112
1950 жылға қарай Мойынты-Шу (440 км) учаскесі салынды.
Сонымен, Транссібір магистралі Түркістан-Сібір магистралімен
бірігіп, күллі Қазақстан аумағы бойынша өткен алғашқы мериди-
ан жолы пайда болды – Трансқазақстандық теміржол магистралі
(Петропавловск-Көкшетау-Ақмола-Қарағанды-Шу).
1950 жылдары Қазақстанның солтүстік жəне
орталық аймақ-
тарында темір жол құрылысы қарқынды жүріп жатты. 1955–1961
жылдары Есіл-Арқалық (224 км) жолы төселді, 1959 жылға қа-
рай – Қостанай-Тобол, 1960 жылға қарай – Тобол-Жетіқара. 1950
жылдары Қазақстанның теміржол желісінің
тығыздығы екі есе
артты.
1960 жылдары Макат-Маңғышлақ жəне Маңғышлақ-Узень
(жалпы ұзындығы 900 км-ге жуық) учаскелері төселді.
1964 жылы Қазақстанда алғашқы жол учаскесі электрленді
(Целиноград-Қарағанды). Осыдан кейін қазақстандық темір жол-
дарды белсенді электрлендіру басталды.
Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін
Қазақстанның жекелеген
аймақтары арасындағы қатынас көршілес мемлекеттердің шека-
раларын кесіп өту қажеттілігіне байланысты қиындады. Мұн дай
қиындықтарды болдырмас үшін Қазақстанда толығымен респу-
блика аумағы бойынша төселген үш жол учаскелері төселді:
−
Олардың алғашқысы 2001 жылдың
маусымында Ақсу бекетін
(Павлодар облысындағы қала) Конечная (Дегелен) бекетімен бай-
ланыстырды. «Аксу-Конечная» желісінің 184 километрі 2,5 жыл-
да салынды. Бұл желі Қазақстанның Солтүстігін Шығыспен бай-
ланыстырды.
−
Олардың екіншісі Қазақстанның Солтүстігін оның Батысы-
мен байланыстырды. Хромтау-Алтынсарин (Қостанай облысы)
учаскесінің құрылысы 2003 жылдың 18 қазанында аяқталды.
Магистраль жолдарының ұзындығы 402,5 км
құрайды, станция
жолдарының ұзындығы - 40,22 км. Мұнда 13 станция жəне разъ-
ездтер, 11 көпір, 151 су өткізу құбырлары орналастырылған.
−
Үшіншісі Өскеменді Шар (Түрксіб) бекетімен байланыс-
тырды, бұл Ресей шекарасын екі рет кесіп өту қажеттілігін жой-
ды. Бұрын Шығыс Қазақстан елдің
басқа аймақтарымен тек қана
Ресейдің Локоть бекеті арқылы теміржолмен қатынайтын, яғни
құрамдар Защита (Өскемен)-Локоть-Семей бағдары бойынша
113
өтетін. Құрылысқа 60–тан астам мердігерлік ұйымдар тарты-
лып, бас теміржол төсемі жəне 14 км-ден
астам бекеттік жолдар
төселді. Көпір салушылар барлығы 13 көпір, 4 жолқұбырларын, 5
мал өткелдерін салып, 95-тен астам су өткізу құбырларын төседі.
2008 жылдың 9 қазанында «Шар бекеті - Өскемен» теміржол
желісінің құрылысы аяқталды.
Достарыңызбен бөлісу: