3.4-сурет.
Жүк пойызының жолаушылар пойыздарының
пакетімен айырылысуы
Есептеулер нəтижелері мен түзетулер есептеулер мұрағатына
жазылады жəне кейін оны автоматты түрде сызу үшін парақты
құрастыру кезінде ПҚК-не қосылады.
Жасалған кесте ақпаратын пайдалана отырып, төмендегілерді
орындауға болады:
- жүк жəне жолаушылар пойыздары кестелерінің қызметтік
кітапшалары;
- пойыздардың жеке бекеттері бойынша жүру кестесі;
- локомотивтер айналымы ведомствосының ақпарат кестесі;
- түйіспе бойынша пойыздар кестесін келісу хаттамасы;
- кесте көрсеткіштерінің есебі.
Локомотивтер айналымдары мен локомотив бригадалары
127
жұ мыстарының кестелері қолмен немесе ЭЕМ-да ПҚК-мен бір-
уақытта құрастырылады (3.5 сурет).
3.5-сурет.
Жүк пойыздарын орналастыру жəне бір жолды
учаскедегі локомотивтер айналымдарының сұлбасы
Оларды құрастырудың бастапқы деректері:
- пойыздардың қозғалу кестесі;
- локомотивтер айналымдары мен локомотив бригадалары жұ-
мысының сұлбасы;
- локомотивтер мен локомотив бригадаларының техникалық
бекеттерде болу нормалары;
- локомотивтердің техникалық қызмет көрсету үшін ТО-2-ге
кіру айналым жəне қайта тізбектеу пункттері бойынша жабдықтау
кезеңділігі .
Пойыздарды тең құқылы кестелер бойынша жөнелту кезін-
дегі локомотивтер айналымының кестесі локомотивтердің айна-
лымның əрбір бекеті келесі принциппен құрылады: бірінші келді
– бірінші болып жөнелтілді.
Жұпсыз қозғалыс кезінде локомотивтер резервпен жөнелті-
леді (артық болғанда) немесе қосымша жіберіледі (жетіспеген
жағдайда).
ПҚК-де тұрақты бөлік (өзек) ерекшеленген жағдайда локомо-
тивтер барлық түрлерге жоспарлы тексерістер мен жөндеулерді
128
белгілеуді ескеріп, қажетті алмастыру мен парктерді резервтей
отырып, тек қана «өзек» пойыздарына қызмет көрсету бойынша
бір топқа байланады.
Пойыздарды кестеде сұлбалық орналастырудың жəне олар-
ды жоларалық түйіспе пункттер бойынша жіберу нүктелерін ке-
лісудің бағдарламалық-техникалық кешені (БТК) келісу уақы тын
6-дан 3,5 айға дейін қысқартуға мүмкіндік берді.
ПҚК құрастырудың қазіргі орталықтандырылған жүйесі (ПҚК
ҚОЖ) келесі негізгі принциптерге негізделеді:
- желі деңгейінде ПҚК жасауды орталықтандыра басқару, бас-
тапқы нормативті ақпаратты дайындау (БНА) жəне кесте тіндерін
жол деңгейінде тікелей орналастыру;
- БНА бірыңғай электронды қорын, деректерді жіберудің ке-
лісілген форматтарын (электронды құжаттардың) жəне ПҚК жа-
сау үрдісінің барлық қатысушылары үшін клиент-серверлік архи-
тектура жəне оның нормативті қорын жасау;
- ақпаратты жіберу жəне ПҚК жасау жəне келісу міндеттерін
шешу үшін байланыстың қолданыстағы жəне болашақты арна-
ларын жəне қатысы бар мамандарды жұмыс орындарынан үзбей
оның нормативті қорын пайдалану;
- жұмыстар барысын жедел бақылау жəне ресурстарды оң-
тайлы бөлу үшін желілік жоспарлау жəне ПҚК жасау үрдістері
мен оның нормативті қорын басқару əдістерін қолдану;
- желілік деңгейде жолаушылар жəне арнайы жүк пойызда-
ры қозғалыстарының сұлбалық кестелерін алдын-ала құрастыру
есебінен жол деңгейінде жұмыстарды орындаудың максималды
параллельдігін сақтау.
ПҚК ҚОЖ келесі негізгі міндеттердің шешілуін қамтамасыз
етуі тиіс:
- пойыздардың барлық категориялары кестесінің тіндерін
төсеу туралы өтінімдер алу жəне өңдеу;
- нормативтер мен ПҚК элементтерін есептеу үшін бастап қы
деректерді жинау, өңдеу жəне талдау;
- ҚР теміржолдарының күллі желісі үшін нормативтер мен
ПҚК элементтерін есептеу;
- Қазақстан теміржолының күллі желісінде барлық кате
го-
риялардың ПҚК құрастыру;
129
-
жасалған жəне бекітілген ПҚК “Тасымалдарды басқару”
орта лығына жəне темір жолдарға орындау үшін жіберу;
- құрастырылған ПҚК нұсқаларының техникалық-эконо мика-
лық көрсеткіштерін есептеу;
- саланың шектес ақпараттық жəне басқару жүйелерімен элек-
тронды ақпа ратпен алмасуды ұйымдастыру;
- ПҚК парақтарын, қызметтік кесте кітаптарын жəне басқа да
нормативті-анықтамалық материалдарды тираждауға дайындау.
ПҚК ҚОЖ міндеттерінің бірінші тобына нормативті құжат-
тарды, жолаушылар жəне жүк пойыздарының қозғалу кестесін
жасау үшін талап етілетін ведомстволардың электронды кіріс
фор маларын қарау, талқылау, келісу жəне бекіту кіреді.
Бірінші топтың міндеттерін орындау жолаушылар пойыз да-
рының қозғалу кестесін жасауға арналған қажетті нормативті
құжаттаманы дайындаумен аяқталады.
Ол жолды басқару департаменттері мен қызметтері арасын-
дағы өзара əрекет ету деңгейінде жүзеге асырылады.
Бекітілген нормативті база кестедегі жолаушылар пойыз-
дарын сұлбалық орналастыру жəне оларды жоларалық түйіспе
пункттері бойынша жіберу нүктелерін келісу БТК-на жəне АЖО
технолог-графисттердің БТК-на енгізіледі.
ПҚК ҚОЖ міндеттерінің екінші тобы əртүрлі категориялы
жолаушылар жəне жүк пойыздарының кестелерін жасау жəне
оларды мемлекетаралық, жоларалық жəне бөлімшелераралық
түйіспе пункттер бойынша келісу сұрақтарын біріктіреді.
Міндеттердің екінші тобын шешу аймақтық, ал кей кезде,
желілік бейнеконференциялар өткізу қажеттілігін туғызады жəне
оған келесі кезеңдер кіреді:
- темір жол аймағы бойынша жолаушылар пойыздарын орна-
ластыру сұлбасын келісу; жұмыс комиссиясының сұлбасын бекіту
жəне темір жолдарға, технолог-графистердің АЖО олардың
кестелерін потальды орналастыру үшін жолаушылар пойызда-
рының жоларалық түйіспе пункттер бойынша өтудің бақылау
нүктелерін беру. Нəтижелері, бейнеконференциядағы баяндама-
дан кейін, жұмыс комиссиясымен бекітіледі. Жоларалық түйіспе
пункттер бойынша өту нүктелері белгіленген формадағы хатта-
малармен рəсімделеді, электронды пошта бойынша ОД, ОЖ жəне
9–1549
130
қатысы бар темір жолдарға жіберіледі жəне болашақта өзгертуге
болмайды;
- ретті айналымға ие арнайы жүк пойыздарының (контейнер-
лік, контрейлерлік жəне басқалар) кестелерін құрастыру жолау-
шылар пойыздарын орналастырумен біруақытта жүргізіледі. Осы
пойыз дардың келісілген қосалқы бекеттік кестелері тасымалдар
қыз меттеріне жəне қатысы бар темір жол жəне бөлімшелердің
тасымал бөлімдеріне, сонымен қатар, ОКҚЖ мен КҚЖ-нің жол
орталықтарына электронды пошта бойынша жіберіледі.
- технолог-графистердің орындарда жоларалық түйіспе пункт-
тер бойынша өту нүктелерін жəне келісу хаттамаларын электрон-
ды пошта арқылы ОД-ға жəне темір жолдардағы тасымалдар
қызметіне жібере отырып, жүк пойыздарының қозғалыс кестесін
құрастыруы;
- салмағы мен ұзындығы артылған жүк пойыздарының кес-
телерін ПҚК-де олардың жіберілуін ұйымдастыруға мүмкіндік
беретін тіндерді таңдау жолымен келісу. Осы кестелерді келісу
үшін ұзақтығы үлкен полигондарда бейнеконференция жүйесі
қолданыла алады.
ПҚК ҚОЖ міндеттерінің үшінші тобына ПҚК құрастыру
нəтижелері бойынша қорытынды деректерді есептеу жəне элек-
тронды шығыс əрбір темір жол бойынша жасалған ПҚК-де
алынған формаларды сандық, сапалық жəне экономикалық көр-
сеткіштер бойынша құрастыру кіреді.
Міндеттердің үшінші тобының шешімі ПҚК сандық жəне
сапалық көрсеткіштерін есептеуді тексерумен жəне бейнекон-
ференциялар режимінде қорытынды деректерді нақтылаумен
аяқталады.
ПҚК ҚОЖ-де теміржол көлігінің əртүрлі бөлімшелеріне нақ-
ты қызметтер бекітілген.
ПҚК ҚОЖ регламенті есептеу техникасының құралдарын
пай далана отырып, дербес, аймақтық жəне желілік бейнеконфе-
ренцияларды барлық бейнеконференцияға қатысушылардың қа-
шықтықтағы терминалдардан деректердің жалпы компьютер лік
базасына қатынауды кешенді пайдалану жолымен міндеттерді
шешуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
|