің тізбектілігі түрінде көрсетіледі жəне та- сымалданады. Мысалы, адамдар арасындағы əңгімелесу барысында дыбыстық сигналдарды – сөзді тасымалдау жүзеге асырылады, адам мəтінді оқуда əріптерді – графикалық символдарды қабылдайды. Ақпарат көзінен қабылдаушыға дейін хабарлама материалдық орта (дыбыс – атмосферадағы акустикалық толқындар, сурет – жарық электромагниттік толқындар) арқылы тасымалданады. Егер тасы-
малдау үдерісінде байланыстың техникалық құралдары пайдала- нылса, онда олар ақпаратты тасымалдаушы арналар (ақпараттық ар- налар) деп аталады. Оған телефон, радио, теледидар жатады.
Ақпаратты тасымалдау жылдамдығы – бірлік уақытта тасымал- данатын хабарламаның ақпараттық көлемі. Сондықтан ақпараттық ағымның жылдамдығын өлшеу бірлігі: бит/с, байт/с, жəне т.б.



11.2-сурет. Ақпаратты тасымалдау үдерісінің схемасы


Адамның сезім мүшелері биологиялық ақпараттық арналар рөлін атқарады деп айтуға болады. Олардың көмегімен адамның жадына дейін ақпараттық əсер ету жүзеге асырылады.
Информатиканың базалық курсын оқып-үйренуде оқушыларды байланыстың техникалық теориясының негізгі ұғымдарымен таны- стыру қажет. Американ ғалымы, ақпарат теориясының негізін салу- шы К. Шеннон 11.3-суретте көрсетілген байланыстың техникалық арналары арқылы ақпаратты тасымалдаудың схемасын ұсынған бо- латын.

ljáǸǩǹǩǻ dzåǰȎ


ljáǸǩǹǩǻǻȄ áǩǪȄǴǭǩǼȁȄ

ǞǩǪǩǹǴǩǵǩ ǞǩǪǩǹǴǩǵǩ




11.3-сурет. Ақпаратты тасымалдаудың техникалық жүйесінің схемасы

Үздіксіз электр байланысы түрінде жүзеге асырылатын тасымал


аналогтық байланыс деп аталады.
Кодтау арқылы ақпарат көзінен байланыс арнасы бойынша тасымалдауға арналған пішінге дейін жүретін ақпаратты кез кел- ген түрлендіру түсіндіріледі. Радиобайланыс ғасырында Морзе əліпппесінің коды қолданылды. Мəтін нүктелер жəне сызықша (қысқа жəне ұзын сигналдар) тізбектілігіне түрленеді жəне эфирге берілді. Мұндай тасымалдауды тыңдап қабылдаған адам бұл кодта
керісінше мəтінге қайта кодтай білуі тиіс болатын. Бұдан ертеректе Морзе əліппесі телеграфиялық байланыста қолданылды. Ақпаратты Морзе əліппесі бойынша тасымалдау – бұл дискретті байланыс мы- салы.
Қазіргі таңда сандық байланыс кеңінен қолданылады, мұнда та- сымалданатын ақпарат екілік пішінге кодталады (0 жəне 1 – екілік цифралар), содан соң мəтінге, суретке, дыбысқа қайта кодталады. Сандық байланыс та дискретті болып табылады.
«Шу» термині арқылы тасымалданушы ақпаратты өзгертетін, ақпараттың жоғалуына əкелетін, оны тасымалдау барысындағы əртүрлі кедергілер түсіндіріледі. Мұндай кедергілер техникалық себептерге: байланыс сызығының сапасының төмендігіне, бір жəне бірнеше арналар арқылы тасымалданатын əртүрлі ақпараттар ағымының бір-бірінен қорғалмағандығына байланысты туындайды. К. Шеннон шумен күрес жүргізу мақсатындағы кодтаудың ар- найы теориясын дайындаған. Бұл теорияның ең маңызды идеясының бірі байланыс сызығы арқылы тасымалданатын код көп болуынан тұрады. Осыған байланысты ақпараттың қандай да бір бөлігі тасы- малдау барысында қалпына келтіріледі. Мысалы, егер телефонмен сөйлесу барысында сіздің дыбысыңыз нашар естілсе, онда əрбір сөзді екі рет қайталау арқылы, əңгімелесуші сізді дұрыс түсінетіндігіне
мүмкіндік аласыз.
Бірақ кодтың үлкен болмауы тиіс. Бұл байланыстың кешігуіне жəне қымбаттауына əкеліп соғады. К. Шеннонның кодтау тео- риясы оңтайлы болып табылатын кодты алуға мүмкіндік береді. Мұнда тасымалданатын ақпараттың артықтылығы маңызды емес, қабылданған ақпараттың дұрыстығы маңызды.
Оқыту нəтижесінде оқушылар:

  • «ақпарат көзі», «ақпарат қабылдағыш», «ақпараттық арна,

«кодтау», ақпаратты тасымалдау жылдамдығының бірлігі ұғымдарын

жүктеу 5,38 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   241




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау