Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі с. У. Қалдыбаев, А. С. Бижанова



жүктеу 3,87 Mb.
Pdf просмотр
бет33/76
Дата02.04.2023
өлшемі3,87 Mb.
#41962
түріОқулық
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   76
АСУ қаз

3.1-сурет.
Қазақстанның темір жолдарының сұлбасы
Қазақстан көлігін 2015 жылға дейін дамыту стратегиясы 
шегінде жаңа 1 600 км салынып жəне қолданыстағы темір жол-
дар дың 2 700 км электрлендіріледі. 


110
Алғаш рет темір жол бүгінгі күнгі Қазақстан жерімен 1893-
1894 жылы өтті. Бұл тар соқпақты (1000 мм) Покровская Слобо -
да – Орал темір жол желісі еді, жалпы ұзындығы 369 км, олардың 
113 км Қазақстанда төселді. Сонымен қоса, Трансібір теміржол 
магистралінің 190 км Петропавлоск қаласы маңында Қазақстан 
арқылы өтті. 
Бірақ осыған қарамастан, Қазақстандағы теміржол көлігінің 
негізі қаланған жылды 1904 жыл деп есептеу қабылданған, 
осы жылы ұзындығы 1668 км Орынбор-Ташкент магистралінің 
құрылысы басталған. Теміржол желісін бойлай қалалар мен 
өнеркəсіп орталықтары өсті: Ақтөбе, Орал, Түркістан, Қызылорда, 
Арал жəне т.б. 
1914-1924 жылдары Арыс-Пишпек Жетісу жолы салынған 
– болашақ Түрксібтің бөлігі, 1915 жылы - Челябинск-Трроицк-
Қостанай магистралі салынды. Қазақстан жеріне 1915-1917 жыл-
дары ұзындығы 122 км Алтай темір жолы (Новосибирск-Семей)
төселді. Сонымен қоса, Қазақстанның солтүстік-шығысында 
1918 ж. дейін 117 километрлік ені қалыпты Воскресенская жолы 
Екібастұз Воскресенская пристань (Ермак, қазіргі Ақсу) қызмет 
етті, ал орталық Қазақстанда 40 километрлік тар соқпақты 
Қарағанды – Спасск зауыты жолы мен 120 километрлік Байқоңыр 
көмір кені – Қарсақбай жолдары қызмет етті. 
1918 жылға қарай Қазақстан жеріндегі темір жолдардың жал-
пы ұзындығы 2 575 км-ге жетті. 
Кеңестік кезеңдегі алғашқы теміржол құрылысы 1920-1922 
жылдары салынған Петропавловск-Көкшетау учаскесі болды. Ол 
кейін 1926–1931 жылдары Курорт-Бурабай жəне Ақмола бекет-
тері арқылы Қарағандыға дейін жалғастырылған еді, оның жал-
пы ұзындығы 700 км-ден асты. 1924 жылы Құлында-Павлодар 
теміржол желісі салынды. Эмбаның мұнай кəсібін дамыту үшін 
1926 жылы тар соқпақты Гурьев-Доссор жолы салынды. 
1927–1930 жылдары жалғасқан дəуір оқиғасы жалпы ұзын-
дығы 1444 км құрайтын Түркістан-Сібір магистралінің құры-
лысы болды. Ол Қазақстанды Сібірмен байланыстырды жəне 
республиканың экономикалық дамуына жəне көптеген шөл 
жерлердің игерілуіне əсер етті. 


111
1930 жылдары келесі учаскелер салынды: Қарағанды-Балқаш 
(490 км) (Орталық Қазақстан), Шымкент-Ленгер (Қазақстанның 
оңтүстігі), Локоть-Защита (235 км) (қазақстандық Алтай), кейін 
Лениногорск пен Зыряновскіге дейін жалғастырылған.
1936–1939 жылдары Қазақстанды Орталық Ресеймен байла-
ныстырған Саратовқа шығатын Орал-Илецк учаскесі салынды. 
Ұлы Отан соғысы жылдары стратегиялық маңызды теміржол 
магистральдарының құрылысы жалғасты, мысалы: Эмба мұнай 
кəсіптерін Оралмен байланыстырған жəне Ресейдің бірқатар 
аймақтары арасындағы қатынасты жақсартқан Гурьев – Кан-
дагач-Орск (1936–1944) магистралі; негізінен Қарағанды көмі-
рінің Оңтүстік Оралға тиімді жеткізілуін қамтамасыз еткен 
Ақмола-Қарталы (1939–1943) желісі; Көксу-Текелі-Талды қорған 
жəне Атасу-Қаражал учаскелері. Қазақстандық болат магистраль-
дарының ұзындығы 10 мың км жетті. Ұлы Отан соғысы кезеңі 
Қазақстанның темір жолдарында жылжымалы құрамды жəне жол 
шаруашылығын жөндеу бойынша өндірістік базаның жасалуы-
мен де ерекшеленген. 

жүктеу 3,87 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   76




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау