Қазақстан республикасы білім жəне ғылым



жүктеу 5,38 Mb.
бет110/241
Дата12.11.2023
өлшемі5,38 Mb.
#44224
түріОқулық
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   241
Бидайбеков-Е.Ы.-Информатиканы-оқыту-əдістемесі

Оқытудың технологиялық компоненті


І. Оқу ақпаратын құрылымдау.


    1. тапсырма. Мектеп оқулықтарында «ақпарат» ұғымының анықтамасын беруде қандай тəсілдер қарастырылған жəне ол мысалдар арқылы қалай көрнекіліктер көрсетілген? Нəтижелерді кестеде жалпылаңыз.

    2. тапсырма. Оқу əдебиеттерін талдау негізінде табиғаттағы, қоғамдағы жəне техникадағы ақпараттық үдерістердің жүру ерекшеліктерін келтіріңіз. Мысалдар келтіріңіз, бұл үдерістердің өзара байланысын көрнекі көрсетіңіз.

ІІ. Жағдаяттық есептер


  1. жағдаят. Информатика сабағы өтіп жатыр.

Дəулет («Қатты су ішкісі келіп тұр» деп ойлайды да): «Айнагүл Дəлелқызы, тысқа шығып келуге бола ма?», – деп сұранды.
Айнагүл Дəлелқызы: (Ол сабақты оқымағандықтан, сабақтың қалған 5 минутында оны сұрап үлгермеймін деп ойлайды да) «Дəулет тақтаға!» дейді.
Əрі қарай мұғалім оқушылардан ақпарат көзін, кодтау жəне қайта кодтау, байланыс арналары, ақпаратты қабылдағыш, кедергілер жəне кедергінің туындау себебін сұрады.
Сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Аталған жағдайда мұғалім қандай жалпы білімділік жəне тəрбиелік мақсаттарға қол жеткізгісі келіп тұр?

  2. Оқушылар рөліне өзіңізді қойып көріңіз жəне сабақта күтпеген қандай оқыс жағдайлар болуы мүмкін екендігін ойланыңыз, егер оқушының реакциясы адекватты болмаса. Қолайсыз жағдайларды қалай болғызбау қажет? Мұғалімнің дұрыс əрекетін негіздеңіз.

  1. жағдаят. Сабақта кейде қабілетті оқушының жалқау, енжар болуы, сондай-ақ көңілі бір нəрселерге алаңдап жəне мұғалімді естімейтін жағдайлары кей кездері кездеседі. Оның себептері əртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, бала көбінесе анализаторлардың біреуін (тыңдау, көру, сипап-сезу, кинестетикалық) қолдануы жəне қоршаған

ортамен жақсы жұмыс істейтін «байланыс арнасы» арқылы түсетін ақпаратты қабылдауы мүмкін. Сабаққа деген қызығушылықтың жоғалу себебі бір өзі жұмыс істеуі, немесе керісінше топпен, серіктеспен жұмыс істеуі болуы мүмкін.
Сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Оқушымен ақпаратты қайта өңдеу тəсілін есепке ала отырып, оқытудағы педагогикалық техниканы жүзеге асыратын жеке тапсыр- малар кешенін дайындаңыз.

  2. Бала өзіне маңызды нəрселер қайда болса, соны оқиды жəне оған қызықсыз формада берілген материалды жақсы меңгере алмай- ды. Бұл жағдайды жаңа материалды түсіндіруде қалай қолдануға бо- лады?




жүктеу 5,38 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   241




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау