146
- мемлекетаралық жəне жоларалық алмасудың технологияла-
ры мен бағдарламалық қамтамасыздығының кешені, жол жəне
желі деңгейлерінің деректер базаларының өзара есептеулері мен
салыстырылып тексерілуін қамтамасыз ету;
- вагондардың берілгендігі туралы есептік деректерді келісе
отырып тапсыру;
- мемлекетаралық түйіспелер бойынша вагондарды тапсыру
бекетін басқарудың автоматтандырылған жүйесі;
- нөмірлік вагондық модельдерді жүргізудің жалпыжүйелік
құралдары;
- вагон парктері туралы есептерді құрастыруды автоматтан-
дыру;
- вагондарды тасымалдарға дайындауды бақылау жүйесі;
-
цистерналар паркін басқару;
- ТҰАБЖ негізіндегі техникалық сұрыптау темір жол бе кет-
теріне арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйе;
- вагон парктері жұмысының сапалы көрсеткіштерін есептеу;
- бос жартылай вагондар, цистерналар, жабық вагондар, плат-
формалардың техникалық жағдайын жəне олардың тиеуге жа-
рамдылығын анықтау жүйесі;
- жол деңгейінің вагон модельдерінің жағдайын бақылаудың
ақпараттық-анықтамалық жүйесі;
- тасымалдау құжаттарын электронды штемпельдеу жүйесі;
- сыртқы сауда жүктерінің теңіз порттары мен шекаралық
өткелдер арқылы тасымалдаудың
ақпараттық технологиялары;
- шекаралық бекеттерде ұсталған вагондарды бақылау жүйесі;
-
жол-желілік деңгейдің кіреберіс жолдарының вагондық
моделін жасай отырып, кіреберіс жолдарда вагондардың болуын
нөмірлері бойынша бақылаудың, сонымен қатар, вагондардың
тиеу-түсіру бекеттерінда тұруын бақылаудың автоматтандырылған
жүйесі;
- вагондармен жұмыс жөніндегі диспетчердің автоматтан ды-
рылған
жұмыс орны;
- вагондардың бөлінген түрлері мен пойыздардың жекелеген
түрлерінің қозғалуын бақылаудың автоматтандырылған жүйесі;
-
жүк вагондары паркі деректерінің автоматтандырылған
банкі.
147
Жүйеде жол мен желінің динамикалық вагондық модельдері
маңызды, олар жүк жұмысы, жүк паркі ва
гондарының жалпы
жəне нөмір бойынша болуы мен оны құ райтын элементтер бой-
ынша деректердің толық ұқсастығын қамтамасыз етеді.
Жүйеде бірыңғай динамикалық вагон моделі қалыптасты-
рылған жəне сақталады, ол пойыздар, вагондар мен жүктермен
операциялар туралы деректер бір рет
енгізілген уақытта олардың
көп мəрте пайдаланылуын қаматасыз етеді, бұл ақпараттың
нақтылығы мен оның əртүрлі қосымшалардағы ұқсастығын арт-
тырады.
Пайдаланушының АЖО-да техникалық құралдарды пайда-
лану. ДАЖПАРК жүйесі «ҚТЖ» ААҚ-ның автоматтандырылған
ақпараттық жүйесінде маңызды қолданбалылардың бірі болып
табылады жəне SAS-технологиялар негізінде дамиды. Жү
йе-
нің пайдаланушылары онымен желілік деңгейде кешенді ақ-
параттық-есептеу желісі арқылы өзара əрекет етеді. Ол теле-
к
оммуникацияның бағдарламалық-техникалық
құралда
рының
кө ме гімен деректер базаларын (mainframe), серверлер мен пай-
да ла ну шылардың АЖО-ын өңдеу мен жүргізудің қуатты құрал-
дарын біріктіреді.
ДАЖПАРК-те əрбір вагон туралы, олармен жүзеге асырыла-
тын жүзге жуық ықтимал операцияларды қамтитын мəліметтер
болады. Бұл вагон паркінің жұмысын дəл бағалауды жүзеге асы-
руға мүмкіндік береді жəне сол арқылы жүк тасымалдарының
сапасын автоматты түрде басқарудың алғышарттарын жасайды.
Жүйенің 1-ші кезегінің ақпараттық технологияларын өнеркə-
сіптік пайдаланымға енгізу айналымнан дұрыс емес жəне нө-
мір
лері бұрмаланған 4 мың вагонды алып тастау нəтижесінде
бұрын əрекет еткен технологиялармен салыстырғанда маңызды
өндірістік тиімділік əкелді. Бұл, негізінен, жүктерді жоғалтудан
болатын ықтимал шығындардың алдын алуға мүмкіндік берді.
Сонымен қоса, жүктерді жеткізу мерзімдерінің асырылғандығы
үшін айыппұлдар 1,5
есе азайды, сонымен қатар, вагондарды
жөндеу көлемдері желі бойынша орташа есеппен 20 %-ға азайды.
ДАЖПАРК жүйесінің тиімділігі келесілер нəтижесінде қам-
тамасыз етіледі:
148
- тиеу туралы өтінімдерге вагондарды автоматты түрде тіркеу
жолымен вагондардың бос жүрісін қысқарту;
- жүк жіберушілер мен жүк алушыларға вагондардың тұрған
жері, келу уақыты туралы ақпарат беруді арттыру;
- вагондарды жалға жəне оператор компанияларға ұсынудан
түсетін табысты арттыру;
- жеткізу мерзімдерін бұзу жəне сақталмаған тасымалдардан
болатын
шығындарды азайту;
- қолданыстағы паркті пайдалануды жақсарту арқылы жаңа
вагондар сатып алуға жұмсалатын ақша салымдарының көлемін
азайту;
- вагондар паркін оңтайлы пайдалану нəтижесінде «бөтен» ва-
гондарды пайдалану үшін төлемдер көлемін қысқарту.
Достарыңызбен бөлісу: