120
- пойыздарды құрастыру жоспарының əртүрлі нұсқаларын ав-
томатты түрде құрастыру;
- əрбір нұсқа бойынша пойыздарды
құрастыру жоспарын ба-
ғалаудың əртүрлі критерийлерінің мəндерін есептеу;
-
салалық əдістеме негізінде көп критериялы міндеттерді
шешу жəне техникалық ғылымдар докторы А.Т.Осьмин жасаған
теориялық ережелер негізінде вагон ағындарын ұйымдастыру
нұсқаларының үнемдісін Парето бойынша іздеу жолымен пойыз-
дарды құрастырудың үнемді жоспарын таңдауды жүзеге асыру.
Пойыздарды құрастыру жоспарын есептеудің автоматтан ды-
рылған жүйесі «клиент-сервер»
технологиясын пайдалану ар-
қылы жасалған.
ПҚЖЕ АЖ-не арналған кіріс ақпараттар келесілер:
- жолдың жөнелту моделі (жол деңгейінде) мен ақпараттық
қоймадан таңдалынатын (желі деңгейінде) темір жол бекеттеріне
келген жəне жөнелтілген вагондар туралы ақпарат;
- жол деңгейінде – сол кезеңде жиналған, түйіспе пункттері
бойынша
келетін пойыздар туралы, транзиттіктер туралы дерек-
тер таңдалынатын темір жолда вагон ағындары қайта өңделе тін
ТБАЖ бағдарламалық кешенінде құрастырылатын мəтіндік 1042
хабарлар.
Деректер қорын басқару жүйесі ретінде DB2 ДҚБЖ пайда-
ланылады. 3.3 – суретте жол жəне желі деңгейлеріндегі жүйенің
ақпараттық ағындарының сұлбасы келтірілген.
Кіріс деректерді өңдеу режимі (қажетті ақпаратты іріктеу
жəне деректер базасының кестелерін құрастыру) жол деңгейінде
тəулігіне 1 рет жəне желі деңгейінде айына 1 рет іске қосылады.
Жүйенің клиенттік бөлігіне жүйе
экранында есептік полигон-
ды (жолдар немесе жолдар желісі) жасау жəне көрсетуге арналған
графикалық редактор кіреді.
Графикалық сұлбаның (учаскелер шекаралары) тірек бекеттері
пойыздарды құрастыру бекеттері, түйіспе пункттер, сонымен
қатар, желі учаскелерінің топологиясын (əртүрлі тарамдар)
дұрыс
көрсету үшін қажетті бекеттер болып табылады. Жүйе пайдала-
нушысы өзінің қалауы бойынша тірек бекеттерді қосып немесе
алып тастай алады.
Графикалық редактор картаның жəне барлық көрсетілетін
нысандардың түстік баптауларын өзгертуге, масштабты өзгертуге
121
жəне т.б. мүмкіндіктер береді. Графикалық
сұлба барлық бағыт-
тарда экран бойынша оңай жылжытылады, сондықтан пайда-
ланушының жол сұлбасының фрагменттерін көру мүмкіндігі бар,
олар басында экраннан тыс қалады.
Достарыңызбен бөлісу: