52
ақ оқыту жылдары бойынша бөлінген тақырыптарды анықтайтын базалық-нормативтік
құжат.
Қазақ тілі бағдарламасы. Бағдарлама – мемлекеттік құжат. Бағдарламаның
линиялық жəне концентрлік түрлері, олардың өзара айырмашылықтары.
Сабақ барысындағы жоспардың түрлері жəне оның маңызы. Орта мерзімді жəне
қысқа мерзімді жоспарлар. Орта мерзімді жоспардың SMART мақсатқа негізделуі.
Негізгі пəндік құзіреттіліктер, ресурстар мен оқытудың əдіс-тəсілдері мен формаларының
айқындалуы. Бағалау критерийлерін қамтуы. Қысқа мерзімді жоспар, оның өзіндік
ерекшелігі. Əр сабақтың білімділік, дамытушылық, тəрбиелік мақсаттарын, бағалау
критерийлерін, негізгі түсініктер, қолданылатын материалдар, əдістер мен дерек көздерді
қамтуы.
Қазақ тілі бойынша жұмыстарды жоспарлау. Оқу материалын жоспарлаудың
мақсаты мен міндеттері. Қазақ тілі мұғалімінің күнтізбелік, тақырыптық-күнтізбелік жəне
сабақ жоспарлары.
«Қазақ тілі» пəнінің оқу-əдістемелік кешені
Қазақ тілі пəніне арналған оқу-əдістемелік кешен: бағдарлама, оқулық, мұғалімге
арналған əдістемелік нұсқау, оқу кітабы, жаттығу, диктант пен мазмұндамалар жинағы,
сынақ, емтихан сұрақтары, тест тапсырмалары, оқушыларға арналған хрестоматиялар,
сөздік жəне дидактикалық материалдар, тірек-сызбалар жəне т.б.
Қазақ тілі оқулығы. Оқулықтың негізгі атқаратын қызметі: ақпараттық,
трансформациялық, жүйелілік, тəрбиелік. Оқулықтың жасалу теориясы, оқулықтың
жүйелік-құрылымдық сипаты. Қазақ тілі оқулықтарының даму жолы жəне олардағы
теориялық жəне практикалық материалдардың берілуі. Жаңа буын оқулықтарының
ерекшеліктері. Теориялық материалдардың берілу логикасы. Оқулықтың ғылыми жəне
əдістемелік деңгейлерінің үйлесімділігі. Бағдарлама мен оқулықтың сəйкес болуы.
Қазіргі кезеңдегі электрондық оқулық, оның өзіндік ерекшеліктері. Жаттығулардың
түрлері, оларды оқулықтарда орналастыру жүйесі.
«Қазақ тілі» пəнін оқытудың түпкі нəтижелері – құзіреттіліктер
Құзіреттілік түрлері: тілдік құзіреттілік, кəсіби, проблемалардың шешімін табу
құзіреттілігі, ақпараттық құзіреттілік, қатысымдық құзіреттілік, танымдық құзіреттілік,
əлеуметтік-тұлғалық құзіреттілік.
Пəн бойынша меңгерілетін құзыреттіліктер, олардың өзіндік ерекшеліктері. Тілдік
құзіреттілік, оның тілдік қарым-қатынас барысында жағымды жағдаят қалыптастыру;
қарым-қатынас үдерісін психологиялық басқаруды жүзеге асырудағы рөлі. Кəсіби
құзіреттілік, болашақ маманның кəсіби қызметін жоғары деңгейде атқаруына қажетті
дағдыларды иегеруі. Қазақ тілі оқыту əдістемесінің қазіргі жағдайы, басқа ғылым
салаларымен интеграциялануы, оның даму болашағы мен оқытудың əдістемелік негіздері
туралы түсінігі. Проблемалық құзіреттілік, алға қойған мəселелерді шеше алу қабілеті.
Ақпараттық
құзіреттілік,
ақпараттық
технологиялармен
жұмыс
істеу
қабілеті.
Қатысымдық құзіреттілік, студенттің сөйлеу кезінде өзіне қажетті бағдарламаларды
таңдап алуы мен іске асыру қабілеттілігі. Танымдық құзіреттілік, оның білімдер
жүйесінің бірлігінен тұратындығы.
Əлеуметтік-тұлғалық құзіреттілік, болашақ маманның
сынға жəне өзін өзі сынауға қабілетті болуы, өзін өзі жетілдіруі, өзінің білімін көтеруі,
өзінің жеке мүмкіншіліктерін зерттеу, ішкі ресурстарын дамытуы жəне т.б.
Қазақ тілін оқытудың инновациялық технологиялары
53
Педагогикадағы оқыту технологиясы мен білім сапасының өзара сабақтастығы.
Қазіргі уақыттағы əдістеме ғылымындағы жаңалықтар. Оқыту технологиясының білім
берудің тиімді жолдарын зерттейтін ғылым екендігі.
Білім берудің инновациялық технологиялары туралы түсінік. Білім беру
технологиясы туралы зерттеулер мен анықтамалар. Білім беру технологияларын əдіскер-
ғалымдардың жіктеуі. Білім беру технологиясының жіктелуі: тұлғалық-бағдарлы білім
беру технологиялары; дамыта оқыту технологиялары; ұжымдық өзара оқыту
технологиялары; проблемалық оқыту. Блум токсономиясы. Ш.А.Амонашвилидің
тұлғалық-ізгілендіру
технологиясы.
Дальтон
технологиясы.
Ф.Ш.Оразбаеваның
қатысымдық тұрғыдан оқыту технологиясы. В.Ф.Шаталовтың оқу материалдарының белгі
жəне сызба үлгілері негізінде қарқынды оқыту технологиясы. В.М.Монаховтың
педагогикалық технологиясы. В.К.Дъяченконың ұжымдық оқыту технологиясы.
Интерактивтік оқыту технологиясы бойынша орындалатын жұмыстар туралы түсінік.
Дебат технологиясы. Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы. М.М.Жанпейісова,
модульдік технологиясы. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы жəне т.б.
Қазақ
тілін оқытудың формалары, интерактивтік əдістері
Əдіс – көп сатылы құбылыс. Əдіс туралы түсінік. Əдіс, тəсіл, амал ұғымдары.
Дидактикалық
əдістер
жəне
оларды
классификациялау
туралы
көзқарастар.
Педагогикалық зерттеу əдістері. Оқу-танымдық қызметті ұйымдастыру əдістері. Оқу-
танымдық қызметті бақылау мен бағалау əдістері. Теориялық əдістер. Лингвистикалық
əдістер жəне олардың қазақ тілін оқытуда қолданылуы. Қазақ тілін оқыту əдістері.
Əдіскер-ғалымдардың қазақ тілін оқыту əдістерін жіктеу туралы тұжырымдары.
Интерактивті əдістер, олардың түрлері мен оқыту үдерісінде қолданысы. Интерактивті
əдістердің білім алушылардың түрлі топтық, жұптық, ұжымдық тапсырмаларды орындау
барысындағы өзара əрекетін ұйымдастырудың тиімді жолы ретінде қолданылуы.
Ұжымдық («Дөңгелек үстел», ойталқы, пікіралмасу, іскерлік ойындар), топтық (рөлдік
ойындар, ойкөкпар, пікірсайыс, тренинг) жəне дербес орындалатын жұмыстарды (
синектика, деңгейлік тапсырмалар, өздік жұмыстар, шығармашылық жұмыстар)
ұйымдастырудың жолдары.
Қазіргі білім беру үдерісінде қолданылатын оқыту стратегиялары мен тренингтер.
Жекелеген тақырыптардың ерекшеліктерінен туындайтын əдістер.
Сабақ – мектептегі негізгі оқу формасы. Қазақ тілі сабағын əр түрлі тұрғыдан
классификациялау. Сабақтың түрлері жəне оны жүзеге асырудың амал-тəсілдері.
Дəстүрден тыс сабақтардың оқушы қызығушылығын арттырудағы рөлі. Оның ішкі
құрылымы мен жүйесі.
Қазақ тілін оқытудың басқа түрлері жəне оларды жүргізу ерекшеліктері: вариативтік:
мектеп компоненті мен оқушы компоненттеріне арналған сабақтар жəне сабақтан тыс
жұмыстар.
Оқушылардың қазақ тілі бойынша білім нəтижесін бақылау қызметі мен міндеттері.
Ағымдық, күнделікті, қорытынды бақылауларды ұйымдастыру, критерийлер мен баға
нормалары.
Қазақ тілін тереңдете оқыту. Қазақ тілін тереңдете оқытудың мақсаты мен
міндеттері. Тереңдете оқылатын қазақ тілі бағдарламасын жасауда оқушының даму
ерекшеліктерін
негізге
алу.
Тереңдете
оқытудағы
фонетикалық,
лексикалық,
грамматикалық білім мазмұны. Орта мектепте оқылатын қазақ тілі бағдарламасымен
байланыстылығы.
Қазақ тілін оқыту құралдары – əдістемелік категория. Қазақ тілін оқыту
құралдарының классификациясы.
«Қазақ тілі» пəнін функционалдық сауаттылық тұрғысынан меңгерту
талаптары