Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі



жүктеу 1,02 Mb.
Pdf просмотр
бет18/32
Дата16.05.2018
өлшемі1,02 Mb.
#14138
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   32

45 

 

Түсінік хат 

 

       Тіл – адамзатқа берілген ерекше қабілет.   Тілді жетік білу мен дұрыс қолдану арқылы 



адам  өз  болмысын,  ой-санасын  жетілдіреді,  іс-əрекетін  дұрыс  ұйымдастырады,  пікір-

көзқарасын  білдіреді.  Тілді  игеру  үшін  оның  ережелері  мен  заңдылықтарын,  ойды 

жеткізудің  амал-тəсілдерін  игереді.  Тілді  меңгеру  білім  мен  тəжірибені,  қабілет  пен 

дағдыны  қажет  етеді.  Мұндай  білім  мен  тəжірибе  білім  беру  ұйымдарында  арнайы 

оқытылатын тіл пəндері арқылы меңгертіліп, оқу жүйесінің сапасын арттырады, болашақ 

кəсіби мамандардың кəсіби шеберлігін қалыптастырады.  

«Қазақ  тілін  оқыту  əдістемесі»  пəні    –  жоғары  оқу  орындарының  филология 

факультетінде  оқытылатын  міндетті  пəндердің  бірі.  Ол  «Қазақ  тілі  мен  əдебиеті» 

мамандығы  бойынша  оқитын  болашақ  қазақ  тілі  пəні  мұғалімін  даярлауға  бағытталған 

негізгі  пəн  болып  есептеледі.  «Қазақ  тілін  оқыту  əдістемесі»  қазіргі  лингвистика, 

педагогика,  психология  жəне  əдістеме  ғылымдарының  жетістіктеріне  сүйене  отырып, 

болашақ  маманды    тілді  меңгертудің  əдіснамалық,  ғылыми-теориялық  негіздерімен 

таныстырады, қазақ тілін оқытудың əдістемелік жолдарын үйретеді.  

«Қазақ тілін оқыту əдістемесі» – тарихы терең, ғылыми-теориялық тұжырымдары мен 

заңдылықтары  қалыптасқан,  əдіснамалық    негізі  белгіленген,  өзіндік  ұстанымдары  мен 

ережелері  қалыптасқан,  жас  ұрпаққа  тілді  игертудің  дəстүрлі  əдістері  мен  жаңа 

технологияның түрлерін зерттеп-зерделейтін ғылым. Бұл ғылымның əдіснамалық  базасы 

барлық  қоғамдық  ілім  негіздеріне  сүйене  келіп,  лингвистика,  психология,  педагогика, 

əлеуметтану,  философия сияқты ғылым салаларын тоғыстырады. 

       «Қазақ  тілін  оқыту  əдістемесі»  қолданбалы  ғылым  ретінде  пəнді  оқытудың  мақсат-

міндеттерін,  оны  жүзеге  асырудың  нормативтік-базалық  негіздерін  айқындай  отырып, 

болашақ  мамандардың  кəсіби  біліктілігін  қалыптастыруды  көздейді.    Бұл  жүйе  бойынша 

студенттер қазақ тіліне арналған білім стандарттары, оқу бағдарламалары, оқулықтар мен 

оқу  құралдары  жəне  оқу-əдістемелік  құралдармен  танысып,  өздерінің  болашақ 

мамандығына қатысты білім алады. 

       «Қазақ  тілін  оқыту  əдістемесін»  оқу  арқылы  болашақ  мамандар  пəнді  оқытудың 

дидактикалық-технологиялық негіздерін меңгереді.  Бұл бағыттағы білім қоры қазақ тілін 

оқытудың  əдістері  мен  тəсілдері,  жаттығулар  жүйесі,  дидактикалық  материалдар  мен 

құралдар  мен  жаттығу-  тапсырмаларды  жəне  т.б.  пайдалануға  арналған  əдістеменің 

өзіндік ерекшеліктеріне сəйкес ұсынылады. 

       Студенттер «Қазақ тілін оқыту əдістемесі» пəнінен игерген білім-біліктеріне сүйеніп, 

өзіндік  ізденіс  пен  шығармашылық  жұмыстарды  орындауға  төселеді.  Бұл  отандық  жəне 

шетелдік  озық  тəжірибелерді  талдату,  салыстыру,  бағалау,      эксперимент  арқылы  өз 

мүмкіндігін,  кəсіби  шеберлігін  арттыру  бағытындағы  жұмыстарды  сауатты  орындау 

нəтижесінде қалыптастырылады.   

 

       Студенттер  «Қазақ  тілін  оқыту  əдістемесі»  курсын  оқып  меңгеру  барысында 



оқушыларды тілдік фактілерді түрлі қырынан танып-білуге дағдыландыратын əдістер мен 

тəсілдер  жүйесін  меңгереді.  Студент  осы  пəннің  негізінде    тіл  бірліктерінің  жүйелік-

құрылымдық,  семантикалық,  формалық,  функционалдық  қырларын  кешенді  түрде 

талдаудың жəне оны оқушыға меңгертудің жолдарын үйренеді.  

Студенттер  кредиттік  оқу  жүйесінің  талаптарына  сəйкес  педагогика,  психология, 

физиология,  жəне  т.б.  қазақ  тілінің  теориясы  курстарынан  алған  білімдерін  тоғыстыра 

отырып, практикалық шеберліктерін өздігінен жетілдіруге үйренеді.  

 

Пəннің тақырыптық жоспары 

1.

 

Қазақ тілін оқыту əдістемесі – жеке ғылым саласы: əдіснамалық негіздері 



2.

 

Қазақ  тілін  оқытудың  жаңа  тенденциялары,  парадигмалары,  қағидалары  мен 



бағыттары  


46 

 

3.



 

Қазақ тілін оқытуға арналған базалық-нормативтік құжаттар 

4.

 

«Қазақ тілі» пəнінің оқу-əдістемелік кешені 



5.

 

«Қазақ тілі» пəнін оқытудың түпкі нəтижелері – құзіреттіліктер 



6.

 

Қазақ тілін оқытудың инновациялық технологиялары 



7.

 

Қазақ тілін оқытудың формалары, интерактивтік əдістері  



8.

 

«Қазақ тілі» пəнін функционалдық сауаттылық тұрғысынан меңгерту талаптары  



9.

 

Қазақ тілінің лексикологиясын оқыту əдістемесі  



10.

 

Қазақ тілінің фонетикасын оқыту əдістемесі 



11.

 

Сөзжасамды оқыту əдістемесі 



12.

 

 Грамматиканы (морфология, синтаксис) оқыту əдістемесі 



13.

 

Стилистика мен мəтінді оқыту əдістемесі 



14.

 

 Орфографияны оқыту əдістемесі 



15.

 

 Пунктуацияны меңгерту əдістемесі 



16.

 

Сөз мəдениетін оқыту əдістемесі 



17.

 

Шешендік өнерді оқыту əдістемесі 



 

«Қазақ тілін оқыту əдістемесі» пəні бойынша күтілетін құзіреттіліктер   

    Болашақ филолог-мамандар осы курсты аяқтағанда мынадай құзіреттіліктерді меңгеріп 

шығуы тиіс:    

       тілдік  құзіреттілік  –  сөйлесім  біліктіліктері  (сөйлесім  əрекетінің  түрлері)  мен  тілдік 

білімдердің бірлігі жəне оларды қолдана алуы; 



       кəсіби құзіреттілік – «Қазақ тілі» пəнінің терминдері мен ұғымдарын терең меңгеруі, 

психологиялық  жəне  педагогикалық  қағидаларды  ұстануы,  оқытудағы  дəстүрлі  жəне 

инновациялық технологияларды  меңгере алуы, қазақ тілін оқытудың ерекшелігін түсінуі, 

кəсіби этикетті меңгеруі; 



       проблемалардың  шешімін  табу  құзіреттілігі  –  кəсіби  жəне  өмір  жағдаяттарында 

кездесетін  проблемаларды  шешуде  тілдік-қатысымдық  дағдыларды  өз  мақсатына  қарай 

орынды қолдана алуы;   

       ақпараттық  құзіреттілік  –  қатысымдық  жəне  танымдық  мақсатқа  байланысты 

қажетті ақпаратты табу, талдау, өңдеу,  сақтау, оның мазмұнын жеткізу, ақпаратты өзінің 

қажетіне қарай пайдалануы жəне жаңа ақпараттық, педагогикалық технологияларды игере 

алуы;   


        қатысымдық  құзіреттілік  –  əлеуметтік-қоғамдық  ортада  сөз  мəдениетінің 

талаптарына  сай  ауызша  жəне  жазбаша  қатысымға  түсу,  қатысымдық  міндеттерді  шеше 

алуы,  тілдік  құралдарды  дискурс  пен  пікір  білдіруде  шығармашылықпен  қолдану,  өзінің 

көзқарасын  жүйелі  білдіре  алу  жəне  пікірлесушінің  көзқарасын  тыңдап,  түсіне  алу 

біліктілігі; 

танымдық  құзіреттілік  –  өз      бетінше      жаңа      білімді  игеруі,  білім  деңгейін, 

педагогикалық  шеберлігін  үнемі  жетілдіруі,    жағдаятты  түсінуі,  өз  қабілеті  мен  білімін 

бағалауы,  өзіне  қажетті  білімді  екшелеп,  сұрыптап  ала  білуі,  оны  қолданудың  жолын 

меңгеруі,  өздігінен  ізденіс  жасай  алуы,  білімді  қажетті  жағдайда  қолдануы,  жеке, 

қоғамдық, кəсіби-танымдық қызметін ұйымдастыра алуы; 

       əлеуметтік-тұлғалық  құзіреттілік – өз интеллектуалдық əлеуетін жетілдіріп, кəсіби 

деңгейін  үйлесімде  таныта  алуы,  өзгермелі  дүние  жағдайына  бейімделе  білуі,  өмір  бойы 

білім алу парадигмасына сай өз білімін үздіксіз жетілдіруі, көпшілік алдында сөйлеу мен 

пікірталас  мəдениетін  жетік  меңгеруі,  қоғамдық  қарым-қатынаста  өзіндік  көзқарасын 

айтуы, өзіндік позициясын ұстануы,  əртүрлі деңгейдегі пікірталастарда өз пікірін қорғай 

алуы. 

 

Пəннің пререквизиттері  

«Нормативті  қазақ  тілі»,  «Қазіргі  қазақ  тілі»,  «Тіл  біліміне  кіріспе»,  «Тілдік  қатынас 

негіздері», «Кəсіби қазақ тілі». 



жүктеу 1,02 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   32




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау