124
шылар жəне жүк пойыздарының кестелері басуға жіберілген
(қозғалыс бағыттары бойынша бөлу немесе бөлусіз). Магниттік
лентаға түпнұсқа мен кесте калькаларын сызуға арналған кесте
құрастырғышты басқару кодтары жазылады.
Кестенің бір парағын сызу уақыты
қозғалыстың жалпы өл-
шемдеріне тəуелді 3-5 с құрайды.
ПҚК сызуды автоматтандыру инженер-графистердің еңбек
шы ғындарын қысқартуға, қолмен калькалауды қолданбауға, со-
нымен қатар, кестелерді жасау мерзімдерін қысқартуға мүм-
кіндік берді.
Экономикалық бағалау бойынша, XX ғ. 70 жылдарында
машиналық кестені енгізу тиімділігі тек қана Оңтүстік-Батыс
жол да өткізу қабілетін жақсы пайдалану, нақты жүзеге асырыла-
тын жылдамдықты арттыру, пойыздардың жөнелтуді күтуін қыс-
қарту есебінен шамамен жылына 200 мың рубльді құрады.
Кейін МЕО жəне Оңтүстік-Батыс темір жолының АЕО
екі жолды ПҚК-нің жаппай машиналық
есептеулері игерілді
жəне бір жолды кестелер есептеулері басталды; графисттің ав-
томаттандырылған жұмыс орны жасалды жəне іске қосылды,
оның көмегімен диалог режимінде кесте тұрғызушының кө-
мегімен стандартты парақтарда кестені есептеу, түзету жəне сызу
бойынша ЭЕМ тапсырмаларын беруге болады.
Бағдарламаларды пайдалану тəжірибесі көрсеткендей, кес-
те жасау үрдісін толық автоматтандыруға қол жеткізу мүмкін
емес. Бұл тапсырмалардың өте жоғары нұсқалылығымен қатар,
инженер-графистер жұмыс үрдісінде пайдаланатын бірқатар
бейресми амалдардың болуымен байланысты. Нəтижесінде жа-
саушылар сызу жəне тираждау үшін
машиналық мұрағатқа өз-
гертулер енгізе отырып, кестені қолмен жетілдіру жолымен жү-
руге мəжбүр болды.
Кейінгі жылдары МЕО қазіргі компьютерлік техника мен
графикалық құрылғылар негізінде бірқатар жаңа технология-
лар жасады – елдің темір жол желісінде қозғалыс кестелерін
құрастырудың орталықтандырылған жүйесі (ПҚК ОЖ). ПҚК
автоматтандырылған есептеулерінің бөлімдері темір жолдармен
тығыз əрекет ете отырып келесілерді қамтамасыз етеді:
125
- бөлінген полигондар шегінде ПҚК жасау үшін қажетті
нормативті деректер базасын жүргізу;
- жолдардан алынатын бастапқы ақпараттың форматты
мен логикалық бақылауы жəне оны аймақтық деректер қорына
жүктеу;
- учаскелер
бойынша ПҚК есептеу, шығыс ақпаратты дайын-
дау жəне рəсімдеу.
ПҚК АЖ аймақтық бөлімдері қажетті ақпаратпен алмасып,
оны МЕО бөліміне жіберуі тиіс.
МЕО бөлімі, сонымен қоса, деректердің желілік қорын жүр-
гізіп, ПҚК автоматтандырылған есептеу технологияларын жетіл-
діру бойынша ғылыми-əдістемелік жұмыс өткізіп отыруы тиіс.
ПҚК АЖ жүйесінің барлық бөлімдері жолдар өтінімдері бой-
ынша жылдың кез-келген кезеңінде кестелерді түзетуді орындауға
міндетті.
ПҚК автоматты түрде құрастыру үшін МЕО-да MS DOS 3.3
немесе басқа операциялық жүйенің басқаруымен қызмет ететін
IBM PC/AT (жəне онымен үйлесетін) типті дербес ЭЕМ арналған
бағдарламалар кешені жасалған (дербес
компьютерде графистінің
АЖО жасау).
Графист АЖО бағдарламалар кешені келесі қызметтерді
орын дауға мүмкіндік береді:
- ПҚК жасауға бастапқы ақпаратты талдау жəне түзету;
- қозғалыстың анықталған өлшемдеріне екі жолды жəне көп
жолды учаскелер үшін ПҚК есептеулерін жүргізу;
- ағынды орналастыру режимінде кестені жасау мен түзетуді
жүзеге асыру;
- анықталған формалы кестелер парақтарын, диспетчерлік
парақтар, калькаларды құрастыру, түзету жəне сызу;
- кесте көрсеткіштерін есептеу;
- шығыс құжаттарды құрастыру жəне басу жəне еркін учаске-
лер бойынша көрсеткіштерді есептеу.
ПҚК жасауға арналған бастапқы ақпарат пойыз-ағындары ның
техникалық жағдайын, құрылымын
сипаттайтын форма-ведом-
стволар жиынтығынан жəне сəйкестендіру үшін кодтар берілетін
учаскелер бойынша пойыздарды орналастыруға қойылатын та-
126
лаптардан тұрады. Учаскелер бойынша ақпарат жиынтығы ПҚК
деректер қорын құрастырады.
Графисттің АЖО деректер қорымен жұмыс жасай отырып,
технологтың келесідей мүмкіндіктері болады:
- ақпаратты енгізу, қарау, түзету, жою;
- учаскелерді түрлендіруді жүзеге асыру: бірнеше учаскелер ді
тұтас біріктіру, бір учаскені бірнешеге бөлу,
жеке пунктіні енгізу
немесе жою;
- ведомстволар түрінде бастапқы ақпарат формаларын басу;
- учаскелер бойынша ақпарат алу, ақпаратты көшіру, сұрыптау.
ПҚК есептеу екі жолды, сонымен қатар, бір жолды желілерде
де орындалады. 3.4 суретте бір жолды аралық бойынша пойыз-
дарды өткізудің төрт принципті сұлбалары ұсынылған.
Достарыңызбен бөлісу: