3. Маркетинг стратегиясын және жоспарын құрастыру



жүктеу 0,86 Mb.
бет1/3
Дата25.11.2017
өлшемі0,86 Mb.
#1423
  1   2   3

Мазмұны

б

Кіріспе ......................................................................................................................3



1. Жоспарланатын саланың қазіргі жағдайын қысқаша сипаттау......................5

2. Өндiрiстiк бағдарламаны құрастыру және дәлелдеу.......................................7

3. Маркетинг стратегиясын және жоспарын құрастыру……………................11

4. Материалдық-техникалық жабдықтау жоспарын құрастыру……………...15

4.1 Жоспарланған кәсіпорынның негізгі өндірістік

қорларының мөлшерін анықтау.......................................................................15

4.2 Шикізат және негізгі материалдар шығындарын анықтау..................... 16

4.3 Көмекші материалдарға кететiн шығындар есебi………………………20

4.4 Энергия және отынның барлық түрлерiне кететiн шығындар есебi…..24

5. Кадрлар және еңбек ақы төлеу жоспарын құрастыру………………………26

6. Өнiмнiң өзiндiк құнын жоспарлау. Бағаның жасалуы……………………...34

7. Қаржы жоспары. Инвестиция тиiмдiлiгiн есептеу………………………….42

Қорытынды ...……………………………………………………………………47

Қолданған әдебиеттер тiзiмi…………………………………………………….48

Кіріспе

Бизнес – пайда табуға бағытталған әрекеттің, экономикалық қызметтің бір түрі; жеке кәсіпкердің не фирманың іскерлік қызметі. Бизнес адамның табиғи қасиеттеріне,біліміне негізделе отырып, қандай да болмасын бір істен кіріс кіргізуге, өзінің материалдық, рухани қажеттілігін қанағаттандыруға, сонымен қатар, қоғамға пайда келтіруге де мүмкіндік береді. Бизнес қоғам мүшелерінің сұранысы мен ұсынысын есепке ала отырып, экономикалық жүйенің барлық саласын дамыту арқылы бизнестен түскен табыстан салық және басқа да алымдар төлеу және оларды қоғам дамуына, халық игілігіне жарату, әлеуметтік көмек көрсету нәтижесінде қалыптасады. Іскерлік орта көптеген әлеуметтік және басқадай проблемаларды өкімет бағдарламаларының шеңберінде, сонымен қатар дербес шешуге де қатысады.



Бизнес-жоспар – кәсіпорынның алдына қойған экономикалық мақсаты мен оны жүзеге асыру жолдары, міндеттері мен әдіс-тәсілдері баяндалған құжат. Бизнес-жоспарды жасау үшін нарықтық орта жан-жақты зерттеледі. Нарықтық ортаның ағымдағы жағдайы, болуы мүмкін өзгерістер мен кедергілер, жобаны іске асырудан түсетін табыс мөлшері, т.б. нақты көрсетіледі. Бизнес-жоспар, көбінесе, банктен кредит алу және оның қайтарылуын қамтамасыз ету үшін жасалады. Меншік иесінің қатысуымен кәсіпорынның стратегиялық дамуының бағыт-бағдары анықталады, осы арқылы жобаның тиімділігі мен қажеттілігі айқындалады. Бизнес-жоспар болжалды қаржылық нәтижесі көрсетілген жалпы сипаттамадан және оны таратуға бөлінген негізгі бөлімнен тұрады:

  1. Жоба бойынша өндірілген тауарлар (не қызмет) түрлері және олардың бәсекелесу қабілеті сипатталады;

  2. Тауарларға сұраныс деңгейі мен көлемі ескеріле отырып, өнім өткізу нарығы, өндіріс көлемі мен тауарға қойылатын баға анықталады;

  3. Бәсекелестер мүмкіндігі (тауарлардың сапасы мен бағасы) туралы мәліметтер талданады;

  4. Маркетингтік зерттеулер нәтижелері (тауарларды өткізу және баға саясаты, өнімді сатуда ынталандыру, жарнамалау, т.б.) сараланады;

  5. Өнім (не қызмет) өндіру жоспары мен өндірістік байланыстар, өндірістік шығындарды азайту және өнім сапасын жақсарту әдістері айқындалады;

  6. Ұйымдастыру-басқару жұмыстары және қызметкерлермен ісінің бағдары белгіленеді;

  7. Жобаның ұйымдық-құқықтық негіздерін көрсететін заңдық құжаттар жасалады;

  8. Жұмыс барысында кездесетін қауіп-қатерді болжау және оның алдын алу шаралары қарастыралады;

  9. Жобаның барлық буындарының құнды көрсеткіштері жинақталып, ақшаға шағып көрсетілген қаржы жоспары нақтыланады;

  10. Қаржы көздері (жобаны іске асыруға жеткілікті соманы қайдан, қанша мөлшерде ала алады және жоба қандай мөлшерде пайда кіргізеді, кредитордан алынған қаражатты мерзімінде қайтара алу қабілеті, т.б.) жобаланады;

Бизнес-жоспар тауар ақша, өндіріс факторы қозғалысының жалпы балансын айқын бейнелейді.[1]

Бизнес-жоспар менеджермен, кәсіпкермен, фирмамен, фирмалар тобымен немесе консалтингтік ұйымдармен әзірленуі мүмкін. Егер менеджерде жаңа өнімді дайындап шығару, жаңа қызмет түрін көрсету немесе өндірісті ұйымдастыру мен басқарудың жаңа әдісін ойлап тапса, ол өз ойын бизнес-жоспар үшін ұсынады. Егер ол өз концепциясын өздігінше іске асырамын десе, ол өзінің бизнес-жоспарын жасап шығарады.

Бизнес-жоспарда берілген концепцияның авторларынан басқа оны құруға несиелік нарықтың ерекшеліктерін, бос қаржының болуын, аталмыш бизнестің қауіп-қатерлігін білетін финансистер де белсенді қатысушысы бола алады. Бизнес‑жоспарды құратын мамандардың негізгі тобын экономистер, статистиктер, жүйелендірушілер құрайды.

Бизнес-жоспар фирма ішілік, сондай-ақ одан тыс перспективтік жағдайды бағалайды. Ол фирма басшыларына акционерлік меншік жағдайында және де белгілі бір қоғам құру жағдайында бейімделу үшін қажет. Дәл осы бизнес-жоспардың көмегімен фирма басшылары табыстың қай бөлігі пайда табу мақсатында істе қалатынын, қайсысы – акционерлер арасында дивидиенттер ретінде үлестірілетінін шешеді. Бизнес-жоспар фирманың ұйымдастарушылық-өндірістік құрылымының жаңаруы мен дамуы бойынша атқарылатын іс-шараларды негіздеу кезінде қолданылады, соның ішінде орталықтандыру және жаупкершілік дәрежесін негіздеу үшін.

Бизнес-жоспарды айтарлықтай белсенді түрде салымшыларды іздеу кезінде қолданады: жаңа акционерлерді, кредиторларды, демеушілік салымдарды және т.б.[2]

Демек, бизнес-жоспар кез келген кәсіпорынды жоспарлауда, ұйымдастыруда және басқаруда қажетті басты құжат. Яғни, нарықтық экономикада ол кәсіпкерліктің барлық салаларында қолданылатын жұмысшы құрал болып табылады. Жақсы әзірленген бизнес-жоспар кәсіпорынның дамуына, нарықта жаңа позицияны иеленуге, өзінің даму барысында перспективті жоспар, сондай-ақ жаңа тауарлар мен қызеттер өндірісінің концепциясын құруға және оларды іске асырудың рационалды әдістерін таңдауға көмектеседі.

1 Жоспарланатын саланың қазіргі жағдайын қысқаша сипаттау
Қазақстан Республикасының құқықтық заңнамасына сәйкес өнеркәсіп деп – жалпы қажеттіліктерді қанағаттандыру және табыс алу мақсатында өнім өндіру үшін белгілі бір ретпен заңға сәйкес құрылатын, өзін-өзі басқаратын шаруашылық субъектіні айтады [3].

Осы ретпен Қазақстан Республикасында «Шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 2001-2002 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы», «Шағын кәсіпкерлікке мемлкеттік қолдау туралы ҚР Заңы» және тағы басқа заңдар негізінде ШҚО Семей қаласында орналасатын «Ақ мол» атты шағын өнеркәсіптің бизнес-жоспары құрылды. Семей қаласының тұрғындар саны 330 338, сондай-ақ бұл қалаға 14 ауылдық округтер қарайды.

Жобаның концепциясы – аусымына 40000 кг сүтқышқылды өнімдерді өндіретін өнеркәсіп құрылысын жүргізу; өндіріс графигіне сәйкес қажетті өндірістік персоналды жұмылдыру; соңғы өнімдерді өндіру үшін отандық, сондай-ақ шетелдік шикізаттар мен материалдарды сатып алу жоспарланады.

Жоба өнеркәсіпті «нольден» бастап ұйымдастыруды көздейді. Жобаланған өнеркәсіптің өнімдері орташа бағалық сегментте болады. Өндірілетін өнімдердің негізгі тұтынушылары – өндіріс орыны орналасқан аймақтың тұрғындары, сонымен қатар көрші аймақтар болып табылады.

Семей қаласында ет, ұн – комбикорм комбинаты, кондитер, сыра, шарап өнімдерін шығарушылар бар, ал ұлттық сүтқышқылды тағам өнімдерін өндіруші кәсіпорындар жоқ. Мұндай өнімдермен қала халқын Өскемен (ЖШС «Эмиль», ЖШС «Исток-1), Павлодар «ЖШС МолКом), Алматы (ЖШС «Айналайын») қамтамасыз етуде. Бұлардың барлығы елді тұтас қамтамасыз етуге қабілетсіз.

Облыстық бағдарламаға сәйкес бұл кәсіпорынды сүт өнімдерімен қала маңындағы Бородулиха, Бесқарағай, Шемонайха, Абай, Жарма және Тарбағатай аудандарымен қамтамасыз етіледі. 2009 жылдың 1 шілдесіндегі санақ бойынша 51,6 мың ірі қара мал басы саналды. 2009 жылдың бірінші жартыжылдығында 14285 т сүт алынған. Бұл жаспарланған шағын өнеркәсіп үшін жеткілікті шикізат [5].

Бұл бизнес-жоспардың мақсаты – ұлттық сүтқышқылды өнімдерді өндіретін шағын өнеркәсіпті құрудың экономикалық тиімділігін негіздеу.

Жоспарланған өнеркәсіптің басты міндеттері:



  • Кәсіпорын иесімен пайда алу;

  • Тұтынушыларды өнеркәсіп өнімдерімен қамтамасыз ету;

  • Өндіріс персоналын еңбекақымен, қалыпты еңбек жағдайын және кәсіби өсуді қамтамасыз ету;

  • Өнеркәсіп орналасқан мекендегі тұрғындарына жұмыс орындарын құру;

  • Қоршаған ортаны қорғау;

  • Өндіріс жұмысында техникалық, ұйымдастырушылық ақаулықтарды болдырмау.

Өнеркәсіптің басты мақсаты өндірілген өнімді тұтынушыларға реализациялау есебінен пайда алу болып табылады. Түскен пайданың негізінде еңбектік коллективтің және басшылардың экономикалық, әлеуметтік сұраныстарын қанағаттандыру. Кәсіпорын шаруашылық есеп жүргізу, өзін-өзі ақтау және өзіндік қаржыландыру жағдайында жұмыс істейтін болады. Сонымен қатар өнім тұтынушыларымен шарттар құрады, соның ішінде мемлекеттік тапсырыстарды алады және шарттар құрады.

Шағын кәсіпорынның негізгі қызметі:



  • Өнімді өндірістік және жеке т ұтыну үшін өндіру;

  • Өнімді тұтынушыларға жеткізу және сату;

  • Кәсіпорындағы өндірісті материалды-техникалық қамтамасыз ету;

  • Өндірістік персоналдың еңбекін ұйымдастыру және басқару,

  • Өндіріс көлемін арттыру және жан – жақты дамыту;

  • Кәсіпкерік қызмет атқару;

  • Бюджет және қаржы органдарына салық төлеу және өз міндеттерін атқару;

  • Мемлекеттік заңдар, стандарттар мен нормативтер негізінде жұмыс атқару.

Кәсіпорын қаржылық органдар алдында салық және тағы басқа төлемдерді төлеуге, барлық шығындар мен жоғалтуларды өзінің табысымен өтеуге кепілдік береді.
2 Өндірістік бағдарламаны құрастыру және дәлелдеу
Еліміздің тұрғындарын тағам өнімдеріне деген қажеттеліктерін қанағаттандыруда басты орын сүт өндірісіне тиесілі. Қазақстанда, сондай-ақ басқа да елдерде тұрғындарды көбінесе диетикалық және профилактикалық тағам өнімдерімен қамтамасыз етуді ұйымдастыруға, сондай-ақ төменкалориялы тағам өнімдерін, әсіресе сүтқышқылды өнімдерді өндіруге аса көп көңіл бөлінуде.

Ұлттық дәстүрлерді ескере отырып, еліміздің сүт өнеркәсібінде ұлттық сүт өнімдерінің белгілі бір ассортименттері өндірілуде, олар қымыз, қатық, айран сияқты диетикалық сүт өнімдері. Сүтті өңдеуде халықтың тәжірибесін меңгеріп және қолданудың арқасында өндірістік жағдайларда қымыз, қытық, тан, тандем, шалап, құрт сияқты ұлттық сүтқышқылды өнімдерді өндіруге қол жеткіздік. Бұл өнімдер тамаша тағамдық сүтқышқылды өнімдер ғана емес, сонымен бірге диетикалық тамақтануда емдік-профилактикалық өнімдер ретінде өте құнды болып табылады [6].

Қазіргі кезде нарықта сүтқышқылды өнімдердің қазақстандық та, шетел өндірушілердің де ассортиментері өте бай қамтылған.

Қазақтың тамақтану академиясының медико-демографиялық зерттеулерінің мәліметтеріне көз салсақ, республика тұрғындарының тамақтану рационында көбінесе кальций, йод, темір, А, Д және В тобының витаминдерінің дефициді байқалуда. Сол себептен, тұрғындардың тамақтану рационында жетіспейтін макро- және микроэлементтермен, сонымен қатар витаминдермен байытылған ұлттық сүтқышқылды өнімдерді тұтыну тұрғындардың профилактикасы мен сауықтыру мәселесін біршама дәрежеде шешуге көмектеседі [7].

Ұлттық сүтқышқылды өнімдердің диетикалық және емдік қасиеттері адам ағзасына микроағзалардың және де сүтті ашыту кезінде жүретін биохимиялық процестерінің нәтижесінде түзілетін заттардың жағымды әсеріне негізделеді.

Сүтқышқылды өнімдердің сіңімділігі сүтке қарағанда жоғары, себебі олар асқазар жіне ішектің секреторлы қызметіне әсер етіп, нәтижесінде асқорыту жолындағы бездер ферменттерді интенсивті бөле бастайды да, тамақтың қортылуын жылдамдатады.

Сүтқышқылды өнімдерді тұтыну асқазан-ішек жолдарын инфекциялардан және қабынудан сақтайды, іш қатудың, колиттердің алдын алады, бөтен қосылыстардың, әсіресе ауыр металлдардың, радионуклеидтердің, афлотоксиндердің ағзаға токсикалық жүктемесін төмендетеді, тоқ ішек және тік ішекте қатерлі ісіктің туындау жиілігін төмендетеді, қандағы холестерин мөлшерін төмендетеді.

Барлық сүтқышқылды өнімдер қандай да бір дәрежеде антибиотиктердің табиғи көздері болып табылады. Асқазан-шек жолдарынның қызметтерінің түрлі бұзылуларын, қаназдықты, өкпе және плевра ауруларын, зат алмасудың бұзылуларын және атеросклерозды емдеуде сүтқышқылды өнімдер кеңінен қолданылады [8].

Туберкулезді және басқа да инфекциялық ауруларды емдеуде біздің елімізде қымыз бен шұбатты қолданады.

Қымызда сүтқышқылды таяқшалар мен дрожжилар бір-бірінің дамуын стимулдау арқылы симбиозды дамуы кезінде туберкулез таяқшаларының тіршілігін тежейтін антибиотиктердің біршама мөлшері түзіледі [6].

Қазіргі уақытта құрамында асқазан-ішек жолдарына түсіп, оның қызметін белсендендіретін, патогенді және шартты-патогенді микроағзаларға қарсы қорғаныш бола алатын бактериологиялық культуралары (бифидобактериялар, болгар және ацидофильді таяқшалар) бар пробиотикалық өнімдер өндіруді ұйымдастыруға көп көңіл бөлінуде. Көшіп-қонып өмір сүрген біздің қазақ халқы бұл мақсаттарда ежелден-ақ айран, сүзбе, қатық, қымыз және басқа сергіткіш сунындар сияқты өнімдерді тұтынған. Мұндай өнімдерді тұтыну түрлі аурулардың алдын алады және адам ағзасын сауқтандырушы әсер етеді, ал бұл экологиялық жағымсыз аймақтар үшін өте маңызды болып табылады.

Комбинирленген сүт өнімдерін өндіруде перспективті бағыттардың бірі – ол ұзақ жылдар бойы қаланған сүт өнімдерді әзірлеудің дәстүрлі ұлттық технологиясын жандандыру болып табылады.

Өнеркәсіптік өндіріске ұлттық сүтқышқылды өнімдерді кеңінен ендіру тұрғындардың ежелден қаланған дәстүрлі және әдеттенген тағам өнімдерінің ассортименттерін кеңейтеді [7].

Жоғарыда айтылып кеткен сүтқышқылды өнімдердің және сүтқышқылды бактериялардың артықшылықтарын ескеріп, қорытындалайтын болсақ, қазіргі кезде тұрғындардың тағам рационында емдік-профилактикалық мақсаттарда қолданылатын өнімдерді өндіру қажет екендігін көрсетеді.

Сол себептен «Ақ мол» шағын кәсіпорынында ұлттық сүтқышқылды өнімдердің келесідей ассотименттерін шығару жоспарлануда.

Айран – шөл басатын, бойынды сергітетін, биологиялық құнды сусын. Бұл сусын кефирге ұқсас, алайда өзінің ерекшеліктері бар. Өнім үшін қолданылатын ашытқы сүтқышқылды стрептококкалардан, таяқшалылардан және дрожжилардан тұрады. Айранның кефирден айырмашылығы оның сүтқышқылды дәмі және иісі өте нәзік, әрі жұмсақ және де казеин ұлпалары да нәзік келеді. Аранның тағамдық және энегетикалық құндылығы өте жоғары. Өнім А, β-каротин, В1, В2, С витаминдеріне, сонымен қатар натрий, калий, кальций, темір және магний сияқты макро- және микроэлементтерге өте бай [9,10].

«Шалап» сүтқышқылды сусыны. Қалпына келтіріліп, пастерленген сүтті термофильді стрептококкалардың және болгар таяқшаларының таза культураларымен ашыту және ас тұзын қосу арқылы әзірленеді.

Бұл сусын қазақ халқында өте жиі тұтынылатын, сергітетін, сонымен қатар тағамдық және энергетикалық құндылығы жоғары өнім болып табылады.

«Шалап» сусыны 1,4% майлылықта өндіріледі, дайын өнімнің қышқылдылығы 135-1500Т және құрғақ заттарының массалық үлесі 9,5% [11,12].

Қатық. Сүтқышқылды бактериялардың таза культурасымен ашытылатын, пастерленген сүттен әзірленеді. Дайын өнімнің майлылығы 3,2%, құрғақ заттарының массалық үлесі 11,5%, қышқылдылығы 75-800Т болады.

Қатықтың простоквашадан ерекшелігі, алдымен оны шикі сүттен емес, қайнатылған сүтті ашыту арқылы әзірлейді. Бұл қатыққа әлдеқайда тығыз консистенция береді, және де ұйыған кезде сарысуы бөлінбейді, сарысу бөлінсе де, өте аз мөлшерде және тек бетінде бөлінуі мүмкін [10,11].



Сиыр сүтінен әзірленетін кымыз. Әдетте қымызды емдік-профилактикалық мақсаттарда қолданады. Оны майсыздандырылған және пастерленген сүтті ашыту арқылы әзірлейді. Ашытқы ретінде лактозаны ашытатын және антибактериалды қасиеті бар болгар, ацидофильды сүтқышқылды таяқшалар және дрожжи қолданылады. Қосылатын ашытқыға байланысты қымызда біршама мөлшерде спирт түзіледі және ұсталу ұзақтығына байланысты әлсіз, орташа және күшті деп үш түрін өндіреді. Жылпы өнімнің химиялық құрамын атап өтетін болсақ, әдетте қымыз майсыз, қышқылдылығы 95-1300Т, спирт мөлшері әлсізде – 0,6%, орташада – 1,1%, күшті – 1,6% болады. Құрғақ массасы әлсізде – 9,5%, орташада – 9,2%, күштіде – 9,0% [13,14].

«Тан» сүтқышқылды сусыны. Таза балғын сиыр сүтін термофильді стрептококкалар мен мацун таяқшаларының таза культураларымен ашытылатын, сондай-ақ су және ас тұзын қосу арқылы әзірленетін табиғи сусын [11].

«Тан» сусынын тұтыну асқазан-ішек жолдары, зат алмасу, жүрек-тамыр жүйесі функцияларына, асқазан, ішек, бүйрек, бауырдың ауруларына, дисбактериозға және аллергиялық ауруларға, гастритке, холесцитит, нефриттерге жағымды әсер етеді.

Салмақты және қандағы холестерин мөлшерін белсенді төмендетеді және ішімдіктен бас жазу үшін өте жақсы сусын болып табылады.

Газдандырылған және газдандырылмаған түрлері болады [12].



Құрт. Пастерленген сиыр немесе ешкі сүтінен әзірленеді және тамаққа тікелей қолдану үшін қолданылады [11].

Құрт – бұл А, Е және Д витаминдерінің көзі, сондай-ақ ол дәмдік, тағамдық және емдік қасиеттері әмбебап сәйкестенетін қазақтың ұлттық тағамы.

Кальцийге өте бай құрт ағзаның зат алмасуын жақсартады, сүйек ұлпаларын қатайтады, жүйке-жүйесі мен жүрек-тамыр жүйесінің қызметін реттейді.

А витамині – көздің көру қасиетін жақсартады, адамның өсуіне, иммунитетінің күшейтуіне және жасушалардың жанаруына, сонымен қатар терінің жасаруына жәрдемдеседі.



Е витамині – қанды оттегімен байытып, жасушалардың қартаю процесін баяулатады, тромбтардың түзілуін болдырмайды [15].

Майлылығы 10%, 20% болатын қаймақ. Бұл өнімдер энергетикалық құндылығы өте жоғары – 115 ккал құрайды. Майлылығы жоғары болғандықтан оны диетикалық мақсаттарда қолданылмайды, тек тағам рационының толық құнды болуын қамтамасыз етеді. Алайда, бұл өнімде де витаминдер мен макро- және микроэлементтер өте көп мқлшерде болады. Әсіресе басқа өнімдермен салыстырғанда мұнда майда еритін витаминдер кездеседі [11,16].
Кесте 1 - Кәсіпорын шығаратын өнімдердің ассортименті және көлемі


Өнім аты

Шығару көлемі, кг

Жалпы өңдеу көлеміндегі үлесі, %

Ауысымына, кг

Жылдық, т

Айран 1%

3029

908,7

6,898373678

Айран 2,5%

3631

1089,3

8,269394132

Айран 3,2%

4006

1201,8

9,123435112

Қатық

4006

1201,8

9,123435112

«Шалап» сусыны

9164,5

2749,35

20,87162284

«Тан» сусыны

6763,9

2029,17

15,4043941

Қымыз

7421

2226,3

16,90090164

Құрт

325

97,5

0,74016885

Қаймақ 10%

2754

826,2

6,272076959

Қаймақ 20%

2808,5

842,55

6,396197582

Барлығы:

43908,9

13172,67

100

3 Маркетинг стратегиясын және жоспарын құрастыру
Тұтынудың рациондық нормасына сәйкес тұрғындардың сұранысын қанағаттандыру Қазақстан үшін ең маңызды мәселе болып табылады. Сүт және сүт өнімдерінің өнідірісін қаншалықты арттырғанымен, тұрғындардың жеке басының тамақтану нормасына әлі де сәйкес келмейді.

Тұрғындардың жеке басы тұтынуының медициналық нормасы 405 кг сүт өнімдерін қажет етеді.

Халықтың сүт өнімдерімен қамтамасыз етілуі норманың 68% құрайды. Соның ішінде сүт өнімдерін тұтыну 60%, сүтқышқылды өнімдер – 57%, май – 75%, сыр – 22,5% құрайды.

2007 жылға дейін саудалық бағдарламамен тұрғындардың жеке басына тиесілі сүт және сүтқышқылды өнімдердің нормасын 330-340 кг-ға жеткізу көзделген болатын.

Сүт тағамдарын тұтыну деңгейі әлі де нормаға сай жеткен жоқ және қазір қала тұрғындарының тұтыну деңгейі рыноктық және жалпы одақтық қор есебінен келгенде 1 адамға 255 кг, отр есеппен ол 320 кг тең.

Қазіргі кезде қала тұрғындары орта есеппен 112 кг сүт қышқылды өнімдерді тұтынады, ал норма бойынша 196 кг болуы керек. Бұл дегеніміз 57%-ды құрайды [17].

Міне осыған қарап біз Қазақстанда сүт өнімдерінің жетіспеушілігін байқаймыз.

CVS Consulting коммпаниясымен әзірленген «Қазақстандық сүтқышқылды өнімдердің рыногына шолуда» көрсетілгендей, 2006 жылдың қараша айында аталмыш компанияның ұйымдастыруымен «Молочное здоровье» атты жоба шегінде сүтқышқылды өнімдерді тұтынушылар арасында сауалнама жүргізілді. Жалпы респонденттер саны 1074 адам болды.



Сауалнаманың нәтижелері келесі диаграммаларда беріледі.

Сауалнама кезінде алынған мәліметтерге қарасақ, сүтқышқылды өнімдер тұрақты сұранысқа ие екенін байқаймыз. Айранды күнделікті сұралғандардың 29% ішеді, қаймақты – 9% тұтынады, қатықты – 12% ішеді.

Сондай-ақ, бұл сауалнама нәтижесінен көргеніміздей адам қай кезеңде болса сүтқышқылды өнімдерге сұранысы әртүрлі болады.

30-дан 40 жасқа дейінгі адамдар жастардан гөрі көбірек сатып алады екен.

Ұлттық бренд құру – Казақстанның алдында тұрған актуалды мәселе. Көптеген адамдар ұлттық сүт өнімдерінің ішінде қымыз мен шұбат сусындарына үлкен орын береді [18].

Сегізінші бесжылдықта сүт өнімдерінің түрлерінің ішінде ең таңдаулы 20 жаңа түрлері алға шықты. Дәл осы кезеңде ұлттық сүтқышқылды өнімдер ішінде – қымыз, шұбат, айран, тан, шалап сусындарына сұраныс артуда.

Қымыз, шалап сусындары негізінен тек Қызылорда, Ақтөбе, Орал, шымкент және Көкшетау өңірлерінде көп өндіріледі. Емдік қасиеттері басты орынға қойылғандықтан өндірілген суындардың көп бөлігі бірден демалыс орындарына, емханаларға жөнелтіледі. Қазақстанның барлық өңірлерінде бұл өнімдермен қамтамасыз ету бірдей емес.

2007 жылдың ішінде шаруашылықтың барлық категориясында сүтті фактілік өндіру Шығыс Қазақстан облысында 390,4мың тоннаны құрады. Сүт өнімдерін өндіруші кәсіпорынның өндіру пәрмені сол жылы 191,4 мың тоннаны құрады. Сондықтан да ойда бар нәтижені осы көрсеткіш бере алған жоқ. Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облысында ұлттық сүтқышқылды өнімдерді өндіруші кәсіпорын мүлдем жоқтығы да бұның бір себебі болып табылады [17].

Сатып алушының қажеттілігін қанағаттандырудың және ұйым мақсатына жетудің тиімді тәсілдерінің көмегімен сатып алу-сатуды жүзеге асыру қажет. Бұл орайда маркетинг негізінде жатқан негізгі идеологиялық алғышарт – сатып алушылардың қажеттілігін альтуризм күшіне емес, барынша өнімді көп табысты нәтиже алатындай етіп жылжыту [20].

Ұйымды басқаруда оның рөлінің өсуі бәсекенің күшеюінің шынайы үрдістерімен, сыртқы экономикалық қатынастың ырықтандырылуымен, тұтынушылардың таңдау қабілетінің артуымен байланысты.

Маркетингтің қазіргі заманғы тұжырымдамасы тауарлы-бағалық саясаттың және өнімді бөлу, жылжыту қаражаттарын кешенді пайдалану негізіне сүйенеді. Қаражаттың бұл жиынтығы (маркетинг-микс) бір жағынан тұтынушылардың мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне сәйкес келуі, яғни төлемге қабілетті сұранысты қанағаттандыруы қажет, екінші жағынан – ұйым жұмысының тиімділігін арттыруы тиіс.

Ұйымның нарықтық қызметінің бастапқы жағдайын анықтайтын қағидалар маркетингтің негізін құрайды. Оған жататындар: нарықтың өзгеру үрдісі мен жағдайын тұрақты зерттеу; тұтынушылардың мүмкіндіктері мен талаптарын ескере отырып, оның жағдайларына лайықты бейімделу; ұйымға қажетті бағытта нарықтың белсенді қалыптасуы.

Жаңалықты ендіру стратегиясын ұстана отырып, ежелден қазақ халқымен тұтытынылып келген ұлттық сүтқышқылды өнімдерді ендігі кезде өндірістік жағдайларда өндіретіндігін атап өтуге болады.

Жоспарланған кәсіпорында өндірілетін ұлттық сүтқышқылды өнімдер диетикалық және профилактикалық мақсаттарда қолданылатындықтан халықтың барлық сегменттерімен тұтынылуы мүмкін.

Буып-түйілген өнімді маркілеу кезінде олардың барлық диетикалық қасиеттері қоса беріледі. Тұтынушылар сатып алу алдында осы мәліметтермен таныса отырып, өздеріне тиімді және қажетті пайдалы өнімдерді сатып ала алады.

Сондай-ақ, бұл өнімдердің өзіндік құны басқа бәсекелестердің өнімдерінен қымбат болмайды және оны мүмкіндігінше төмендету стратегиясын пайдалануға тырысамыз.

Өнімді өткізу дүкендер жүйесі, көтерме баға рыногы, павильондар, дүкендер (тұрғын үйлер маңындағы) арқылы жүргізіледі.

Қазақ тамақтану академиясының медико-демографиялық мәліметтері бойынша елімізде макро және микроэлементтердің, көптеген витаминдердің дефициті байқалуда. Сол себептен кәсіпорын өндіретін өнімдер дәл осы қажеттіліктерді барынша толығымен қанағаттандыруға бағытталған. Бұл ағамдағы нарықтық жағдайда неғұрлым табысты бизнес болып табылады.

Жоспарланған кәсіпорынмен өндірілетін өнімдер ретінде келесі сүтқышқылды өнімдер болады.

Кесте 2 – Өткізу шығындары



Шығын баптары

Мәлімет, мың тг

1. Сатушылардың еңбегін төлеу

12311,13

2. Әлеуметтік төлемдер

3693,338

3. Транспорттауға, тиеу- түсіруге кеткен шығындар

13891,48

4. Маркетингтік зерттеулерге кеткен шығындар

8617,788

5. Жарнама және өнімді өткізуді ынталандыру шығындары

27782,96

6. Сатуға қажет құралдардың амортизациясы

14773,35

7. Делдалдық қызметтерді төлеу

3077,781

8. Басқа шығындар

4207,391

Барлығы:

88355,22

4 Материалдық-техникалық жабдықтау жоспарын құрастыру

4.1 Жоспарланған кәсіпорынның негізгі өндірістік

қорларының мөлшерін анықтау

Негізгі өндірістік қорлар елдің экономикалық әлеуетінің маңызды сипаттамаларының бірі болып табылады. Сол себепті олардың өндіріске тигізер ықпалын, оларды барынша тиімді пайдалануды зерттеу үлкен қызығушылық туғызады.

Негізгі капитал деп материалдық өндіріс саласында, сонымен қатар өндірістік емес салада да ұзақ уақыт бойы, яғни бір жылдан артық уақыт пайдаланылатын, өзінің бастапқы түрін, көлемін сақтай отырып, құны шығарылған өнімге біртіндеп ауыстырып отыратын еңбек құралдарын айтады.

Негізгі капиталға жататындар: жылжымайтын мүлік (жер телімдері, ғимараттар, құрылыстар, көп жылдық екпе ағаштар және басқа да жермен байланысты және оларды оның міндетіне залал келтірмей жылжыту мүмкін болмайтын нысандар), машина мен құрал-жабдықтар, өткізгіш тетіктер, өлшеуіш машиналар мен техникалар және олардың бағдарламалық құралдары, тасымалдау құралдары, аспаптар, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандары, жұмыскер және өнім беретін мал басы, арнайы саймандар және өзге де негізгі капитал.

Кәсіпорында негізігі капиталдың есебі №6 БЕС-ке сәйкес ұйымдастырылады. Осы стандарт негізгі капиталдың есебін жүргізудің, субъектіге жататын меншік құқығын, шаруашылық пен оралымдық басқару жүйесін анықтайды.



Мақсатына қарай материалдық активтер есепте негізгі кпитал, тауарлық материалдық қорлар және қаржылық инвестициялар түрінде көрсетіледі. Негізгі өндірістік қорлар қоғамның материалдық-техникалық негізінің едәуір маңызды бөлігін құрайды. Оның қаншалықты тиімді пайдаланылуына, қайтарымы қандай болатынына байланысты оған тұтынылатын еңбек өнімділігінің өсімі, ұлттық табыс өсімі байланысты болады [20].

Жоспарланған шағын кәсіпорынның негізгі өндірістік қорларының мөлшерін анықтау келесі есептеулердің негізінде жүргізілді. НӨҚ жалпы құнын табу үшін келесі әдістеме қолданады. Шығарылатын өнiмнiң көлемдерi және олардың орташа нарықтық бағаларының негiзiнде, кәсiпорынның тауарлық өнiмiнiң жуықталған көлемі анықталады: ТПп=

мұндағы: ТПп – болжам бойынша тауарлық өнім, м.тг

В – өнделетін өнiм көлемi, т., дана

Ц – өнiм бiрлiгiнің орташа нарықтық бағасы, м.тг.

Сонда,

ТПп=908,7*150+1089,3*150+1201,8*150+1201,8*150+2749,35*150+2029,17*150+2226,3*250+97,5*800+826,2*500+842,55*600=2930223 мың тг



Тауарлық өнiмдi анықтағаннан кейiн, НӨҚ бағасы одан процент бойынша есептеледi. Сүт өндiрiсi үшiн 30-35%. НӨҚ құрамы бойынша есептеулер келесі құрылымдар бойынша жүргізіледі [21].
Кесте 3 – НӨҚ құны және құрылымы

НӨҚ түрлері

Сүт өндеу

%

мың тг.

Барлығы НӨҚ

100

879066,9

Оның ішінде а) Өндірістік ғимарат

20

175813,38

б) Әкімшілік ғимарат

5

43953,345

в) Технол. Жабдық және мишиналар

35

307673,415

г) Күш машиналары

10

87906,69

д) Транспорт құралдары

15

131860,035

е) Құрылыстар

10

87906,69

ж) Басқа қорлар

5

43953,345

4.2 Шикізат және негізгі материалдар шығындарын анықтау


Шикізат, материалдық, отын және энергетикалық ресурстар кәсіпорын мен бүкіл мемлекет экономикасының қалыпты қызметі үшін негіз болып табылады. Шикізат, материалдар, отын, энергия – бұлар еңбек затына жатады, яғни олар еңбек құралы мен адам еңбегінің әсеріне тап болып, нәтижесінде адамның өндірістік және жеке қажеттілігін өтеу үшін өздерінің түрлері мен қасиеттерін өзгертеді. Бұл ресурстар өнеркәсіптің материалдық-техникалық базасының заттық әлементі болып табылады. Олар айналым қорының құрамына кіріп, толығымен өзінің құнын дайын өнімге өткізеді.

Өнеркәсіпте өндірілген өнім мен шикізат сапасы өндірістің экономикасын арттыруда маңызды роль атқарады.

Шикізат ресурстары әр түрлі өндіріс өнімдерін шығару үшін пайдаланылған еңбек заттарының жиынтығы түрінде болып келеді. Пайдалану дәрежесіне байланысты шикізат ресурстары негізгі және көмекші болып бөлінеді.

Негізгі шикізатқа жаңа дайындалған өнімнің материалдық негізін қалайтын еңбек заттары жатады. Дайын өнімді дайындауға мүмкіндік жасайтын бұйымдар көмекші шикізатқа жатады [20].

Кәсіпорында шығарылатын өнiмнiң ассортиментi, көлемi және қолданылатын технология негiзiнде негiзгi өндiрiстiң шикізаттағы, негізгі материалдардағы натуралдық және ақшалай қажеттілігі анықталады. Шикiзатқа деген қажеттiлiктердi есептеу үшiн оны өңдеудiң технологиялық ерекшелiктерiн, жоғалтулар нормативтерiн және өнім шығу және шикізат жұмсау нормаларын ескеру керек. Есептеулерде әртүрлi өндiрiстiң өзiнiң ерекшелiктерi ескерiлуi керек. Шикiзатқа деген қажеттiлiк есебi өнiмнiң әрбiр түрi үшiн жеке есептелiнедi. Өнiмдi шығару көлемi және әрбiр өнiм бiрлiгiн өндеу үшiн кеткен шикiзаттың шығын нормалары (сүт өндiрiсi үшін) сияқты көрсеткiштердi қолдану керек. Сүт өндiрiстерiнде шикiзатты өңдеуден шығатын қалдықтарды (сарысу, кесінділер) пайдалынатын шикiзаттың бағасынан алып тасталынатын қосымша өнiмдердiң бағасын есептеп, ескеру керек. Жалпы есептеулер өндіріс бойынша жеке берілген кестелерде келтірілген. Негiзгi материалдардың (дайын өнiм құрамына қоспалар ретiнде кiретiн тұз, қант, т.б.) шығындары ұқсас әдістеме бойынша табылады: яғни натуралды бірлікпен келесі формула бойынша табылады:

Пнат = В * Нр,

мұндағы В – берілген өнім түрінің жылдық көлемі,

Нр – өнiм бiрлiгi үшiн негiзгi материал түрiнiң шығын нормасы;

Ақшалай бірлікпен:

Пқ = Пнат * Цм ;

мұндағы Цм – материал бiрлiгiнiң бағасы, тг.

Есептеулер қорытындылары төменде берілген кестелерде келтірілген [21].

4.3 Көмекші материалдарға кететiн шығындар есебi
Көмекші материалдарға өнiмнiң сақталуын, тасымалдануын, маркiленуiн, ыдысталуын қамтамасыз ететiн материалдар жатады. Көмекші материалдарға кететін шығындар келесi формуламен анықталады:
Зк.м = В * Нр * Ц

мұндағы В – шығарылатын дайын өнім көлемi;

Нр – өнiм бiрлiгi үшiн көмекші материалдардың шығындалу нормасы;

Ц – көмекші материалдар бiрлiгiнiң бағасы.

Көмекші материалдарға және ыдыстарға кететін шығындар есебінің нәтижелері төменде берілген кестелерде келтірілген [21].

4. 4 Энергия және отынның барлық түрлерiне кететiн шығындар есебi.


Энергияға (электр энергиясы, су, суық, жылу, бу, және т.б.) және отынға шығындар есебi негiзгi және көмекші материалдарға кеткен шығындар сияқты анықталады, яғни энергияның шығындалу нормалары, энергия түрлерінің бағалары қолданылады. Энергияға, отынға кеткен шығындар екi бөлiкке бөлiнедi: технологиялық мақсатқа кеткен шығындар, сонымен қатар жалпы шаруашылық мақсаттарға кететiн шығындар. Егер технологиялық мақсаттағы шығындар жоғарыда көрсетiлген формуламен анықталса, жалпы шаруашылық мақсаттағы шығындар жалпы энергетикалық шығындардың 30 %-н құрайды. Жалпы энергетикалық шығындар технологиялық мақсаттарға кететiн энергетикалық шығындардың көлемiн 0,7 коэффицентіне қатынасымен анықталады. Одан кейін жалпышаруашылық мақсаттағы шығындар анықталады [21].

5 Кадрлар және еңбек ақы төлеу жоспарын құрастыру


Еңбек нарығы – бұл жұмыс күшін, адамның еңбек ету қабілетін тауар түрінде сатуға және салып алуға байланысты болатын экономикалық қатынастар жүйесі. Еңбек нарығы жоғары мамандықты талап ететін еңбектің беделінің сөзсіз көтерілуіне әсер етеді. Осының арқасында әрбір жұмыс орнының бағасы артады. Жұмыскерлерге және олардың еңбегіне, сапасына деген талап күшейеді. Еңбек нарығына барынша қабілетті және іскер жұмыскерлерді ынталандыру аса маңызды орын алады. Еңбек нарығы жұмыс күшін толық бағалауды қамтамасыз етеді.

Кәсіпорын персоналы – материалдық игіліктер, қызмет көрсетулер және басқа да қажеттіліктерді қамтамасыз ету үрдісінде әр түрлі функция атқаратын жеке тұлғалардың жиынтығы. Жеке тұлғалар заңды тұлға болып табылатын кәсіпорынмен жалданып жұмыс жасау келісімі арқылы реттелетін қатынаста болады. Тек жалдамалы жұмыскерлер ғана емес, сонымен бірге кәсіпорынның нақты жұмыстарына араласатын, өзінің табыс бөлігіненқоса еңбекақы алатын жеке тұлғалар – кәсіпорын иелері мен үлесшілері де мұндай қатынастарда болады.

Кәсіпорын персоналының құрылымы. Барлық кәсіпорындарда персоналды негізгі және көмекші, басшылар, мамандар мен жұмыскерлер деп бөлу қарастырылған. Еңбектік әлеует – еібекке қабілетті әр түрлі топтағы адамдар санының, сапасы мен өлшемінің интегралдық сипаттамалары. Оның сандық сипаттамасы – нақты бір күндегі немесе белгілі бір кезеңдегі персоналдың нақты саны.

Персоналдың саны мен құрылымы кәсіпорынның ерекшелігіне, оның салалық өзгешелігіне байланысты болады. Персонал құрылымы абсолютті өлшемдер және пайыздармен сипатталады.

Персонал нақтылығының көрсеткіштері. Персонал нақтылығы оның сандық көрсеткіштерімен сиаптталады. Персонал саны белгілі бір күнде (мезгілдік көрсеткіш) және кезең аралығында (аралық көрсеткіш) анықталуы мүмкін. Белгілі бір күнде тізімдік, жұмысқа шыққан және нақты жұмыс атқарған жұмыскерлер саны анықталады. Жұмыскерлердің тізімдік құрамына ксіпорын штатындағы жұмыскерлер, сонымен бірге келісім бойынша жұмыс істейтін жұмыскерлер кіреді. Тізімдік құрамға тұрақты, уақытша және маусымдық жұмысқа алынған барлық жұмыскерлер кіреді. Сонымен бірге, нақты жұмыскерлер мен уақытша жұмыс істемейтіндер де кіреді.

Кезең ішінде персонал қозғалысы болып, персонал саны өзгереді. Сондықтан кезең ішіндегі жұмыскерлердің саны орташа өлшемдермен есептеледі. Негізгі маңызды көрсеткіш – персоналдың орташа тізімдік саны. Бұл көрсеткіштер кәсіпорынның өндірісітік қызмет көрсеткіштерін есептеу үшін қолданылады. Жұмыскерлердің орташа тізімдік саны есептелуде төмендегілер ескеріледі:



  • Тізімдік құрамындағы жұмыскерлер;

  • Сыртқы қосымша қызмет істеушілер;

  • Азаматтық-құқықтық келісім бойынша жұмыс атқаратын жұмыскерлер;

  • Тізімдік емес құрамда тұратын басқа тұлғалар.

Аталған жұмыскерлердің сұралуы персоналдың орташа тізімдік санын айқындаумен қатар, еңбекақы қорын анықтау үшін негіз болып табылады. Бір айдағы персоналдың орташа тізімдік саны анықталады:

ТЗС=бір айдың әр күніндегі жұмыскерлердің тізімдік санының қосындысы/бір айдағы күнтізбелік күндер саны [20].

Өндірістің барлық түрлері бойынша негізгі жұмысшылардың санын есептеу үшін әрбір жұмысшының жұмыс уақытының тиімді қорын анықтау керек, яғни жұмыс уақыттың балансы құрылады [21].

Кесте 9 – Жұмыс уақытының балансы



Көрсеткіштер

Мәлімет

1. Жұмыс уақытының күнтізбелі қоры, күн

365

2. Демалыс және мейрам күндері

58

3. Жұмыс уақытының номиналды қоры, күн

307

4. Жұмысқа шықпау күндердің саны, күн

35

оның ішінде а) сырқатқа байланысты

6

б) босануға байланысты

4

в) оқумен байланысты

3

г) кезекті және қосымша демалыстар

15

д) заңмен рұқсат етілген басқа себептер

2

5. Жұмыс уақытының нәтижелі қоры, күн

272

6. Сменаның орташа ұзақтығы, сағ.

7,8

7. Жұмыс уақытының қоры, сағат

2122

8. Смена ішіндегі үзілістер, сағат

122

9. Нәтижелі жұмыс уақыт қоры, сағат

2000

жүктеу 0,86 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау