59
4 Болжамды қорытындылар
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқытуды жалпы білім
беру жүйесінде ұйымдастырудың соңғы мақсаты жоғары сапалы білім және
барлығын оқытуға ыңғайлы жағдайлар болуы тиіс.
Күтілетін нәтижелерге жету инклюзивті білім берудің үш тең дәрежелі
құраушысын: білім беруді ары қарай дамытуға қажетті ойлау векторларын
көрсететін инклюзивті мәдениет, инклюзивті тәжірибе, инклюзивті саясатты
дамытумен қамтамасыз етіледі [14]. «Инклюзивті мәдениет» құраушысы
мектептегі өзгерістердің негізі болып саналады. Ол мектеп қауымдастығын
құруды және инклюзивті құндылықтарды қабылдауды қарастырады.
Инклюзивті білім беру сүйенетін құндылықтар қатарына жатады:
- әрбір бала – тұлға;
- барлығы оқи алады – оқытылмайтын бала жоқ;
- әрбір баланың өзіне
тән ерекшеліктері, қызығушылықтары, қабілеттері
мен оқудағы қажеттіліктері бар;
- кез келген түрдегі шеттетуге
тыйым салу;
- қоғам өміріне
қатысу әр адамның құқығы;
- бір біріне төзімділік: бірге, бір әлемде бір бірімен тұруға дайын болу;
адамдарды барлық
кемістіктерімен қабылдау;
- «алуан түрлілік үндестігі» ретінде түсінілетін толеранттылық
бағытында тәрбиелеу» [15].
Мектепте
инклюзивті мәдениетті дамыту әрекеттестік идеясын
қолдайтын, білім беру процесінің барлық қатысушыларының дамуын
ынталандыратын қауіпсіз, төзімді қаумдастықты; әрбіреудің құндылығы
ортақ жетістіктің негізі болып табылатын қауымдастықты құруға ықпал етеді.
Бұл кезде мектепті дамыту тұрақты және үздіксіз процесс болады.
Инклюзивті мәдениетті дамытуға мұқият ойластырылған төменгі және
жоғары сынып оқушыларымен жүргізілетін сабақтар жүйесі, жалпы мектептік
іс-шаралар, мерекелер, спорттық жарыстар, әлеуметтік серіктестердің
(арнайы мектеп педагогтары мен оқушылары) белсенді қатысуымен
концерттер ықпал етеді. Жүргізілетін барлық сабақтар мен іс-шаралар ерекше
білім беруге қажеттілігі және мүгедектігі бар оқушыларға деген толерантты
қарым-қатынасты қалыптастыруға бағытталу керек.
Инклюзивті саясатты дамыту барлығына арналған мектепті
дамытуды, оқушылар мүмкіндіктерінің әр түрлілігін қолдауды қарастырады.
Оқушылардың білім берудегі алуан түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыруға,
оқытудағы барынша мүмкін нәтижелерге жетуге бағытталған кез келген
әрекеттер қолдау болып саналады. Қолдаудың барлық түрлері ортақ жүйеге
біріктіріледі. Қолдау жүйесін тұрақты дамыту үшін инклюзивтілік
қағидаларының тұрғысынан мектепті дамыту концепциясын жасап,
пәнаралық мамандар командасының әрекетін анықтайтын локальді
нормативті актілерді қабылдау, сондай-ақ мектептің ұйымдастыру
құжаттарына өзгерістер енгізу қажет.
60
Инклюзивті саясаттың маңызды құраушысы білім беруде инклюзивті
тәсілдемені қолдау бойынша ақпараттық шараны жүргізу болып табылады.
Ол:
- барлық оқушылар мен педагогтардың тең
құдылығын мойындау;
- мектеп өмірінің барлық аспектілеріне бүкіл оқушылардың қатысу
деңгейін арттыру;
- оқушылардың әр түрлі қажеттіліктеріне сәйкес
келетін оқыту әдістерін
қолдану;
- мектеп өміріне барлық оқушылардың толыққанды қатысу жолындағы
сараптау және еңсеру;
- тек бір топтың ғана емес, мектептің барлық оқушылардың жағдайын
жақсартуға бағытталған өзгерістерді жүргізу;
- оқушылар арасындағы айырмашылықтар – бұл педагогикалық
процесті жақсартуға ықпал ететін ресурстар екенін түсіну;
- білім берудегі инклюзия – бұл қоғамға ендіру аспектілерінің бірі
екенін мойындау арқылы жүзеге асырылады.
Инклюзивті тәжірибені дамыту оқыту процесін басқару мен
ресурстарды жинақтауды қарастырады. Сабақтарда оқушылардың біркелкі
емес мүмкіндіктері ескеріледі, өз біліміндегі белсенділік, өзінің практикалық
және өмірлік тәжірибесін қолдану марапатталады.
Білім беру ортасын бейімдеу қарастырылады. Оған:
- білім беру ресурстарына физикалық
қолжетімділікті қамтамасыз ету;
- педагогтарды даярлау;
- оқушыларға қажеттіліктеріне сәйкес жеке және қосымша көмек
көрсету;
- жеке бадарламалар бойынша оқуға мүмкіндік беру;
- жеке бағдарламалармен оқитын оқушыларды аттестаттау және
бағалаудың рәсімдері мен қағидаларын өзгерту жатады.
Білім беру ортасын бейімдеу ерекше білім беруге қажеттілігі бар
оқушыларды оқыту жолындағы кедергілерді жеңу үшін білім беруді басқару
органдары тарапынан маңызды шешімдер қабылдауды талап етеді.
Мектеп әкімшілігінде мектепті инклюзия бағытында дамыту жоғарыда
аталған барлық үш құраушыда іске асырылуы керектігі туралы нақты түсінік
болуы қажет.