5
Әлеуметтік педагогтардың кәсіптік білім беру жүйесін оңтайландыруға
қойылатын талаптар студенттің ұстанымын өзгерту, олардың қызметі және зерттеу
нәтижелері үшін жауапкершілікті түсіну қажеттілігін тудырады. Сондықтан,
студенттерге әлеуметтік-педагогикалық қолдау жүйесін ұйымдастыруда анықталған
проблемаларды шешудің кешенді бағдарламасы болды: әрбір студенттің оқуына
бағытталған оқулықтар мен кураторлық қолдауды, олардың әлеуметтік педагогикалық
қызметіне назарын аудару, студенттердің құндылық бағыттылығын талдау және
оларды уақытында түзету, студентке психологиялық кеңес беруі және қолдау көрсетуі
және т.б.
Әлеуметтік педагогиканың кәсіби қызметінің мазмұны: балалардың, жеткіншектер
мен жастардың толыққанды әлеуметтенуі мен тұлғалық дамуына бағытталған әр түрлі типтегі
білім беру-тәрбиелеу мекемелеріндегі әлеуметтік-педагогикалық қызмет; қоғамда әлеуметтік
жауапкершілік және халыққа қызмет ету құндылықтарының қалыптасуына септігін тигізу [2].
Әлеуметтік педагогтардың кәсіптік білім беру жүйесінің мақсатты құрамдас бөлігі
болашақ мамандардың жалпы білім беру, тәрбиелеу және білім беру мақсаттарын
жобалауды қамтиды. Заманауи әлеуметтік-педагогикалық білім беру студенттердің
өзін-өзі анықтауын қамтамасыз етуге, өмірдің әлеуметтік және кәсіби салаларында
жеке тұлғаның дамуына және өзін-өзі жүзеге асыруға, оның әлемдік және ұлттық
мәдениеттер жүйесіне енуіне жағдай жасайды. Сонымен қатар, әлеуметтік
педагогтардың кәсіптік даярлау жүйесінің мақсаттары «білім беру» ұғымының
мазмұнын адамның, қоғамның және мемлекеттің мүддесі үшін оқытудың мақсатты
процесі ретінде қарастырады. Оның сапасы болашақ әлеуметтік педагогтың кәсіби
құзыреттілігін дамыту деңгейінде көрсетілетін студенттің жалпы мәдени, жалпы
ғылыми, арнайы (әлеуметтік-педагогикалық) даярлығының жоғары деңгейін
қамтамасыз етуге мүмкіндік береді
.
Осыған байланысты «кәсіптік құзыреттілік» санаты
жоғары оқу орнында әлеуметтік педагогтың кәсіби білім беру жүйесін енгізу, білім
беру және тәрбие үдерістерін ұйымдастыру, дамыту, өзін-өзі дамыту және студенттің
өзін-өзі анықтау сапасының ажырамас сипаттамасы ретінде қарастырылады.
Әлеуметтік педагогқа қойылатын негізгі талап - баланы жақсы көру,
қайырымдылық, коммуникативтілік, өз көзқарасын қорғай алу және т.б. Ол қоғамның
экономикалық, саяси және әлеуметтік талаптарын меңгеріп, оларды қолданысқа ендіре
алады. Демек, кәсіби болашақ мамандар мен педагогтар алдына таңдап алған кәсібі
бойынша
теориялық
және
практикалық
білімді
меңгеру,
әлеуметтік
тәрбиенің мәселелерін көре білу, сезіну, түйсіну және шешу жолдарын қарастыру,
баланы әлеуметтендіруге қолайлы шарт жасау және кедергілерді жоя білуге баулу,
ізгілікті сезімдерін ояту, бауырмалдык, адамгершілік, мейірімділік қасиеттерін
қалыптастыру, өз бетімен шешімін қабылдауға, тартынбай іс-қимылға кірісуге үйрету,
адамдармен қарым-қатынас, байланыс орнатып, мәміле түзе білуге, топта, не болмаса
ірі ұжымда өзін-өзі басқаруға үйрету сынды мақсаттарды қояды.Әлеуметтік
педагогикалық қызмет - баланың,
жасөспірімнің отбасында,
мектепте,
қоғамда қалыпты
қарым-қатынасқа түсуі үшін өзін-өзі ұйымдастыра білуі, психологиялық ұстамдылық
және оқушының ұтымды әлеуметтенуіне әсер ететін баланың ішкі ортасын
ұйымдастыруға, қалыптастыруға әсер етуі. Сонымен қатар, инклюзивтік білім беруде
барлық балаларды, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім
үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне,
жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын
белсенділікке
шақыруға,
баланың
түзеу-педагогикалық
және
әлеуметтік
мұқтаждықтарына арнайы қолдау, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді
оқытуға бағытталған мемлекеттік саясатты іске асыруға тікелей әсер етеді [3].
6
Қазіргі мектептегі әлеуметтік педагогтің негізгі міндеті- әр адамның өмір сүру
сапасынын жақсарту мақсатында жеке тұлға мен қоғам арасындағы өзара жағымды
қарым – қатынас қалыптастыру. Кез келген мәселелерді шешу үшін әлеуметтік педагог
– оқудан тыс – іс – шаралар ұйымдастырушы, бос уақыты тиімді өткізуді
ұйымдастырушы, әдіскер, құқық қорғаушы, әлеуметтанушы, жантанушы (психолог)
рөлдерді
атқарады
[4].
Сондықтан жоғары оқу орындарында қазіргі білім берудің мақсаттары мен
міндеттерін айқындайтын Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасында қабылданған, соның ішінде техникалық және кәсіптік
білім берудің мақсаты: қоғамның және эканомиканың индустриялық-инновациялық
даму сұранысына сәйкес техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту,
әлемдік білім беру кеңістігіне кіруде, педагог мамандығының беделін көтеруде,
білімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда мамандардың кәсібилігі жоғары дәрежеде
болу қажеттілігі туындайды. Демек, кез келген маман иесі кәсібиліктің шыңына жету
үшін, яғни, білім берудің күрделі мазмұнын меңгерген, болып жатқан өзгерістерге тез
бейімделуге қабілетті, тиімді оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру, педагогикалық
үдерістің қазіргі кездегі талаптарына сай бола білу
[5].
Қорыта келе, біртұтас кәсіптік және техникалық білім беру жүйесін енгізу
болашақ әлеуметтік педагогтың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру үдерісін ғылыми
негіздеу, үздіксіз басқару, технологиялық қолдауға және практикалық іске асыруға
бағытталған.Кәсіби педагог қазіргі замандағы білім берудің негізгі мақсаты болып
отырған еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, құзыретті, өз жұмысын жақсы білетін,
жан-жағына бағыт-бағдармен қарайтын, әлемдік стандарт деңгейінде нәтижелі
жұмысқа, кәсіби өсуге, әлеуметтік-саяси оңтайлы тез әрекет жасауға, болып жатқан
өзгерістерге тез бейімделуге қабілетті білікті маман, индустриалды-инновациялық
жағдайды шешуге лайық, өз қалауы мен қоғам талабына сай өзін көрсете білуге бейім,
өз ойын еркін айта алатын, жоғары білімді, ұлттық тілді, тарихты жетік меңгерген,
отандық және әлемдік мәдениетті бойына қалыптастырған, шығармашыл, оңтайлы
маман иесі.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы//Алматы, 2010. 6 б.
2. Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Жоғары білім.
Бакалавриат. Негізгі ережелер. 03.11.2010 № 514.
3. Қазақстан Республикасында 2020 жылға дейінгі білім беруді дамытудың Мемлекеттік
бағдарламасы Астана, 2010.
4. Халитова І.Р. Әлеуметтік педагогиканың өзекті мәселелері. Алматы, 2006.
5. Әтемова Қ.Т. Әлеуметтік педагогика. Алматы, 2012.
УДК 372.2
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ДАМЫТА ОҚЫТУ САБАҚТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ
Амиртай С.
(БОПӘ-15қ тобының студенті)
Ибраева К.И.
(БМДББТӘ кафедрасының)
Жалпы бастауыш білімі оқушылардың танымдық қабілеттерінің дамуы және оқудың
біліктілігі мен дағдысының дамуының негізі болып табылады. Бұларсыз үздіксіз білім беру
тиімсіз. Сонымен бірге, бұл жаста баланың қызметіне, айналасындағы адамдармен қарым-
қатынасына әсер ететін мінезі және оның негізі қалыптасады. Қазіргі кезде дамыта оқыту
технологиясы балаға өз бетінше ойлана білуге, сыртқы ортамен қарым-қатынас жасауына
ықпал етеді. Қарым-қатынас жасау барысында: жоспарлауға, мақсат қоя білуге, қойылған