15
7. маскүнемдік;
8. мінездердің сай келмеуі;
9. басқа біреуді жақсы көріп қалу;
10. дін, әлеуметтік жағдайлардың сәйкессіздігі және т.б.
Қазіргі кезде әлемдік актуалды мәселелерінің бірі ол – ажырасу, себебі көптеген
елдерде соңғы кездері ажырасу статистикасы күрт жоғарылаған болатын.
Отбасындағы ажырасу жағдайы тек ерлі-зайыптылардың ғана эмоционалды-
тұлғалық сферасына әсер етіп қана қоймай, сонымен қатар, олардың балаларының,
әсіресе, жасөспірімдік шақтағы балаларының эмоционалды-тұлғалық сферасының
бұзылуын да қамтиды. Осыдан әлеуметтік педагог баланың ата-анасының
ажырасуынқалай қабылдайды, қандай реакцилар болады немесе осы жағдайда балада
қандай күйзелістер туындайтынын болжап,түсіну керек.
Өте жиі ата-аналар баланың ажырасуға деген реакциясын дұрыс түсінбейді, олар
баланың күйзелістік жағдайдан шығуға мүмкіншілік бермейді. Ата-аналар баланың
мінез-құлқындағы өзгерістері, жан айқайы олардың ажырасуымен байланысты
екендігін жиі түсінбейді. Бала көмекке сенгеннің орнына, одан сайын өзін жалғыз
сезініп, ажырасу жағдайына тән аффектілер мен қорқыныштар одан сайын күшейе
түседі. Нәтижесінде ата-аналары ажырасқан отбасындағы баланың бойында әртүрлі
жағымсыз тұлғалық сапалар, қасиеттер, әдет-дағдылар қалыптасуы мүмкін [2].
Балалардың бақылаусыздығы мен қараусыз қалуы – мектеп және әлеуметтік
педагогтың өзекті проблемеларының бірі болып табылады. Аталған жағдайдың
себебінің бірі ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынасқа байланысты. Отбасы
мен мектептің арасындағы ынтымақтастық – бұл ортақ мақсатқа негізделген және ұзақ
нәтижесі болып табылады. Бұл жұмыс ең алдымен отбасы тәрбиесін ерекшеліктері мен
жағдайын ескеруден, отбасын жүйелі, әрі жан-жақты зерттеуден басталады. Бүгінгі
таңда отбасылық тәрбие жүйесі үлкен өзгеріске ұшырауда.
Ажырасу
салдарынан
болатын
психологиялық-педагогикалық
мәселелер
педагогтардың ерекше назарында. Осындай мәселелер ретінде келесілерді атап өтуге
болады:
- баланың әлеуметтік ортаға енуінің күрделенуі және деформациялануы, күнделікті
өмірге әлеуметтік бейімделудің бұзылуы;
- оң әріптестік тәжірибенің, өзара жол беру және шешім қабылдаудың қалыптаспауы
мінез және адамгершілік дамудағы кемшіліктерді қалыптастырады;
- әкесінің немесе анасының жоқтығына байланысты әлеуметтік дискриминация;
- ажырасу барысындағы қақтығыстық отбасындағы, ажырасу процедурасындағы
жағдайлар, сонымен қатар өзінің жаңа ерекше әлеуметтік статусы әлеуметтік қарсы
реакциялардың туындауының тәуекелдігін молайтады;
- балалардың қараусыздығы [3].
Ажырасқан отбасындағы баланың жан дүниесі жарақаттанады. Үлкендер жағы
өздерінің қателіктерін мойындаумен қоса, баланы тыныш қалпында қалдырғаннан
артық шара жоқ. Демек анасы да, әкесі де баламен достасуды ойлау керек. Осының
бәрін табиғи қалыпта дамытуды ескерген жөн. Ата-аналар баланы міндетті түрде
тәрбиелеу қажет. Баланың келешегіне керек ендігі тәрбие:
ешқандай күш көрсету тәлімін жүргізуге болмайды. Бұл – баланың келешігін
сындырады және де құртады;
үлкендердің қатаңдығы мен қатыгездігі арқылы баланы жөндеймін деп ойлау,
кателік. Тек қана мейірімділік пен сүйіспеншілік екі жақты да адамдық сипатқа
жеткізетінін бірден ұғу керек;
16
психологиялық түзету жүргізетін кезеңдердің бәрінде де, басынан бастап, тек
қана төзімділік керек. Тәрбиелік іс-әрекет үстінде – сабырлы ілтипат, салқынқандылық,
ұстамдылық қажет;
баланың саналы түсінгендігіне сенім көрсете отырып, өзара қарым-қатынастың
жетістігі дәлелді де, мазмұнды болғаны жөн. Жеткен жетістіктер әділетті
бағаланғанымен, тым асыра мадақтаудың да орын алмауын қадағалау есте сақтау жөн.
Артық айтқан мақтау сөз, ешқандай жақсылық әкелмейді.
Отбасы ажырасқан жағдайларда балалармен келесі әлеуметтік-педагогикалық
жұмыстар жүзеге асырылады:
- өзара түсінбеушілікті, өнімсіз отбасылық әрекетті, өзара қатынастардағы
қақтығыстарды жою мақсатындағы әлеуметтік-психологиялық кеңес;
- отбасына әлеуметтік ортамен өзара қатынаста өз құқықтарын саналауға және
қорғауға мүмкіндік беретін әлеуметтік-құқықтық кеңес;
- баланың тәрбиесі және әлеуметтенуінде күрделіліктерді жеңуге әрекет ететін
педагогикалық кеңес;
- ажырасудың баланың сонымен қатар ересектердің денсаулықтарына қаншалықты
зиян екенін, оның алдын алу және терапия әдістері жайлы ақпараттайтын медициналық
әлеуметтік кеңес;
- түзету және терапия – ажырасу факторы бойынша «тәуекел топтағы»
отбасылармен
ағарту
кезеңінде
қолданылуы
технологиялық
әлеуметтік
процедуралармен тығыз байланысты [4].
Сонымен қатар ата-ана ажырасуынан деструктивті салдарының біршама
төмендеуіне, тіпті жойылуына мүмкіндік беретін әдістерге әлеуметтік терапиялар,
делдалдық, әлеуметтік диагностика, әлеуметтік кеңес, әлеуметтік бейімделуді
салауатты және кешенді түрде қолдану, әлеуметтік ағарту. Қазақстан Республикасының
Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан
мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Жаңа кезеңдегі
әлеуметтік саясаттың маңызды құрамдас бөлігі ретінде ана мен баланы қорғауды
жариялаймын... Мемлекет үшін және менің жеке өзім үшін де ананы қорғау - ерекше
мәселе» және «Біздің елімізде толық емес отбасылар көп. Мемлекет баланы жалғыз
тәрбиелеп жатқан аналарға көмектесуі керек. Біз әйелдер үшін икемді еңбек түрлерін
қалыптастырып, үйде жұмыс жасауларына жағдай туғызуымыз керек», - деп көрсеткен
болатын [5].
Қорыта келгенде, отбасындағы ажырасу жағдайы отбасы мүшелерінің барлығына,
соның ішінде, жасөспірімдік шақтағы балаларының енді ғана дамып келе жатқан
тұлғалық, эмоционалды, қарым-қатынас және т. б. сфераларына айтарлықтай зардабын
әкеледі. Сондықтан да, отбасында ажырасуды болдырмау, олардың алдын-алу
жолдарын қарастыру әлеуметтік педагог мамандарының ғана емес, сонымен қатар,
жалпы қоғам алдында тұрған үлкен міндет деп санаймын. Ажырасудың бала
психологиясына әсер ауыр болатыны сөзсіз. Ол болашақ тұлғаның дамуына кедергі
келтіріп, әрі болашақта сол баланың отбасын құруға деген қорқынышына әкеп соғуы
мүмкін. Егер баланың санасын таза кітапқа теңесек, оның авторы – ата-ана, редакторы
– психолог пен әлеуметтік педагог, көмекші редакторы – достары мен қатарластары.
Отбасылық өмірге аяқ басқан ерлі-зайыптылар, бір-бірі үшін және болашақ ұрпақ үшін
жауапкершілігі барын сезініп, балаларына үлгі-өнеге көрсете отырып, отбасын
өміріндегі бар байлығы, құндылығы ретінде қабылдаса, болашақ ұрпақ та, қоғам да
жақсарады деп сенемін. Өмірді жақсы жағына өзгерткің келсе, онда өзіңнен баста!
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.
Балалар психологиясы., Ж. Қ. Дүйсенова, Қ. Н. Нығметова, Алматы 2012
2.
http://netref.ru/azirgi-kezdegi-psihologiyada-adamni-iinjafimsiz-sini-jafdajlar.html
Достарыңызбен бөлісу: |