Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті



жүктеу 1,05 Mb.
Pdf просмотр
бет4/36
Дата16.05.2018
өлшемі1,05 Mb.
#14164
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36

 

білім  беру



 

ұйымдарын  балаларға  қолайлы  жағдай  жасау  және  білім  беру 

ұйымдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында  Қазақстанға береді. 

4. «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» 2015 жылғы 9 ақпандағы № 285-V 

Заңы.    Мемлекеттiк  жастар  саясатының  мақсаты  жастардың  рухани,  мәдени, 

білім алып, кәсіби және дене бітімінің толыққанды дамуы, шешімдер қабылдау 

процесіне қатысуы, ойдағыдай әлеуметтенуі және олардың әлеуетін елді одан әрі 

дамытуға бағыттау үшін жағдайлар жасау болып табылады.  

5. «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне мүгедектердi 

әлеуметтiк  қорғау  мәселелерi  бойынша  өзгерiстер  мен  толықтырулар  енгiзу 

туралы» 2015 жылғы 12 қарашадағы Заң. 

Заң  жалпы  білім  беретін  арнайы  білім  беру  ұйымдарымен  тірек-қимыл 

аппараты зақымдалған, есту және (немесе) көру және (немесе) сөйлеу қабілеттері 

төмен  балаларға  ымдау  тілін,  Брайль  әліппесін,  басқа  баламалы  қаріптер  мен 

сөйлесу  әдістерін  пайдалана  отырып,  білім  алуға  арнайы  жағдай  жасауды 

көздейді.   

Заң  оқу-тәрбие  процессі  барысында  білім  алушылар,  тәрбиеленушілер, 

педагогикалық қызметкерлер тарапынан мүгедектердің құқықтарына құрметпен 

қарауды қалпытастыруды көздейді. 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары 

1.  «Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  Адам  саудасына  байланысты 

қылмыстың профилактикасы, алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі 2015 - 

2017  жылдарға  арналған  іс-шаралар  жоспары  туралы»  2015  жылғы  28 

қаңтардағы  №23.  Жоспар  адам  саудасына  байланысты  қылмыстың 

профилактикасы,  алдын  алу  және  оған  қарсы  күрес  жөніндегі  жұмыстарды 

қамтамасыз ету және үйлестіру, сондай-ақ «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына 

қатысушы мемлекеттердің адам саудасына қарсы күрестегі ынтымақтастығының 

2014  -  2018  жылдарға  арналған  бағдарламасы  туралы»  Тәуелсіз  Мемлекеттер 

Достастығының  Мемлекет  басшылары  кеңесінің  2013  жылғы  25  қазандағы 

шешімін орындау мақсатында қабылданды. 

2.  «Жетім  балалардың,  ата-анасының  қамқорлығынсыз  қалған  балалардың 

тұрғын  үйін  сақтау  қағидаларын  бекіту  туралы»  Қазақстан  Республикасы 

Үкіметінің  2013  жылғы  29  қарашадағы  №  1271  қаулысына  өзгерістер  енгізу 

туралы» 2015 жылғы 26 ақпандағы №92 қаулы. 

3.  «Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  кейбір  шешімдеріне  өзгерістер 

енгізу  және  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  кейбір  шешімдерінің  күші 

жойылды деп тану туралы» 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 312 қаулы. 

Аталған   қаулымен  Патронат  тәрбиешiлерге  берiлген  баланы  (балаларды) 

күтіп-бағуға  бөлінген  ақша  қаражатын  төлеуді  жүзеге  асыру қағидаларын

а, 

Мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге 



асыру қағидаларына,  Қорғаншыларға  немесе  қамқоршыларға  жетім  баланы 

(жетім  балаларды)  және  ата-анасының  қамқорлығынсыз  қалған  баланы 

(балаларды)  күтіп-бағуға  жәрдемақы  тағайындау  қағидаларына  өзгерістер 

енгізілді. 




10 

 

4.  «Әлеуметтік  көмек  көрсетілетін  азаматтарға  әлеуметтік  көмектің 



мөлшерін,  көздерін,  түрлерін  және  оны  беру  қағидаларын  бекіту  туралы» 

Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2012  жылғы  12  наурыздағы  №  320 

қаулысына толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 25 сәуірдегі №326 қаулы.

 

Орта білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға 



құқығы  бар  отбасылардан,  сондай-ақ  мемлекеттік  атаулы  әлеуметтік  көмек 

алмайтын,  жан  басына  шаққандағы  табысы  ең  төменгі  күнкөріс  деңгейінің 

шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары және жетім балалар, 

ата-анасының  қамқорлығынсыз  қалған  балалар  осы  қаулымен  бекітілген 

әлеуметтік  көмек  көрсетілетін  азаматтарға  әлеуметтік  көмектің  мөлшеріне, 

көздеріне және оны беру түрлеріне сәйкес мектепте бір мәрте тамақтандырумен 

қамтамасыз етіледі. 

5.  «Жетім  баланы  және  (немесе)  ата-анасының  қамқорлығынсыз  қалған 

баланы  асырап  алуға  байланысты  біржолғы  ақшалай  төлемді  тағайындау, 

қайтару  қағидаларын  және  оның  мөлшерін  бекіту  туралы»  Қазақстан 

Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 10 шілдедегі № 787 қаулысына өзгерістер 

енгізу туралы» 2015 жылғы 2 шілдедегі №504 қаулы.

 

Енгізілген  өзгерістерге  сәйкес тағайындау  және  төлеу  жетім  баланы  және 



(немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алған, Қазақстан 

Республикасының  аумағында  тұрақты  тұратын  Қазақстан  Республикасының 

азаматтарына жүргізіледі

 

Біржолғы  ақшалай  төлем  алу  үшін  бала  асырап  алушылардың  бірі  бала 



асырап алу туралы сот шешімі шыққан жердегі органға құжаттар ұсынады.

 

6.  Мемлекеттік  басқару  деңгейлері  арасындағы  өкілеттіктердің  аражігін 



ажыратуға  байланысты  «Отбасы  және  балалар  саласында  жергілікті  атқарушы 

органдар көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту және 

Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  кейбір  шешімдеріне  өзгерістер  енгізу 

туралы»  2015 жылғы 1 қыркүйектегі  № 729 қаулы.

 

7.  «Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  «Қазақстан  Республикасының 



азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру қағидаларын бекіту 

туралы» 2012 жылғы 30 наурыздағы №380 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 

2015 жылғы 16 қыркүйектегі қаулы.

 

8. «2002 жылғы 7 қазандағы Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы 



мемлекеттердiң  кәмелетке  толмағандарды  олардың  тұрақты  тұратын 

мемлекеттерiне  қайтару  мәселелерiндегі  ынтымақтастығы  туралы  келiсiмге 

өзгерістер  енгізу  туралы  хаттаманы  бекіту  туралы»  2015  жылғы  15  қазандағы           

№ 826 қаулы.

 

Енгізілген  өзгерістерге  сәйкес  егер  тараптар  өзге  шешім  қабылдамаса, 



Келісім белгісіз мерзімге жасалады.

 

Балалар  мен  балалы  отбасылардың  жағдайын  жақсартуға,  балалардың 



құқықтары  мен  мүдделерін  қорғауға  бағытталған  25  бұйрық,  оның  ішінде 

Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің  –  21,  Қазақстан 

Республикасы  Денсаулық  сақтау  және  әлеуметтік  даму  министрінің  –                               

4 бұйрықтары қабылданды.

 

 



жүктеу 1,05 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау