21
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жастардың бірінші жұмыс
мамандығын кепілді алуын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдануда,
«Білім туралы» Заңына тиісті өзгерістер енгізілді.
2015-2016 оқу жылында республикалық бюджет есебінен кепілдік беру
шеңберінде ТжКБ-ға мемлекеттік тапсырыс бойынша 5358 адам қабылданды
(2014-2015 оқу жылында – 5358 адам).
Министрлік жергілікті атқарушы органдармен бірге «Мәңгілік ел жастары
– индустрияға!» әлеуметтік жобасын іске асыруда. Жоба аясында жастарды
жұмыс күші мол аймақтардан жұмыс күші тапшы аймақтарға көшіру бойынша
талап етілген мамандықтарға оқыту үшін жүйелі шаралар қабылданды. 2015-
2016 оқу жылында жоба бойынша 1200 студент (2014-2015 оқу жылында – 1000
адам) қабылданды. Жоба қатысушылары тұрғын үймен, шәкіртақымен 3 рет
тамақтандырумен, қысқы киімдермен, екі жаққа жолдың қаражатымен
қамтамасыз етілді.
Мемлекет тапсырысы бойынша білім алатын студенттерге 13 407 теңге
көлемінде шәкіртақы төленеді. Сонымен бірге келесі санаттағы адамдарға
белгіленген көлемдегі шәкіртақыға оқуақы көлемін көтеру қарастырылған:
көру және есту қабілеті бойынша мүгедек студенттерге – 75%;
22
азаматтардың қорғаншылығындағы (қамқоршылығындағы) жетім балалар
мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар ішінен студенттерге – 30 %;
емтихан қорытындылары бойынша «үздік» бағалары бар студенттерге –
15%.
Колледждердің мемлекеттік тапсырысы бойынша білім алушыларына
жылына 2 рет қысқы және жазғы каникул кезінде 2 есе айлық есеп көрсеткіш
(4 АЕК) мөлшерінде жолақысына өтемақы төленеді.
Халықтың әлеуметтік осал санаттарын, қолдау мақсатында ТжКБ оқу
орындарына қабылдау кезінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы
28 ақпандағы №264 қаулысымен қабылдау квотасы (мүгедектер үшін квота 1%)
белгіленді.
Қазіргі уақытта техникалық және кәсіптік білім берудің оқу орындарында
2572 мүгедек білім алуда, оның ішінде 1759 бала жасынан мүгедек, 813 - 1 және
2 топтағы мүгедектер. Негізінен «Бала жасынан мүгедек», «Туылғаннан орта
жіліктің шығуы», «Қантсыз диабет», «Эпилепсия» диагноздарымен білім алуда.
Мүмкіндігі шектеулі адамдар жеңіл мамандықтар бойынша білім алуда,
атап айтқанда әрлеу құрылыс жұмыстарының шебері, сылақшы-бояушы, ағаш
шебері, емдеу ісі, ауыл шаруашылық техникасын слесарь-жөндеуші,
автомеханик, аспазшы, тігін қндірісі, киімдерді модельдеу, аяқ киім жөндеу
шебері, дизайн, саз орындаушылығы, ақпараттық жүйелер т.б.
Колледждерде 8 мыңнан астам жетім балалар білім алуда.
Оқу кезеңінде жетім балалар тегін ыстық тамақтандырумен, жатақханада
орынмен, жеңілдетілген жол жүрумен, шәкіртақымен, киімдермен қамтамасыз
етіледі.
Ағымдағы жылы Қазақстан ұлттық құрама командасы алғаш рет Бразилия,
Сан-Пауло қаласында өткен WorldSkills Competition Халықаралық
чемпионатына қатысты. Әлемдік чемпионат WorldSkills (WSK) қозғалысының
тарихында ең көпшілікті болды. WSK Ұлттық құрама атынан әлемдік сахнада
WSK Ұлттық чемпионатының жеңімпаздары шықты: Дауренов Анвар
(сылақшы және гипсокартон жұмыстары), Белоносов Сергей (мейрамхана ісі
(аспазшы), Мухамедияров Нурлыбек (дәнекерлеу жұмыстары), Токежанов
Әділет (ағаш жону ісі), Ерман Канат (кірпіш қалау), Жанбосынова Анар
(шаштараз ісі), Ишангалиев Райымбек (IT-жүйелерін басқару).
Чемпионат қорытындысы бойынша Алматы индустрия, туризм және
қонақжайлық колледжінің студенті С.Белоносов өзінің шеберлігін көрсете
23
отырып, «Best of Nation» номинациясында медальге ие болды. №2
Индустриалдық-техникалық колледжінің студенті А.Токежанов «Ағаш жону
ісі» құзыреті бойынша командалық есепте жеңгені үшін WorldSkills Competition
медаліне ие болды. Жалпы есепте Қазақстан жақсы көрсеткіштерімен үздік елу
ел қатарына кірді.
ТжКБ жүйесінде серіктестіктің тиімді нысаны дуалды оқыту болып
табылады. Бүгін заңнамалық тұрғыда «дуалды оқыту» түсінігі және оны іске
асыратын мүдделі тараптардың құзыреті бекітілді. Оқытудың дуалды жүйесі
нақты өндірісте әр бітірушіні жұмысқа орналастыру үшін жағдай туғызады.
Дуалды оқытуды 22 мың адамды қамтумен 1715 кәсіпорны бар 348
колледждер ендіруде.
Колледждердің бітірушілерін жұмысқа орналасуын қадағалау мақсатында
ҚР БҒМ 2015 жылғы 30 маусымдағы, ҚР ДӘДМ 2015 жылғы 24 шілдедегі №621
бірлескен бұйрықтарымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрлігінің Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму
министрлігінің ақпараттық жүйлерінің өзара іс-қимылы бойынша қағидалар
бекітілді, онда ҚР ДӘДМ сайтындағы «Жұмыс» порталы «Бітірушілерді
жұмысқа орналастыру» бөлімінде жариялай отырып, зейнетақыға бөлінген сома
арқылы бітірушілердің жұмысқа орналасуы туралы мәліметтер берілетін
болады.
Тәрбие беру, балаларды дамыту, спортқа баулу саласындағы
мемлекет саясаты
Республикада білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысына аса мән
берілуде. Бекітілген бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті
стандартында барлық пәндердің мазмұнында тәрбиелік компонет кеңейтілді.
Мемлекет
басшысының
«Оқу
бағдарламасына
«Мәңгілік
Ел»
бүкілқазақстандық идеяның құндылықтарын оқытуды енгізу» тапсырмасын
орындау үшін Тәрбие берудің тұжырымдамалық негіздері (ҚР БҒМ 2015
жылғы 22 сәуірдегі №227 бұйрығы) бекітілді, онда алғаш рет тәрбиелілікті
бағалау критерийлерін енгізу ұсынылады және тәрбие жұмысының 8 басым
бағыттары белгіленді.
Тәрбие процесінің нормативтік құқықтық қамтамасыз етілуі жетілдірілуде.
2015 жылы Қазақстан Республикасында балалардың ғылыми-техникалық
шығармашылығын және балалар-жасөспірімдер туризмін дамытудың
тұжырымдамалық тәсілдері, Білім беру ұйымдарында балалардың қауіпсіздігін
қамтамасыз етудің 2015-2016 жылдарға арналған бірлескен іс-қимылдың
ведомствоаралық жоспары, «Білім беру ұйымдарының білім алушыларының
мұражайларға, театрларға және басқа мекемелерге баруын ұйымдастыру
туралы» бірлескен бұйрық (ҚР БҒМ 2015 жылғы 14 мамырдағы №296, ҚР МСМ
2015 жылғы 14 мамырдағы № 180) бекітілді.
Білім беру ұйымдарында тәрбие беруді әдістемелік сүйемелдеу
жетілдірілуде.
2015 жылы «Жалпы орта білім беру ұйымдарында әлеуметтік, тәрбиелік
және идеологиялық жұмысты ұйымдастырудың ерекшеліктері» нұсқама-