Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті



жүктеу 1,05 Mb.
Pdf просмотр
бет14/36
Дата16.05.2018
өлшемі1,05 Mb.
#14164
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   36

31 

 

 



 

Жекелеген 

санаттағы 

балаларды 

жұмыспен 

қамтуды 

және 

сауықтыруды ұйымдастыру 

Басым  тәртіпте  сауықтыру  демалысымен  500  мыңға  жуық  немесе  70,9% 

халықтың  әлеуметтік  осал  топтарының  балалары  қамтамасыз  етілді  (2014  ж.  – 

449 894). 

Жыл  сайын  жетім  балалар  мен  ата-анасының  қамқорлығынсыз  қалған 

балалардың (2015 ж. - 1 млн. 035  мың), аз қамтылған отбасы балаларының (2015 

ж. - 1 млн. 730 мың)  демалысына бөлінетін қаржы ұлғаюда.  

Аталған  санаттағы  балаларды  жүз  пайыз  қамту  Алматы  қаласында  (23 573 



бала),  Ақмола  (21 179  бала),  Ақтөбе  (22 224  бала),  Атырау  (27 122  бала), 

Жамбыл  (29 780  бала),  Маңғыстау  (12 530  бала),  Павлодар  (19 094  бала) 

облыстарында байқалады. 

Төмен  қамту  көрсеткіштері  Астана  қаласының  (58%),  Қарағанды    (55%), 

Оңтүстік Қазақстан (48%) облыстарының үлесінде. 

Жазғы  демалыспен  26 269  (87%)  жетім  балалар  мен  ата-анасының 

қамқорлығынсыз қалған балалар қамтылды, 2014 жылы - 34 122 (72,6%). 

Аз  қамтылған  отбасылардың    193 540  (80,7%)  баласы,  2014  жылы  225 104 

(86,4%).  

Дарынды  балаларды  тегін  демалдыруды  ұйымдастыру  үшін  ағымдағы 

жылы  жергілікті  бюджеттерден  131,1  млн.  теңге  (2014  ж.  -  233,1  млн.  теңге) 

бөлінді.  Сауықтырумен  түрлі  салада  жетістіктерге  қол  жеткізген  400  мыңнан 

астам немесе 79,1 % оқушы қамтылды (2014 ж. – 369 мың 81,5%).  

Мүмкіндігі шектеулі балаларды жазғы демалыспен қамту артты (2015 ж.  – 

31 409 немесе 38,1%, 2014 ж. – 18 663 немесе 23,7%). 

37  081  немесе  68%  девиантты  мінез-құлықты  балалар  жазғы 

жұмыстылықпен қамтылды (2014 ж.- 48 486 немесе 85%).  

Павлодар облысында «қатерлі» топтағы балалар үшін «Заң» жоғары сынып 

көшбасшыларының  көшпелі  мектептері,  туристік  өлкетану  экспедициялары, 

әскери-патриоттық,  спорттық  лагерьлер  ұйымдастырылды.  Ақмола  облысында 

жыл  сайын  аталған  санаттағы  400-ден  астам  балалар  облыстық  туристік-скаут 

лагерьлерде демалады.  

Бұл  өңірлердегі  «қатерлі»  топтағы  балалармен  жұмыстың  үздік  тәжірибесі 

зерделенді  және республиканың  білім беру  ұйымдарында тәжірибелік  жұмыста 

пайдалануға ұсынылды.  

Қолайсыз  отбасылардың  балаларын  сауықтыру  мен  жұмыспен  қамтуды 

ұйымдастыру  бойынша  жеткіліксіз  жұмыс  Астана  қаласында,  Қызылорда, 

Маңғыстау,  Оңтүстік  Қазақстан  облыстарында  байқалады,  мұнда  аталған 



32 

 

санаттағы  балалардың  қамтылуы  50  пайыздан  58  пайызға  дейінгі  көрсеткішті 



құрады. 

«Бөбек»  және  «Балдәурен»  республикалық  орталықтарында  558  бала, 

Түзету  педагогиканың  Ұлттық  орталығында  мүмкіндігі  шектеулі  296  бала  

сауықтырумен қамтылды. 

Жазғы каникул кезеңінде балаларға арналған әлеуметтік маңызды шаралар 

өткізілді:  балалар  үйлерінің  тәрбиеленушілеріне  арналған    «Таң  Шолпан» 

конкурсы  ( 67 балалар үйлерінің 400 баласы қамтылды), «Жұлдызай» мүмкіндігі 

шектеулі  балаларға  арналған  шығармашылық  фестивалі  (7780  бала  қамтылды), 

«Bala Turkvizyon» халықаралық балалардың ән байқауы (2150 бала қамтылды). 

Жазғы  каникул  кезеңінде  балалармен  жұмыс  істеу  үшін  45  мыңнан  астам 

педагогикалық  және  медициналық  қызметкерлер,  97  педагогикалық  отрядтар 

тартылды,  онда  3 538  колледждер  мен  жоғары  оқу  орындарының  студенттері 

жұмыс істеді.  

Өңірлерде  «Жылдың үздік лагері» байқаулары өтті . Қарағанды облысында 

«Үздік  қауіпсіз  лагерь»,  «Үздік  спорт  лагері»,  «Үздік  зияткерлік  лагері», 

Маңғыстау  облысында  «Үздік  мектеп  жанындағы  лагері»,  «Үздік  шатырлы 

лагері»,  Ақтөбе  облысында  «Аумақты  абаттандыру  бойынша  үздік  лагері», 

Батыс  Қазақстан  облысында  «Жазғы  демалыс  үздік  ұйымы»  және  басқа 

номинациялары белгіленді.   

Жазғы  сауықтыру  және  демалыс  лагерьлерінде  балалардың  қауіпсіздігін 

қамтамасыз  ету  Білім  беру  ұйымдарында  балалардың  қауіпсіздігін  қамтамасыз 

етудің  2015-2016  жылдарға  арналған  бірлескен  іс-қимыл  ведомствоаралық 

жоспары аясында жүзеге асырылды.   

Балалардың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз 

ету  үшін  жазғы  каникул  кезеңінде  білім  басқармалары,  тұтынушылардың 

құқықтарын қорғау жөніндегі аймақтық департаменттердің және кәсіпкерлердің 

арасында өзара ынтымақтастық туралы үшжақты меморандумдар жасалды.  

Сонымен  бірге,  жазғы  демалысты  ұйымдастыру  кезінде  бірқатар 

проблемалар анықталды. 

ҚР  ІІМ  ақпараты  бойынша  2015  жылы  26  балаларға  арналған  сауықтыру 

ұйымдары өрт қауіпсіздігінің талаптарын бұза отырып пайдаланылған. ҚР БҒМ 

аталған  бұзушылықтарды  жою  жөнінде  Алматы,  Ақмола,  Атырау,  Шығыс 

Қазақстан,  Жамбыл,  Батыс  Қазақстан,  Қостанай,  Павлодар  және  Солтүстік 

Қазақстан облыстарының әкімдіктеріне хат жолдады. 

Балалардың  жаппай  улану  жағдайлары  анықталды.  Солтүстік  Қазақстан 

облысы  «Серебряный  бор»,  «Заря»  лагерьлерінде  орын  алған  жаппай  улану 

фактілері  бойынша  қызметтік  тексеру  жүргізілді,  нәтижесінде  мемлекеттік 

органдардың  басшылары  мен  мамандары  (7  адам)  тәртіптік  жауапкершілікке 

тартылды.    

Қала сыртындағы сауықтыру лагерьлерінде оқушыларды демалыспен қамту 

жұмысы  жеткіліксіз.  Ең  төменгі  көрсеткіш  -  2%  немесе  1207  бала    Астана 

қаласында,  5% немесе 5054  -  Ақтөбе,  5% немесе 3982 - Атырау, 8 % немесе 

9216 – Кызылорда облыстарында. 



жүктеу 1,05 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   36




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау