Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі с. У. Қалдыбаев, А. С. Бижанова



жүктеу 3,87 Mb.
Pdf просмотр
бет36/76
Дата02.04.2023
өлшемі3,87 Mb.
#41962
түріОқулық
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   76
АСУ қаз

3.1.3 Вагон ағындарын ұйымдастырудың 
автоматтандырылған ақпараттық технологиялары
Вагон ағындарын ұйымдастыру үрдісі жүк ағындарын ұйым-
дастыру үрдісінің құрамдас бөлігі болып табылады. Сондықтан, 
автоматтандыру нысаны жүк ағындарын вагондармен тасымал-
дау үрдісіне бірнеше көлік түрлерінің қатысатындығын ескере от-
ырып, темір жолдар бойынша жүктерді тасымалдау үрдісі болып 
табылуы заңды деп есептеген жөн. 
Аталмыш үрдіске көптеген технологиялық операциялар кі-
реді – тасымалға өтініш беру жəне қызметтерді көрсетуден бастап 
тасымалданған жүктерді жүкті алушыларға тапсыруға дейін. 
Операциялардың кешені негізгі үш топтарды құрайды: 
- жүктің вагонға тиелуіне дейінгі технологиялық операциялар; 
- вагондағы жүкті түсіру пунктіне дейін жеткізу немесе бас-
қа жылжымалы құрамға (көлік түрі) қайта тиеу үрдісіндегі тех-
нологиялық үрдістер; 
- жүк түсірілгеннен кейінгі немесе басқа көлік түріне қайта 
тиелгеннен кейінгі технологиялық операциялар. 
Егер тек қана екінші құраушыны алсақ, онда вагон ағындарын 
ұйымдастыру міндетін жүк тиелген вагондардың жүкті түсіру 
немесе тағайындалған орындарына оңтайлы орын ауыстыруы 
ретінде тұжырымдауға болады. Бірақ тиеуді қамтамасыз ету 
үшін қажетті бос жылжымалы құрамды таңдауды жүзеге асы-
рып, таңдалған жылжымалы құрамның тиеу орындарына тасы-
малдануын ұйымдастыру қажет. Сондықтан вагон ағындарын 
ұйымдастыру міндетін жүк тиелген, сонымен қатар бос вагон-
дарды жүкті түсіру жəне тиеу орындарына алып баруды ескере 
отырып кешенді түрде қарастыру қажет. 
«Теміржол көлігін ақпараттандыру концепциясын» жасау ке-
зінде тасымалдау үрдісін басқару мəселесі теміржол көлігінің 
бірінші кезекті глобальды қызметтерінің бірі ретінде анықталған. 


116
Тасымалдарды ұйымдастыру бойынша технологиялар ке ше-
нінде келесі басқару нысандары белгіленген:
- тасымалдауға қабылданған жүктер (жүктер жөнелтілімі); 
- тасымалдаушы иелігіндегі вагондар мен контейнерлер; 
- барлық категориялы пойыздар
- пайдаланылып отырған парктің локомотивтері; 
- локомотив бригадалары. 
Басқару нысандарына, сонымен қатар, жүктерді тасымалдауға 
қажетті операцияларды орындауға қатысатын темір жолдардың 
барлық аумақтық бірліктері жатады: 
- тиеу бекеттері, кіреберіс жолдар, тиеу-түсіру жұмыстарының 
механизацияланған қашықтықтары, жүк алаңдары, контейнерлік 
жəне жүктерді сұрыптау платформалары жəне т.б.;
- жүк, порт маңындағы жəне шекаралық бекеттер
- вагон ағындарын қайта өңдеу бекеттері; 
- локомотивтер мен локомотив бригадаларының ауысымдары; 
- техникалық бекеттер; 
- диспетчерлік учаскелер; 
- вагондарды техникалық жəне коммерциялық тексеру орын-
дары; 
- негізгі жəне айналмалы локомотив деполары. 
Вагон ағындарын ұйымдастырудың автоматтандырылған тех-
нологиясы жалпы желілік жəне жалпы жолдық сипатқа ие жəне 
өтпелі ақпараттық технологиялар кешендерінің бірі болып табы-
лады. 
Вагон ағындарын пойыздарға ұйымдастыру – теміржол көлі-
гін пайдалану жұмысының негізгі жəне күрделі технологиялық 
міндеттерінің бірі болып табылады. Əсіресе вагон паркінің əр-
түрлі қожайындары бар қазіргі заманда. 
Вагон ағындарын ұйымдастыру ЭЕМ-ды теміржол көлігіне 
енгізуді бастаған алғашқы салалардың бірі болды. 
ЭЕМ-да құрастыру жоспарын есептеудің алғашқы талпыны-
стары 1961ж. орындалған. Аталмыш міндетті шешу кезіндегі 
негізгі кемшіліктер: бастапқы деректерді кодтау қиындығы, есеп-
теу полигонының 24 бекетпен шектелуі жəне ЭЕМ-да тікелей 
есептеудің үлкен ұзақтығы. 


117
ПҚЖ бағалаудың негізгі критерийі ретінде вагон ағындарын 
ұйымдастыру шығындары қабылданған, ол вагондарды жина-
стыру жəне оларды қайта өңдеусіз жіберуге келтірілген вагон-
сағаттармен есептеледі. 
1969 ж. профессор С.В.Дувалян ПҚЖ-ның бірізді есептеулері 
үшін алгоритм жасады, ол жалпылық теориясын, графтар жəне 
ЭЕМ теориясын пайдалана отырып орындалатын құрастыру жо-
спарын есептеу əдістері теориясының дамуына маңызды əсерін 
тигізді. Учаскеде жұмысты ұйымдастыру тəсілдері келесілер бой-
ынша бағаланды: вагон, локомотив жəне бригада сағаттарының 
шығыны, учаскенің өткізу қабілетінің пайдаланылу дəрежесі, 
пайдалану шығындары. 
1990 жылдардың басынан бастап темір жолдар мен жүк жі-
берушілер арасындағы нарықтық қарым-қатынастардың дамуы, 
көліктің алуан түрлерінің жүк тасымалындағы бəсекелестігінің 
күшеюі, өндірістің құлдырауы жəне бірқатар басқа да себептер ва-
гон ағындарын ұйымдастыру міндетіне экономикалық тұрғыдан 
қарауға, ал ПҚЖ-ны қолданыстағы автоматтандырылған ақпарат-
тық жүйелер негізінде жүргізуге мəжбүрледі.
Профессор В.И.Ковалев келтірілген вагон-сағаттарды үнем деу 
нормативтері орнына вагондардың тұрып қалуымен жəне манерв 
жұмысымен байланысты меншікті (өзіндік құрастыру пойызда-
рында жіберілетін бір вагонға келетін) пайдалану шығындарын 
пайдалануды ұсынды. Бұл шығындар пойыздарды орналастыру 
мен құрастырудың технологиялық желілеріндегі локомотивтер 
санының оңтайландырылуын ескере отырып анықталады, ал 
міндетті шешу негізі – пойыздарды құрастырудың жолішілік жо-
спарын есептеудің типтік əдістемесі жəне бағдарламалық кешен. 
Профессор А.Т.Осьминин осы саладағы басқару шешімдерін 
бағалау үшін қаржылық шығынсыздық талдауын қолдануды 
ұсынды жəне вагон ағындарын ұйымдастыру нұсқалары кейбір 
критерийлердің жиынтығымен жан-жақты бағаланады деп бол-
жады: вагон-километрлер, вагон-сағаттар, локомотивтердің қа-
жетті саны, энергошығындар. 
Ол жасаған теория көп критериялы оңтайландыру əдісі не-
гізінде вагон ағындарының оңтайлы ұйымдастырылуын таңдау 


118
міндетіне жалпы тəсілді қарастырады. Оған бірнеше кезеңдер 
кіреді: 
- жүк тиелген жəне бос вагон ағындарын анықтау; 
- вагон ағындарын ұйымдастырудың модельдерін жасау жəне 
нұсқаларын құрастыру; 
- осы нұсқаларды жан-жақты сипаттайтын жəне бағалық кри-
терийге келтірілуі қиындық туғызатын критерийлерді анықтау
- жасалған аналитикалық модельді пайдалана отырып, бар-
лық ықтимал нұсқалар үшін критерийлерді есептеу жəне оң-
тайландыру матрицасын құрастыру; 
- белгілі бір критерийлерді таңдау жағдайында ЭЕМ-мен жұ-
мыс жасаудың интерактивті режимінде вагон ағындарын ұйым-
дастыру бойынша үнемді шешімдерді (Парето бойынша) таңдау; 
- қаржылық шығынсыздықты талдау негізінде вагон ағын-
дарын ұйымдастыру нұсқасын нақты таңдау. 
Қазіргі уақытта вагон ағындарын ұйымдастырудың авто мат -
тандырылған жүйесі (ВҰАЖ) – бұл нақты бағдарламалық қам-
тамасыздық немесе АЖ емес, ұғым. 
ВҰАЖ-ін пойыздарды құрастырудың нормативті жоспарын 
жасау жүйесі мен жедел басқарудың динамикалық жүйелерін 
біріктіруді қарастыратын вагон ағындарын ұйымдастыру жəне 
басқарудың ақпараттық технологияларының кешені деп атауға 
болады. 
Тасымалдарды басқарудың жаңа жағдайларында ВҰАЖ-ін 
дамыту келесілерді қамтамасыз етуі тиіс:
- пойыздарды құрастырудың нормативті жоспарын жасау 
жүйесі мен оперативті басқарудың динамикалық жүйелерін бі-
ріктіру; 
- вагон ағындарын ұйымдастыру, қайта өңдеу жəне орында-
рын ауыстырудың еңбек шығындары мен энергошығындарын 
төмендету кезінде вагон ағындарын жүргізу бойынша шешім-
дердің негізділігін арттыру; 
- қазіргі ақпараттық орта мен бағдарламалық құралдардың 
мүмкіндіктерін ескере отырып, жолдар желісінде пойыздарды 
құрастыру жоспарының орындалуын үздіксіз жедел бақылау 
жүйесіне ауысу. 


119
Сұрыптау бекетіның компьютерлік төлқұжатына келесілер 
кіреді: 
- бекеттерді сипаттайтын деректер базаларын жүргізу құ-
ралдары; 
- пойыздарды құрастыру жоспарларын оны жасау жəне түзе-
ту кезінде бекеттер бойынша нұсқаларды бағалау үшін норма-
тивтерді есептеу бағдарламалары
- вагон ағындарын ұйымдастырудың қолданбалы міндетте-
рін шешуге арналған бағалау сипаттамаларының қорытынды 
жиын 
тығы: вагон ағындарын бағыттау тəртібі мен пойыздар-
ды құрастыру жоспары, жөнелту маршруттауының жоспар 
есептеулері; жүктерді жеткізудің нормативті мерзімдерінің 
есептеулері; сұрыптау бекеттері қуатының шығарылуын негіз-
деу (жүк операцияларын орындау бекеттеріндағы ықтимал шы-
ғындарды ескере отырып).

жүктеу 3,87 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   76




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау