Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті



жүктеу 1,05 Mb.
Pdf просмотр
бет9/36
Дата16.05.2018
өлшемі1,05 Mb.
#14164
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   36

19 

 

2015-2015 оқу жылының басына мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алу 



құқығын іске  асыру  үшін  37  мектепке дейінгі ұйымдар,  100  арнайы  мектептер, 

51  психологиялық-медициналық-педагогикалық  кеңес,  137  психологиялық-

педагогикалық  түзету  кабинеттері,  12  оңалту  орталықтары,  880  жалпы  білім 

беретін мектептердегі логопед пункттері жұмыс істейді.  



Балаларды тамақтандырудың жай-күйі 

Оқушылардың үлгеріміне ықпал ететін факторлардың бірі тиімді тамақтану 

болып  табылады,  бұл 

балалардың  денесі  мен  ақыл-ойының  үйлесімді  дамуына 

ықпал етеді және балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын қалыптастыру мен 

сақтаудың қажетті шарты болып табылады.  

2015-2016 оқу жылында елдегі 86,3% (2014 ж. - 85%) мектептерде мектептік 

тамақтандырумен   93,8% ( 2014 ж. - 86,1%) оқушылар қамтылған.  

Аз  қамтылған  отбасылар  балаларының    99,9%  (2014  ж.  -  99,7%)  тегін 

берілетін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. 

15  облыста  жекелеген  санаттағы  білім  алушылардың  100%  тегін  ыстық 

тамақпен  қамтылған.    Әкімдердің  бастамасы  бойынша  тегін  тамақтандыру 

Астана қаласының (100%) және Батыс Қазақстан (99,9%) облысының бастауыш 

сынып оқушыларына ұйымдастырылған. 

Жергілікті  бюджет,  демеушілік  қаражат  есебінен  барлығы  461 866  немесе 

18,3%    (  2014  ж.-  738  723  немесе  оқушылардың  жалпы  санынан  33%)  оқушы, 

олардың ішінде әлеуметтік қорғалмаған отбасылардың балалары және бастауыш 

сынып оқушылары тамақтандырумен қамтылған. 

Ағымдағы  жылы  «Жалпы  білім  беретін  мектептердегі  білім  алушылар  мен 

тәрбиеленушілердің 

жекелеген 

санаттарын 

тегін 

және 


жеңілдікпен 

тамақтандыруды  ұсыну»  мемлекеттік  көрсетілетін  қызмет  стандарты  бекітілді. 

Аталған қызмет e.gov электрондық үкімет порталы арқылы автоматтандырылған. 

«Орта  білім  беру  ұйымдарында  білім  алушыларды  тамақтандыруды 

ұйымдастыру  қағидаларын  бекіту  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Білім  және 

ғылым министрінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы №20 бұйрығы қабылданды.  

Бұйрықта: кәсіпкерлік қызметіне міндетті санитариялық-эпидемиологиялық 

қорытынды алу,  өндірістік  бақылау,  тағамдардың  технологиялық  картасының 

болуы, көрсетілетін қызмет берушілерді таңдауға субъективті келу жағдайларын 

жоятын 


халықтың 

санитариялық-эпидемиологиялық 

саламаттылығы 

саласындағы нормативтік құқықтық актілердің және гигиеналық нормативтердің 

нормаларын сақтау талаптары қарастырылған. 

«Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, 

көздерін,  түрлерін  және  оны  беру  қағидаларын  бекіту  туралы»  Қазақстан 

Республикасы  Үкіметінің  2012  жылғы  12  наурыздағы  №320  қаулысына 

толықтырулар  енгізу  туралы  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2015  жылғы  

25  сәуірдегі  №  326  қаулысымен  мектепте  бір  мәрте  тамақтандыру  нормалары 

бекітілді. 

Тамақтандыруды  ұйымдастыруды  бақылау  үшін  БҒМ  тәуекел  дәрежесін 

бағалау  критерийлерін  бекітті.  2015  жылы  7  өңірде  (Ақмола,  Қарағанды, 

Жамбыл, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында және  

Астана  қаласында)  53  объект  тексерілді.  Тексеру  нәтижелері  бойынша 



20 

 

облыстардың  әкімдеріне  бұқушылықтарды  жою  және  лауазымды  адамдарға 



қатысты тәртіптік шара қолдану жөнінде хаттар жолданды. 

Мектептік тасымалдауды ұйымдастыру туралы 

Білім алуға қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін білім беру ұйымдары жоқ 

елді мекендердегі оқушыларды тасымалдау ұйымдастырылды.  

«Білім  туралы»  Қазақстан  Республикасының  Заңына  сәйкес 

 

кенттің, 



ауылдың, ауылдық округтің әкімі елді мекенде мектеп болмаған жағдайда білім 

алушыларды  таяудағы  мектепке  дейін  және  кері  қарай  тегін  жеткізіп  салуды 

ұйымдастырады.  

ҚР    барлығы  1523  (  2014  ж.  -  1626)  мектебі  жоқ  елді  мекен  бар,  онда  

тасымалдауға  мұқтаж  27 363    (2014  ж.  -  31420)  мектеп  жасындағы  балалар 

тұрады.  

Жергілікті  атқарушы  органдардың  мәліметі  бойынша  бүгінгі  күні    24903 

немесе 91% балаға (2014 ж. – 27595 немесе 87,8 %) мектепке дейін тасымалдау 

ұйымдастырылған,  оның  ішінде  3 738  (2014  ж.  -  3330)  білім  алушы  мектеп 

жанындағы интернаттарда тұрады. 

Тасымалдау    813  (937)  бірлік  автокөліктерде    ұйымдастырылады.  

Ағымдағы жылы әкімдіктер 32 (40) бірлік автокөлік сатып алды, қажеттілік  187 



(283)  бірлікті құрайды. 

Орта  білім  алуға  қолжетімділігін  қамтамасыз  ету  үшін  ағымдағы  жылы 

ауылдық  оқушыларды  тегін  тасымалдауды  ұйымдастыру  бойынша  мемлекеттік 

қызмет стандарты әзірленді.  

Қиын  өмірлік  жағдайдағы  балаларды  қолдау  үшін  «Қамқорлық»  және 

«Мектепке жол» акциялары өткізілуде. 

Жыл  сайын  қаңтар-ақпан  айларында  өткізілетін  «Қамқорлық»  акциясымен 

2015  жылы  600  млн.  теңгеден  астам  сомаға  аз  қамтылған  отбасылардың  160 

мыңнан  астам  баласы  қамтылды,  оның  ішінде  100  мыңға  жуық  балаға 

демеушілік есебінен  250 млн. теңгеге көмек көрсетілді.  

Акция  шеңберінде    оқумен  қамтылмай  қалған  оқушыларды  анықтау 

бойынша  аулаларды  (пәтерлерді)  аралау  жүргізілді.  Оқумен  қамтылмай  қалған 

66 бала анықталып, мектепке қайтарылды. 

Жаңа  оқу  жылына  дайындық  кезеңінде  жыл  сайын  1  тамыз  30  қыркүйек 

аралығында аз қамтылған, көп балалы отбасылардың балаларына, жетім балалар 

мен  ата-анасының  қамқорлығынсыз  қалған  балаларға  көмек  көрсету  және 

балалардың  әлеуметтік  себептермен  сабаққа  келмеуін  алдын  алу  мақсатында 

республиканың 

барлық 

өңірлерінде 



«Мектепке 

жол» 


дәстүрлі 

жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясы өткізіледі.   

2015  жылы  «Мектепке  жол»  акциясымен  234  713  бала  қамтылды,  оларға                 

1 млрд. 700 млн. теңгеге материалдық көмек көрсетілді, оның ішінде демеушілер 

мен меценаттар 1 млрд. астам теңгеге 155 165 балаға көмек ұсынды.  

 

Техникалық және кәсіптік білім беру 

Республикада 499,5 мың білім алушы контингенті бар 807 колледж жұмыс 

істейді, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша 242,3 мың адам (48,5%). 



жүктеу 1,05 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   36




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау