15
Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту құқығын қамтамасыз ету
Одан әрі сапалы білім алудың басты шарты балаларды мектепке дейінгі
тәрбиелеу мен оқытуды қамтамасыз ету болып табылады.
Республикада 8 834 мектепке дейінгі ұйымдар (2014 ж. – 8 467) жұмыс
істейді, оған 758,7 (2014 ж.- 727,4) мың бала барады, бұл өткен жылмен
салыстырғанда 31,2 мың балаға көп.
8 834 мектепке дейінгі ұйымдардың 4241 (2014 ж.- 3 832) балабақшалар
және 4 593 (2014 ж. - 4 635) шағын орталықтар.
2014 жылмен салыстырғанда:
- 11,6 мың орынға 57 балабақшаның (РБ - 30, ЖБ -27) құрылысы;
- 25,2 мың орынға 378 жеке мектепке дейінгі ұйымдар (344 балабақша және
34 шағын орталық) ашу;
- 60 орынға тұрғын үй кешендерінің 1 қабатынан 1 мектепке дейінгі
ұйымын ашу;
- 490 орынға МЖӘ есебінен 3 балабақша ашу;
- 4,2 мың орынға басқа тәсіл есебінен 92 балабақша ашу есебінен желі
531 бірлікке ұлғайды.
Балаларды қамту
Мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен 1 228 832 бала қамтылуға жатады.
1 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың мектепке дейінгі ұйымдармен
қамтылуы 53,8 % (2014 ж.- 52,3%), 3- 6 жас – 81,6 % (2014 ж. - 78,6%) құрайды.
Жалпы балаларды қамту 2014 жылмен салыстырғанда 1,5 % (1 жастан 6 жасқа
дейінгі балалар) және 3 % (3-6 жас) жоғарылады.
Балалардың жалпы контингентінің (758,7 тыс.) ішінен мектепке дейінгі
ұйымдарда:
- балабақшаларда - 576,6 мың адам (76,0%) оның ішінде жекеменшікте –
149,6 мың адам (25,9%);
- шағын орталықтарда – 182,1 мың адам (24,0%), оның ішінде жекеменшікте
– 15,2 мың адам (8,3%) бар.
Жалпы, Білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламаны іске асыру аясында 3 – 6 жас аралығындағы
балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен қамту екі есеге ұлғайған.
Павлодар (100%), Костанай (99,6%), Қарағанды (97,9%), Батыс Қазақстан
(97,9%), Шығыс Қазақстан (97,9%), Солтүстік Қазақстан (94,2%) облыстарында
3 – 6 жас аралығындағы балалардың мектепке дейінгі ұйымдармен қамтылуы
жоғары көрсеткішке ие.
Республикадан төмен көрсеткіштер республиканың 6 өңірінде - Маңғыстау
(68,7%), Алматы (72,0%), Жамбыл (75,0%), Оңтүстік Қазақстан (75,5%)
облыстарында, Алматы (70,0%) және Астана (64,5%) қалаларында байқалады.
Жекеменшік балабақшалар ашу Оңтүстік Қазақстан (98), Алматы (64),
Қызылорда (54), Шығыс Қазақстан (17) облыстарында және Алматы (33)
қаласында оң шешілуде.
Республикада мектепке дейінгі ұйымдарға орналастыру жөнінде 545,4,
мың. өтініштер тіркелген, оның ішінде 3-6 жас аралығындағы балалар – 185,6.
16
3 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың 100% мектепке дейінгі білім беру
ұйымдарымен қамту үшін 2016-2020 жылдарға арналған Қадамдық жоспарға
сәйкес 292,6 мың орынға 3 079 мектепке дейінгі ұйымдар ашу жоспарлануда.
Бұл 2020 жылға қарай 3-6 жастағы балалардың толық қамтылуын
қамтамасыз етеді.
Жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар ашу және МЖӘ есебінен мектепке
дейінгі ұйымдар желісін дамыту мақсатында Министрлік жергілікті атқарушы
органдармен бірге Мектепке дейінгі ұйымдарды ашу жөніндегі 2015-2017
жылдарға арналған Жол картасын әзірледі, осыған сәйкес МЖӘ есебінен 18
балабақша және 324 жеке инвесторлармен және 7 ірі компаниялармен ашылады.
Орта білімге қолжетімділік құқығы
Қазақстанда орта білім алу құқығы 7 511 мектепте іске асырылады, онда
2,7 млн. бала білім алады. Мектептердің жалпы санының ішінен 7160 – күндізгі
мемлекеттік жалпы білім беретін мектептер (оның ішінде 3 161- шағын жинақты
мектеп), 111 - жекеменшік, 10 – халықаралық мектептер, 20 -Назарбаев
зияткерлік мектептері, 100 – мүмкіндігі шектеулі оқушыларға арналған арнайы
мектептер.
Денсаулық, әлеуметтік-экономикалық факторларға байланысты орта білім
алуға тұрақты немесе уақытша қиындық көріп жүрген санаттағы адамдарға 79
кешкі мектеп, оның ішінде 32-і түзету мекемелерінде, 7 девиантты мінез-
құлықты балаларға арналған мектептер жұмыс істейді, онда 14 2088 оқушы білім
алады.
Орта білім беру ұйымдарының инфрақұрылымдарын жақсарту мақсатында
апатты жағдайдағы мектептердің орнына, үш ауысымдықты жою және оқушы
орындарының тапшылығын қысқарту үшін жаңа мектептердің құрылысы
жүргізілуде, бұл соңғы 5 жыл ішінде апатты жағдайдағы мектептерді 2,6% -дан
1%-ға, үш ауысымды мектептерді 1,2%, оқушы орындарының тапшылығын 58
мың орынға дейін қысқартуға мүмкіндік берді.
Аталған проблемаларды шешу үшін Мемлекет басшысының «Нұрлы жол –
Путь в будущее» Қазақстан халқына Жолдауы шеңберінде Ұлттық қор есебінен
2015 жылы 34 мектептің құрылысы басталды: 8 – аппаты мектептердің орнына,
26 – үш ауысымдықты жою үшін.
Жалпы білім беретін мектептердің оқу процесінде ақпараттық-
коммуникациялық
технологиялар
қолданылады,
сандық
білім
беру
ресурстарының мүмкіндіктері кеңінен пайдаланылады. Айталық, білім беру
жүйесін ақпараттандыру жобасына 1075 мектеп қосылған.
«Мәңгілік ел» жалпыұлттық патриоттық идеяның құндылықтарын ескере
отырып мектептік білім берудің мазмұны тұжырымдамалық түрде жаңартылуда.
Орта білім беру жүйесінің мазмұнын жетілдіру мақсатында:
- Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты бекітілді
(2015 жылғы 25 сәуірдегі №327 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы);
- Негізгі орта және жалпы орта білім беру мемлекеттік жалпыға міндетті
стандартының жобалары әзірленді;
- барлық пәндер бойынша бастауыш сыныптар үшін жалпы білім беретін