Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті



жүктеу 1,05 Mb.
Pdf просмотр
бет36/36
Дата16.05.2018
өлшемі1,05 Mb.
#14164
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36

83 

 

Білім алуға құқығын қамтамасыз етуге айтарлықтай көңіл бөлінуде. 



17  мыңнан  астам  барлық  деңгейдегі  білім  беру  ұйымдары  жұмыс  істейді, 

онда 4 млн.-нан астам бала білім және тәрбие алуда. Тегін орта біліммен 99,8% 

мектеп  жасындағы  балалар  қамтылған.  30  пилоттық  жалпы  білім  беретін 

мектептерде  білім  беру  мазмұны  жаңартылған  оқу  бағдарламаларының 

апробациясы басталды.  

Балаларды  мектепке  дейінгі  білім  берумен  қамтамасыз  ету  ұлғайтылуда.             

3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 81,6 % (2014 ж. - 78%), 1 – 3 жастағы 

балалар - 53,8 % (2014 ж. - 16,4%) құрайды. Аталған жас санаттағы балалар үшін 

100 % қолжетімділікке жету 2020 жылға қарай жоспарлануда. 

Жүйелі негізде балалы  отбасыларды қолдау  бойынша  шаралар  кешені іске 

асырылуда. 2015 жылы балаларға жәрдемақымен 1,6 млн.-астам адам қамтылған 

(2014 ж.- 1 млн.-нан жоғары адам) 

Жыл  сайын  төленген  шығындардың  сомасы  арттырылуда,  айталық  2015 

жылы төлемдер 110 млрд. теңгені (2014 ж.- 97 млрд.-тан астам теңге) құрады. 

Отбасы  институтының  беделін  жоғарылатуға,  қоғамда  үздік  отбасылық 

дәстүрлерді насихаттау, дене бітімі және адамгершілік жағынан дені сау ұрпақты 

тәрбиелеуде отбасының қызметін бағалауға бағытталған шаралар өткізілуде. 

Балалар  демалысының,  сауығуының  ұйымдастырушылық  формалары  мен 

мазмұнының  дамуына  ерекше  назар  аударылады,  бос  уақытын  өткізетін, 

спорттық,  мәдениет,  жазғы  демалыс  мекемелерінің  материалдық-техникалық 

инфрақұрылымы  жетілдірілуде.  Сауығу  демалысымен    2  млн.  081мың.  бала 

қамтылған немесе 84%, бұл өткен жылмен салыстырғанда  280 мың балаға көп.  

Әлеуметтік  жетімдікті  алдын  алуға,  ата-анасының  қамқорлығынсыз  қалған 

балаларды  тәрбиесіне  қабылдайтын  отбасыларға  психологиялық-педагогикалық 

сүйемелдеуді  қамтамасыз  етуге  және  әлеуметтік  қолдауға  бағытталған 

ұйымдастырушылық-құқықтық  шаралары,  оларды  отбасылық  орналастырудың 

оң динамикасына себеп болды.    

Тәрбиенің отбасылық түрлерін дамыту соңғы бес жылда жетім балалар мен 

ата-анасының  қамқорлығынсыз  қалған  балаларға  арналған  ұйымдар  желісін  28 

бірлікке, ағымдағы 8 бірлікке қысқартуға мүмкіндік берді. 

Ұйымдар  тәрбиеленушілерінің  жалпы  саны  4 744  балаға  азайды  (  12 925-

тен 8 181балаға).  

 

 

Жетім балалр мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын 



үймен  қамту  жағдайы  жақсарды  (2006-2014  жылдарда  -  2596  бала,  2015  ж.- 

1165 бала тұрғын үй алды).  

Балалар  қадағалаусыздығының,  кәмелетке  толмағандар  арасындағы  құқық 

бұзушылықтың  алдын  алу,  балаларға  қатыгездікпен  қараудың  және  зорлық-

зомбылықтың  профилактикасы  бойынша  жұмыстар,  сондай-ақ  әлеуметтік 

қауіпті  жағдайдағы  отбасылармен  және  кәмелетке  толмағандармен  жұмыс 

күшейтілді.   

Білім  беру  ұйымдарында  балалар  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету  жөніндегі 

2015  –  2016  жылдарға  арналған  ведомствоаралық  бірлескен  іс-қимыл  жоспары, 

Кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстық құқық 



84 

 

бұзушылықтарды алдын алу жөніндегі 2015 – 2017 жылдарға арналған іс-қимыл 



жоспары іске асырылуда. 

Кәмелетке  толмағандардың  бос  уақыттарын  тиімді  пайдалануды 

қамтамасыз  ету  үшін  республикада  670  мыңнан  астам  баланы(2014  ж.-    620 

мыңнан  астам),  оның  ішінде  ішкі  істер  органдарына  есепте  тұрған  5  мыңдай 

баланы, қолайсыз отбасыларда тәрбиеленетін 11 мыңнан астам баланы қамтитын  

860 (2014 ж.- 833) қосымша білім беру ұйымдары жұмыс істейді. 

Қосымша  білім  беру  ұйымдарының  саны  27  бірлікке,  дене  шынықтыру 

клубтарының саны 22 бірлікке артты. 

Жасөспірімдердің  қылмыстылығы    25%-ға  (2014  ж.  9  ай  -2584,  2015  ж.             



9  ай-1943)  төмендеді.  Ювеналдық  әділет  одан  әрі  дами  түсті.  Бүгінгі  күні 

Қазақстанның  барлық  өңірлерінде  19  ювеналдық  соттар  ойдағыдай  жұмыс 

істейді.  ЮНИСЕФ-тің  шетелдік  сарапшылары  ювеналдық  соттардың  қызметі  

Бала  құқықтары  туралы  конвенцияны  іске  асырудың  маңызды  қадамы  ретінде 

атап өтті. 

Сонымен  бірге, 

балалардың  құқықтарын 

қорғау  саласында 

пролемалық мәселелер бар. 

 Біріншіден,    бұл  отбасылық  қолайсыздық,  балаларды  тәрбиелеуде 

отбасы рөлінің төмендеуі.  

Республикада  4  млн-нан  астам  отбасы  бар,  заңды  некеден  тыс  туылған  72 

мыңнан  астам  бала,  400  мыңнан  астам  «Жалғызбасты  ана»,  60  мыңнан  астам 

«Жалғызбасты әке» тіркелген.  

Бас  прокуратураның  деректері  бойынша  2015  жылғы  9  айда  «қатерлі 

топтағы»  11  412  бала  және  13 173  қолайсыз  отбасылары  анықталып,  ішкі  істер 

органдарының  есебіне  қойылған,  712  ата-аналар  ата-аналық  құқықтарынан 

айырылды.  

Республика  бойынша  тіркелген  некелер  саны  (а.ж.  15  қарашаға)  130 015 

(2014 жыл - 159 725), оның ішінде 1 153 (2014 ж. – 1 402) жағдайы ерте жастағы 

некеге келеді, яғни тіркелген некелердің жалпы санынан 0,9%. 

Бұзылған  некелердің  саны  өсуде.  Бұзылған  некелердің  жалпы  саны  46 727 

(2014 жыл – 52 793) құрады, оның ішінде 15 (2014 ж. - 15) жағдайы ерте жастағы 

некелердің бұзылуына келеді.  

Некені бұзғандардың орташа жасы 30-40 жас, яғни 10-15 жыл бірге тұрған 

жұптар. Көп жағдайда (39 774 немесе 83%) бұл балалы отбасылар.  



Аталған бағытта:  

Отбасылық 



қатынастарды, 

моральдық-этикалық 

және 

рухани-


адамгершілік    құндылықтарды  нығайтудың  2015  –  2020  жылдарға  арналған 

жалпыұлттық    іс-шаралар  жоспарын  және  «Үлкен  ел  –  үлкен  отбасы» 

қазақстандық  сәйкестілік  пен  қоғамдық  келісімді  қалыптастыру  бойынша 

жалпыұлттық жобаны іске асыру;  

-  отбасылық  құндылықтар  мен  дәстүрлерді,  отбасының  беделін,  ана  мен 

әкенің мәртебесін нығайту және көтеру бойынша бірлескен шараларды өткізуде 

ведомствоаралық қарым-қатынасты нығайту;  



85 

 

- мемлекеттің ерекше қамқорына мұқтаж  балалы отбасылар мен балаларға 



көрсетілетін қызметтердің саны мен сапасын кеңейту арқылы әлеуметтік қызмет 

көрсету жүйесін, оның ішінде дағдарыс орталықтарын құру жолымен дамыту; 

-  медициналық  ұйымдардың  және  әлеуметтік  қызметтердің  жұмыстары 

арқылы баладан бас тартудың алдын алу жұмыстары жалғастырылатын болады.   



2. Әлеуметтік жетімдік, қайталанған жетімдікті болдырмау 

Балалар  үйлері  тәрбиеленушілерінің  жалпы  санының  төмендеуінің  және 

олардың  отбасылық  орналастырудың  оң  динамикасына  қарамастан  жыл  сайын 

толық  мемлекеттік  қамсыздандыруға  берілетін  балалардың  санының  көбеюінің 

негативті  тенденциясы  байқалады.  3  мыңдай  жаңадан  анықталған  балалар 

мемлекеттік мекемелерге белгіленеді. 

Қайталанған  жетімдікті  болдырмау  бойынша  шаралар  жүйесін  дамыту 

жетімдік  саласындағы  саясаттың  маңызды  бағыты  болып  табылады.  Отбасыға 

тәрбиеге  алынған  балалардан  бас  тарту  көбінесе  асырап  алушылардың,  асырап 

алушы  ата-аналардың,  қорғаншылар  мен  қамқоршылардың  біліксіздігінен, 

сондай-ақ орын алмастыратын ата-аналарды жете таңдаудың жеткіліксіздігінен, 

ата-аналардың депривирлік жетім  балалардың   даму  ерекшеліктерін білмеуінен 

және балалардың отбасыда тұруға дайынсыздығынан орын алады. Тәуекелдерді 

ықшамдау  орын  алмастыратын  отбасыларды  міндетті  сүйемелдеу  арқылы 

мүмкін.  

Қайтарудың салдары балалардың өздеріне қиындық соқтыруы мүмкін.  

 

Аталған бағытта: 

-    әлеуметтік  жетімдік  жағдайларын  болдырмауға  бағытталған  шараларды 

дамыту  және  ата-анасының  қамқорлығынсыз  қалған  балаларды  отбасылық 

тәрбиеге орналастыру;  

- ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиесіне қабылдайтын 

отбасыларды 

дайындауды, 

психологиялық-медициналық-педагогикалық 

сүйемелдеуді қамтамасыз ету және әлеуметтік қолдау; 

- балалар үйлерін шағындап қайта ұйымдастыру, отбасы үлгісіндегі балалар 

үйлерінің желісін, оның ішінде отбасы базасында кеңейту; 

-  жүйені  трансформациялау,  мамандарды  сақтай  отырып,  стационарлық 

балалар  үйлерін  отбасыға  орналастыру  және  жетімдіктің  алдын  алу  үшін 

әлеуметтік 

және 

психологиялық-педагогикалық 



қызметтерге 

біртіндеп 

айналдыру;  

-  кәсіби  қонақ  отбасылар  институтын  дамыту  және  оларды  кәсіби 

сүйемелдеу бойынша жұмыстар жалғастырылатын болады.  

3.  Балалар  үйлерінің  бітірушілерін  постинтернаттық  бейімдеу  және 

әлеуметтендіру

 

 

Қазіргі  уақытта  бітірушілерді  постинтернаттық  бейімдеу  балаларды 

институционалды жүйесіндегі ең өзекті проблемалардың бірі болып табылады.  

Жыл  сайын  негізгі  және  орта  білім  алған  1,5  мыңдай  тәрбиеленуші 

мемлекеттік мекемелерді бітіріп шығады.   

Алдында ашылатын формалды перспективалардың бар болуына қарамастан, 

жас жігіттер мен қыздар одан әрі өмірлік жолдарын таңдау кезінде  қиындыққа 




86 

 

тап болады.   Интернаттық мекемелер бітірушілерінің басым пайызы «әлеуметтік 



бейімсіз» жағдайға ұшырайды. 

Жетім балаларды социумға қосу бірқатар аспектілерді қамтиды: әлеуметтік-

экономикалық (лайықты төленетін жұмысқа орналастыру мүмкіндігі, тұрғын үй 

алу),  құқықтық  (өзінің  құқықтары  мен  мүдделерін  іске  асыру  мүмкіндігі), 

әлеуметтік-мәдіни  (сапалы  білім  алу,  әлеуметтік  рөлдерді  игеру,  бос  уақытын 

өткізу, қоғамның достық қарым-қатынасы). 

Білім  алу  және  кейін  жұмысқа  орналастыру  бітірушілердің  қоғамға 

толыққанды интеграциялаудың маңызды шарты болып табылады. 

Интернаттық  ұйымдар  бітірушілері  ЖОО,  колледждерге  түсу  кезінде 

көптеген  жеңілдіктерді  пайдалануға  және  мемлекеттік  мекемелерде  білім  алу 

кезінде, мемлекет оларды толық қамсыздандыруына қарамастан, барлығы бірдей 

білім алмайды және жұмысқа орналастырылмайды. 

Жоғары білім алу құқығын интернаттық ұйымдар бітірушілерінің 35% іске 

асырады. 

Бітірушілердің  көпшілігі,  70%-дан  жоғары  тоғызыншы  сыныптан  кейін 

техникалық  және  кәсіптік  білім  беру  мекемелеріне  оқуға  түседі.  Аяқтағаннан 

кейін  бітірушілерге  жалақысы  төмен,  келешегі  жоқ жұмыстар ұсынады.  Кейбір 

жағдайларда  олардың  еңбек  етуге  ынтасы  жоқ  болуына  байланысты  жағдай 

ауырлайды.    

Бітірушілердің  тұрғын  үй  проблемасы  олар  баспанасын  жеке  пайдалануды 

білмейтіндігінен, оны қадірлемейтінінен қиындайды.  

Бұл проблемалардың тіркесуі, тұрғын үймен қамтамасыз етілмегендік және 

жұмысқа  орналастырудың  қиындығы  бітірушілердің  әлеуметтік  бейімделу 

процесін  аса  қиындатады,  жиі  пассивті  немесе  агрессиялық  позицияға  әкеледі, 

олар осал немесе бейәлеуметтік тұрмыс қалпына бейім   болады.  

Аталған бағытта: 

-  білім  беру  депозиттерін  ашу  бойынша  «Өзіңнен  баста»  және  одан  әрі 

өмірге  орналастыру,  әлеуметтік  және  еңбекке  бейімделуіне  практикалық  көмек 

көрсету  үшін    еріктілер  қатарынан  тәлімгерлерді  тарта  отырып  «Тәлімгерлік» 

жобаларын әрі қарай іске асыру; 

тәрбиеленушілерде  үй  шаруашылығын  жүргізуде  практикалық 



дағдыларын  қалыптастыру,  балалар  үйлері  тәрбиеленушілерінің  отбасыға 

барынша  жақындатылған  жағдайда  жеке  өмірге  дайындау  үшін  эмоциялық, 

танымдық және мінез-құлқы саласында түзету; 

-  балаларды  дербес  өмір  сүруге  дайындаудың  жеке  бағдарламаларын 

әзірлеу; 

- бітірушілерді психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу бойынша жұмыс 

жүйесін қамтамасыз ету; 

- бітірушілерді постинтернаттық сүйемелдеу орталықтарын құру және ҮЕҰ 

мен  азаматтық  қоғамды  тарта  отырып,  олардың  қызметін  үйлестіру  бойынша 

жұмыстар жалғастырылатын болады. 



4.  Балаларға  қатысты  зорлық-зомбылық,  қатыгездік,  кәмелетке 

толмағандардың суицидтік мінез-құлқы 


87 

 

Мемлекет  баланың  тәнiн  және  (немесе)  жанын  жәбiрлеуден,  адамдық 



қадiр-қасиетiн  қатыгездiкпен,  дөрекiлiкпен  қорлаудан,  кемсiтуден  заңнамалық 

қорғауды қамтамасыз етеді. 

159  суицид  оқиғалары  және  360  суицидқа  ұмтылыс  жағдайлары  тіркелді 

(2014 ж. -147/375). 

Аталған бағытта: 

-  суицидтің,  кәмелетке  толмағандарға  қатысты  қатыгездік  пен  зорлық-

зомбылықтың алдын алуда ведомствоаралық өзара әрекеттесуді күшейту;  

-  позитивті  өмірлік  позицияны  қалыптастыруға  бағытталған  акциялар 

өткізу; 

-  кәмелетке  толмағандарға  қатысты  зорлық-зомбылық  және  қатыгездік 

көріністеріне  нөлдік  төзімділікті  қамтамасыз  ету  мақсатында  «Зорлық-

зомбылықсыз  бен  қатыгездіксіз  балалық  шақ»  ақпараттық  науқан  өткізу, 

халықаралық  сарапшыларды  тарта  отырып  суицидтің  превенциясы  жөніндегі 

оқу моделін енгізу; 

- балалардың психикалық, әлеуметтік және эмоциялық дамуына теріс әсерін 

тигізетін  материалдарды  тарату  және  басып  шығаруға  жол  бермеу  шараларын 

қабылдау; 

-  халықтың  әлеуметтік  қорғау  мекемелерінде  қатыгездікке  тап  болған 

балаларды оңалту жөніндегі бағдарламаларды әзірлеу;  

-  өңірлік  кәмелетке  толмағандардың  істері  және  олардың  құқықтарын 

қорғау  жөніндегі  комиссияның  қадағалаушылық  рөлін  көтеру  бойынша  жұмыс 

жалғастырылатын болады. 



5. Салауатты өмір салтын қалыптастыру 

Денсаулықты  қорғау  және  салауатты  өмір  салтын  қалыптастыру  еліміздің 

маңызды  стратегиялық  міндеті,  себебі  ел  халқының  ересек  бөлігінің 

денсаулығының іргетасы балалық жаста қаланады.  

Балалар  мен  жасөспірімдердің  денсаулығы  және  өмір  салты  мемлекеттік 

құрылымдар  мен  қоғам  тарапынан  ерекше  назарды  талап  етеді,  себебі 

оқушылардың  сырқаттылығы  төмендемеуде,  маскүнемдік  пен  темекі 

тартушылық  жасарып  барады,  кәмелетке  толмағандардың  ерте  жүкті  болу 

фактілері бар.  

Республикада  2015  жылғы  9  айда  профилактикалық  тексерулермен               

3 678 244 бала қамтылған. 

 Тексерілгендердің ішінен анықталған сырқаттанушылардың пайызы  12,1% 

құрады,  яғни  446  477  бала.    Анықталған  сырқаттанушылардың  ішінде  ҚР 

бойынша алғаш рет «Д» есебіне  36,1%  яғни 89 534 бала алынған. 

Ресми деректерге сәйкес 2015 жылғы 9 айда Қазақстанда 31789 нашақорлық 

құралдарды,  психотроптық  заттарды  тұтынушылар  тіркелді.  Соңғы  3  жылда 

наркологиялық орталықтарда есепте тұрған балалар мен жасөспірімдердің саны 

4  есеге  артты.  Жасөспірімдердің  маскүнемдігі  соңғы  4  жылда  2,5  есеге  өсті. 

Қазақстан 11-17 жастағы балалар арасында темекі тартушылықтың таралуының 

ең жоғары деңгейінде тұрған елдердің қатарына кіреді.   



Аталған бағытта: 


88 

 

-  спорт  инфрақұрылымын  дамыту  және  балаларды  тұрақты  дене 



шынықтырумен  және  спортпен  айналысуға  баулу  жолымен  балалардың 

денсаулығын нығайтуға арналған жағдайлар жасау; 

-  салауатты  өмір  салтын  насихаттауға,  ерте  жүктіліктің  алдын  алуға  және 

дене  шынықтыру,  спортпен  шұғылдану  үшін  жағдай  жасаға  бағытталған 

ақпараттық жобаларды іске асыру; 

-  балалардың  қозғалыс  белсенділігін  және  сауықтырылуын  арттыру 

мақсатында  дене  шынықтыру-спорттық  көпшілік  іс-шаралар  өткізу  бойынша 

жұмыс жалғастырылатын болады. 

Аталған  проблемаларды  шешу  үшін  жергілікті  атқарушы  органдармен, 

ҮЕҰ,  азаматтық  қоғаммен  бірге  «Мәңгілік  Ел»  жалпыұлттық  патриоттық 

идеяның  құндылықтары  негізінде  балалардың  құқықтарын  қорғаудың  өзекті 

мәселелерін  шешуге  және  балалардың  өмір  сапасын  жақсартуға  бағытталған 

шаралар кешені әзірленді.   

Аталған шаралар білім беру, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту мәселелері 

бойынша  салалық  бағдарламаларда,  2014  жылғы  17  қаңтардағы  «Қазақстан 

жолы-2050:  Бір  мақсат,  бір  мүдде,  бір  болашақ»,  2015  жылғы  30  қарашадағы 

«Қазақстан  жаңа  жаһандық  нақты  ахуалда:  өсім,  реформалар,  даму»  Қазақстан 

халқына Жолдауларында,  Отбасылық қатынастарды, моральдық-этикалық және 

рухани-адамгершілік    құндылықтарды  нығайтудың  2015  –  2020  жылдарға 

арналған жалпыұлттық  іс-шаралар жоспарында және басқа бағдарламалық және 

стратегиялық құжаттарда қарастырылған. 

Аталған бағыттарды  іске асырудың  маңызды  шарттарының бірі балаларды 

қорғаудың  проблемаларына  қоғамның  назарын  аудару  және  балалардың 

мүдделеріне  сәйкес  мемлекет  саясатын  іске  асыру  үшін  мемлекеттік 

құрылымдардың,  қоғамдық,  үкіметтік  емес  ұйымдардың,  бизнес-ортаның 

күштерін біріктіру болып табылады.  

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Қысқарған  сөздер тізімі 

АӘК 


  Атаулы әлеуметтік көмек  

 

ЖС 



Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты 

ДДСҰ 


Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы  

ЖПД 


Жалпы практика дәрігерлері  

ЖІӨ 


Жалпы ішкі өнім  

ЖОО 


Жоғары оқу орны  


89 

 

БМҚ 



Балаға мейірімді қала (жоба)  

МЖТС 


Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты  

МККБК 


Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі 

ҚР БП 


Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы  

БДМБ 


Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы  

ЖБИ 


Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі  

ГЧП 


Государственно-частное партнерство 

ІІД 


Ішкі істер департаменті  

БЦС 


Балалардың церебральды сал ауруы  

БЖСМ 


Балалар және жасөспірімдер спорт мектебі 

ҰБТ 


Ұлттық бірыңғай тестілеу  

ЫДҚ 


Кәмелетке толмағандарды бірыңғай есепке алудың 

ықпалдастырылған дерекқоры  

БЖАЫЖ  Бала жастағы ауруларды ықпалдастырылған жүргізу  

ӘҚтК 


Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс  

ДСӘД 


Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму 

министрлігі  

ХЕҰ 

Халықаралық еңбек ұйымы  



ҚР СІМ 

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі  

ЖАО 

Жергілікті атқарушы органдар  



ҚР ІІМ 

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі  

ҚР МСМ  Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі 

ҚР ҰЭМ  Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі 

ҚР АШМ  Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі 

ҚР ҚМ 


Қазақстан Республикасы қаржы министрлігі 

МӘ 


Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі 

ВАК 


Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Кәмелетке 

толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі 

комиссия 

ҚР БҒМ 


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 

АЕК 


Айлық есептік көрсеткіш 

ҰАН 


Ұлттық ақпараттық науқан 

НЗМ 


Назарбаев Зияткерлік мектептері 

ҮЕҰ 


Үкіметтік емес ұйымдар 

ҰҒПБО 


Ұлттық ғылыми-практикалық білім беру орталығы 

ҰБАО 


Ұлттық біліктілігін арттыру орталығы  

БАЖН 


Балалар еңбегінің ең жаман нысандары 

ІІБ 


Ішкі істер бөлімі 

БҰҰ 


Біріккен Ұлттар Ұйымы 

ЗТБ 


Заңды тұлғалар бірлестігі 

КДДБ 


Кәсіптік даярлық деңгейін бағалау 

КМК 


Көшпелі медициналық кешен 

ПМПК 


Психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес 

МСАК 


Медициналық-санитариялық алғашқы көмек  


90 

 

БҰҰДБ  



Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы  

РОБО 


Республикалық оқыту-білім беру орталығы  

ҚР 


Қазақстан Республикасы 

РО 


Республикалық орталық 

ТМД 


Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы 

БАҚ 


Бұқаралық ақпарат құралдары 

ТжКБ 


Техникалық және кәсіптік білім 

ГТЖТ 


Гемопоэтикалық тін жасушаларының трансплантациясы 

ЖШС 


Жауапкершілігі шектеулі серіктестік 

ҚК, ҚПК  Қылмыстық кодекс, Қылмыстық-процестік кодексі 

КБО 

Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтары 



ОЖЖ 

Орталық жүйке жүйесі 



 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

жүктеу 1,05 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау