Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі е. Ы. Бидайбеков, В. В. Гриншкун, Г. Б. Камалова, Д. Н. Исабаева, Б.Ғ. Бостанов білімді



жүктеу 1,08 Mb.
Pdf просмотр
бет48/113
Дата20.11.2018
өлшемі1,08 Mb.
#22079
түріОқулық
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   113

146
Мотивациялық аймаққа əсер ету білім беру мақсатын басқаруға 
мүмкіндік береді. Білім беру үдерісінің қатысушыларының ара-
сында білім беруде ақпараттық жəне телеқатынасты технология 
құралдарын қолданумен анықталатын қатынастың жаңа түрі пайда 
болытындығын айтуға болады. 
Жалпы орта білім беру жүйесінде қолданылатын ақпараттық-
қатынастық технологиялар құралдарының көпшілігінің интер-
белсенділігі, оқушыға компьютерлік программамен белсенді əсер 
ету мүмкіндігін беруді білдіреді. Оқушылар мен ақпараттандыру 
құралдарының оқу сұхбаты үшін бірыңғай шарт қойылуы қажет, 
ұйымдастыру принциптері жəне оқытудың немесе ақпараттандыру 
технологиясында қолданылатын нақты əдістемелік жүйенің 
ерекшелігінен тəуелсіз стилі болуы тиіс.
Сұхбаттың астарында екі жақ та қатысатын ақпарат алма-
су түсіндірілетіндігін айта кету қажет. Ғылымда сұхбатты кеңінен 
түсіну кездеседі, оның негізгі белгісі сөйлесушілердің арасындағы 
сөздік қормен алмасу емес, əртүрлі позицияның кездесуінде.  
Ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарымен 
ұйымдастырылатын сұхбат тілі, екі қарама-қайшы талаптарды 
қанағаттандыру тиіс: табиғи тілге көбірек жақын болу жəне ха-
барламаларды талдау жүйесінің жұмысын қатамасыз ету үшін 
формализацияға жол беру. Бұдан, бұл талаптарды орындау бірқатар 
проблемаларды туғызады: Ақпараттық-қатынастық технологиялар 
құралдарымен қолданушының табиғи тілдегі қатынасы оқушылар 
үшін тиімді, бірақ нақты ақпараттандыру құралдарын құру үдерісінде 
жүзеге асыру қиын. 
Табиғи тілде қатынас жасау предредакторы жəне морфологиялық, 
синтакистік жəне семантикалық талдауы бар арнайы жүйенің 
есебінен ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарының 
əртүрлі түрі үшін ұйымдастырылуы мүмкін. Көптеген сөздер мен 
сөзтіркестерінің мағыналық біркелкісіздігі қиындық тудырады. 
Бұл проблеманы шешудің мүмкін болатын жолдары оқытушылар 
мен оқушылардың табиғи тіліне кейбір болымсыз шектеулерді 
(мүмкіндігінше максималды бірыңғай жəне əмбебаптығы) енгізу бо-
луы мүмкін, олар оқушылардың іс-əрекетіне, олардың ақпараттық 
технологияларға қатынасына айтарлықтай əсер етпеуі қажет. 
Ақпараттық-қатынастық технологиялар білім беру құралдарымен 
жұмыс барысында оқытушы мен бір оқушының сұхбатына сəйкес 
бірдей өзара əрекет деңгейін тиімді деп есептеуге болады. 


147
Білім берудің ақпараттық-қатынастық технологиялар құралда-
рын құруға нақты ұсыныстарды қолдану жағдайында, олар арқылы 
тек қана қатынас үлгіленбейді, сонымен қатар мектептегі оқытуды 
жағымды эмоционалдық климатпен қамтамасыз ететін оқушы 
тұлғасының дұрыс қалыптасуы жəне мотивациясын дамыту үшін 
қойылатын шарт құрылатын педагогикалық қатынас үлгіленеді. 
Оқушы мен ақпараттық-қатынастық технология-
лар құралдарының арасындағы тиімді сұхбаттың маңызды 
алғышарттарының бірі əлеуметтік арақашықтықты сақтау болып 
табылады. Бұл арақашықтықты қысқарту, оқыту барысында пе-
дагог авторитетінің жоғалуына əкеледі. Ақпараттық-қатынастық 
технологияларды қолдану арқылы мектептегі оқыту практикасын-
да бұл кемшілік «сен» деп қатынас жасаумен анықталады, оның 
нəтижесінде мектеп оқушыларында ақпараттық-қатынастық тех-
нологиялар оқыту құралын басқа жағдайда қолдануға тілегі болуы 
мүмкін. Мұндай талпыныс оқушыларда, əлеуметтік арақашықтық 
үлкен болғанда, оқушылардың өзімшілдігіне нұқсан келтіретін 
компьютердің репликасы категориялық түрде берілгенде пайда бо-
лады. 
Сұқбаттың педагогикалық бағыттылығы, яғни оқу мақсатына 
жетуге бағытталуы өте маңызды. Басқа оқушымен ақпараттық-
қатынастық технологиялар құралдары арасындағы сұхбатқа 
қойылатын айтарлықтай талаптар, қарапайымдылық жəне жауапты 
енгізу уақытының аздығы болуы қажет. Сұхбат оқушылар өздерінің 
жауабын компьютерде қалай теру қажеттігі туралы емес, қалай беру 
қажеттігі туралы ойланатындай құрылуы тиіс.   
Оқушылар мен білім берудің ақпараттық-қатынастық 
технологиялар құралдары арасындағы сұхбаттың ашықтығы мен 
тездігін қамтамасыз ету үшін қолданушы интерфейсін рационал-
ды түрде ұйымдастыру қажет. Оқушы үшін де ақпараттандыру 
құралдарымен жұмыс жасау ережесін тез меңгеру мүмкіндігі 
қамтамасыз етілуі тиіс. Ақпараттық-қатынастық технология-
лар құралдары өз қызметінің құрылымдық тізімін көрсете білуі, 
өз жағдайын жəне əрекетін түсіндіруге қабілетті болуы тиіс. 
Қолданушы интерфейсін дайындауда мүмкіндігінше жетекші 
фирма-өндірушілердің программалық қамтамасыз етілуінің стан-
дартын ұстанған дұрыс. 
Адам жəне ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдары 
арасындағы өзара сұхбаттық əрекет жəне сыртқы түр түсінікті, 


148
ыңғайлы болуынан оқушының нақты оқытушы компьютерлік про-
граммамен қатынасы тəуелді болады. 
Ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарының 
көмегімен оқыту оқытушының жетекшілігімен, немесе ақпараттық-
қатынастық технологиялар оқытушы құралының көмегімен орын-
далады. Сұхбаттар жүйесін білім беруде оқытудың екі нұсқасының 
қайсысын қолдану ұсынғандығына байланысты жоспарлау жəне 
құру қажет. 
Оқытушымен оқыту барысында ақпараттық-қатынастық техно-
логиялар құралдарымен оқушының арасындағы сұқбат қысқа 
болуынан экраннан ақпаратты оқу уақыты қысқарады жəне талдау 
мен шешім қабылдауға көп уақыт қалады. Ақпарат жеткіліксіз бол-
са, оқытушы толықтыра алады.  
Оқытушылар мен оқушылардың ақпараттық-қатынастық 
технологиялар құралдарымен танысу жəне операция жұмысын 
жеңілдету үшін мұндай құралдарды кіріктіріп жəне унификациялау 
арқылы қолдану қажет. Шынында, бұл жағдайда біз компьютермен 
сұхбаттасу жəне білім беруді ақпараттандыру құралдарын унифика-
циялауды үдерісін ұйымдастыра аламыз, унификация ақпараттық-
қатынастық технологиялар құралдарының интерфейсін құру 
принциптерінің бірлігін білдіретін, оның салдарынан оқушымен 
өзара əрекет оңтайланады. Өз кезегінде, сұхбатты ұйымдастыру 
принциптерін сақтау бірлігі ақпараттық-қатынастық технологиялар 
құралдарының унификациясының маңызды факторы болып табыла-
ды. 
5.5 Денсаулық мүмкіндіктері шектеулі адамдарды 
оқытудағы ақпараттық технологиялар
Арнайы ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарын 
өңдеуге жəне қолдануға деген үлкен қызығушылық мүмкіндігі 
шектеулі тұлғаларға (мүгедек) үзіліссіз көпдеңгейлі білім беру-
де қазіргі жүйенің салдарынан көрінеді. Жалпы орта білім беру 
жүйесінде мұндай адамдардың саны көп.
Мұндай оқушыларды оқытуда ақпараттық-қатынастық тех-
нологиялар құралдары білім беру жəне реабилитациялау техно-
логия құралдарының ішіндегі құрылым жəне мерекелер, жүйелік 
құралдар жəне əдістер жиынтығын ұйымдастыруда, сапасы жəне 


жүктеу 1,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   113




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау