- Сабақтың міндеттері: Оқушыларды Оғыз мемлекетінің пайда болу тарихымен таныстыру. Сабақтың мақсаты:
- 1. Оқушыларды 1Х ғасырдың соңы – Х1 ғасырдың басында Қазақстанның оңтүстігі мен Сырдария өзенінің бойында құрылған Оғыз мемлекетінің тарихы, қоғамдық құрылысы, мемлекеттің күшеюіне негіз болған саяси жағдайларына сипаттама бере отырып, шаруашылығы және қолөнерінің дамуымен таныстыру; 2. Оғыз мемлекетінің өзіне тән ерекшеліктері туралы мәліметтерін өзге түрік мемлекеттерімен салыстыра білу, деректермен жұмыс істеу қабілеттерін дамыту; 3. Оқушылардан қазақ жеріндегі өркениетті
- мемлекеттер туралы мағлұмат алып, өз елінің
- тарихына деген мақтаныш сезімін қалыптастыру.
- Сабақтың көрнекілігі: карта,
- интерактивті тақта, слайд
- Сабақтың түрі: Аралас сабақ
- Сабақтың әдісі: түсіндіру, баяндау,
- сұрақ-жауап,
- Пәнаралық байланыс: география
- ІІІ.Жаңа материалды
- түсіндіру
- ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Қарлұқ қағанаты қай жерде құрылды?
- 2.Қағанаттың тарихи шеңбері? 3. Қағанат құрамында қандай тайпалар болды? 4. Қағанаттың құрамы тоғыз тайпадан тұратынын айтқан кім? 5.Қағанат билігі неліктен Қарахан мемлекетінің қолын көшті? 6. Қарлұқ қағанаты кезінен өз атауын сақтап қалған қандай қалаларды білесің? 7. Қарлұқтың шаруашылығы қандай бағыттарда дамыды. 8. Қарлұқтар арасында ислам
- дінін қабылдау қай кезден басталды? 9.Қағанаттың астанасы
- 10.Қарлұқтардың Қашғарияны жаулап алған жылдары?
- 11.Қарлұқтардың Батысынан Шығысына жету үшін 30 күн жол жүру керек дегенді кім айтты?
- 12. Үйғырлармен болған күрес неше жылға созылды?
- ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары: 1. Оғыз мемлекетінің құрылуы жер аумағы. 2. Оғыздардың тайпалық құрамы мен қоғамдық құрылысы. 3. Саяси жағдайы. 4. Шаруашылығы 5. Кәсібі мен қолөнері
- 6.Оғыздардың ескерткіші
- Сыр елінің көне қалаларының бірі Тамыры тереңде жатқан Жанкент қаласының орта ғасырдағы Оғыз мемлекетінің астанасы болғандығын тарихшылар мен зерттеушілер дәлелдеді. Сыр өзенінің сол жағалауында, дарияның Арал теңізіне құяр сағасына жақын, қазіргі Қазалы қаласының 25 шақырым жердегі қираған қаланың қалдығын Жанкент шаһарының орны деп есептейді.
- Жанкент жайлы ең бірінші жазбаша естеліктер ІХ-Х ғасырлардың үлесіне тиеді, ал ХҮ ғасырда қала туралы деректер жоғалады. Тек арада үш жүз жыл өткен соң, ХҮІІІ ғасырда ғана Жанкенттің аты қайта жаңғырады. Алайда, бұл, қираған Жанкент жайлы жазбалар. Жанкент қаласы жөнінде орыс саяхатшысы П.И.Лерх өзінің 1867 жылы жасаған археологиялық экспедициясынан соң құнды мәліметтер қалдырған. Қираған қаланың орнын қазу үстінде араб әріптері табылған. Аңыз бойынша Жанкентті билеп тұрған қатыгез Санжар хан Қарабура әулиенің қарғысына ұшырап, 1153 жылы қарауындағы халқымен бірге опат болады.
- Бегім ана өмірде болған тұлға. Ол Қарабура әулиенің қызы, ХІ ғасырда өмір сүрген. Сол кезден қалған ауызша деректерге сенсек, Бегім ананың сұлулығының алдында ешбір жан тұра алмапты. Оның көркіне тамсанған талай жігіт сөз айтып, қалыңдық қылғысы келген. Алайда, ару ешкімге мойын бұрмай үнемі біреуді тосумен болған екен. Бегімнің күткен жігіті Жанкент қаласы билеушісінің баласы Санжар хан еді. Санжар да Қаратаудың баурайында тұратын ару қыз жайында көп естіген. Күндердің күнінде, үйленер жасқа жеткен Санжар Бегімді ақыры іздеп тауып, онымен көңіл жарастырады. Артынан елде үлкен той болып, ғашықтар отау тіккен екен. Бұл екеуінің махаббатын көре алмай, сыртынан күндейтіндер де көптеп табылған ол заманда. Соның салдары бұл жандарды үлкен қайғыға душар етті. Бірде Санжар хан серіктерімен аңға шығып, бүркіт салмақ болады. Межелеген жеріне жетіп қалған тұста қыранның басына кигізетін томағасын үйінде ұмытып кеткенін байқап, уәзірлерінің бірін ауылға қайта жіберген екен. Әлгі уәзірі үйіне келіп, Бегім ананы көрген кезде тілін жұтып, есінен таңып қалыпты. Үш күн дегенде әзер есін жиған ол дереу аңшылықта жүрген ханға аттанады. Бірақ, шындықты айтпай, тек «ханшайым ұстап қалды» деп жалған сөйлеген. Мұны естіген Санжар дереу атын ерттеп, үйіне шабады. Келе салысымен мән-жайды сұрамай әйеліне тап беріпті. Бегім ана да шындықты айтып, түсіндірмек болған, алайда, хан әйелінің екі қолы мен бұрымын шауып тастап, зынданға тастатқызады. Қаралы хабар Қаратаудағы Қарабураға да тез жетеді. Жанкентке келген ол Санжар ханмен кездесіп: «Егер менің қызым кінәсіз болса, қазір оның қолы мен бұрымы қайтадан орнына келеді» депті. Санжар да дереу зынданда жатқан Бегім ананы алдыртқан. Есіктен кіріп келген жарын көргенде хан өз көзіне өзі сене алмай тұрып қалады. Сөйтсе, Бегімнің екі қолы да бүтін, жараның орны да жоқ. Әйелінің бейкүнә екеніне көзі жеткен Санжар қанша жалынып кешірім сұраса да Бегім ана илікпей, күйеуіне бұрылып та қарамайды. Сол замат аққуға айналған ол көкке самғап кетіпті. Теңіздің үстінде біраз самғаған аққу жағалауға ұрынып, көз жұмған екен. Қызының көз жұмғанынан әулиенің жүрегі қайғыға толып, еліне қайтыпты. Ал, Жанкент Құдайдың қарғысына ұшыраса керек, алай-дүлей дауыл соғып, қала Арал суынан жермен-жексен болыпты. Ал, шаһардың орнын ордалы жыландар мекендеген дейді осы аңызда. Тіпті кешеге дейін осы маңайдағы елдімекендерде әлгі жыландардың бой көрсеткен кездері болған. Таң қаларлығы сол, осынау мұнараға ер азаматтардың баруы өте қиын дейді білетіндер. Жолай көліктері бұзылады немесе ауырып қалады, әйтеуір жақындауы қиын. Бәлкім, бұл Бегім ананың ер азаматтарға деген реніші болар...
- Қазіргі Қызылорда облысы Арал ауданы Жаңақұрылыс ауылынан оңтүстікке қарай 35 км жерде. Мұнара шикі кірпіштен тұрғызылған, екі қатар күйдірілген кірпішпен (23х26х6) қапталған. Биіктігі 10,5 м. Жоғары қарай сәл қусырыла келген сегізқырлы призма пішінді, төбесі пирамида болып біткен. Орта деңгейге (шамамен 5,5 - 6 м) дейін мұнара бағанасы тұтас, одан жоғары бөлме бар; бұған шығыс жағындағы аркалы ойық арқылы кіруге болады. Қарабура әулиенің көмегімен Бегім Ана белгісін салдырып: "Мұнан былай еркекті көрмеймін" деп, қалған жұмбық ғұмырын сол мұнараның ішінде өткізген. Ата-бабасының қасиеті дарып, кейін Бегім Ана әулие атанады. Таң қаларлығы сол, осынау мұнараға ер азаматтардың баруы өте қиын дейді білетіндер. Жолай көліктері бұзылады немесе ауырып қалады, әйтеуір жақындауы қиын. Бәлкім, бұл Бегім ананың ер азаматтарға деген реніші болар...
- ІҮ. Өзіндік жұмыс.
- Өзіндік жұмыста таблицаны толтыру.
-
- Оғыз мемлекетінің Астана
- сы
| | - оғыз мемлекеті
- нің құрылуы
| - әлеуметтік - этникалық құрамы
| - Қазақстанның қазіргі қай өңірінде орналасқаны
| - Кімдер Оғыздар жайлы деректер қалдырды?
| | | | | | | - Қорқыт Ата мазары – тарихи сәулет өнері ескерткіші. Шамамен 9 – 10 ғасырларда қазіргі Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Қорқыт станциясынан 3 км жерде Қорқыт әулиеге тұрғызылған. 1925 жылдан опырыла бастап, 1952 жылы Сырдария өзені шайып кеткен. Қазір орны белгісіз. Мазар 19 ғасырдың соңында Ә.Диваев, И.А. Кастанье, П.И. Лерх зерттеулеріне негіз болған. Бізге “Түркістан альбомы” жинағында жарияланған фотосуреттер арқылы жеткен. Диваев пен Кастаньенің жазуы бойынша, құрылымы шикі кірпіштен қаланған дөңгелек пішінді 6 – 8 қырлы күмбезді құрылыс. Ішкі көрінісі биік, қабырғалары кереге өрнегімен нақышталған. Исламға дейінгі түрік сәулет құрылысы үлгісімен салынған. Мазардың бұрынғы орнына қазіргі заманғы мемориалдық ескерткіш орнатылған; қазіргі Қорқыт Ата ескерткіші.
- Қорқыт Ата ескерткіші – сәулет өнерінің айрықша үлгісі. Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Жосалы кентінен 18 км жерде, Қорқыт станциясының түбінде (1980). Авторлары – Б.Ә. Ыбыраев, С.И. Исатаев. Қорқыт Ата ескерткіші темір бетоннан жасалған биіктігі 8 метр, 4 тік стеладан тұрады. Әрбір стела әр тарапқа қаратып тұрғызылған құлпытастарға ұқсайды. Жоғары жағы кеңейе келіп, шөміш пішінінде түйісетін стелалар қобыз бейнесін де меңзейді. Түйісер түбіндегі орталық тесігінде 40 металл түтік бар. Олар жел соққан кезде қобыз сарынымен үндес дыбыс шығарады. Аңыздарда айтылғандай, Қорқыт ата мазарында соққан желге үн қосатын қобыз қойылған. Қорқыт Ата ескерткішінің ішкі жағы мәңгілік өмір сырын іздеген Қорқыт атаның киелі желмаясының шартарапқа жол тартқан ізін ишаралайтын “Түйе табан” өрнегімен безендірілген. Әрбір стеланың үшкілдене біткен төбесі күмбезге ұқсатылып, ерекше сәулеткерлік композиция шешім тапқан. 1997 жылы ескерткішті қалпына келтіру, жөндеу жұмыстары жүргізілді. Амфитеатр, қонақ үйі, т.б. нысандардан тұратын тұтас архитектуралық ансамбль жасалып, мемориалдық кешенге айналды. 2000 жылы кешен жанынан мұражай ашылды. Оның қорында 700-ге жуық экспонат сақталуда. Мұражай экспозициясында Қорқыт өмір сүрген дәуірдің тарихы мен мәдениеті жайлы мәліметтер беретін материалдар қамтылған. Бұл ескерткіш кешен күллі түркі халықтарына ортақ қасиетті зиярат орындарының бірі болып саналады.
- . Сабақтың бекіту: 1Оғыз мемлекеті қай ғасырда құрылды? 2. Оғыз мемлекетінің орталығы 3.Янгикент қаласының екінші атауы 4. Махмуд Қашғаридің дерегі бойынша, оғыздар қанша тайпалардан тұрды? 5.Тайпалық одақтар қалай аталды? 6.Ел қандай ұғымды білдіреді? 7. Оғыздардың жоғарғы билік иесін қалай атады? 8.Жабғудың орнын кімдер басты? 9. Әскербасын қалай атаған? 10. Оғыздарда халық жиналысы жылына неше рет болды? 11.Оғыздардың шаруашылығы қандай болды? 12.Оғыздардың баспанасы 13.Малдың терісінен қандай бұйымдар жасады? 14. Киім-кешек қосымша нелерден тігілді? 15. Жабғудың кеңесшілерін қалай атады? 16. Шахмәлік көтерілісте кімдердің қолдарынан қаза тапты? 17.Оғыз мемлекеті қай ғасырда әлсіреп, бір жола күйреді? 18. Оғыздарда халық жиналысы жылына неше рет болды? 19.Оғыздардың шаруашылығы қандай болды? 20. «Күл-еркіндер» бұлар кімдер?
Достарыңызбен бөлісу: |