17
оқу бағдарламалары мен оқу жоспарлары әзірленді;
- жалпы білім беретін мектептер үшін критерийлі бағалау жүйесінің
қағидалары, 1 сынып оқушыларына арналған бағалау жүйесі бойынша
әдістемелік ұсынымдар мен нұсқамалар әзірленді.
Еліміздің 30 пилотты жалпы білім беретін мектептерде білім берудің
жаңартылған мазмұнды оқу бағдарламаларының апробациясы басталды.
Жалпы, 7160 күндізгі мемлекеттік жалпы білім беретін мектептердің:
- 3777 қазақ тілінде білім беретін мектептер және аралас тілде білім
беретін мектептердің қазақ сыныптарында -1 792 223 оқушы;
- 1 262 орыс тілінде білім беретін мектептер және аралас тілде білім беретін
мектептердегі орыс сыныптарында - 832 173 оқушы;
- 2 088 қазақ және орыс тілдерінде аралас білім беретін мектептер;
- 16 өзбек тілінде білім беретін мектептер және аралас тілде білім беретін
мектептердің өзбек сыныптарында - 80 655 оқушы;
- 13 ұйғыр тілінде білім беретін мектептер және аралас тілде білім беретін
мектептердің ұйғыр сыныптарында -15 067 оқушы;
- 4 тәжік тілінде білім беретін мектептер және аралас тілде білім беретін
мектептердің тәжік сыныптарында - 4 009 оқушы.
Жыл сайын 2000 астам 9-11 сыныптардың оқушылары республикалық
интеллектуалдық байқауларға қатысады.
2015 жылғы 30 қазан – 26 қараша аралығында жаратылыстану-математика
цикл пәндері бойынша сегізінші Президенттік олимпиада өтті. Олимпиада
мақсаты – жаратылыстану-математикалық ғылымдарға терең оқытуға
қызығушылығын қалыптастыру және жоғары білімді казақстандық оқушыларды
тәрбиелеу
Инклюзивті білім беру даму үстінде – денсаулық проблемалары бар
(мүмкіндігі шектеулі, мүгедек балалар); қоғамда әлеуметтік бейімделуінде
қиындығы бар (девиантты мінез-құлықты, әлеуметтік-экономикалық және
әлеуметтік-психологиялық статусы төмен); мигранттар, оралмандар, босқындар
отбасыларындағы (6 мыңнан астам мигрант балалар, оның ішінде мектепке
дейінгі жастағы 889 және мектеп жасындағы 5358 балалар, 24725 репатриант
(оралман) оқушылары; 1523 мектептері жоқ елді мекендерде тұратын 27363
балалар) барлық санаттағы балаларға мектепке дейінгі және орта білім алуға,
дамуында бұзушылықтарын түзету және әлеуметтік оңалту, сапалы білім алуға
тең қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін арнайы жағдайлар жасалуда.
Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік
18
бағдарламасын іске асыру шеңберінде мүмкіндігі шектеулі балаларға инклюзивті
білім беру жүзеге асырылуда.
Бүгін орта білім беру ұйымдарында 30,5% балаларға инклюзивті білім беру
үшін жағдай жасалған. Оның ішінде арнайы жағдайлар жасай отырып, дені сау
құрбыларымен тең дәрежеде 25 633 (27%) мүмкіндігі шектеулі балалар білім
алуда.
2020 жылға қарай 70% мектептерде инклюзивті білім беру үшін жағдайлар
жасау, 20% мүгедек балаларға «кедергісіз қолжетімділікті» қамтамасыз ету,
мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы санынан 50% баланы инклюзивті білім
берумен қамтылуын жеткізу көзделген.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 маусымдағы №752
қаулысымен бекітілген Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің
қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру бойынша 2014 – 2020
жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасында
инклюзивті білім беру жүйесін ода әрі дамыту бойынша 2015 – 2020 жылдарға
арналған шаралар кешені бекітілді (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы №534 бұйрығы).
Қазақстан
Республикасында
инклюзивті
білім
беруді
дамытуға
тұжырымдамалық тәсілдер бекітілді (Қазақстан Республикасы Білім және
ғылым министрінің 2015 жылғы 1 маусымдағы №348 бұйрығы).
Арнайы білім – жалпы орта білімнің құрамдас бөлігі ретінде мүмкіндігі
шектеулі адамдарға білім алу үшін арнайы жағдайлар жасауды көздейді және
арнайы оқу бағдарламаларды, оқулықтарды, ОӘК, білім берудің арнайы әдіс-
тәсілдерін, компенсаторлық қосалқы техникалық оқу құралдарын; медициналық,
әлеуметтік қызметтерді қамтиды.
2015 жылы дамуында мүмкіндігі шектеулі балалар саны 141 952 (2014 ж. -
138 513 адам) құрады. Инклюзивті білім берумен
:
46340 (55%) мектеп жасындағы балалар (84 120 бала ішінен) (қалғандары
арнайы мектептерде –13722 (14,6%) бала; арнайы сыныптарда – 11461 (12,2%)
бала; үйден оқытылады– 10408 (7,3%) бала; жекеменшік ұйымдарда – 2189
(2,3%) бала, колледждерде – 2877 (3,0%) жасөспірім білім алады).
14717 (35,2%) мектепке дейінгі жастағы балалар (41805 бала ішінен)
(қалғандары арнаулы балабақшаларда – 5159 (12,3%) бала; арнайы топтарда –
4474 (10,8%) бала, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінде (ППТК)
және оңалту орталықтарында (ОО) түзету-педагогикалық қолдауды – 12663
(30,2%) бала алады, 683 (1,6%) – үйде тәрбиеленуде).
Мүмкіндігі шектеулі балалардың тегін әлеуметтік және медициналық-
педагогикалық түзету қолдауына, мемлекеттік медициналық ұйымдарда,
психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестерде немесе медициналық-
әлеуметтік сараптама бөлімдерінде тегін тексерілуге және Қазақстан
Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте тегін медициналық көмек
алуға; психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес қорытындысына
сәйкес анықтау сәтінен бастап, оның айқындылық дәрежесіне қарамастан дене
немесе психикалық жетіспеушілігін тегін медициналық-психологиялық-
педагогикалық түзетуге құқығы бар.