Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті



жүктеу 1,05 Mb.
Pdf просмотр
бет5/36
Дата16.05.2018
өлшемі1,05 Mb.
#14164
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36

11 

 

Заңнаманың сақталуын бақылау

 

Балалардың  құқықтарын  қорғау  саласындағы  заңнаманың  сақталуына 



тұрақты мониторинг пен бақылаудың жүйесі қалыптасты.

 

2015 жылғы 1 қарашаға  Шығыс Қазақстан,  Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, 



Ақмола,  Солтүстік  Қазақстан  облыстарының  және  Астана  қаласының  104 

органдары  мен  ұйымдардың  қызметіне   жалпы  білім  беретін  мектептерде  білім 

алушыларды  тамақтандыруды  қамтамасыз  ету,  сабаққа  қатысу,  кәмелетке 

толмағандарды  бейімдеу  орталықтарының  қызметі,  қиын  өмірлік  жағдайға 

ұшыраған  балалар  үшін  жағдай  жасау,  жетім  балалар  мен  ата-анасының 

қамқорлығынсыз  қалған  балаларды  орналастыру,  құқықтары  мен  мүдделерін 

әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша тексеру жүргізілді. 

Тамақтандыруды  ұйымдастыруды  тексеру  барысында  бірқатар  облыстарда 

өрескел  бұзушылықтар  орын  алды:  талаптарға  сәйкес  келмейтін  конкурстық 

өтінім ұсынған әлеуетті өнім берушілерді конкурс қатысушысы және жеңімпазы 

ретінде  тану,  мектептік  тамақтандыру,  оның  ішінде  жекелеген  санаттағы  білім 

алушыларды  тамақтандыру  кезінде  санитариялық  қағидалардың  талаптарын 

сақтамау және басқасы. 

Қорғаншылық  және  қамқоршылық  функцияларын  жүзеге  асыратын 

органдар  мен  жетім  балалар  мен  ата-анасының  қамқорлығынсыз  қалған 

балаларға  арналған  ұйымдарды  тексеру  барысында  бұзушылықтар  анықталды: 

жетім  балалар  мен  ата-анасының  қамқорлығынсыз  қалған  балалардың 

мәртебесін  анықтамау,  оларды    орналастыру  бойынша  шаралар  қабылдамау, 

асыраушысынан  айырылу  бойынша  жәрдемақыларды  уақытылы  төлемеу, 

мүлікті басқару және балалар үйлерінде тәрбиеленіп жатқан балалардың меншік 

құқығындағы тұрғын үйлерін сақтау жөнінде есептерінің болмауы. 

 

Жергілікті  атқарушы  органдарға  аталған  бұзушылықтарды  жою  және 



лауазымды  адамдарға  қатысты  тәртіптік  жаза  қолдану  жөнінде  анықтамалар 

жолданды.

 

Тексеру қорытындыларын қарастыру нәтижесінде білім беру ұйымдарының 



бірқатар қызметкерлері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

 

 

 

Бала  құқықтары  туралы  конвенция  және  балалардың  құқықтары 

бойынша ұлттық заңнама жөнінде ақпараттандыру және тарату

 

 



 

Құқықтық  мәдениеттің  деңгейін  және  Конвенцияның  негізгі  ережелері 

туралы  балалар  мен  олардың  ата-аналарының  хабардарлығын  арттыру, 

балалардың  түрлі  құқықтық  мәселелерге  қызығушылығын  дамыту,  қоғамдық 

құндылық  ретінде  олардың  құқыққа  қатысын  айқындауы  ерекше  маңызға  ие 

болуда. Құқықтық білім түрлі өмірлік жағдайда өзін-өзі ұстаудың негізі ретінде 

қажет.

 

Республикада  балаларды,  ата-аналарды,  педагогтарды,  жұртшылықты  Бала 



құқықтары  туралы  конценцияның  ережелерімен  таныстыру  бойынша  нақты 

жұмыс жүйесі қалыптасты.

 

Бала  құқықтары  туралы  конвенция,  «Қазақстан  Республикасындағы 



балалардың  құқықтары  туралы»  Заңының  ережелері  мектеп  жарғыларының 


12 

 

мазмұнына  тығыз  байланысты  енді,  балалардың  өзін-өзі  басқаруына,  балалар 



ұйымдары мен қозғалыстарының жұмысында айқындаушы болды.

 

Барлық  ұйымдарда  және  білім  берудің  барлық  деңгейлерінде  адам 



құқықтары  жөнінде  курс  оқытылады.   Әр  балаға  қажетті  көлемде  саяси-

құқықтық  білім  беру  мақсатында  жалпы  білім  беретін  орта  бейінді  мектептің 

қоғамдық-гуманитарлық  бағыты  бойынша  10  –  11  сыныптарда  68  сағат 

көлемінде  және  жаратылыстану-математикалық  бағыттағы  10  сыныптарда                 

34  сағат  көлемінде    «Құқықтану  негіздері»  пәні  оқытылуда.  9  сыныптарда                   

68 сағат көлемінде «Адам.Қоғам.Құқық» пәні оқытылады. 

Бұған  қосымша  факультативтік  сабақтар,  сынып  сағаттары,  мектептен  тыс 

шаралар өткізіледі. 

Білім  беру  ұйымдарында  Бала  құқықтары  туралы  конвенцияға  арналған 

стендтер, бұрыштар, сайттарда – айдарлар,  кітапханаларда  – құқықтық білімге 

байланысты  стендтер  жасалған.   

Оқушылар  арасында  құқықтық  түсіндіру 

жұмыстарын жүргізетін мектептік үгіттеуші бригадалары жұмыс істейді. 

БҰҰ Бала құқықтары туралы конвенцияның ережелері мен баптары туралы 

балалар  мен  ата-аналарға  құқықтық  білім  беру  мен  хабардар  ету  Балалардың 

құқықтарын қорғау комитетінің басым бағыттарының бірі болып табылады. 

Бала  құқықтары  туралы  конвенция  және  Конвенцияға  екі  факультативтік 

хаттамалар мәтіні  «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» 

Қазақстан  Республикасының  Заңымен  бірге  және  балалардың  құқықтарын 

қорғау бойынша  басқа  заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілер 

еліміздің  «Әділет»  ақпараттық-құқықтық  жүйесінде,  сондай-ақ  Балалардың 

құқықтарын қорғау сайтында орналастырылды. 

Интернет елеулі рөл атқарады және халықтың негізгі үлесіне қолжетімді. 

Бала  құқықтары  мәселелері  бойынша  материалдар  «Қазақстан  балалары», 

«Бала және құқық» және басқа журналдарда жарық көреді. 

Балалардың  құқықтары  бойынша  республикалық  шаралар  өткізіледі: 

форумдар,  саммиттер,  конференциялар,  дебаттар  және  басқалары.  Шараларды 

өткізуге  түрлі  халықаралық  және  үкіметтік  емес  ұйымдар  мен  бірлестіктер, 

ұлттық-мәдени  орталықтардың  өкілдері,  меценаттар  және  басқалары  белсенді 

қатысады. 

Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының білім беру ұйымдарымен бірге 

БҰҰ  Бала  құқықтары  туралы  конвенция  мен  Қазақстан  Республикасының  бала 

құқықтары  туралы  заңнамасының  ережелері  туралы  балалар  мен  олардың  ата-

аналарының  құқықтық  мәдениетінің  және  хабардарлық  деңгейін  көтеру 

мақсатында    жыл  сайын  «Балалар  әлемі  Конвенциямен  бірге»  он  күндігі  және 

сәуір айында сауалнама өткізіледі. 

2015 жылы  сауалнамамен 1 024 151 оқушы қамтылды, оның ішінде 43,1% 

қалалық мектептердің (442 275)  және  56,8 % (581 876)  ауылдық мектептердің 

оқушылары. 2014 жылмен салыстырғанда сауалнамаға жауап берушілердің саны 

2015 жылы 79 502  адамға ұлғайды немесе 8 % құрады. 

Қорытынды талдау келесіні көрсетті. 



жүктеу 1,05 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау