WWW.ENU.KZ
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ САБАҒЫНДА МОДУЛЬДІК ОҚЫТУ
ТЕХНОЛОГИЯСЫН ПАЙДАЛАНУ
Әндірбаева В.
4-курс студенті
Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к., доцент А.З.Тілеуова
Ақтӛбе мемлекеттік педагогикалық институты, Ақтӛбе қаласы
Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік
білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-
тәрбие үрдісіндегі елеулі ӛзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру
парадигмасы ӛзгерді, білім берудің жаңа мазмұны пайда болуда.
Оқушы тұлғасының дамуына ықпал жасайтын сабақтар үлгісінің бәріне
жүктелетін міндеттер жүйесі тӛмендегідей:
- оқушылардың базалық білім, ептілік дағдыларын игеру жүйесін
жетілдіру;
- оқушылардың танымдық қызығуларын, оқуға деген мотивациясын
дамыту;
- оқу материалын игеруде және оның іс-әрекеттерінде жете ұғынуға
талпындыру;
- белгілі
бір мәселе шешуде оқушылардың ынтамақтастығын,
серіктестігін ұйымдастыру;
- кӛбіне оқу жұмысының топтық түрлерін қолдану;
- оқушылардың ӛзіндік жұмыстарының ізденісті-зерттеу түрлерін
ұйымдастыру;
- оқу үрдісінде компьютерлік технологияларды қолдану;
- оқыту барысында әртүрлі шапшаңдықпен және әртүрлі кӛлемді оқу
материалын игерудің мүмкіншілігін ашу;
- дамытушы оқытуға арналған ойындарды қолдану;
Қазіргі таңда қазақ әдебиеті сабақтарын оқыту барысында кӛптеген ірі
блокты жүйелі түрдегі модульдер қолданылуда. Соның негізіне орай
модульдік оқыту технологиясы назардан тыс қалмайды.
Модуль - бір-бірімен тығыз байланысты ірі блоктар, бағдарламадағы
тақырыптар. Блокты модульды оқыту барысында, яғни оқушы бойында
бұрыннан қалыптасқан еңбек іс-әрекет тәсілдері мен жаңа іс-әрекет
тәсілдерін ӛзара жинақтау нәтижесінде оқушылар бойында шығармашылық
іс-әрекеттерді қалыптасады.
Оқу модулінің құрылымы мына жобада жасалады:
1) ӛзекті мәселені қою;
2) ӛзекті мәселені талдау және мұғалімнің қажетті кіріспе ақпаратты
хабарлауы;
WWW.ENU.KZ
3) ӛзекті мәселені шешу мүмкіндіктерінің кӛрінуі. Оқушылар шешуге
болады деген ӛзекті мәселелері ұсынады. мұғалім бұл ұсынысты толық
түсіндіріп береді.
4) Ӛзекті мәселені жаңадан құру
5) жаңадан құрылған ӛзекті мәселенің бір нұсқасын бірге талдау
6) Бейнелік ұқсастықтарын ұсыну. Тікелей жекелік фантастикалық
ұқсастықтар беріледі.
7) алға қойылған ӛзекті мәселені талапқа сәйкес шешімдері немесе
белгіленген топпен шешуге ықпал етуге дайындау.
Модульдеп оқыту технологиясы бойынша берілетін тапсырма шағын
бӛліктерге берілетін тапсырма бӛлініп беріледі. Әр бӛліктің ӛз алдына
жекелеген мақсаты болады. Шағын мақсат нәтижеге тез оңай жетуге
мүмкіндік береді [1.25].
Модульдік әдіс бойынша оқушыға мынадай талаптар қойылады:
тыңдай білу, тыңдау арқылы түсіну, диалогты сӛйлесу, оқу, оқуға дайындалу,
жазу, монологты сӛйлесу.
Қазақ әдебиеті сабақтарында оқытудың тұтас технологиясын жобалау,
алға қойған мақсатқа жетуді кӛздейтін педагогикалық үрдіс түзу. Мұғалімге
нәтижені талдап түсіндіріп бере алатындай жүйені таңдау және құру.
Технология жобасындағы негізгі обьект оқу тақырыптары дидактикалық
модуль.
Қазақ әдебиеті сабақтарында модульдік оқытудың тиімділігі:
- әр оқушы ӛздігінен жұмыс істеуге дағдыланады;
- оқушының жеке қабілеті айқындалады;
- іштей бір-бірінен қалмауға тырысады;
- тапсырмалардың күрделену деңгейіне сәйкес оқушылардың ойлау
қабілеті артады;
- әр бала ӛз деңгейіне, қабілетін қарай бағаланады;
- жұмыс дәптерінің соңында әр деңгейді орындағаны жайлы белгі
қойылып, жиналған ұпай санын оқушылар ӛздері жазып отырады;
- сынып оқушылары толық бағаланады және әр оқушы ӛзінің алатын
бағасын біледі.
Мазмұнына бірнеше рет қайтып оралу арқылы оқушының қарапайымнан
күрделіліктеріне репродуктивтік білімнен шығармашылық ізденіспен жұмыс
жасауына, түсіну деңгейінен тасымалдау деңгейіне дейін меңгеруге
мүмкіндік туғызады.
Мұғалімнің
модульге
енуге
дайындық
жұмыстары
мынандай
қадамдардан тұрады:
1 қадам. Міндетті білім, іскерлік, дағдылардың кӛрінуі, берілген тарау,
бӛлім немесе тақырып бойынша курстың бағдарламасын, білім берудің
мақсаты мен міндеттерін меңгерту;
2 қадам. Модуль бойынша негізгі кілті болатын, негізгі мазмұнын
кӛрсететін сӛздер мен тақырып бойынша негізгі мазмұнын бӛліп алу.
WWW.ENU.KZ
3 қадам. Берілген модуль бойынша оқу материалының барлық
мазмұнымен танысу.
4 қадам. Барлық тақырыптар бойынша тірек схемаларын дайындау.
5 қадам. Оқу модулінің жалпы мазмұны бойынша тест тапсырмаларын
құру.
6 қадам. Пәннің ерекшеліктеріне саәйкес релелік сынақ, сынақхат немесе
бақылау жұмыстарын дайындау.
7 қадам. Диалогтық бӛлімді дайындау. Сабақты ұйымдастыру түрлері
ойластырылады. Оқу материалының мазмұнына сәйкес әр түрлі деңгейдегі
тапсырмалар дайындалады. Енді оқу модулінің әрбір структуралық
құрылымына жеке-жеке тоқталайық [2.388].
Модульдік оқыту технологиясының негізі – модуль. Осы технологияны
басшылыққа ала отырып, бағдарламада берілген тақырыптарды логикалық
бір жүйеге келтіріп, модульдерге бӛлдім. Бұл модульдік оқытудың негізгі
идеясы – жаңғырту. Оның мазмұны:
1. оқытудың жалпы мақсатын қою;
2. жалпы құрылған мақсатты нақтыландыруға кӛшу;
3. оқушылардың білім деңгейін алдын-ала бағалау;
4. оқу әрекеттерінің жиынтығы;
5. нәтижені бағалау
Оқушыларды оқу мақсатымен модульмен таныстырамын. Оқушылар:
оқу мақсатын, ӛзіне қойылатын талапты, лексикалық және грамматикалық
тақырыпты, модульдің мазмұнын, жұмыс-үрдісін, нәтижесінің бағаланып
және түзетіліп отыратынын біледі.
Оқыту модулі үш құрылымдық бӛлімнен тұрады:
1. кіріспе (модульге, тақырыпқа енгізу)
2. сӛйлесу бӛлімі (оқушылардың ӛзара сӛйлесуін ұйымдастыру)
3. қорытынды бӛлімі (бақылау, тест)
Әрбір оқу модуліндегі сабақ санының ауытқуы тақырыпқа байланысты
бестен тоғызға дейін тиімді деп есептеймін, себебі сӛз қорының молаюы аз
мӛлшермен беріліп қайта-қайта жаңартылып, ӛз пікірін ортаға сала
алатындай болуы керек.
Модульдік оқыту технологиясының міндетті шарттарының бірі –
оқытуды ойын түрінде және түрлі белсенді оқыту формалары арқылы
ұйымдастыру. Бүгінгі таңда ойын оқыту үрдісінің тиімді тәсілдерінің бірі
деп есептеледі. Ол сабақта табиғи тілдік қатынас жағдайын құруға әсер етеді,
оқушыларды оқу үрдісіне белсенді қатысуға еріксіз тартады, ынталандырады,
пәнге деген қызығушылығын тудырады.
Модульдік оқыту жүйесінде іскерлік ойын арқылы оқытудың да
маңызы аса зор. Оқушылар әртүрлі проблемаларды талдайды, оның шешу
жолдарын іздестіреді. Мұндай сабақтар оқушылардың логикалық ойлау
қабілетін дамытады, пәнге қызығуын арттырады, ӛмірде кездесетін түрлі
қиындықтарды жеңуге тәрбиелейді.
Ойындарға ӛз алдына қойылатын жеке талаптары бар. Олар:
WWW.ENU.KZ
- ойынның мақсаты нақты әрі керекті кӛрнекіліктер мен материалдар күн
ілгері дайындалып қойылу керек;
- ойын ережелері оқушыоардың түсінуіне оңай, қарапайым әрі шағын
болуы тиіс;
- ойынға оқушылардың түгел қатысуын қамтамасыз ету қажет;
- ойын жүру барысында мұғалім балалардың түгел қатысуын
қадағалаумен қатар, олардың ойын үстінде шешім қабылдай алуларына,
ойлана білулеріне жол кӛрсетуі қажет.
Психологтардың бекітуі бойынша бӛлімді жақсы меңгеру үшін мақсатты
оқушылар қабылдау керек, яғни қозғаушы күш болып себептілікке айналу
қажет. Ол үшін психологтардың пікірі бойынша мақсатқа жету жолдарын
бӛліп кӛрсету [3.7].
Жаңа білімдер енді-енді қалыптасып жатқанда оны сӛзбен жеткізу ӛте
ауыр. Жаңа сабақты түсіндірген кезде белгі модульдерін сызбаларын қолдану
неғұрлым тиімді екенін эксперимент дәлелдеп отыр. Адам қандай да
болмасын құбылысты түсінгендігін, меңгергендігін сезім арқылы кӛрсету
керек.
ХХІ ғасырдың жан-жақты зерделі, дарынды, талантты адамын
қалыптастыру бағытындағы білім беру ісі бүгінгі күннің талабы.
Қазақстанның дамуына білім мен ғылымның әсер етуі үшін дүниежүзілік
кеңістігіне ену, оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алуға оқу
әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылуда. Осы тұрғыдан алғанда бүгінгі
таңда мұғалімге білім берудің тиімді жолдарын қарастыру, таңдау еркіндігі
тиіп отыр.
Модульдік
технология мұғалімнің алдында тұрған кӛптеген
мәселелерді шешуге кӛмектеседі:
- жалпы білім сапасын жоғарылату;
- сабақтың тиімділігін жоғарылату;
- дарынды оқушылармен жұмыс жүйесін жасау;
- оқушылардың мақсаттарына жету жолындағы жетістіктерін есепке алу
жүйесін жасау;
- жеке тұлғаның ӛзін-ӛзі реттеуі, ӛзін-ӛзі тәрбиелеуі, ӛзін-ӛзі дамытуы.
Модульдік технология алға қойған мақсатқа оқушылармен бірлесе
отырып проблемаларды шешуге мүмкіндік береді.
Модульдік
оқыту
технологиясының
тұлға
қажеттіліктерін
қанағаттандыруда және оны дамытуға ықпалы зор.
Жас ұрпақты білімді ӛз бетінше меңгеруге, ойлау, есте сақтау, ауызша
және жазбаша дамытуға дағдыландыруда модульдік технологияны оқытудың
маңызы зор [4.12].
Қорыта келе, оқушының құзырлылығы модульдік оқыту технологиясы
арқылы дамиды. Оның ішінде мәтінмен жұмыс арқылы танымдылық
қабілеттері, танымдық процестері дамып, сӛздік қоры молаяды, оқытуда
жағымды әрекет қалыптасады. Ұстаздың басты мақсаты – шәкіртінің ӛзінен
WWW.ENU.KZ
де білімі терең, дәрежесінің биік болуы. Сол кезде ғана қоғамда алға жылжу
үрдісі жүреді.
Пайдаланылған әдебиет
1. М. Жанпейісова «Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту
құралы ретінде» Алматы, 2002
2. Оқушылардың
іскерлік
қарым-қатынас
тілін
дамытуда
М.М.Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясымен оқытудың
тиімділігі» // «Білім сапасын бағалаудың мәселелері: Әдіснамалық негізі
және
практикалық
нәтижесі».
Халықаралық
ғылыми-практикалық
конференцияның материалдары. Кӛрме материалдары. Жинақ. – Алматы,
2008. – 388 б.
3. Ана тілі газеті Г. Жайдарова // Модульдік оқыту технологиясының
қолданылу облыстары / №7 2010
4. Сыныптан тыс журналы Ж. Айбарова // Әдебиет сабақтарындағы
модульдік оқытудың ерекшеліктері / № 5 2011
Достарыңызбен бөлісу: |