47
оқушылардың педагогикалық жіктелуі (В.В. Воронкова бойынша) алынған.
Бірінші, екінші, үшінші типологиялық топқа жататын оқушылар бір тақырып
көлемінде оқиды, бұл ретте оқыту процесінде оларға сараланған тәсілдеме
қолданылады. Ол, мысалы, вариативтілігінен көрінуі мүмкін:
- оқушылардың өзіндік дәрежесі;
- мұғалім көмегінің түрлері;
- көрнекілік-дидактикалық материалдың түрлері;
- орындалатын жұмыстың көлемі;
- оқу тапсырмаларының күрделілігі және т.с.с.
4-ші типологиялық топтың оқушылары көбінесе оқытудың жеке
бағдарламасына сәйкес басқа оқу тақырыбының аясында жұмыс жасайды.
Педагог жеке-дара сипаттағы тапсырманы және жеке көмек шарасын
ойластырады.
Төрт типологиялық топтардың оқушыларын оқытудың маңызды тұсы
оқу жетістіктерінің әркелкі болу фактісі болып табылады, яғни әр баланың
оқытудағы өз ісі болады. Мұны мұғалім оң нәтиже ретінде бағалауы тиіс.
Орташа ақыл-ой кемістігі бар оқушыларды оқыту жеке оқу
бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады. Олар баланы кешенді
психологиялық-педагогикалық зерттеу негізінде сынып педагогімен және
мектеп консилиумының мамандарымен жартыжылдықтан аспайтын мерзімге
жасалады. Оқытудың жеке бағдарламасын іске асыру уақыты өткеннен кейін
әрбір
оқушының
жетістіктеріне
талдау
жүргізіледі
және
келесі
жартыжылдыққа арналған жоспарлау орындалады. Педагог әрбір оқушының
жеке мүмкіндіктерін және оқу жетістіктері мен жеке жетістіктерінің
мониторинг нәтижелерін ескере отырып, оқытудың мазмұнын, әдістерін,
түрлерін, дидактикалық құралдарын өз бетінше таңдайды.
Орташа ақыл-ой кемістігі бар оқушыларды оқытудың мазмұны
мыналарды: өзі туралы түсініктерді; өзіне өзі қызмет көрсету және өз тыныс-
тіршілігін қамтамасыз ету дағдыларын; қоршаған орта туралы және ортаға
бейімделу туралы қолжетімді түсініктерді; коммуникативтік икемділіктерді;
заттық-тәжірибелік және қолжетімді еңбек қызметін; практикалық
бағыттылығы бар және тәрбиеленушілердің психофизикалық мүмкіндіктеріне
сәйкес келетін жалпы білім беретін пәндер бойынша білімді қалыптастыруға
бағытталған.
Бірінші сатыда оқу процесі пәндік емес оқыту негізінде
ұйымдастырылады: барлық сабақтар біріктірілген сипатта болады және
оқушыларды жалпы дамытуға бағытталған (коммуникативтік, қимылдық,
сөйлеу, сенсорлық). Оқушылардың жеке дамуындағы алға жылжуына қарай
пәндік оқытуға көшу жүзеге асырылады.
Орташа ақыл-ой кемістігі бар оқушылардың жетістіктерін бағалау
кезінде білім беру процесін дараландырудың негізі болып табылатын
сипаттамалық бағалау қолданылады (Ақыл-ойы кем оқушыларды критериалды
48
бағалау бойынша әдістемелік ұсынымдарды Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА
сайтынан қараңыз (
www.nao.kz
).
Орташа ақыл-ой кемістігі бар оқушыларға арналған сыныптарда білім
алушылардың психофизикалық даму ерекшеліктерін және мектеп ресурстарын
ескере
отырып,
қарапайым
еңбек
түрлеріне
(қолөнер)
оқыту
ұйымдастырылады.
Еңбекке баулудың бейіні баланың психофизикалық ерекшеліктерін,
дәрігердің ұсынымдарын және мектептің мүмкіндіктерін ескере отырып, жеке-
дара анықталады. Қажет болған жағдайда еңбекке баулудың бейіні өзгеруі
мүмкін.
Контингенттің
жеткіліксіздігінен
арнайы
сыныптарды
құру
қиындықтары бар өңірлерде 1-2 жеңіл ақыл-ой кемістігі бар оқушыны жалпы
білім беретін мектептің қалыпты сынып құрамына қосуға болады. Бұл
балаларды
аудандық
психологиялық-педагогикалық
түзету
кабинеті
мамандарының немесе психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі
мамандарының түзету арқылы қолдауымен қамтамасыз ету керек. Оқытудың
кез келген ұйымдастырушылық түрінде, ең алдымен, баланың мүдделері
ескеріледі. Ол арнайы педагогтің (олигофренопедагог) көмегін алуы керек,
оқытудың арнайы әдістері мен оқулықтары пайдаланылған арнайы
бағдарламалар бойынша оқуы керек.
Ақыл-ой кемістігі бар балаларға арналған арнайы сыныптың оқушылары
екінші жылға қалдырылмайды. Ақыл-ой кемістігі бар оқушыларға арналған
арнайы сыныптардың түлектері мемлекеттік үлгідегі арнайы куәлік алады.
Арнайы оқу-әдістемелік қамтамасыз ету
Жеңіл және орташа ақыл-ой кемістігі бар оқушыларға арналған арнайы
сыныптардағы білім беру процесі Үлгілік оқу жоспарлары мен
бағдарламаларының екі түрімен қамтылған. Олардың мазмұны ҚР МЖБС
талаптарының орындалуына бағытталмаған.
Оқу жоспары мен бағдарламаларының бірінші түрі жеңіл ақыл-ой
кемістігі
бар
оқушыларға
бағдарланған.
Оқу
жоспары
мен
бағдарламаларының екінші түрі – орташа ақыл-ой кемістігі бар оқушыларға
бағдарланған. Оқытудың орташа ақыл-ой кемістігі бар балаларға арналған
оқу бағдарламалары ұсынымдық сипатта болады.
Оқу процесі барлық оқу жылдарында орталық жүйке жүйесінің
органикалық зақымдануымен болған танымдық қызметтің тұрақты бұзылуын
ескере отырып, құрастырылған арнайы оқу-әдістемелік кешендер (оқулықтар,
жұмыс дәптері, әдістемелік ұсыныстар, арнайы АКТ) көмегімен жүзеге
асырылады.
49
Ақыл-ой кемістігі бар оқушылардың ерекше білім алу қажеттіліктерін
қанағаттандыру
Мектеп өз түлектерін өмірге, еңбек қызметіне тікелей қосылуға
дайындайды. Ақыл-ой кемістігі бар оқушыларды оқытудың өзіндік
ерекшелігі әрбір оқу пәнінің мазмұнына пропедевтикалық (дайындық) оқу
материалын қосу болып табылады. Бұл материалдар оқу бағдарламаларының
мазмұнын меңгеруге даярлауға бағытталған.
Барлық оқу пәндері бойынша оқыту мазмұнының практикалық
бағыттылығы бар және ол оқушыларға олардың өзіндік заттық-практикалық
әрекетіне, қоршаған өмірдің нысандары мен құбылыстарды бақылауларына
сүйене отырып, ұсынылады.
Ақыл-ой кемістігі бар оқушылардың өзіндік оқу-танымдық іс-
әрекеттері қиын болғандықтан, мұғалім оқушылардың танымдық іс-
әрекеттерін ұйымдастырады және бағыттайды, оқу тапсырмасының
ойдағыдай орындалуын қамтамасыз ету үшін оқушы әрекетінің жетілмеген
бөлігінің қызметтерін өзіне алады. Ақыл-ой кемістігі бар оқушыларды оқыту
процесін арнайы педагогикалық басшылыққа алудың психологиялық негізі П.
Я. Гальпериннің ақыл-ой әрекеттерін кезең-кезеңімен қалыптастыру теориясы
болып табылады [11].
Оқушылардың психофизикалық даму бұзылыстарын, өмірлік қажетті
білім, білік, дағдыларды қалыптастыру қиындықтарын түзетудің арнайы
міндеті арнайы түзету сабақтарында жүзеге асырылады:
1) «Түзету ырғағы». Бұл курс бойынша оқытудың мазмұны
оқушылардың қозғалыс аясын жетілдіруге, олардың сөйлеуін дамытуға және
эстетикалық сезімдерін қалыптастыруға бағытталған. Балалар музыка
тыңдауды, ән айтуды, билеуді, белгілі бір ырғақпен қимылдарды орындауды
үйренеді. Қарапайым музыкалық аспаптарда ойнауды үйренеді.
2) «Танымдық іс-әрекетін түзету». Осы курс бойынша сабақтар жеке
және оқушылар тобымен жүргізілуі мүмкін. Олар ақыл-ой кемістігі бар
оқушылардың бұзылған функцияларын дамытуға, олардың оқу және
практикалық қызметке дайындығын қалыптастыруға бағытталған.
3)
«Сөйлеу тілі дамуының кемістіктерін түзеу». Логопед өткізетін
сабақтар ақыл-ой кемістігі бар балалардың дамуындағы бұзылыстарды түзету
процесінде маңызды орын алады. Бұл балаларда сөйлеу тілінің бұзылуы өте
кең таралған болып табылады және тұрақты сипатқа ие. Бұл сөйлеу
бұзылулары баланың психикалық дамуына, оны оқытудың тиімділігіне кері
әсерін тигізеді. Ақыл-ой кемістігі бар оқушылармен жүргізілетін
логопедиялық
жұмыстың
ерекшелігі
жоғары
жүйке
қызметінің
бұзылыстарының сипатына, ең алдымен аналитикалық-синтетикалық
қызметінің төмендеуі деңгейіне негізделген. Логопедиялық жұмыс сөйлеу тілі
дамуының жеке кемшіліктерін жоюға ғана емес, сондай-ақ ақыл-ойы кем
оқушылардың жалпы сөйлеу тілін дамытуға, сауат ашу, ана тілі, математика
Достарыңызбен бөлісу: |