Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі



жүктеу 1,02 Mb.
Pdf просмотр
бет19/32
Дата16.05.2018
өлшемі1,02 Mb.
#14138
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   32

47 

 

 



 Пəннің постреквизиттері 

«Стилистика»,  «Жалпы тіл білімі»,   «Қазақ əдеби тілінің тарихы»,  «Тарихи грамматика». 

 



48 

 

Негізгі бөлім 



«Қазақ тілін оқыту əдістемесі»   курсының 

мақсаты мен міндеттері 

       «Қазақ  тілін  оқыту  əдістемесі»  курсының  мақсаты  –    студенттерге  мектепте  қазақ 

тілін  оқытудың  əдіснамалық  негіздері  мен  əдістемелік  жүйесін,  тілді  меңгертудің 

практикалық  жолдарын  үйрету  арқылы  кəсіби  деңгейі  жоғары,  теориялық  білімі  терең,  

практикалық  дағдысы  жетілген,    ұлттық  ділі  қалыптасқан,  бəсекеге  қабілетті,  ғылыми 

жəне интеллектуалдық  əлеуеті жоғары филолог мұғалім даярлау. 

«Қазақ тілін оқыту əдістемесі» пəнінің  міндеттері

 



студенттерге қазақ тілін оқыту əдістемесінің əдіснамалық-теориялық негіздерін 

меңгерту; 

 

қазақ  тілін  оқыту  əдістемесінің  негізін  қалаған  ғалым-əдіскерлердің  еңбектері 



мен ой-тұжырымдарымен таныстыру; 

 



студенттерді  педагогика  жəне  əдістеме  ғылымындағы  жаңа  тенденциялармен, 

қағидалармен,  бағыттармен  таныстырып,  оны  оқыту  үдерісінде  тиімді 

қолданудың жолдарын үйрету; 

 



студенттерді  мектепте  оқытылатын  қазақ  тілі  пəнінің  мақсат-міндеттерімен 

жəне   білім мазмұнымен  таныстыру; 

 

мектепте қазақ тілін оқытудың əдістемелік жүйесімен таныстыру;  



 

оқу бағдарламалары жəне оқу-əдістемелік кешендермен таныстыру; 



 

қазақ тіл білімі салаларын мектепте оқытудың əдістемелік жолдарын меңгерту; 



 

пəн бойынша базалық-нормативтік құжаттар мен оқулықтарды, оқу-əдістемелік 



кешендерді талдап, тануға үйрету, оларды оқыту үдерісінде басшылыққа алып, 

пайдалану дағдыларын қалыптастыру; 

 

өз  бетінше  əлемдік  педагогика  ғылымындағы  жаңа  əдістемелерді  меңгеруге 



дағдыландыру; 

 



білім  берудің  жаңа  технологияларымен  таныстырып,  оны  оқу  үдерісінде 

пайдалануға үйрету; 

 

болашақ  мамандарды  қазақ  тілін  оқытудың  инновациялық,  итербелсенді 



əдістерін қолдануға үйрету (мектеп оқушыларының білім, білік, дағдылары мен 

білім  сапасын  бақылауды  меңгерту,  білім  нəтижелерін  сараптау  жəне  оны 

жетілдірудің жолдарын табуға баулу); 

 



өзінің кəсіби біліктілігі мен  құзіреттіліктерін үздіксіз дамытуға баулу.  

 

Қазақ тілін оқыту əдістемесі курсының мазмұны мынадай мəселелерді қамтиды



 

қазақ тілін оқыту əдістемесі – дербес ғылым саласы, оның нысаны, пəні 





 

 қазақ тілін оқытудың əдіснамалық негіздері;  





 

қазақ тілін оқыту əдістемесінің қалыптасу жəне даму жолдары; 





 

қазақ  тілін  оқыту  əдістемесінің  жаңа  тенденциялары,  қағидалары,  басым 



бағыттары; 



 



мектепте  қазақ  тілін  ана  тілі  ретінде  оқытудың  мақсаты,  танымдық  жəне 

практикалық міндеттері; 



 

қазақ тілін оқытудың əдістемелік жүйесі; 





 

қазақ  тілі  бағдарламалары,  оқулықтары  жəне  оқу-əдістемелік  кешендердің 



мазмұндық-құрылымдық жүйесі; 



 



сабақ жоспарының түрлері жəне оның құрылымы, мазмұны;  



 



қазақ тілін оқытуды кешенді ұйымдастырудың жолдары; 



 



қазақ  тілін  жалпы  білім  беретін  орта  мектеп,  гимназия,  лицей,    тереңдетілген 

мектептерде оқытудың ерекшеліктері мен өзара сабақтастығы; 



 

қазақ  тіл  білімі  салаларын  оқытудың  əдістемелік  жүйесі  (фонетика,  лексикология, 



сөзжасам,  морфология,  синтаксис,  стилистика,  мəтін,  сөз  мəдениеті,  шешендік 


49 

 

өнер); 





 

қазақ тілін оқыту барысында оқушылардың интеллектуалдық əлеуеті мен қабілетін 



дамытудың заңдылықтары мен талаптары; 



 



қазақ тілін оқыту барысында пəнішілік, пəнаралық, интеграциялық байланыстарды 

жүзеге  асырудың  əдіс-тəсілдері,  сол  арқылы  оқушылардың  логикалық  ойлауын, 

дүниетанымын жетілдіру жолдары; 



 



қазақ тілін оқыту барысында сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргізу 

əдістемесі. 

       Қазақ  тілін  оқыту  əдістемесі  дəріс,  семинар-тренингтер,    практикалық    сабақтар, 

студенттердің  жобаларды  орындау  арқылы  жəне  арнаулы  семинар  сабақтарды 

ұйымдастыру  барысында  меңгертіледі.  Сонымен  бірге  студенттердің  СӨЖ/СОӨЖ, 

бақылау  жұмыстары,    дипломдық  жұмыс  жазуы  арқылы  əдістемелік  білімін  жетілдіру 

көзделеді. 

Педагогикалық  практика  барысында  мектептермен  тығыз  байланыс  жасай  отырып, 

студенттер пəн мұғалімдерінің сабақтарына қатысады,  соның негізінде əдістемеден алған 

теориялық  білімі  практикамен  сабақтастыра  меңгереді.    Студенттерге  қазақ  тілін  жəне 

басқа  тілдерді  оқыту  бойынша  оқу-құралдар  мен  əдістемелік  əдебиеттер  картотекасын 

түзу    жəне  т.б.  жұмыстар  тапсырылады  жəне  оқытушы  тарапынан  қадағаланып, 

бағаланады. 

 Дəрісте  қазақ  тілін  оқытудың  əдіснамалық  негізі,  ғылыми-теориялық  мəселелері, 

тарихы мен дамуының жаңа тенденциялары, басым бағыттары жəне т.б.  қарастырылады. 



Семинар  сабақтарында  қазақ  тілін  оқытудың  əдістері,  сабақтың  түрлері  мен  формалары 

үйретіледі,  нақты  əдістемелер  мен  оқытудың  инновациялық  технологиялары  талданады. 

Əдіскерлер  мен  мектеп  мұғалімдерінің  озық  тəжірибелерімен  танысады,  оларға    талдау 

жасалады,  студенттер  өзіндік  көзқарасын  білдіруге  дағдыландырылады.  Оқу-əдістемелік 

əдебиеттермен  жұмыс  жасауға  төселдіріледі,  қазақ  тілі  сабақтарының  мазмұндық-

құрылымдық жүйесі танытылады. 

       Студенттер  қазақ  тілін  оқыту  əдістемесінің  əдіснамалық,  теориялық,  дидактикалық 

мəселелерін  меңгеріп  жəне  озық  тəжірибелерді  үйрену  барысында  болашақ  кəсібіне  

қажетті  білім-біліктерді  игереді,  кəсіби  дағдылары  қалыптасады.  Қазақ  тілі  мұғаліміне 

керекті негізгі  кəсіби біліктерге мыналар жатады: 



 

мектептің əр сатысындағы (бастауыш, негізгі жəне бейіндік) қазақ тілін оқытудың 



мақсат-міндеттерін  түсінуі  жəне  олардың  ортақ  талаптары  мен  ерекшеліктерін 

ажырата алуы; 



 

əрбір  сынып  оқушыларының  жас  жəне  психологиялық  ерекшеліктерін  баланың 



тұлғалық қабілеттерімен байланыстыра білуі; 



 



əр  сабақтың  білімдік,  тəрбиелік,  дамытушылық  мақсаттарын  белгілеп,  оларды 

толыққанды жүзеге асыру жолдарын меңгеруі; 



 

сабақты тиімді жоспарлай алуы; 





 

оқушының  білім,  білік,  дағдысын  тексеру  құралдары  мен  өлшемдерін  сауатты 



қолдана алуы; 



 



оқу-танымдық  үрдістің  заңдылықтарын  негізге  ала  отырып,  оқушының  танымын 

кеңейтетін,  логикалық  ойлауын,  тілін  дамытатын  əдістер  мен  тəсілдер  жүйесін 

дамытатын инновациялық технологияларды ұтымды қолдануы; 



 



қазақ тілінің құндылықтық бағдарына басымдылық бере отырып оқытуды жүзеге 

асыра алуы; 



 

қазақ  тілі  туралы  оқушының  лингвистикалық  дүниетанымын  қалыптастырудың 



жолдарын, амал-тəсілдерін қолдана алуы; 



 



оқушының қазақ тілін оқу мотивтерін анықтап, оларды дамыта алуы; 



 



сабақты интеграциялық тұрғыдан жүзеге асыруы; 



 



қазақ тілі кабинетін заман талабына сай жабдықтауы;  



 



сабақ сапасын арттырудың жолдары таба алуы; 


жүктеу 1,02 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   32




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау