Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м. Қозыбаев атындағы



жүктеу 2,05 Mb.
Pdf просмотр
бет3/80
Дата26.12.2019
өлшемі2,05 Mb.
#24967
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   80


 
мақсат–міндеттерді жүзеге асырып, қорытындыны талдай білуге дағдыланады. Міне, осындай 
жүйелер  арқылы  «Өзіндік  даму»  жүзеге  асады.    Соның  негізінде  өзіндік      талдау,  жинақтау, 
өзіндік  бағыт  беру,  өзіндік  тәрбие  білім  алу  жүйелері  қалыптасады  [1].  Яғни  дамыта  оқыту 
жеке тұлғаның барлық қасиеттерінің дамуына бағытталады. 
            Жаңа білім беру сабағының құрылымы: 

оқушылардың  ойлау  белсенділігі  жоғары  жағдайда  таным  заңдылықтарын  ескере  отырып 
алғашқы мәліметтер енгізу; 

оқушыларға нені сақтау керектігін нұсқау беру; 

есте сақтауға жағдай тұрғызу; 

хабарлау немесе есте сақтау техникасының өзектілігін айқындау. 
            Мұғалім  жетекшілігімен  тікелей  қайталау  жартылай  қорыту  арқылы  алғашқы  бекіту; 
қысқа, содан кейін ұзақ мерзім аралығында әр түрлі талаптарға негіздей отырып, соның ішінде 
саралау тапсырмаларын орындау арқылы, үнемі жүйелі қайталау. 
            Есте сақтау үшін тірек мәліметтерді білім бақылауларына жиі қосу, білімді есте сақтау 
және қолданудың нәтижесін үнемі бағалау. 
            Білім,  білік,  дағдыны  дамыту  және  бекіту  сабағының  құрлымы.    Оқушыларға  істейтін 
жұмыстың мақсатын хабарлау; ұсынылған тапсырманы орындау үшін оқушыларға білім, білік, 
дағдыларын еске түсірту; оқушылардың әртүрлі тапсырмалар, есептер, жаттығулар орындауы; 
орындалған жұмыстарды тексеру, жіберген қателерді талқылау және оны түзету, үйге тапсырма 
беру.  Білік  және  дағды  қалыптастыру  сабағының  құрылымы.  Сабақ  мақсатын  қою.  Тірек 
болатын  қалыптасқан  білік  және  дағдыларды  қайталау,  тексеру  жаттығуларын  өткізу.  Жаңа 
біліктермен  танысып,  оларды  қалыптастыратын  үлгілерді  көрсету.  Меңгеруге,  бекітуге 
берілген  жаттығуларды  орындау.  Шығармашылық  өзгешелігі  бар  жаттығулар,  ұқсаса 
жағдайларға  ауыстыру  жаттығулары,  үлгі,  алгоритм,  нұсқау  бойынша  жаттықтыру 
жаттығуларын орындап, сабақты қорыту. Үйге тапсырма  
            Қайталау  сабағының  құрылымы.    Сабақтың  басын  ұйымдастыру.  Білімдік,  тәрбиелік, 
дамытушылық мақсаттар қою. Негізгі ұғым, ақыл-ой қорытындысын, негізгі білім, дағдыларын, 
іс-әрекет  тәсілдерін  (ойлау  және  практикалық)  қайталауға  сәйкес  үй  тапсырмасын  іріктеу; 
қайталау жұмысының қорытындысын шығару, сабақта оқу әрекеттерінің нәтижесін тексеру. 
            Білімді тексеру сабағының құрылымы. Сабақты ұйымдастыру. Бұл жерде тыныш, іскер 
жағдай туғызу керек. Мұғалім тексеру және бақылау жұмысымен баланың келесң тапсырманы 
түсіну  дайындығын тексереді. Сабақ мақсатын қою. Мұғалім оқушыларға қандай мәліметтерді 
тексереді  немесе  бақылайтынын  хабарлайды.Балалардан  сәйкес  ережелерді  еске  түсірулерін 
және  жұмысты  пайдалануларын  сұрайды.  Оқушылар  міндетті  түрде  өз  жұмыстарын  тексеріп 
отыруын  ескертеді.  Бақылау  немесе  тексеру  жұмыстарының  (мысал,  есеп,  амалды  орындау, 
диктант,  шығарма  немесе  сұрақтарға  жауап  т.б)  мағынасын  айту.  Тапсырманың  мөлшері 
немесе  қиындық  дәрежесі  әр  оқушының  шамасына  қарай  және  бағдарламаға  сәйкес  болуы 
керек. Сабақты қорытындылау. Мұғалім оқушылардың жақсы жұмыстарын таңдап алып, басқа 
жұмыстарында жіберген қателерді таңдайды және қатемен жұмыс ұйымдастырады (оған келесі 
сабақ арналады). Білім және біліктерінде жиі кездесетін қателерін және кемшіліктерін анықтау, 
сонымен  қатар  білім,  дағдыларын  дамыту  жолдарын  іздестіру.  Білім,  білік  және  дағдыны 
қолдану сабағының құрылымы. 
            Сабақты  ұйымдастыру  (жақсы  психологиялық  ахуал  туғызу).  Сабақтың  мақсатын, 
тақырыбын  хабарлау.  Біліктерін  қалыптастыру  үшін  керекті  жаңа  білімді  зерттеу.  Алғашқы 
біліктерін  қалыптастыруға  бекіту  және  оларды  стандартты  (күнделікті)  жағдайда  қолдану. 
Білім  және  біліктерін  шығармашылықта  қолдану,  дағдыларын  шындау.  Үйге  тапсырма  беріп, 
оқушылар істеген жұмысты бағалаумен сабақты қорыту. 
            Жинақтау – қорыту сабағының құрылымы. Мұғалім кіріспе сөзінде сабақтың мақсатын 
және жоспарын хабарлайды, өтілген тақырып немесе тақырыптардың мағнасын анық көрсетеді. 
Оқушылардың біліктерін дағдыландыруға, құбылыс дәлелдерді қорыту негізінде бар білімдерін 
қалыптастыруға  бағытталған;  жеке  және  жүйелеу  түрін  анықтау.  Жұмыстардың  орындалуын 
тексеру,  түзету.  Өткен  тақырып  бойынша  қорытындыларын  тұжырымдау.Сабақ  нәтижесін 
бағалау, қорытынды жинақтап, үйге тапсырма беру.Аралас сабақтың құрылымы. Оқушыларды 
ұйымдастырып,  үй  тапсырмасын  сұрау.  Сабаққа  мақсат  қою.  Оқушыларды  жақсы  ақпаратты 



 
қабылдауға  дайындау.  Жаңа  тақырыпты  зерттеу  және  түсіндіру.  Осы  және  өткен  сабақта 
өтілген тақырыпты бекіту. Білім және біліктерін қорыту және жүйелеу, алғашқы алынған және 
қалыптасқанды  жаңамен  байланыстыру.  Сабақ  нәтижесін  айтып  қорыту.  Үйге 
тапсырма.Оқушыларға  жаңа  тақырыпты  игеру  үшін  қажет  дайындық  (алдын-ала) 
жұмысы.Оқыту  мен  оқу  әрекетінің  бір-бірімен  тығыз  байланыста  болып,  баланың  ақыл-
ойының  дамуында  зор  роль  атқаратындығы  белгілі.  Ал  оқыту  барысында  ақыл-ойдың,  
интеллектің дамуы, оқи алуға үйрену бүгінгі күннің басты талабы. 
 
Бастауыш  мектеп  оқушыларының  оқу  әрекеті  ол  орындайтын  әрекеттердің  жетекшісі, 
негізгісі. Оқу әрекеті арқылы осы кезеңге тән психологиялық жаңа құрылымдар теориялық сана 
және  ойлау  қалыптасады.  Олармен  байланысты  рефлексия,  талдау,  жинақтау  сияқты 
психикалық қабілеттер дамиды.Оқу әрекетінің алғы шарттары мектепке дейінгі жаста, рольдік 
сюжеттік  ойындар  кезінде  байқала  бастайды.  Мектеп  алды  топтарда  балалардың  қоршаған 
дүние  жайлы  қызығушылықтары  артады  да,  оның  танымдық  қажеттіліктері  молаяды  [2]. 
Мектепте  бұл  қажеттіліктерді  қанағаттандырудың  мүмкіндігі  мол.  Енді  ол  мұғалімнің 
басшылығы  мен  әр  түрлі  тапсырмаларды  шеше  отырып,  қарапайым  теориялық  білмідерді 
меңгере бастайды. 
 
Осылайша  оқу  әрекетінің  мазмұны  болып  табылатын  теориялық  білім,  оқушының 
қажеттілігіне  айналады.  Ал  қажеттіліктерді  өтеу  матифтермен  байланысты.  Тапсырманы 
табысты  орындап  шығуға  басшылық  ететін  ынта  –ықыласы  ішкі  түрткілер  пайда  болады. 
Сананы  билеген  ішкі  күштер  амал  -әрекеттердің  амалдарын,  орындалудың  құралдарын 
белгілеуді, таңдауды талап етеді .Оқу әрекеті деп білім, білік алуға бағытталған әрекетті айту 
қабылданған. Ол өз бетінше де, мұғалімнің жетекшілігімен жүзеге асады. Біз қазіргі сабақтарда 
оқушыларға білім дайын күйінде беріле салмау керек дейміз [3].Ендеше оқушының дәл бүгінгі 
жаңа  материалды  білмейтіндігін,  оны  білудің  қаншалықты  қажет  екендігін  іштей  мойындату, 
бар жан –дүниесімен беріле ынтазарын ауғызып,  қызығушылығын ояту мұғалімнен шеберлікті 
талап етеді. Дұрыс тыңдалған проблемалық жағдай, сұрақтар, әр түрлі әдіс- тәсілдер, амалдар 
ғана баланы жоғардағыдай психологиялық көңіл күйге әкеледі. Енді ол алдына мақсат қойып, 
нәтижеге  жетудің,  проблеманы  шешудің  әдіс  амалдарын  белгілейді,  іске  кіріседі. 
Дамытушылық  сабақтарында  бала  осылайша  өз  ақыл-ой  деңгейі,  белсенді  әрекеті    арқасында 
репродуктивті  емес  өнімді  нәтижеге  жетеді.  Әрекеттің  жүру  барысы  мен  ақыры 
қортындыланып, рефлексия жасалады.Сабақтың әрекет теориясына сәйкес ұйымдастырылуы  - 
баланың жеке басын дамытудың басты кепілі.Ол үшін мұғалім мына қағидаларды есіне ұстауы  
қажет: 
- баланың бойындағы құмарлығын, қызығушылығын жойып алмай, оның үнемі алға жылжуға 
деген  табиғи  талап  –  тілектерін,  сұраныспен  мұқтаждарын  ескеру,  шығармашылығын 
жетілдіру. 
- білімді өз бетінше іздену арқылы алуға қолайлы жағдай жасау. 
- өзін-өзі дамытатын тұлға қалыптастыру.  
            Мұғалім бала бойындағы жаратылушылық сапалардың болатындығын мойындауы, әрі- 
қарай  дамытуы  керек.  Білім  арқылы  баланы  дамытудың  жаңа  стратегиясымен  тактикасын 
таңдап алуы керек [4]. Қорыта келгенде, дамыта оқыту арқылы оқушылардың, өзіндік танымын 
жетілдірсек,  тек  ақылды  ғана  емес,  сонымен  қатар  өз  іс-әрекетін  сараптап,  жан-жүрегімен 
сезіне алатын, жоғары білімді ұрпақ тәрбиелей аламыз. 
Пайдаланылған әдебиет: 
1. 
Тұрғынбаева Б.А. Шығармашылық қабілеттері және дамыта оқыту. -Алматы, 1999. 
2. 
Иманбекова  Б.,  Әбдіреймова  К.,  Мазаржанова  Қ.    Сабақ  –  оқытудың  негізгі  формасы.- 
Алматы,  2003.  
3. 
Қоянбаев Р.М. Педагогика. - Астана, 1998. -321 б. 
4. 
А.Е. Әділқасымова. Қазіргі заманғы сабақ. - Алматы, 2004. -252 б. 
 
 
 
 
 


жүктеу 2,05 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   80




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау