50
сабақтан тыс жұмыстарды нəтижелі ұйымдастыруы;
пəн
бойынша
күтілетін
түпкі
нəтижелерді
құзіреттілік
тұрғысынан
қалыптастыруы.
«Қазақ тілін оқыту əдістемесі» курсын оқу барысында студент пəнді меңгертудің
əдіснамалық негіздері мен əдістемелік жүйесін, зерттеу бағыттары мен əдістерін саралап
тани алуы керек. «Қазақ тілі» пəні нəтижелерін сандық жəне сапалық тұрғыдан талдай
білу дағдылары да осы курсты оқу барысында қалыптастырылады. Пəнді оқу үдерісінде
ақпараттық технологияны дұрыс қолдану дағдыларын игереді.
Сонымен қатар, қазақ тілін оқыту əдістемесінің осы кезге дейінгі жинақталған бай
мұрасын студенттер танып-біледі. Қазақ тілі əдістесі ғылымының негізін қалаған
А.Байтұрсынұлы,
педагогикалық
психологияның
іргетасын
қалыптастырған
Ж.Аймауытұлы, М.Жұмабаевтардың, Т.Шонанов, Қ.Жұбанов, С.Аманжоловтардың жəне
т.б. отандық жəне шетелдік ғалым-əдіскерлердің еңбектері мен жаңа бағыттағы
зерттеулерін арнаулы курс ретінде оқыту ұсынылады. Мұндай арнаулы курс студентке
тіл теориясын да, əдістемені де терең меңгертуге көмектеседі.
«Қазақ тілін оқыту əдістемесі» пəнінің мазмұндық-құрылымдық жүйесінде
студенттерге тілдік қатысым теориясын, тіл бірліктерінің табиғатын таныту көзделеді.
Соңғы жылдары жалпы білім беретін мектептерге «Сөз мəдениеті», «Шешендік
өнер» пəндері енгізілді. Сондықтан оларды оқыту əдістемесінің өзекті мəселелері де курс
мазмұнында қарастырылады.
«Қазақ тілін оқыту əдістемесінен» жүргізілетін дəрістік курс
1.
Қазақ тілін оқыту əдістемесі: əдіснамалық негіздері
Қазақ тілін оқыту əдістемесі ғылымының зерттеу нысаны мен пəні. Қазақ тілін оқыту
əдістемесі – қолданбалы ғылым жəне жеке пəн. Қазақ тілін оқыту əдістемесін зерттеудің
эмпирикалық жəне теориялық бағыттары. Қазақ тілін оқыту əдістемесінің жүйелік
табиғаты жəне оны тану жолдары.
Қазақ тілін оқыту əдістемесінің əдіснамалық-теориялық негіздері, оның философия,
логика, психология, педагогика, ақпараттық педагогика, кибернетика жəне т.б.
ғылымдарымен байланыстылығы. Қазақ тілін оқыту əдістемесінің мақсаты мен
міндеттері, мазмұны.
Қазақ тілін оқыту əдістемесінің тарихи қалыптасу жəне даму жолдары. Əдістемелік
мұра жəне оны танып-талдау əдістері мен жолдары. Қазақ тілін оқыту əдістемесінің
классиктері – Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынұлы, Т.Шонанұлы, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов,
Қ.Басымов, Ғ.Бегалиев, Ш.Х.Сарыбаев жəне т.б. еңбектерінің маңызы.
Қазақ тілін оқыту əдістемесі дамуындағы А.Ысқақов, І.Кеңесбаев, М.Балақаев,
К.Аханов, Х.Арғынов, Ы.Маманов, Д.Əлімжанов, А.Əбілқаев, И.Ұйықбаев, Н.Оралбаева,
Б.Кəтембаева, Б.Құлмағамбетова, М.Дүйсебаева, Ə.Исабаев, С.Қазыбаев жəне т.б.
ғалымдар еңбектерінің орны.
Қазақ тілі – мектепте оқылатын негізгі пəн. Пəндер жүйесіндегі орны мен маңызы.
Қазақ мектебіндегі қазақ тілі пəнін ана тілі ретіндегі феномендік ерекшелігіне
байланысты оқыту заңдылықтары. Қазақ тілі пəнінің білім берудегі тəрбиелік,
дамытушылық маңызы.
Əдістеме – қоғамдық ғылым. Əдістеме ғылымының философиямен байланысы. Жеке
тұлға қалыптастырудың аспектілері. Тілдің ойлау жəне таныммен байланысы.
Əдістеменің психологиямен байланысы. Қазақ тілі бойынша оқу материалын
меңгертуде баланың жас жəне дара ерекшеліктерін ескерудің маңызы. Тілдік қабілет –
дамыта оқытудың негізгі компоненті. Білім, білік, қабілет, дағды жəне т.б. ұғымдардың
мəні.
«Қазақ тілін оқыту əдістемесінің» лингвистикалық, педагогикалық, əлеуметтік,
51
когнитивтік негізі.
Қазақ тілін оқыту əдістемесі – педагогика ғылымының бір саласы ретінде оның бүкіл
құрылымдық жүйесін, жеткен жетістіктерін басшылыққа алады. Дидактикалық
ұстанымдар – оқытудың мазмұнын ұйымдастыру түрлерін, əдістерін, оқытудың мақсаты
мен заңдылықтарына сай анықтайтын қағидалар жүйесі. Оқыту үрдісінде кез келген
мұғалім дидактиканың ұстанымдарын басшылыққа ала отырып, оқытудың мазмұнын,
оқыту үрдісінің ұйымдастыру формалары, əдістерімен бірге тығыз байланыстыра келе,
оқушылардың тұтас диалектикалық дүниетанымын, білімін қалыптастыруға тікелей əсер
етеді.
Қазақ тілін оқытудың негізгі дидактикалық ұстанымдары (сипаттама): білім берудің
дамытушылық жəне тəрбиелік сипаты. Қазақ тілін оқытудың арнайы ұстанымдары:
жалпы əдістемелік (экстралингвистикалық, құрылымдық, құрылымдық-семантикалық,
деңгейаралық, стилистикалық, тарихи) жəне жеке əдістемелік (тілдің жекелеген
тақырыбының
ерекшеліктерінен
туындайтын
ұстанымдар).
Бұлардың
өзара
байланыстылығы мен сабақтастығы.
Қазақ тілін оқытудың жаңа тенденциялары, парадигмалары, қағидалары
мен бағыттары
Үздіксіз білім беру жүйесіндегі білім алушылардың тұлғалық, коммуникативтік,
мəдени-танымдық қабілеттерін қалыптастыру үдерісінде ана тілінің атқаратын рөлі.
Қазақ тілін оқыту үдерісінде білім алушылардың қоғамдық-əлеуметтік ортада өмір
сүруіне қажетті, олардың интеллектуалдық қасиетінің көрсеткіші саналатын тілдік-
танымдық құзіреттері мен елжандылық рухын қалыптастыру. Қазақ тілін оқытудың
ғылыми негіздерін тілдік қатынас, қатысымдық-когнитивтік, сөз мəдениеті жəне
функционалдық сауаттылықты қалыптастыру теориялары. Тілдік қатынас теориясы тілді
оқыту барысында сөйлесім əрекетінің түрлерін: тыңдалым, оқылым, айтылым,
жазылым, тілдесім процестерін кешенді жүзеге асыруға ғылыми негіз болатыны. Қазақ
тілінің бірліктерін тілдік əрі қатысымдық тұрғыдан меңгерту, оның мəденитанымдық,
қатысымдық, əлеуметтік, кумулятивтік қызметтеріне сай жұмсалу жолдарын игерту.
Қазақ тілін оқытудың парадигмалары – тілді коммуникативтік-когнитивтік
тұрғыдан меңгертуге тірек болатын жаңартылған негіздемелер. Антропоөзектік
парадигманың тілдік білім арқылы адамзаттық өркениет пен ұлттық руханиятты бірлікте
меңгеру мəселесіне басымдылық беруге бағытталатыны. Интеграциялық білім беру
парадигмасының білім алушының дүниетанымын кеңейтуге бағытталатыны. Танымдық
білім беру парадигмасы, оның оқушының танымдық əлеуетін коммуникативтік
құзіреттіліктермен өзара сабақтастықта жетілдіруге бағытталуы. Аксиологиялық
парадигманың білім алушыға өз білімінің, өмірінің мəнін сезіндіруге бағытталатыны.
Білім беруді ізгілендіру парадигмасы – білім мазмұнын материалдық жəне рухани
құндылықтарды тіл арқылы танытудың негізі. «Қазақ тілі» пəнін оқытудың қағидалары
– оқу үрдісінің мазмұнын, ұйымдастыру түрлері мен əдістерін, оның жалпы мақсаттары
мен заңдылықтарын анықтайтын негізгі ережелердің жиынтығы. Білімнің үздіксіздігі
қағидасы, Мəдениет, ойлау, тіл бірлігін жүзеге асыру қағидасы,
Білімнің мотивациялық сипатын арттыру қағидасы, Өмірлік дағдыларды жетілдіру
қағидасы, Құзіреттілік қалыптастыра оқыту қағидасы, Табиғилық қағидасы, Білім
алушыны тұлға деп тану қағидасы, Тілдің əлеуметтік мəнін арттыру қағидасы, Білім
беруді демократияландыру қағидасы.
Қазақ
тілін оқытуға арналған базалық-нормативтік құжаттар
«Қазақ тілі» пəніне арналған бағдарламалар – қазақ тілін нақты нəтижелерге
жеткізуге тиісті пəннің мазмұнын, игерілетін білім, білік жəне дағдылар көлемін, сондай-