17
3.
«Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» журналы №1/2018
4.
http://g.engime.org/filologiya-mamandiyeina-arnalyean-v7.html?page=6
5.
Отбасылық дағдарыс психологиясы., Ф. Бизақова, Ш. Мамашбаева, «Фолиант» баспасы, Астана
2010
УДК 372. 2.
ТӨМЕНГІ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫМЕН ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРДЫ
ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ
Бейсенбиева Қ.С.
(БОПӘ-15қ тобының студенті)
Ибраева К.И.
(БМДББТӘ кафедрасының)
Қазіргі кезде Қазақстан мектептерінде педагогикалық тәуелсіз мемлекетіміздің
ертеңі ұрпақтың рухани байлығы, мәдениеті, саналы ұлттық ойлау қабілеті мен білміне,
іскерлігіне байланысты.Мектеп оқушысына саналы білім мен сапалы тәрбие беру
мұғалімнің қызметіне, оның шығармашылығына байланысты. Мұғалім өз жұмысына
жаңаша көзқараспен, ізденіспен қарап, ғылыми тұрғыдан зерделеп ұйымдастыру
нәтижесінде ғана тиісті нәтижеге жететіні белгілі. Сондықтан мектепте мұғалімге
өзінің іс-тәжірибесін дамытуға мүмкіндік тудырып, ортаны қалыптастыру маңызды.
Осы орайда егеменді еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін
жасалынып жатқан талпыныстар оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып,
терең білімді, іздемпаз, барлық іс-әрекеттерінде шығармашылық бағыт ұсынатын, сол
тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлға тәрбиелеу ісіне ерекше мән берілуде.
Демек, мектептегі оқу үрдісі оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып,
шығармашылық әрекетін дамытуына жол ашуы қажет.
Оқушының өздігінен білім алу өз еркімен жүйелі жұмыс істеуді талап етеді
.Өздігінен білім алуды оқушылардың күнделікті рухани қажеттігіне айналдыру
мәселесіне мән берілмей келеді. Өздігінен білім алу әрекеттің мақсат–міндеттерін,
мазмұнын, ұйымдастыру жолдарын оқушылардың өздері анықтап, іске асыруына
байланысты. Ал оларға кеңес, нұсқау, жалпы бағыт беріп, басқарып отыру – мұғалімнің
міндеті. Ахмет Байтұрсынов оқушының өзіндік жұмысының маңызын бала білімді
тәжірбие арқылы өздігінен алу керектігін атап айтқан болатын. Жалпы білімге деген
құштарлық – кез келген сыныптағы балаға тән қасиет. Күн сайын жаңа бір нәрсені
білуге ұмтылу – бала үшін зор қуаныш, үлкен мерей.
Балаға оқуды, есептеуді, жазуды, басқалармен дұрыс қарым-қатынас жасауды
және мектеп пен жалпы адамзаттық ерекшеліктерге сәйкес өмір сүрудің алғашқы
тіртібін үйретуге өте көп күш, жігер қажет. Сондықтан болар бастауыш сыныптарда
әрқайсысы жеке тұлға дейтіндей талантты ұстаздар жұмыс істейді. Қоғамның
қарқынды даму кезеңінде мектеп мұғалімдерінің жауапкершілігі үлкен. Мұғалім өз
білімін, күшін және сүйіспеншілігін оқушыларға күнделікті беріп отырады.
Шығармашылықпен айналысатын мұғалім еңбегі ғана нәтиже береді. Бастауыш
сыныпта оқыту және тәрбиенің амзмұнын жаңарту, көтеру мұғалімдерге үлкен
жауапкершілік жүктейді. Бүгінгі таңда жас ұрпақты өз халқының тарихын, тегін, салт-
дәстүрін, тілін білетін, жалпы адамзаттық мәдениетті терең түсінетін шығармашылық
тұлғаға етін тәрбиелеу өмір талабы, қоғам қажеттілігі.
18
Осы саладағы мол тәжірбиеден түйгенім, мынадай тұжырымдар болды.
Оқушының оқу материалымен белсенді түрде жұмыс істеуі, өздігінен жасайтын
жұмыстары олардың белсенділігін арттырады, оқу мен ойлау әрекетінің тиімді амал-
тәсілдерін қалыптастырады.Оқушылардың өзіндік жұмыстарының түрлері сан алуан.
Оларды топтастыру - өте күрделі мәселе. Осы күнге дейін педагогикалық және
әдістемелік әдебиеттерде көпшілік мақұлдаған бұл жұмыстарды топтастыру немесе
классификациялау жүйесі жоқ. Сондықтан оқушылардың өзіндік жұмыстарын
топтастыру үшін бірнеше шарттар мен белгілерді ескермесе болмайды.
Оқытудың мақсат-міндеттеріне, жеке пәннің мазмұнына, ғылым мен оқыту
әдістерінің ерекшеліктеріне, оқушылардың дербестігі мен жалпы даму дәрежесіне,
оқыту процесіндегі алатын орнына, оқушылардың міндетті түрде немесе өз еркімен
істейтін жұмысына тағы басқа белгілеріне қарай олардың өздігінен істейтін
жұмыстарын бірнеше топқа бөлуге болады.Оның ең жиі кездесетін бір тобы — сабақ
мақсатына қарай қолданатын жұмыстың түрлері: а) жаңа білімді меңгеру (материалды
жан-жақты талдау, мұғалімнің ауызша баяндауының жоспарын, конспектісін жасау
тағы басқа тәсілдерге үйрену); ә) жаңа білімді бекіту (түрлі жаттығулар, есеп шығару
тағы басқалар); б) білім мен дағдыларды қайталау, бақылау және тексеру (түрлі
жазбаша,
графикалық, практикалық тағы басқа жұмыстар).
Оқушылардың өзіндік жұмысы білік пен дағды қалыптастырудың тиімді жолы
болғандықтан, оқушылар оқуға қажетті білім пен дағдылар жүйесін меңгеруі қажет.
Мектепте жемісті оқу үшін, оқушы міндетті түрде, мынадай біліктер мен дағдыларға ие
болуы тиіс: 1) сыртқы қоршаған ортаның құбылыстарын бақылай білу; 2) ойлай білу:
нәрселерді салыстыру, қарама-қарсы қою, түсініксіз нәрсеге жауап іздеу, таңырқау; 3)
оқушының, көргенін, байқағанын, істегенін, ойын тұжырымдап айта білуі; 4) жылдам,
мәнерлеп, саналы түрде оқи білу; 5) жылдам және дұрыс жаза білу; 6) оқыған
материалдың мағынасына қарай логикалық бөліктерін айыра білу, олардың өзара
байланыстарын ажырату; 7) өзіне керек кітапты таба алу; 8) өзіне керекті мәселеге
тиісті материалды кітаптан таба алу; 9) материалды оқу- үстінде мәтінге алғашқы
логикалық талдау жасай білу; 10) мұғалімді тыңдай білу және оның әңгімесін қысқаша
жазып алу; 11) мәтінді оқи отырып, мұғалімнің сол мәтінмен қалай жұмыс істеу туралы
берген нұсқауларын ескере білу; 12) көрген-білгендері туралы шығарма жаза білу.
Оқушыларда осындай шеберліктер мен дағдылар жүйесі болмаса, онда олар
ойдағыдай оқи алмайды, оқуға үлгірмейтін, тіпті оқығысы келмейтін де жағдайға
ұшырайды. Оқушылардың дербестігінің даму дәрежесіне қарай, олардың өздігінен
істейтін жұмыстары репродуктивтік және шығармашылық болып арнайы екі топқа
бөлінеді. Репродуктивтік жұмыстарға оқушылардың дайын үлгіге еліктеу негізінде
жасайтын жұмыстары (жай жаттығу, көшіріп жазу, мұғалімнің берген сұрақтарына
кітаптан жауап беру, берілген жоспарға сәйкес оқулықтағы мәтінмен жұмыс істеу, тағы
басқалар) жатады.Оқушылардың бұлардан басқа өзіндік жұмыстарының жеке
оқушының түгел сынып болып немесе топтарға бөлініп әрекеттенуіне қарай дара және
фронтальды формалары болады. Осыған орай оның ұйымдастыру формасын жеке және
фронтальды деп топтастыруға болады. Оқушылардың өзіндік жұмыстарының барлық
топтарын мұғалім оқыту процесінде жүйелі түрде әрқайсысын өзіне тиісті жерінде
қолдануға міндетті. Және оның бір ерекшелігі — оқыту процесінің барлық
кезеңдерінде (жаңа білім беру, оны бекіту, қайталау, бақылау және тексеру) қолдануға
болады.Іздену-таным типіндегі өзіндік жұмыстар. Бұл жұмыстар (проблемалық,
зерттеу) барысында оқушылар өздігінен әрекеттеніп, бұдан бұрын өзіне белгілі үлгіні
еске қайта жаңғыртып қана қоймайды, тапсырманы орындаған кезде өзі бұрын
меңгерген білім мен дағдыларды пайдалана отырып, мәселенің шешімін жаңа тәсілмен