Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі



жүктеу 1,02 Mb.
Pdf просмотр
бет22/32
Дата16.05.2018
өлшемі1,02 Mb.
#14138
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   32

54 

 

 

Функционалдық  сауаттылықты  қалыптастыру.  Функционалдық  сауаттылықтың  

нəтижеге  бағдарланған  оқыту  жүйесінде  əрі  құзіреттілік,  əрі  түпкілікті  нəтиже  болып 

саналатыны.  Білім,  білік,  дағдылардың  бірлігі.  Білімнің  өмірмен  байланысы.  Тұлғаның 

дүниетанымын 

қалыптастыру 

мен 


практикалық 

дағдыларды 

меңгеруімен 

байланыстылығы. Тілдің интеллектуалдық əлеуетті жетілдірудің құралы екендігі. Тіл мен 

танымның, тіл мен мəдениеттің, тіл мен əдебиеттің байланысын функционалдық тұрғыдан 

меңгертудің мəні. Тілдің прагматикалық, кумулятивтік қызметі жəне т.б қызметтері. 



 

Қазақ тілінің лексикологиясын оқыту əдістемесі 

 

Қазақ  тілінің  лексикасы  мен  фразеологиясын  оқытудың  мақсаты  мен  міндеттері. 

Берілетін  білім  мазмұнының  көлемі  мен  мөлшері.  Қазақ        тілінің      лексикологиясы    – 

қазақ   тілінің   сөздік    құрамын  (лексикасын)  тексеретін        ғылым.  Сөз жəне оның 

түрлі  мағыналарын  талдай  білу  дағдылары.  Лексикалық  ұғымдар  жəне  оларды 

меңгертуде қолданылатын əдіс-тəсілдер. Оқушы тілінде байқалатын лексикалық қателер 

жəне 

оларды 


болдырмау 

жолдары. 

Лексика-фразеологиялық 

жаттығулардың 

типологиясы. Лексика сабақтарында мəтінді талдау. Лексикалық бірліктердің мəтін жасау 

рөлімен таныстыру.  

       Лексикалық норма. Оқушылардың түсіндірме, фразеологиялық, синонимдік жəне т.б. 

сөздіктермен  жұмыс  істеу  қабілетін  қалыптастыру.  Лексиканы  оқытуда  көрнекілік  пен 

сөздіктерді қолдану жолдары. Лексиканы меңгерту барысында оқушыда қалыптастырулы 

тиіс білік-дағдылар. 

Фразеологияны  меңгерту  барысында  ұлттық  дүниетаным  ерекшеліктерін  таныту. 

Фразеологияны оқытуда көрнекі құралдар, қосымша əдебиеттерді пайдалану жолдары. 



 

Қазақ тілінің фонетикасын оқыту 

əдістемесі 

 

Фонетика  –  тіл  білімінің  дыбыстық  жүйесін  зерттейтін  саласы.  Қазақ  тілінің  

дыбыстық  жүйесін  меңгертудің  жолы.  Мектепте  фонетиканы  оқытудың  мақсаты  мен 

міндеттері. Фонетикадан берілетін білім мазмұны мен меңгерілетін ұғымдардың жүйесі. 

Мектепте  фонетиканы  оқыту  мəселесі.  Фонетиканы  оқыту  ұстанымдары    мен  əдіс-

тəсілдері.  Фонетикалық  талдау.  Фонетикалық  жаттығу  жəне  оның  негізгі  түрлері. 

Фонетиканы  оқытумен  байланысты  орфоэпиялық  жəне  орфографиялық  дағдылардың 

қалыптастырылуы.  Оқушылардың  орфоэпиялық  жəне  орфографиялық  сөздікпен  жұмыс 

жасау дағдыларын қалыптастыру. Фонетикалық диктанттар. 

 

Сөзжасамды оқыту əдістемесі 

 

Мектепте  сөзжасамды  оқытудың  маңызы,  мазмұны,  міндеттері  мен  ұстанымдары. 

Сөзжасам 

– 

жаңа 



сөз 

жасаушы 


морфемаларды 

зерттеуші 

ғылым 

саласы.             



Сөзжасамды  сөз  таптарымен,  орфографиямен,  тіл  мəдениетімен  жəне  стилистикамен 

байланыстыра  оқыту.  Жаттығулар  жүйесі.  Сөзжасамдық  норма.  Сөздерді  сөзжасамдық 

жəне  морфемдік  талдаудың  əдістемесі.  Сөзжасамды  оқытуда  көрнекі  құралдар  мен 

техникалық құралдарды, сөздіктерді пайдалану. 



 

Грамматиканы

 (морфология, синтаксис) оқыту əдістемесі 

Мектепте  грамматиканы  оқытудың  мақсаты  мен  міндеттері.  Мектепте  оқылатын 

грамматикалық  ұғымдар,    оларды  меңгерту  əдістері.  Грамматикадан  берілетін 

эмпирикалық  жəне  теориялық  білім  мазмұны  мен  көлемін  анықтау.  Грамматикалық 

дағды, оның түрлері.  Грамматикалық қатемен жұмыс жасау əдістемесі.  



55 

 

       Грамматикалық  талдау  əдістемесінің  теориялық  негіздері.  Талдаудың  түрлері. 



Грамматикалық терминдер.  

 

Морфологияны



 оқыту əдістемесі 

Морфологияны  оқытудың  мақсат,  міндеттері  мен  жалпы  əдістемелік  ұстанымдары. 

Морфология    –    сөз    жəне    оның    грамматикалық  көрсеткіштері  туралы  ілім.  Орта 

мектепте морфология курсынан берілетін білім мазмұны жəне қалыптасатын қабілет пен 

дағды. 

Морфологияны 



оқытудың 

жеке 


əдістемелік 

ұстанымдары: 

лексика-

грамматикалық, парадигматикалық, морфология-синтаксистік.  

Мектепте  морфологияны  оқытудың  ғылыми-практикалық  маңызы.  Морфологияның 

оқушылардың логикалық ойлауын дамытудағы рөлі.  Морфологияны теориялық деңгейде 

оқытудың практикалық іскерлікті дамытудағы маңызы. 

      Негізгі  морфологиялық  ұғымдар.  Сөз  таптары  ұғымының  ішкі  мазмұнын  танытудың 

жолдары.  Атауыштық  сөздер  мен  көмекші  сөздерді  оқытудың  өзіндік  ерекшеліктері. 

Морфологияны  оқытуды  синтаксистік  негізде  жүргізудің  маңызы.  Морфологиялық 

талдау,  оны  жүргізу  əдістемесі.  Грамматикалық  қателер,  оны  болдырмаудың  жолдары. 

Морфологиялық  жаттығулар,  оларды  қолдану  жолдары.  Морфологияны  оқытудағы 

көрнекілік пен қосымша оқу құралдар жүйесін пайдалану əдістемесі. 

 

Синтаксисті



 оқыту əдістемесі 

Синтаксис  –  грамматиканың  бір  бөлігі.    Сөз  тіркесі  жəне  сөйлем  синтаксисінен 

берілетін  білім  мазмұны.  Сөйлемнің  түрлерін  оқытудың  жолдары.  Мəтін  синтаксисі, 

мəтінмен  жұмыстың  түрлері.  Қатысымдық  синтаксис  мəселесі,  оның  оқушы  тілін 

дамытудағы рөлі. 

Мектепте  оқылатын  синтаксистік  ұғымдар  жəне  оны  меңгерту  əдістемесі. 

Синтаксистік  байланыстар  мен  қатынастардың  оқушының  сөйлеу  мəдениетін 

дамытудағы  маңызы.  Синтаксистік  жəне    лексикалық  тіркесімдік  ұғымы.  Синтаксис 

бойынша оқушыда қалыптасуы тиіс білік-дағдылар мен іскерліктер. Синтаксистік талдау 

жəне оны жүргізу тəсілі. Синтаксистің тілдің басқа салаларымен тығыз байланыстылығы 

жəне оқушыларға осы мəселені ұғындыру жолдары. 

Сөз тіркесі –  сөйлем құрау материалы. Сөз тіркесін меңгертудің ұстанымдары мен 

əдіс-тəсілдері.  Сөз  тіркесінің  байланысу  тəсілдері  мен    түрлерінің  тіл  дамытудағы  рөлі. 

Сөз тіркесін сөз таптарының тіркесімділік қабілеті арқылы жасалатын синтаксистік бірлік 

ретінде  таныту,  сөз  тіркесін  өзіне  ұқсас  тұлғалармен  салыстыра  беру,  олардың 

ұқсастықтары мен айырмашылықтарын меңгерту. Сөз тіркесіне байланысты жаттығулар 

жəне  оның  түрлері.  Сөз  тіркесін  оқытудағы  көрнекіліктер  мен  қосымша  оқу-əдістемелік 

құралдар. 

Жай

  сөйлемді  оқыту  əдістемесі.  Мектепте  жай  сөйлем  синтаксисінен  берілетін 

білім  мазмұны.  Оның  ұстанымдары  мен  əдіс-тəсілдері.  Жай  сөйлемнің  құрылымдық-

мағыналық  жүйесі  жəне  оны  меңгерту  əдістемесі.  Жалаң  жəне  жайылма  сөйлемді 

проблемалық  əдіспен  меңгерту  əдістемесі.  Жақты  жəне  жақсыз  сөйлемдерді  оқыту  жəне 

олардың  стильдік  қызметіне  назар  аудару.  Толымды  жəне  толымсыз  жай  сөйлемдерді 

оқыту  жəне  оларды  қатысым  синтаксисі  тұрғысынан  меңгерту  əдістемесі.  Атаулы 

сөйлемді  оқыту  жəне  оны  логикамен  байланыстыру  жолдары.  Жай  сөйлемді  сатылай 

кешенді талдау əдістемесі.  

А.Байтұрсынұлы ұсынған терминдерді мағыналық жағынан талдау. Сөйлемнің 

тұрлаулы жəн тұрлаусыз мүшелері.  Сөйлем мүшелерінің орын тəртібінің мағыналық 

қызметін талдау əдістемесі. 



жүктеу 1,02 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   32




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау