Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі е. Ы. Бидайбеков, В. В. Гриншкун, Г. Б. Камалова, Д. Н. Исабаева, Б.Ғ. Бостанов білімді



жүктеу 1,08 Mb.
Pdf просмотр
бет46/113
Дата20.11.2018
өлшемі1,08 Mb.
#22079
түріОқулық
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   113

140
оқыту үдерісіне пайдалы ақпараттың үлкен көлемі сақталады. 
Мұндай ақпаратпен жұмыс жасай отырып, педагог əрбір дəрістің 
немесе семинардың мазмұнына меңгерілетін нысан немесе құбылыс 
туралы жаңа мəліметтер қоса алады.  
5.3 Білім берудегі ақпараттық модельдеу
Ақпараттық технологиялардың жəне ақпараттандыру 
құралдарының дамуы кез келген оқу мекемесінде оқытудың сапа-
сы мен қарқындылығына кардиналды түрде əсер етеді. Компьютер-
лер жəне олармен байланысты программалық құралдар оқытуды 
ұйымдастырудың мүмкін болатын  экспериментальдық-практикалық 
қорын кеңейтіп қана қоймайды, сонымен қатар оқушыларды 
қызметінің ерекшелігімен, мүмкіндіктерімен таныстыру есебінен 
жəне оқушылар мен студенттердің болашақ кəсіби іс-əрекеті аясында 
ақпараттандыру құралдарын практикалық қолдануға бағыттауымен 
білім беру мазмұнын толықтырады. 
Білім беруді ақпараттандыруға айтарлықтай үлес қосатын 
ақпараттық технологиялардың бірі – ақпараттық үлгілеу техноло-
гиясы. Адам бұрыннан үлгілеуді нысандарды, үдерістерді жəне 
құбылыстарды зерттеу үшін қолданған. Мысал ретінде, синхро-
фазотрон немесе мекемелер мен құрылыстардың жерсілкінуге 
төзімділігін зерттеу жұмыстарын меңгеруді келтіруге болады. 
Үлгілерді құру жəне зерттеу:
·   нақты нысандар мен үдерістер сипаттамасын жақсарту жəне 
анықтау;
·   құбылыстар мəнін түсіну жəне оларды басқару мен өңдеуге 
үйрену дағдысы;
·   жаңаны құрастыру немесе ескі нысандарды модернизациялау;
·   негізделген жəне ойластырылған шешімдерді қабылдау;
·  өз іс-əрекетінің салдарын көре білу;
·   үлгінің негізінде нысан туралы жаңа ақпаратты алу;
·   нысан туралы ақпаратты кіріктіру жəне жүйелеу;
·  үлгілеу нысаны туралы ақпаратты сақтау жəне тасымалдау 
үшін қажет.
Үлгілеудің теориясы мен практикасының дамуына əртүрлі фи-
лософия, философиялық жəне математикалық логика, психология, 
педагогика, математика, семиотика жəне информатика аясындағы 


141
ғылыми зерттеулер негізделген. Осы ғылымдардың көмегімен 
пəндік саладағы есептерді шешу жəне білімді беру үшін адамдар 
қолданатын келесі үлгілер,  ақпараттық сипаттағы есепті шешуді 
автоматтандыруға қатыстырылатын электрондық компьютерлік 
құралдарды құру үшін ақпаратты берудің арнайы əдістері құрылуда 
жəне зерттелуде.
Үлгілеу  қоршаған əлемді, табиғат пен қоғам ағымындағы 
ақпараттық үдерістерді тану əдісін білдіреді. Арнайы пəндік 
аймақтағы адам білімін үлгілеу үдерісінде үлгі құрылады, ол 
меңгерілетін заттың эмпирикалық жəне абстрактылы үлгісі ретінде 
қарастырылады. Бұдан басқа, психология бойынша, адамның 
 
меңгерілетін зат туралы алған білімі адамның санасында осы 
заттың əртүрлі үлгісін қалыптастыру болып табылады. Үлгілеу 
нақты бар жəне идеалды заттар жəне құбылыстардың үлгісін 
меңгеру мен құруды ұсынады. Бүгінгі күні үлгілеу жалпы ғылыми 
сипатта жəне тірі мен өлі табиғатты зерттеуде, адам жəне қоғам 
туралы ғылымда, жаңа педагогикалық жүйе жəне білім беруді 
ақпараттандыру технологияларын құру тұрғысынан қалыптастыруда 
қолданылады.  
Бастапқы нұсқасы зерттеуге неліктен қолданылмайды деген 
 
сауал туындайды? Оның үлгісін құру не үшін қажет? Бірақ бұл 
уақытта, зерттеу жүргізуде нысан, үдеріс немесе құбылыс болмауы 
мүмкін. 
Уақытты үлгілеу артық емес. Танымал фактінің негізінде 
гипотез жəне аналогия əдістерін, ақпараттандыру құралдарын 
қолдану арқылы бұрынғы кездегі табиғи катаклизмала 
жəне жағдайлардың үлгісін құруға жəне оларды тарих немесе 
биологияны оқытуда пайдалануға болады. Мəселен, ежелгі 
Египетте пирамида құрылысының барысын немесе Жердегі 
өмірдің пайда болу үдерісін көрсететін компьютерлік ақпараттық 
үлгілерді қолдану мүмкін болар еді. Үлгілеудің көмегімен 
келешекке көз тастауға жəне жылыну уақытын демонстрациялауға 
жағдай жасалады. 
Үлгіленетін нысан өте үлкен (мəселен, Жердің үлгісі) немесе 
өте кіші (атомдағы электрондардың қозғалысы) немесе абстрактілі 
(қоғамда болып жатқан үдерістерді үлгілеу) болуы мүмкін.
 Түпнұсқа көптеген қасиеттерге жəне өзара байланысты болуы 
шарт. Бір нақты қасиетті меңгеру үшін, кейде бар қасиеттерден бас 
тарту жəне оларды ескермеу пайдалы. Оның мысалы ұшақтың ұшу 


142
траекториясының компьютерлік үлгісінде ұшақтың түрі, түсі, пішіні 
ескерілмейді.
Үлгілеу егер зерттелуші үдеріс тез (мысалы, ішкі жылыну 
двигателінің қызметінің үлгісін атауға болады) немесе өте жай (мы-
сал ретінде, өсімдіктің даму үлгісін келтіруге болады) жүретін кезде 
ыңғайлы. 
Көптеген жағдайда үлгілеу нысандарды сақтауға көмектеседі, 
оларды нақты зерттеу бұл нысандардың бұзылуына көмектеседі (ав-
томобиль аварияларының салдарын зерттеу).
Ақпараттық үлгі – бұл ақпараттық технология құралдарының 
көмегімен жүзеге асырылатын қандай да бір нысанды, үдерісті не-
месе құбылысты, меңгеру мақсаты тұрғысынан жуық түрде сипаттау 
жəне демонастрациялау. 
Білім беруді ақпараттандыруда білім беру əрекетінің барлық 
аясына ақпараттық үлгілерді енгізуге үлкен көңіл бөлінуі тиіс. 
Компьютерлерді, ақпараттық технологияларды жəне ақпараттық 
үлгілерді білім беру аясында қолдану үздіксіз болып отыр. 
Ақпараттық үлгіні қолдануды бейнелеуде ақпараттық үлгілеу 
ұғымын енгізу қажет. 
Ақпараттық үлгілеу – бұл ақпараттық үлгідегі нысандар, 
құбылыстар немесе үдерістерді зерттеу. 
Қазіргі уақытта жеткілікті деңгейде қалыптасқан негізгі міндеті 
білім беруді ақпараттандыру үдерісін зерттеуді көздейтін ақпараттық 
үлгіні құру теориясы бар. 
Ақпараттық үлгілеу теориясынан ақпараттық үлгі белгілік 
жүйені қолданудың негізінде пəн туралы өзара байланысты 
ұғымдардың сипаттамасының жиынтығы ретінде көрінеді. 
Ақпараттық үлгіде затты құрайтын нысандардың сандық 
жəне сапалық қасиеттері, сонымен қатар олардың арасындағы 
логикалық, қызметтік, кеңістіктік жəне уақыттық қатынастар 
бейнеленеді. 
Ақпараттық үлгінің үлгіленетін аясының немесе нысанның 
жағдайына бара-барлығы түпнұсқаның статикалық қасиеттерінің, 
динамикалық қасиеттерінің сипаттамасының құрылымы 
есебінен арттырылуы мүмкін. Бұдан басқа, таңдалған үлгінің 
негізінде зерттеу нысанының адекватты сипаттамасын жүзеге асы-
руда оның қарама-қайшылықсыз қасиеті маңызды рөл атқарады. Бұл 
қасиетті орындау үшін оның сипаттамасында артықшылық болмау 
қажет.


жүктеу 1,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   113




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау