Дәріс №5 windows операциялық ЖҮйесінің негізгі функциялары мен оларды басқару жолдары. Жоспар



жүктеу 159,37 Kb.
Дата25.11.2017
өлшемі159,37 Kb.
#1936
түріҚұрамы

ДӘРІС № 5

WINDOWS ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ НЕГІЗГІ ФУНКЦИЯЛАРЫ МЕН ОЛАРДЫ БАСҚАРУ ЖОЛДАРЫ.
Жоспар

  1. WINDOWS ОЖ негізгі ұғымы

  2. Жұмыс столы, терезенің құрамы

  3. Шартбелгілер, жарлықтар, бумалар

  4. WINDOWS жүйесін іске қосу және онымен жұмысты аяқтау


МАҚСАТЫ:

  • Оқушыларға Windows операциялық жүйесі жайында мағлұматтар беру

  • Windows операциялық жүйесінің негізгі ұғымдарымен, функцияларымен таныстырып, олардың ой-өрісін дамыту


1. WINDOWS ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ НЕГІЗГІ ҰҒЫМЫ

1981 жылдың тамыз айын есептеу техникасының дәуірі деп атауға болады. IBM фирмасы IBM PC компьютерлерін шығарды. PC «дербес компьютер» (ДК) деп аударылады. Өңдеушілер жаңа машинаға формула енгізді. Бұл формула қарапайым :

Әмбебаптығы- жаңа машинада схемалардың көп бөлігі бір тақшада (плата) жасалды. Тақшада слоттардың қосымша тақшаға орналасуы қаралды.

Төменгі баға - бұл екінші қағидасы. IBM PC компьютерлерінің жетістіктерін қамтамасыз етеді. Бұл процесте жаңа компьютер моделдерін шығаруда ең аз мөлщер бағасымен тартыста болды.

Сенімділік - 1983 жылы түр өзгертушілік (модификация) пайда болды: ол IBM PC XT. Бұл модельде жаңарту (модернизация) мүмкіндіктері қарқынды болды: қосымша слоттар пайда болды, қоректендіру блогының қуаты өсті (қосымша тақшалар қосымша қуатты талап етті).

1984 жыл. IBM Intel 80286 процессоры бар IBM PC AT берікті жаңа моделін шығарды. Бұл машиналар «екі жүз сексен алты» деп аталды. Олар сенімді болды. Текстпен жұмыс істегенде және қиын емес есептеумен айналысқанда қолданылды.

1986 жыл. Intel фирмасы 80386 процессорды шығарды. Бұл кезде IBM ДЭЕМ-ді шығаруда абсолютті басшы болмаған. Бұл техниканы дүние жүзінде шығаруда, әсіресе Compaq фирмасы табысқа жетті. Олардың моделі басқаларға қарағанда ерекше болды (мысалы, оригиналды қоректену блогы қолданды), бірақ сенімді әрі ыңғайлы болды.

1989 жылы Intel 80486 процессорлары шығарылды, ал 1993 жылы - Pentium. IBM тєрізді бәсекелес - еліктеулер пайда болды. Қазір сатып алушылар ондаған процессордан әр түрлі шығарушылардан таңдап алуға мүмкіндігі бар.

80386 сериялы микропроцессорлардың шығарылуымен бірге Windows жүйесінде жаңа версияның бірі Windows 3.1 кейін Windows 3.11 версиялары орнатыла бастады. 80 жылдардыњ ортасында Microsoft фирмасы IBM тєрізді компьютерлерге арналған бірнеше есепті қатар шығара алатын операциялық жүйелер жасады. Осылайша Windows 95-98 және Windows NT операциялық жүйелері пайда болды. Windows операциялық жүйесі бұрынғыға қарағанда жұмыс істегенде жеңіл, қызықты. Қазіргі кезде компьютермен жұмыс істеу жұмыс үстелінің арқасында жеңіл, мысалы бір рет батырмамен файл ашу және әрбір терезеде қосымша Қарау батырмаларын табу. Бір компьютермен бірнеше мониторды қолдану жүзеге асты, ол жұмыс аймағының көлемін үлкейтеді. Windows 98 цифрлық фотоаппараттарымен және басқа да жабдықтармен жұмыс істей алады.



2000 жылға таман Windows 2000 жаңа операциялық жүйесі шығарылды. Бұл жүйеде Windows 98 ОЖ айтарлықтай өзгешеліктер болмағандықтан, көптеген пайдаланушылар алдында «жаңа жүйеге көшу керек пе?» деген сұрақ туындады.

Жаңа ОЖ-лердің басты артықшылығы мынада: Windows 2000 Windows NT – нің мұрагері болып табылады, сондықтан тұрақты жұмыс істейді, өйткені қолданбалы бағдарламалар ОЖ жұмысына араласа алмайды. ОЖ мен қолданбалы бағдарлама араласында кереғарлық болуы жағдайында соңғысы мәжбүрлі түрде жабылады, ал ОЖ тұтас күйінде және сақталып қалады, жұмысты одан әрі жалғастыру үшін компьютерді қайта жүктеуді қажет етпейді. Бұл орайда Windows 2000 желідегі топтық жұмысқа, бірлесіп атқаратын жұмысқа есептелген.

2-ші жағынан, Windows 2000 –ның басқаруымен қолданбалы бағдарламалардың қалыпты жұмыс істеуі үшін жедел жадынан үлкен көлемі (64 Мб бағдарында) қажет болады.

Windows 2000 ОЖ-сі:


  • пайдаланушыға қолайлы әрі түсінікті интерфейс береді,

  • компьютердерде көбіне оңтайлы пішіндемелер жұмыс істейді,

  • одан әрі дамыту үшін ашық архитектурасымен 32-разрядты файл жүйесі бар,

  • дыбыспен, бейне және жинақтаушы-дскілермен жұмыс істеуге арналып қоса орнатылған құралдары,

  • пайдаланышуға қарапайым тапсырмалар беру арқылы операцияларды орындау процесін автоматтандыратын Шебердің саймандарын береді

  • қателектерді анықтаудың, оңтайландырудың қоса орнатылған құралдарын қосады, бүкіл жүйенің қызмет атқару тиімділігін арттырады.

Windows Millennium – көп міндетті жүйе. Бұл – ол бір мезгілде көптеген міндеттермен (құжаттармен) жұмыс істеуге мүмкіндік береді деген сөз Әрбір құжат өзінің қолданбалы бағдарламасымен (мәтіндік, редактор, электронды кесте) оңделуі мүмкні. Сондай-ақ бір бағдарламаның бірнеше көшірмесімен де жұмыс істейді.

Бірнеше бағдарламамен жұмыс істеген кезде есте болатын ережелер бар:



  • әрбір бағдарлама өзінің терезесінде жұмыс істейді,

  • уақыттың әр кезінде бір ғана бағдарлама ерекшеленген,

  • пәрменді бағдарламаның терезесі әманда алдыңғы қатарда болады,

  • пәрменді емес бағдарламамен жұмыс істеу үшін оның терезесін пәрменді ету керек,

  • бағдарламалардың ашық терезелерінің барлығының міндеттер панелінде өздерінің батырмалары болады.

2. ЖҰМЫС СТОЛЫ, ТЕРЕЗЕНІҢ ҚҰРАМЫ

Жұмыс столы - экран аймағы, ол жұмыс істеу үшін қажет. Жұмыс үстелімен жұмыс істеу ыңғайлы, әрі жеңіл. Web-пен танысқан адам Windows 98 жүйесінде батырмалар мен саймандар панелін табады. Егер де сіз Web -пен таныс болмасаңыз да Windows 98 жүйесіндегі жұмыс үстелімен жұмыс атқару жеңіл.

Windows ортасында жұмыс столының ролін дисплей экраны орындайды. Онда жұмыс істейтін программалардың терезелері, құжаттары, жеке файлдары шартбелгілер түрінде орналасқан. Windows 98 іске қосқаннан кейін біріншіден, экранға - жұмыс столы шығады. Жұмыс столының сол жағында белгілер орналасқан. Әрбір белгі өзінің объектін анықтайды, ол программа, жарлы және бума болады.

Windowsтің жұмыс столының негізгі элементтері: қапшық, белгішілер, таңбашалар, терезелер, қосымшаларды тез шақыруға арналған MS Office тақтасы, міндеттер сызғышы.

Терезе – Windows жүйесіндегі ең негізгі ұғым болып табылады. Windows сөзінің нақты аудармасы - терезе екені осыны білдіреді.



Терезе - экранның төртбұрышты қоршаулы аумағы, онда әртүрлі программалар орындалады, кез келген мәліметтер өңделіп түзетіледі және басқару әрекеттері жүргізіледі. Windows терезесі экранды толығымен, жартылай алуы немесе белгілі бір бөлігін ғана қамтуы мүмкін. Экран бетінде бір мезетте бірнеше терезе орналаса береді. Мұнда кез келген программаның өзіне тән жұмыс істеу терезесі болады.

Терезе жақтаулары (шекаралар) - бұл терезенің периметрі бойынша өтетін тік және көлденең сызықтар. Терезенің жоғарғы жағында тақырып қатары орналасқан. Тақырып қатарының сол жағында контекстік мәзір орналасқан, ал оң жағында терезенің көлемін өзгертуге арналған басқару батырмалары бар. Тақырып қатарынан төменірек мәзір қатары орын алған. Ал мәзір қатарынан төменгі төртбұрышты аудан - терезенің жұмыс аумағы деп аталады.

Жинақтау батырмасы. Терезені есептер тақтасына жинақтайды


Терезені экран бойынша үлкейту немесе кішрейту

Терезені жабу батырмасы
Экран бетіндегі программлар мен құжаттар орналасатын терезелер үш түрлі болады:

- толық экранды



- қалыпты күйдегі

- шартбелгі түрінде











3. ШАРТБЕЛГІЛЕР, ЖАРЛЫҚТАР, БУМАЛАР

Шартбелгі - бұл экран бетіндегі қысқаша жазуы бар кішірейтілген графикалық бейне. Ол дисплей экранындағы программаны, терезені, функцияны, файлды т.б бейнелеп тұруы мүмкін. Әр шартбелгі белгілі бір терезеге сәйкес келеді және ол қажет болғанда үлкейту батырмасы арқылы терезеге айналады. Экранда мынадай шартбелгілер кездеседі:

- қосымша программалар белгісі

- белгілі бір топтар шартбелгісі

- функциялар шартбелгісі

Шартбелгілер Windows-тің бағдарламаларын жұмысқа қосуды, құжаттарын ашуды немесе басқа да құралдарына қол жеткізуді тездетуге мүмкіндік береді.

Жарлық (shortcut) - бұл белгілі бір объектімен тікелей қатынас жасауды іске асыратын командалық файл. Мысалы, жарлық арқылы каталогтың, желідегі дискінің ішіндегісін көрсетуге болады, тез арада басқа каталогта орналасқан программаларды іске қосуға, файлды да жылдам ашуға болады және т.б. Жарлықты пайдаланғанда негізгі объектілердің өздері (файлдар, каталогтар және т.б) өз орындарында ешбір өзгеріссіз тұрады. Ал егер де сіз жұмыс столынан shortcut шартбелгісін орналастырып, оны артынан өшірсеңіз, онда жарлық беріп тұрған командалық файл өшіріледі де, бастапқы файлдар ешбір өзгеріссіз қалады.

Бума (folder) – экранда каталогтарды және программалық топтарды белгілеу үшін қолданылады. Мұның мағынасы мынада: каталог пен программалар тобы белгілі бір объектілерді орналастыруда қолданылатын контейнер болып табылады.
4. WINDOWS ЖҮЙЕСІН ІСКЕ ҚОСУ ЖӘНЕ ОНЫМЕН ЖҰМЫСТЫ АЯҚТАУ

Кез келген оперерациялық жүйе сияқты Windows мынадай мәселелердің орындалуын қамтамасыз етуі тиіс:



  • Компьютердің барлық аппараттық құрал-жабдықтарын басқару;

  • Файлдық жүйемен жұмыс істеуді қамтамасыз ету;

  • Қолданбалы программаларды іске қосу

Бұған қоса Windows жүйесі:

  • Бір уақытта бірнеше программалардың жұмыс істеуін

  • әртүрлі программалардың арасында мәліметтер алмасуды;

  • масштабталатын шрифтерді қолдануды;

  • мультимедиа мүмкіндіктерін пайдалануды;

  • бірыңғай анықтамалық жүйе жұмысын қамтамасыз ете алады.

Windows - қа кіру жолдары.

- Компьютерді электр тоққа қосқаннан кейін Ctrl+Alt+Delete батырмасын басу керек.

- Орыс әрпіне ауысу үшін Shift + Alt батырмасын бас.

- Кейін фамилия мен парольді енгіз. Парольді жазғанда ол жұлдызша (*****) түрінде белгіленеді. (Құпия болғандыќтан). Содан соң ОК немесе Enter батырмаларын басу керек. Дұрыс кірсек жұмыс столы шығады.






Сабақты бекіту үшін қойылатын сұрақтар

  • Windows операциялық жүйесінің негізгі функциялары қандай

  • Windows операциялық жүйесінің негізгі түсініктері қандай?

  • Жұмыс столы

  • Шартбелгілер, жарлықтар, бумалар

  • Windows жүйесін іске қосу онымен жұмысты аяқтау

Қолданылатын әдебиеттер тізімі.

  1. В. Симонович «Информатикадан базалық курс» 249-257 беттер

  2. «Информатикадан 30 сабақ» 168-185 беттер


жүктеу 159,37 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау