білуі керек;
ақпаратты тасымалдау үдерісіне мысалдар келтіре білуді; бұл мысалдар үшін ақпарат көзін, ақпарат қабылдағышты, қолданылатын ақпаратты тасымалдаушы арналарды; ақпаратты көлемі жəне тасы- малдау уақыты бойынша тасымалдау жылдамдығын есептей білуді, сонымен қатар кері есептерді шеше білуді үйренуі керек;
ақпаратты тасымалдау үдерісінде ақпарат көзін, қабылда- ғышты жəне байланыс арнасын анықтау; ақпаратты тасымал-
дау жылдымдығын бағалауда алған білім жəне біліктіліктерін күнделікті өмірдегі тəжірибелік іс-əрекетінде пайдалана білуі керек.
Тақырыпты талқылауға берілетін сұрақтар
«Ақпарат» ұғымын анықтаудың күрделі мəселе болуының себебі неде? Ақпарат анықтамасын анықтауда қандай тəсілдер пай- даланылуы мүмкін?
Мектеп оқулықтарында ақпарат жəне ақпараттық үдерістер сызығының мазмұны қалай дамиды?
Оқушыларға декларативті жəне процедуралық білімдер арасындағы айырмашылықты қалай түсіндіру керек?
«Хабарламаның ақпараттылығы» ұғымын енгізудің əдістеме- лік мағынасын түсіндір?
Ақпарат анықтамасы мен өлшеміне мазмұндық тəсіл тұрғысынан шектелу неліктен? Бұл фактіні оқушыларға қандай мы- салдар арқылы түсіндіру мүмкін?
Оқушыларға ақпараттық техникада ақпаратты өлшеуге алфавиттік тəсіл қолданылатындығын қалай түсіндіру керек?
Ақпаратты өлшеу бірлігінің келесідей анықтамасын қабылдау қандай салдарға əкелуі мүмкін: «білімнің анықталмағандығын 10 ретке азайтатын хабарлама 1 бит деп аталатын ақпарат бірлігіне тең». Талқылаңыз.
Ақпарат ұғымының ықтималдылығын оқушыларға ашудың əдістемелік мəселесі неліктен? Оларды қалай жеңуге болады?
Зертханалық тəжірибе
Тақырып: «Ақпарат жəне ақпараттық үдерістер».
Информатика оқу пəні ретінде оқушыларға жүйелік оқып- үйрену үшін нақтылықтың маңызды аясын – тірі табиғатта, қоғамда, техникадағы ақпараттық үдерістер аясын ашып түсіндіреді. Олар- ды оқып-үйренуге қатысты бірыңғай ақпараттық тəсілді дамыта отырып, ақпаратты қабылдау, тасымалдау, түрлендіру үдерістерінің жалпылығын негіздей келе, информатика əлем жəне оның бірлігі туралы қазіргі ғылыми түсінікті қалыптастыруға маңызды үлес қосады.
Достарыңызбен бөлісу: |