4
көлік инфрақұрылымының аса маңызды элементтерінің бірі бо-
лып табылады. Ақпараттық технологиялар АБЖ құруда негізгі
тех нологияларға жатады жəне тасымалдауды басқаруды жетіл-
дірудің анықтаушы шарты болып табылады.
Көлік қозғаласын ұйымдастыруда
электрондық деректер ал-
масу негізінде коммерциялық жəне пайдаланушылық процедура-
ларды орындауға мүмкіндік беретін көпмақсатты ақпараттық тех-
нологиялар кешені жасақталды жəне табысты түрде қолданысқа
енгізілді. Ол салалық ақпараттық-телекоммуникациялық инфра-
құ ры лымға, соның ішінде, көліктік байланыстардың барлық не-
гізгі порттар мен кеден терминалдарына шығатын талшықты-
оп
тикалық магистральдық сандық желісіне негізделеді. Бұл
ақ па
раттық деңгейде көліктің алуан түрлерінің
интеграция-
сы на нақты мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Қазақстанның
көлік байланысының жоғары жылдамдыққа ие сандық желісі
оның шекаралық өтпе жолдар пунктерінде шектесетін көршілес
ел дердің көлік желілері арқылы əлемдік телекоммуникация желі-
леріне шығу міндетін шешеді.
Көлік тасымалын ұйымдастырудың ақпараттық жүйелері мүм-
кіндіктерін оңтайлы түрде қолдану елдің бүкіл көлік кешенінің
мүддесіне сай түрлі көліктер арқылы ішкі жəне халықаралық
тасымалдауларды ұйымдастыру
барысында басқару мен байла-
ныс шығындарын айтарлықтай төмендету мүмкіндігін береді,
көліктік жəне логистикалық қызметтердің сапасының едəуір ар-
туын қамтамасыз етеді. Ақпараттық технологияларды енгізудің
басым бағыттары:
- жүктердің қозғалысын ғаламдық қадағалаумен қамтамасыз
ету мақсатында желілік технологиялар негізіндегі көлік пен ло-
гистикадағы ақпараттық интеграция;
- Интранет-Экстранет технологиялары негізінде көлік-логис-
тикалық компанияларда жəне орталықтарда ішкі жəне сыртқы
құжат айналымын жетілдіру;
- логистикалық қызметтер тұтынушылары
мен жеткізушілері
арасындағы қарым-қатынасты ұйымдастыру үшін виртуалды
көлік-экспедиторлық агенттіктер желісін құру;
- келісім-шарттардың, тасымалдау құжаттарының жəне төлем-
дердің электрондық нұсқаларын ендіру;
5
- электрондық құжат айналымына негізделген технология-
ларды белсенді түрде енгізу жолымен шекаралық өтпе жолдар-
да жылжымалы құрамның тұрып қалуын болдырмау мəселесін
шешу;
- тауар өндіруші жəне қызмет
көрсетуші компаниялардың тұ-
ты нушылармен IP-технологиялар платформасындағы ақпарат тық
интеграциясы.
Кезеңді түрде дамитын көлік қызметін автоматтандыру жұ-
мысшылардың еңбек өнімділігін жəне тасымалдау процесінің
сапасын арттырудың аса маңызды əлеуметтік-экономикалық мін-
деттерін орындауға, уақыт шығындарына жол бермеуге, еңбек
жəне материалдық ресурстарды əлдеқайда ұтымды қолдануға
септігін тигізеді.
Оқулықтың мақсаты – студенттерге
көліктік тасымалдаулар-
ды басқару жүйелерінің барлық деңгейлерін ақпараттық қам-
тамасыз етуді автоматтандыру, қазіргі заманғы ақпараттық тех-
но
логиялар қызметтері жағдайында компьютерлік техникада
басқару міндеттерінің шешімдерін (тасымалдау процесін нор-
ма
лаудан бастап диспетчерлік жүйенің барлық деңгейлерінде
опе ративті басқаруға дейін) жасақтау, жасау жəне олардың нəти-
желерін қолдану əдістері туралы, сонымен қатар,
қазіргі заманғы
та лаптарға сай тасымалдауларды басқаруды автоматтандыру іс-
шараларының пайдаланушылық жəне экономикалық тиімділігін
бағалау əдістері туралы кəсіби білім алуға көмектесу.