Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі е. Ы. Бидайбеков, В. В. Гриншкун, Г. Б. Камалова, Д. Н. Исабаева, Б.Ғ. Бостанов білімді



жүктеу 1,08 Mb.
Pdf просмотр
бет42/113
Дата20.11.2018
өлшемі1,08 Mb.
#22079
түріОқулық
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   113

128
технологияны қолдану технологиясы деп есептеуден гөрі, кеңірек 
екендігін түсіну қажет. Бұл ұғым білім беруді ақпараттандыру 
мақсатына жетуге мүмкіндік беретін барлық əдістер, тəсілдер 
жиынтығын қамтиды. Мысалы, білім беруді ақпараттандыру тех-
нологиясына білім беруге арналған ақпараттық ресурстарды жасау 
тəсілдері мен сапасын бағалау, педагогтардың ақпараттық жəне 
телекомуникациялық технологияны өзінің кəсіби іс-əрекетінде 
тиімді пайдаланудағы оқыту əдістері жатады. 
Білім беру аясында қолданылатын ақпараттық жəне 
телекомуникациялық технология құралдарының негізінде қосымша 
құрылғыларымен жабдықталған дербес компьютер жатады. 
Компьютердің мүмкіндіктері оған орнатылған программалық 
қамтамасыз етілумен анықталады. Программалық құралдардың 
негізгі категориялары жүйелік программалар, қолданбалы про-
граммалар жəне аспаптық құралдар болып табылады. Жүйелік 
программаларға компьютер мен жабдықтардың жəне дер-
бес компьютерді пайдаланушының арасындағы өзара əрекетті 
қамтамасыз ететін операциялық жүйелер, сонымен қатар əртүрлі 
қызметтік немесе сервистік программалар жатады. Қолданбалы 
программаларға ақпараттық технологияның құрал-сайманы бо-
лып табылатын – мəтін, графика, кестелік мəліметтермен жəне т.б. 
жұмыс жасау технологиясы, программалық қамтамасыз ету жатады. 
Құрал-саймандық программаларға программалық қамтамасыз 
етуді сипаттауға арналған программалар жатады. 
Білім берудің қазіргі жүйесінде əмбебап офистік қолданбалы 
программалар жəне ақпараттық жəне телекомуникациялық техно-
логия құралдары: мəтіндік үрдіссорлар, электрондық кестелер, пре-
зентация дайындауға арналған программалар, мəліметтер қорын 
басқару жүйесі, органайзерлер, графикалық пакеттер жəне т.б. кең 
қолданыс табуда. 
Компьютерлік желілердің пайда болуына байланысты педагог-
тар мен оқушылар жер шарының кез келген жерінен ақпаратты алуға 
жаңа мүмкіндік алды. Интернет ауқымды телекомуникациялық 
желісі əлемдік ақпараттық ресурсқа (электрондық кітапханаға, 
мəліметтер қорына, файлдар қоймасына жəне т.б.) кіруге мүмкіндік 
берді. Ең атақты Интернет ресурсы – WWW əлемдік торда бірнеше 
миллиард мультимедиалық құжаттар жарияланған. 
Телеқатынастық желіде Интернетке жəне адамдарға қажетті 
ақпараттармен алмасуға жəне қарым-қатынас жасауға мүмкіндік 


129
беретін электрондық пошта,  ICQ, жаңалықтар тобы, чаттар 
тəрізді көптеген басқа да сервистерге кіруге болады.  Нақты уақыт 
режимінде қарым-қатынас жасауға арналған, сондай-ақ байланыс-
ты орнатқаннан кейінгі мəтінді, дыбысты жəне суретті беруге 
мүмкіндік беретін арнайы программалар жасалған. Бұл программа-
лар қолданушы мен жеке компьютерде орнатылған программаның 
арасындағы біріккен жұмысты ұйымдастыруға жағдай жасайды. 
 Компьютерлік желіде жаңа мəліметтерді сығымдау алгоритмінің 
пайда болуымен дыбыстың сапасы артып, сапасы жағынан 
телефондық желідегі дыбыстың сапасына жақындай баста-
ды. Мұның нəтижесінде, жаңа технология – Интернет-телефо-
ния белсенді дами бастады. Арнайы құрылғының жəне Интернет 
желісіндегі программалық қамтамасыз етудің көмегімен аудио жəне 
бейнеконференцияны өткізуге болады. 
Компьютерлік желіде ақпаратты тиімді іздеуді қамтамасыз ету 
үшін ақпаратты іздеу технологиясы қолданылады, олардың мақсаты 
– ауқымды компьютерлік желідегі ақпараттық ресурстар тура-
лы мəліметтерді жинақтау жəне қолданушыға ақпаратты жылдам 
іздеуге мүмкіндік беру. 
Іздеу жүйесінің көмегімен бүкілəлемдік өрмектегі құжаттарды, 
мультимедиалық файлдарды жəне программалық қамтамасыз 
етілуді, мекемелер мен адамдар туралы мекен-жайлық ақпаратты 
іздеуге болады. 
Желідегі ақпараттандыру құралдарының көмегімен оқу-
əдістемелік жəне ғылыми ақпараттарды алуға мүмкіндік ашылып, 
кеңестік көмекті ұйымдастыру, ғылыми-зерттеу іс-əрекетін үлгілеу, 
виртуалды оқу сабақтарын (семинарлар, дəрістер) нақты уақыт 
аралығында жүргізуге болады.
Маңызды ақпараттық жəне телекомуникациялық технологияның 
қатарына бейнежазба жəне телехабар (теледидар) жатады.
Бейнепленка жəне оған сəйкесінше ақпараттандыру құралдары 
көптеген оқушылардың алдыңғы қатарлы оқытушылардың дəрістерін 
тыңдауға мүмкіндік береді. Мұнда дəрісі бар бейнетаспаларды ар-
найы жабдықталған аудиторияларда, сонымен қатар үй жағдайында 
қолдануға болады. Негізгі оқу материалы баспа оқулығында жəне 
бейнетаспаларда беріледі. Мысал ретінде шетел тілін дəстүрлі 
оқытуды алуға болады, мұнда оқушы баспа  оқулығымен қатар маг-
нитофон немесе арнайы оқытушы программамен жабдықталған 
компьютерді қолданады. 


130
Бұл жағдайда əртүрлі ақпараттық жəне телекомуникациялық 
технологияны қолданудың мақсатқа сайлылығымен  жəне қажет-
тілігі туралы сұрақ туады. Мəселен, оқыту барысында визуалды 
ақпарат қажет болса жəне оны оқушыларға баспа түрінде көрсету 
мүмкін болмаса, онда бейнематериалдың қажеттілігі белгілі. Егер 
компьютердің көмегімен ұйымдастырылған бейнепленка немесе 
бейнедемонстрация – арнайы қосымша иллюстрациясыз тек қана 
дəрістің жазбасы болса, онда ақпараттық технологияны қолдануға 
болады, бірақ міндетті түрде қажетті емес. 
Телехабар, ақпараттық технологияның кең таралған түрі, 
адамдардың өмірінде үлкен рөл атқарады: əрбір жанұяда бір теле-
дидардан бар. Оқытушы телебағдарламалар бүкіл əлем бойын-
ша кеңінен қолданылады жəне білім беруді ақпараттандырудың 
практика жүзіндегі мысалы болып табылады. Телехабардың 
көмегімен тыңдаушылардың даму деңгейін арттыру мақсатында 
үлкен аудиторияға дəрісті беруге, сонымен қатар арнайы тест жəне 
емтиханның көмегімен білімді тексеруге мүмкіндік береді.
Өкінішке орай, аталған технология тек қана үлкен аудиторияға 
ғана, мəселен, шетел тілін немесе кез келген ғылымның негізін 
үйренушілерге пайдаланылады. Ұлттық немесе қалалық телеха-
барды қандай да бір бағыттағы курстар үшін пайдалану қиындық 
келтіреді.
Көптеген оқытушы теле- жəне радиобағдарламалар спутниктік 
телехабар арқылы беріледі. Мəселен, 1971 жылы құрылған 
INTELSAT халықаралық ұйымы өзінің барлық 15 спутнигін пайда-
лана отырып, оқытушы программаларды практика жүзінде барлық 
əлемге трансляциялауға мүмкіндік береді. Спутниктік каналдар 
бейнені, дыбысты, мəтінді жəне құжаттың көшірмесін цифрлық 
түрде тасымалдауға жағдай жасайтын ISDN қатынастық желіні 
ұйымдастыруға мүмкіндік береді. 
Оқытылатын материалдың негізгі көлемін сақтауға жəне 
тасымалдауға мүмкіндік беретін қуатты технология, компьютерлік 
желіде кеңінен таралған, CD-ROM, DVD жəне т.б. арнайы ақпаратты 
тасымалдаушыларда жазылған білім берудегі электрондық басы-
лымдар болып табылады. Олармен дербес жəне ұжымдық жұмыс 
жүргізу материалды терең меңгеруге жəне түсінуге жағдай жасай-
ды. Бұл технология оқу материалдары мен оқыту құралдарын дер-
бес пайдалануға үйретеді, өздігімен оқуға жəне алынған білімді 
өздігімен тексеруге мүмкіндік береді. 


жүктеу 1,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   113




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау