Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті



жүктеу 1,05 Mb.
Pdf просмотр
бет11/36
Дата16.05.2018
өлшемі1,05 Mb.
#14164
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   36

24 

 

әдістемелік  хат,  сондай-ақ,  мектеп  мұғалімдері  мен  қосымша  білім  берудің 



педагогтарына арналған 20-дан аса әдістемелік ұсынымдар әзірленді.  

Тәрбие жұмысын күшейту мақсатында 7563 жалпы мектептік және 143 593 

сыныптық  ата-аналар  комитеті  (олардың  қызметімен  150  мыңнан  астам  ата-

аналар  қамтылған),  3  259  (44,1%)  қамқоршылық  кеңестері  (  2014  ж.  -  2666 

(35,7%) жұмыс істейді. 

БДМБ мақсатты индикаторларына сәйкес 2015 жылы 45%, 2020 жылы 60% 

мектептерде қамқоршылық кеңестері жұмыс істейтін болады.  

Қазіргі  уақытта  олардың  қызметін  ретке  келтіру  бойынша  жұмыс 

жүргізілуде. 

Қосымша білім беру 

Өсіп келе жатқан жеткіншектердің жан-жақты дамуы мен өзін-өзі танытуы, 

кәсіпте  және  өмірде  өзін-өзі  айқындауы  үшін  оның  бойында  құндылықтар  мен 

құзыреттер  қалыптастыру  қосымша  білім  беру  бағдарламаларын  іске  асыру 

арқылы жүзеге асырылады. 

«Балаларға  қосымша  білім  беру»  термині  бейресми  білім  берудің  саласын 

сипаттайды,  оны  бала  өзінің  тілегі  мен  қажеттілігіне,  жеке  дамуына  сәйкес  өзі 

таңдайды. 

Үздіксіз  білім  беру  жүйесінде  балаларға  қосымша  білім  беру  балалардың 

шығармашылық 

қабілетін 

қалыпстатыруға 

және 

дамытуға, 



олардың 

интеллектуалдық, адамгершілік, дене бітімін жетілдіруге, сондай-ақ олардың бос 

уақытын  ұйымдастыруға  байланысты  жеке  қажеттіліктерін  қанағаттандыруға 

бағытталған.  

Осылайша,  балаларға  қосымша  білім  беру  мектептің  тәрбиелік 

мүмкіндіктерін 

кеңейтеді, 

балалардың 

бос 

уақытын 


ұйымдастыру 

проблемаларын  шешу  арқылы  девианттық  мінез-құлықтың  кеңістігін 

қысқартады. 

Балаларға  қосымша  білім  беру  жүйесі  2015-2016  оқу  жылында  860 

мекемеден  тұрады  ,  бұл  2014  жылмен  (833)    салыстырғанда  27  бірлікке  артық, 

онда 673 219 бала (24,5%) білім алады.  

Қосымша білім беру ұйымдары санының ұлғаюына қосымша білім берудің 

республикалық  оқу-әдістемелік  орталығы  жұмысының  жандануы  септігін 

тигізді.  Орталық  Қазақстан  Республикасында  қосымша  білім  беру  жүйесін 

дамытудың  стратегиялық  тәсілдерін  әзірледі,  оған  сәйкес  «Поколение+» 

республикалық жобаны іске асыру аясында қосымша білім берудің нысаны мен 

мазмұны бойынша бағыттарды көбейту көзделген.  

2015-2016  оқу  жылында  қосымша  білім  берумен  қамтылған  балалардың 

үлесі 61,9% оқушыны (1 700 573 бала) құрады, оның ішінде: 

- қосымша білім берудің мектептен тыс 860 ұйымында 24,5%  (673 219 бала) 

(2014 ж. – 833 бірлік, 23,9%); 

-  56 586 мектеп үйірмелерінде - 37,4% (1 027354 бала) (2014 ж –  36,6%). 

Солтүстік  Қазақстан,  Қызылорда,  Маңғыстау  облыстарында  және  Алматы 

қаласында техникалық шығармашылықтың станциялары мен орталықтары жоқ. 

Атырау,  Қарағанды,  Қызылорда,  Қостанай  және  Маңғыстау  облыстарында 

балалар туризмінің станциялары мен орталықтары жоқ.  



25 

 

2015  жылы  қосымша  білім  берумен  қамту    (ҚБҰ  +  мектеп  жанындағы 



үйірмелер)    -  1 700 573  баланы  (61,9%)  құрады,  бұл  2014  (1 590 724  немесе               

60, 55%) жылмен салыстырғанда 109 849 балаға көп. 

Мектептен  тыс мекемелерде қосымша білім берумен жоғары қамту Батыс-

Қазақстан  –  60,4%,    Шығыс  Қазақстан  –  51,2%,  Солтүстік  Қазақстан  –  42,9%, 

Қостанай – 38,2, Павлодар – 36,7%, Ақтөбе – 32,2% облыстарында байқалады. 

Мектептен  тыс  мекемелерде  қосымша  білім  берумен  төмен  қамту  Алматы 

облысының  -  11,1%,  Алматы  қаласының  –  15%,  Оңтүстік  Қазақстан  –  16,2%, 

Атырау  –  18,8%,  Маңғыстау  –  19,8%,  Қызылорда  –  21,5%  облыстарының 

үлесінде. 

2015 жылы 125 103 (4,5%) баланың қамтылуымен 521 аула клубтары жұмыс 

істейді,  оның  ішінде  57  –  заңды  тұлға,    56  212  (2%)  бала  қамтылған,  464  

(68 891немесе 2,5%) заңды тұлға болып табылмайтын аула клубтары (2014 жылы  

барлық аула клубтары – 485, онда  83 346 (3,2%) бала қамтылған, оның ішінде 51 

заңды  тұлға  ретінде  тіркелген,  49 215  бала  (1,8%)  қамтылған  және  434  заңды 

тұлға ретінде тіркелмеген,  34 131 бала қамтылған). 

Қосымша  білім  беру  жүйесін  үйлестіруді  және  оның  бағдарламалық-

әдістемелік  толықтырылуын  қосымша  білім  берудің  республикалық  оқу-

әдістемелік орталығы қамтамасыз етеді.  

Орталық  Қазақстан  Республикасында  балаларға  қосымша  білім  беру 

жүйесін дамытуға стратегиялық тәсілдерін әзірледі. 

2015  жылы  балаларға  қосымша  білім  берудің  жүйесін  дамыту  мақсатында 

бағдарламалық-әдістемелік,  ұйымдастырушылық-мазмұнды  және  ақпараттық 

қамтамасыз  ету  құралдарымен  туристік-өлкетану,  экологиялық-биологиялық, 

ғылыми-техникалық  және  әлеуметтік-педагогикалық  бағыттар  үшін  13 

әдістемелік ұсынымдар әзірленді. 

Білім  алушыларға  арналған  «Экоәлем»  және  «Темірқазық»  балалар 

танымдық журналының 4 нөмірі шығарылды. 

Тұрақты  негізде  республикалық  және  облыстық  деігейде  фестивальдер, 

слеттар, сайыстар өткізіледі.  

2015  жылы  жас  туристер  мен  өлкетанушыларға,  балалар  театрының  жас 

әртістеріне,  жас  техниктер  мен  өнертапқыштарға,  әскери-патриоттық 

клубтардың  тәрбиеленушілеріне  4  республикалық  шара  ұйымдастырылып, 

өткізілді, оған   512 бала қатысты, оның ішінде 137 бала жеңімпаз атанды: 2015 

жылғы    9-10  сәуір  аралығында  Астана  қаласы  –  республикалық  балалар  өнер 

фестивалі  (театр);    2015  жылғы  9  -11  сәуір  аралығы  Батыс  Қазақстан  облысы 

Орал  қаласы  -    туристік-өлкетанушылар  экспедиция  отрядтарының  «Менің 

Отаным – Қазақстан» республикалық слеті; 2015 жылғы  23-25 маусым Жамбыл 

облысы  Тараз  қаласы  –  «Жас  Ұлан»  әскери-спорттық  ойынның  республикалық 

финалы;  2015  жылғы  12-14  маусым  Павлодар  қаласы  –  әуе,  авто,  кеме,  ракета 

үлгілерін  жасау және робототехника бойынша техникалық шығармашылықтың 

республикалық байқаулары. 

Дене шынықтыруға баулу   

Балаларды тәрбиелеу мен спорт және дене шынықтыруға баулуда балалар-

жасөспірімдер спорт мектептерінің (БЖСМ) алар орны ерекше.  



жүктеу 1,05 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   36




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау