33
2010 жылдан бастап Астана қаласында, Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан
облыстарында балаларға арналған сауықтыру лагерьлері ашылмаған. Бұл ретте
2015 жылғы үшінші тоқсанда өткізілген «Балалар түнгі қалада» рейд кезінде
аталған өңірлерде түнгі уақытта көңіл көтеретін орындарда жасөспірімдер
анықталған (Солтүстік Қазақстан облысында 1,5 мыңға жуық кәмелетке
толмағандар, Астана қаласында – 200-ден аса бала).
Жазғы демалыстың аз шығынды формалары – шатырлы, киіз үй лагерьлері,
күндізгі болу орталықтары бірқатар өңірлерде қолданылмайды. Айталық, мұндай
формадағы демалыс Оңтүстік Қазақстан облысында жоқ, Астана қаласында – 1,
Жамбыл облысында – 4 шатырлы лагерьлермен шектелген.
Қоғамның мәдени өміріне қатысу құқығы
Мәдени құқықтар (мәдени құндылықтарға қолжетімділік құқығы, қоғамның
мәдени өміріне бірдей және еркін қатысу құқығы, шығармашылық құқығы,
демалыс және бос уақытқа құқығы) балалардың рухани дамуына кепілдік береді,
әрбір балаға рухани, әлеуметтік және мәдени прогресстің пайдалы
қатысушысына айналуға көмек береді.
Республикалық мәдениет мекемелері балаларды мәдени құндылықтарға
тарту жөнінде ауқымды жұмыс атқаруда.
«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры жас көрермендерге
бағытталған «Поход в театр» атты балалар абонементін жыл сайын өткізеді және
дәріс-концерттер циклын ұсынады. Аталған цикл 4 концерттен тұрады. «Тату-
тәтті ішекті аспаптар отбасы» (ішекті аспаптармен таныстыру), «Тату-тәтті үріп
ойнау аспаптар отбасы» (үріп ойнау аспаптарымен танысу), симфониялық
оркестр шығармасы (С.Прокофьевтің «Петя и волк» симфониялық ертегісі) және
«Музыкальное разноголосье» (опералық дауыстармен танысу). Сондай-ақ
театрда балалар студиясы жұмыс істейді, балалар вокалдық, аспаптық және
хореографиялық топтарда айналысады.
Жамбыл
атындағы
Қазақ
мемлекеттік
филармониясы
балалар
аудиториясына арналған ағартушылық және білім беру жұмыстарын жүргізеді.
Филармонияда циклдарға біріктірілген әлемдік музыка мәдениетінің
жауһарларынан құралатын балалар абонементі жұмыс істейді: «По странам и
континентам», «Литературные образы в музыке». Іс-шараның форматы жас
тыңдармандарға бейімделген – бұл сахнадағы ойын ғана емес, музыкалық
сүйемелдеудегі
театрландырылған
ертегі.
Мемлекеттік
академиялық
симфониялық
оркестрде
жүзге
жуық
музыканттар
ойнайды.
Олар
П.Чайковский, Ғ.Жұбанова, С.Прокофьев, А.Лядов, Э.Григ тәрізді танымал
композиторлардың шығармаларымен 5 концерт әзірледі.
Н.Тілендиев атындағы Академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестрі
«Музыка әлеміндегі тылсым сырлар» балалар абонементін өткізді.
Жыл сайын 1 маусымда Балаларды қорғау күніне арналған «Музыка для
детей пером великих композиторов» атты концерт өткізіледі.
Мемлекеттік академиялық би театры жыл сайын А. Селезнев атындағы
Алматы хореографиялық училищесінің оқушыларына арнап концерттер береді.
34
Жалпы республика бойынша балалар үшін 1 120 концерт өткізілді немесе
іс-шаралардың жалпы санының 19,8%.
Балаларды мәдениетке тартудың маңызды функциясын кітапханалық
мекемелер атқарады.
Республикада 256 балалар кітапханасы жұмыс істейді. Балалар
кітапханаларындағы оқырмандардың саны – 1,5 миллион бала.
Онымен қоса, жалпы білім беретін мектептердің, лицейлердің,
гимназиялардың кітапханаларының үлкен желісі бар.
Балаларды балалар көркем әдебиетке қолжетімдігін қамтамасыз ету,
танымал қазақстандық балалар жазушылары мен ақындардың шығармашылығын
танымал ету мақсатында жыл сайын «Қазақстанның жазушылары – балаларға»
мерекелік іс-шара өткізіледі. Балаларды мектептік, қалалық кітапханаларға
қызықтыру үшін аталған іс-шара орталық кітапханаларда балалар жазушыларын,
ақындарды, журналистерді шақыра отырып өткізіледі.
Республикалық театрлар жыл сайын балалар аудиториясына арнап
спектакльдер қояды.
Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық театры П.Чайковскийдің
«Щелкунчик» спектаклін, Д.Россинидің «Золушка» спектаклін қойды,
Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған Қазақ
академиялық театры А.Құсаиновтың «Алдар көсе» спектаклін, «Ер Төстік» қазақ
халық ертегісін, Н.Сац атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған
Мемлекеттік академиялық театры Г.Андерсеннің «Дюймовочка» спектаклін
қойды.
Онымен қоса, балалар мен жасөспірімдерге арналған республикалық және
облыстық театрлар жыл сайын мемлекеттік және орыс тілдерінде 100 мың
баланы қамтыған 200-ден аса спектакльдер қояды.
Орталық мемлекеттік музейлер оқушыларға арнап 530-дан аса экскурсиялар
өткізді, оған 17 283 оқушы, 10339 Балалар үйінің тәрбиеленушілері қатысты.
Ұлттық музей баларға арнап 900-ге жуық экскурсия өткізді, 38 447 балаға
қызмет көрсетілді, Ә.Қастеев Мемлекеттік өнер музейі 302 экскурсияны
ұйымдастырып, өткізді, оған 11 290 бала қатысты, оның ішінде 90 – Балалар
үйінің тәрбиеленушілері.
Балаларды тәрбиелеуде қоғам өміріне балалардың өздерінің қатысуы да
үлкен рөл атқарады. Бұл үшін балалар ұйымдары, қызығушылығы бойынша
клубтар жұмыс істейді.
Қазақстанның балалар ұйымдарындағы балалардың саны 1 млн. 381 мың
706 адамды құрайды. Бүгінгі таңда 1 млн. аса мектеп оқушылары «Жас Ұлан»
балалар-жасөспірімдер қозғалысының қатысушылары болып табылады, оның
ішінде 700 мың белсенділер, көшбасшылар және оқу үздіктері.
ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті балалардың қаланың
(ауылдың) қоғамдық өміріне қатысу және олардың отбасындағы, мектептегі
және қоғамдағы өміріне қатысты шешімдерді қабылдау құқығын іске асыру
мақсатында 2011 жылдан бастап балалардың әлеуметтік жобаларын қоғамдық
тыңдауын өткізеді.