26
2014-2015 оқу жылында Балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің саны
294 мың балалар мен жасөспірімдерді қамти отырып, 435 бірлікті құрады
(жалпы білім беретін мекемелердегі оқушылардың жалпы санынан 13%), соның
ішінде ауылда – 123,3 мың, 2013-2014 оқу жылымен салыстырғанда БЖСМ саны
1,8%-ға артқан (2013-2014 оқу жылы – 427 БЖСМ).
2013-2014 және 2014-2015 жылдар аралығында балалар-жасөспірімдер
спорт мектептер желісі дамуының салыстырмалы кестесі
№
р/с
Облыстың,
қаланың атауы
БЖСМ саны
Бірлі
кке
арту
ы
Дене шынықтырумен
айналысатындардың
саны
Адамға
артуы
2013-2014
оқу
жылы
2014-
2015
оқу
жылы
2013-2014
оқу
жылы
2014-2015
оқу жылы
1
Ақмола
28
28
-
12 147
12 358
211
2
Ақтөбе
27
28
1
16 112
16 126
14
3
Атырау
12
12
-
10 130
10 754
624
4
Алматы
25
25
-
25 864
26 612
748
5
ШҚО
34
35
1
23 491
26 678
3187
6
Жамбыл
32
33
1
15 704
15 720
16
7
БҚО
23
23
-
10 822
11 072
250
8
Қарағанды
40
40
-
26 944
27 392
448
9
Қостанай
28
28
-
16 949
17 379
430
10
Қызылорда
21
21
-
13 639
14 212
573
11
Маңғыстау
15
15
10 024
10 590
566
12
Павлодар
26
27
1
21 369
20 937
432
13
СҚО
26
26
-
11 521
11 678
157
14
ОҚО
63
67
4
46 922
51 712
4790
15
Алматы қ.
16
16
-
13 306
13 716
410
16
Астана қ.
10
10
-
6 787
6 916
129
Республикалық
БЖСМ
1
1
-
110
151
41
БАРЛЫҒЫ:
427
435
8
281 841
294 003
12 162
Соңғы төрт жылдың ішінде 17 жаңа БЖСМ ашылды. Алайда бұл үрдіс
Қазақстанның барлық өңірлеріне тән емес. Бұл бағытта ОҚО (11 БЖСМ
ашылды), Атырау (2 БЖСМ), Ақтөбе, Жамбыл, Павлодар, Алматы, Шығыс
Қазақстан облыстарында және Астана қаласында (1 БЖСМ-дан ашылды) өңірлік
спорт басқармаларында жұмыс оң нәтиже көрсетуде. Мұнымен қоса, бірқатар
өңірлерде халықтың демографиялық өсуіне, мектеп жасындағы балалар мен
жасөспірімдер санының жылсайынғы артуына қарамастан, БЖСМ желісі
(Қарағанды, Маңғыстау, Қызылорда облыстарында) артпай отыр, ал Алматы
қаласында азайды (2012 жылы 2 БЖСМ жабылды).
27
Балалар-жасөспірімдер спорт мектептерімен қатар Балалар-жеткіншектер
және балалар-жасөспірімдердің дене шынықтыру даярлығы клубтары да
маңызды рөл атқарады. Бүгінгі таңда 569 балалар-жасөспірімдер және 105
балалар-жеткіншектер дене шынықтыру клубтары (БЖДШК) жұмыс істейді.
Былтырғы жылмен салыстырғанда дене шынықтыру даярлығы клубтарының
саны 22 бірлікке ұлғайды: сәйкесінше 13 және 9 бірлікке.
Балаларды спорттық дамыту 110 спорт түрі бойынша жүргізіледі, оның
ішінде 52 спорт түрі Олимпиада ойындарының бағдарламасына қосылған, 58-і
олимпиадалық емес.
БЖСМ бойынша барлығы 2557 спорт түрлері бойынша бөлімшелер жұмыс
істейді, оның ішінде 1748-і олимпиадалық спорт түрлері бойынша және 809-ы
олимпиадалық емес спорт түрлері.
Балалар-жасөспірімдер спорт мектептерімен қатар жасөспірімдердің дене
шынықтыру даярлығы клубтарының мектеп оқушыларының дене шынықтыру
даярлығының әлеуетін жетілдіруде және олимпиадалық та, олимпиадалық емес
те спорт түрлері бойынша еліміздің құрама командаларының спорттық резервін
даярлауда атқаратын рөлі зор.
Жергілікті жерлерде спорт секцияларының желісін дамыту жөнінде
шаралар қабылдануда, алайда талдау көрсеткендей, Қызылорда, Шығыс
Қазақстан, Атырау, Маңғыстау және Алматы облыстарында, сондай-ақ Астана
және Алматы қалаларында дене шынықтыру даярлығы клубтарының жоқ екені
айқындалды. Бұл көбінесе мекеменің, спорттық жабдықтардың жоқтығымен,
бапкерлер мен әдіскерлердің, сондай-ақ қаржылық қаражаттың жетіспеуімен
байланысты.
Осы орайда, аталған өңірлермен бірлесе отырып, демеушілерді тарта
отырып, балалар мен жасөспірімдердің спорттық бос уақытын қамтамасыз ету
және «Жас сұңқар» спорттық қоғамының қызметін жандандыру жөніндегі
кешенді шараларды қабылдау жоспарлануда.
Көптеген елдерде жастар арасында Воркаут танымалдылыққа ие болуда –
арнайы көше тренажерлерінде ашық алаңда бұқаралық дене шынықтырумен
айналысудың түрлерінің бірі (тренажерлердің құны 360 мыңнан 700 мың
теңгеге дейін). 2014 жылы желтоқсанда Астана қаласында әлемнің 45 елінің
қатысуымен алғашқы Чемпионат өткізілді.
Әртүрлі деңгейдегі спорттық бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру
балалар спортын дамытудың маңызды факторы болып табылады. Қазақстанда
мектеп оқушыларының арасында жазғы және қысқы спартакиадалар, мини-
футболдан, баскетболдан және волейболдан лигалар өткізіліп тұрады. «Жас
Барыс» еркін күрестен республикалық турнир, өңірлердегі «Ақшақар» қысқы
спартакиадалар, «Әкем, анам, мен – спорттық отбасы» отбасылық жарыстар
дәстүрге айналды. «Кока-Кола Алматы Боттлерс» компаниясымен бірлесе
футболдан «Coca-Cola Былғары Доп» республикалық турнирін өткізу жөніндегі
жоба іске асырылуда.