Еңбек сабағында қыздарды ісмерлікке баулу методикам.
Қазақ жерінде еңбекке үйрету тарихы Ы.Алтынсарин 1887-1888 жылдары орыс-қазақ мектебін алғаш ашқанда өткізген еңбекке баулу сабағынан басталады.
Технология пәні жеке адамның дамып жетілуіндееңбектің негізгі құралы екенін, еңбек ету арқылы өз қабілеттерін дамытуда ата-бабсының ұлттың дәстүрлері мен өнерінодан әрі дамытуға бағытталған. Қазіргі заман талабында, яғни мектеп өмірінде халық өнерін жаңғыртып, одан ары дамыту бүгінгі күннің негізгі мәселесі болып отыр. Жас ұрпақты ежелден келе жатқан қолөнер түрлерін оқып үйренуге баулу арқылы олардыңөздігінен ізденіп, жұмыстар жүргізуіне, шеберлік деңгеуін арттырып ынта-ықыласын арттыруға, әсемдік пен сұлулықты көріп бағалай білуге бағытталады. Бізде қолөнердің халық қажетін өтейтін тамаша үлгілері бар. Өрмек тоқу, текемет басу, сырмақ сыру, тұс киіз басу, ши орау, құрақ құрау т.б. Үйрене білгенге бұның қай-қайсысы да қызықты, қастерлі өнер. Сабақта қазақтың ою-өрнектерінің түпкі негізін іздестіре отырып, корінісінен туындағанын корсетіп түсіндірсек оқушыны табиғатқа жақындатамыз.
Ай, күн, жұлдыз, аспан әліміне , малға оның мүйізі мен ізіне байланысты, гул, жапырақ бейнелі геометриялвқ фигураларға ұқсас өрнектерді құстар, жер, су, өсімдік тәрізді өрнектерді ыдыс-аяққа, түрлі-түсті жіп, жүннен жасалған бұйымдарға халық шеберлері өз қолдарымен дасап, түрлі нақыштармен салынып жүргенін көрсетіп, талдау жұмысын тиімді пайдалану керек.
Оқушылардың өнерге деген ықыласын артыра отырып, оюларды салу жолдарын үйретуден де ұтарымыз көп. Білім мазмұнының негізгі үш ұстанымына сай еңбек пәнінің теориялық деңгейін көтеру оқушылардың іскерлігі мен ізденушілік шығармашылық қабілеттерін шыңдау, ойын, қиялын дамыту, оларға эстетикалық тәрбие бере отырып, еңбекке баулу міндеттерін арттыру керек.
«Мата қалдықтарын үнемді пайдалана отырып тұрмыстық заттар даярлау» тақырыбын өткенде құрақ құрау да өнер екендігі түсіндіріліп, ысырапшылдыққа жол бермеу ескертіледі. Көрнекті педагог Ы.Алтынсаринның «Бір уыс мақта», Әке мен бала» әңгімелерін сабақта пайдалана отырып, озық ой, сезім,іскер,шеберқол болса ешнәрсе ешқашан ысырап болмайды деген қорытынды шығаруға болады.
Құрақ құрағанда мата қиындыларынан геометриялық фигуралар үлгісімен қажетті кескіннің саны есептелінеді. Мата бөлшектерінің симметриялы болуы, түстерінің үйлесімді орналасуы түсіндіріледі. Құрақ кқрпеден басқа бұйымдар ине қыстырғыш, дорба түрлері, гүл паннасын жасауға болатындығы айтылады. Жіптік білім мен еңбек дағдылары оқушылардың өзіндік шеберлігін әсемдікті сезіну қабілетін арттырып, ұлттық санасының қалыптасуына негіз қалайды. Халық педагогикасы оқушыларды қолөнерге баули отырып, адамгершілікке, өнерді сүюге тәрбиелейді. Қазақ халқының қолөнері оның тарихымен бірге өсіп, біте қайнасып келе жатқан бай қазына. Ол тек қазақ халқының ғана емес, орта Азия, Ресей халықтарының өнерімен ұштасып келеді. «Өнер қөзі халықты», Халықсыз-өнер, өнерсіз-халық жоқ» . Оны жаңғыртып іске асыру – біздің перзенттік парызымыз. Халықтық қолданбалы өнерді сабаққа енгізу, қыздарды ісмерлікке баулу мақсатында мен өзімнің күнтізбелік жоспарыма 10 – сыныпта алты сағаттық «құрақ құрау» тарауын енгіздім. Тараудың алғашқы сағаттарында құрақтың түрлері, құрақтан жасалатын бұйымдар, оның тәрбиелік мәні туралы құрақ тігу үшін матаның мықты, төзімді болуы, мата түстерінің бір-бірімен үйлесуі жайлы айтыда келе, таңдап алған құрақ түріне байланысты қатты қағаздан, картоннан үлгі жасалады. Түсті қағаздан құрақты қиып, оны жапсыру арқылы жасайтын бұйымның негізін құраймыз. Тараудың соңғы сабағына «Құрақ көздерін біріктіру» тақырыбын алдым.
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік: құрақ көздерін біріктірудің әдіс-тәсілдерін оны өздері істеп көріп қорытындылауға және жоспарлауға үйрету.
Б) Дамытушылық: теориялық білімдерін іс жүзінде дамыту.
В) Тәрбиелік: халқының өнерін салт – дәстүрін бағалай білуге, әсемдікке, ұқыптылыққа, төзімділікке баулу.
Сабақтың көрнекілігі:
Құрақтан жасалған бұйымдар тайқоржын, букеттер, плакат, құрал-жабдықтар, нұсқау...................
Сабақтың барысы:
А)Ұйымдастыру кезеңі
Б) Үй тапсырмасын сұрау (сұрақ-жауап)
1. Құрақтың түрлерін ата
(Құрақтың түрлері сегізжапырақ, тырнақатар, тұмарша, гүл т.б.)
2. Құрақ неден тұрады?
(Әртүрлі геометриялық фигуралардан тұрады)
3. Құрақ құрау үшін матаны қалай таңдап алады?
(Қалың, жұқалығына, мықтылығына қарай)
4. Құрақтаң сәнді болуы неге байланысты?
(Түстердің бір-біріне үйлесуіне байланысты)
5. Құрақтан қандай бұйымдар жасалады?
(Көрпеше, көпшік, сөмке, жұмсақ ойыншықтар, әртүрлі естелік бұйымдар)
Жаңа сабақты түсіндіру, меңгерту.
Құрақ көздерін біріктіру үшін мына жұмыстар орындалады
Мата қиындыларын дұрыс орналастыру керек
Көктеу, үтіктеу, тексеру
Тігіске кететін қосымшаны ескере отырып тігіс жүргізу
Үтіктеу
Көрнекіліктерді пайдалана отырып сарамандық жұмыс жүргізу. Нұсқау картасын пайдаланып, жасайтын бұйымның үлгісін құрастыру. Матаны қиықтарға бөліп, жұмыстарды орындау. Жұмысты бастамас бұрын инемен, қайшымегн, тігін машинасымен жұмыс істеген кездегі қауіпсіздік ережесі ескертіледі. Оқушыларды топқа бөліп, әр топқа тақырыптық тапсырмы беруге болады. Мысалы: «Сегізжапырақ», «Тырнақатар» орындалу кезеңінде нұсқау карталары бойынша дұрыс тігіп жатқанын тексеру, кемшіліктері болса түзету, көмектесу ережесінің сақталуын қадағалау. Қорытындылау кезеңінде сұрақ арқылы сабақты пысықтаймын.
Біз бүгінгі сабақта не үйрендік?
(Құрақ көздерін біріктіруді!
Құрақ біздің елде ғана кездесе ме?
(жоқ. Германия, Индия, Мексика т.б елдерде)
Құрақты әже-апаларымыз не үшін құраған?
(Құрақты жетпегеннен емес, «Судың да сұрауы бар» дегендей, не нәрсенің де обалы бар. Ескі нәрсені де тастауға болмайды деп, адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелей отырып, құраған дей келіп, олардың жұмысын көріп бағалаймыз.
Үйге тапсырма, астарлық мата әкелу, оның мықты болуын ескеру.
Жұмыс орнын жинастыру. Біздің міндетіміз оқушыларды еңбек сабағына қызығушылығын арттыра отырып, еңбек адамдарына көзқарасын жетілдіру, еңбегін бағалау, өз қолдарынан жасаған бұйымдарын сату, сыйға тарту, сол арқылы болашақмаман бола алатынына көз жеткізу. өзіне қуаныш, қоғамға пайда әкелетінін оқушы өзі тусінуі керек.
Тағы бір сабағымда 11-сыныпқа арналған «Тігін тігу технологиясы» тарауында «Киімді әрлеу» тақырыбын өттім.
Сабақтың мақсаты: әрлеу түрлерінің жасалу технологиясын
үйрету
Дамытушылығы: киімнің пайда болуы, қолданылуы,
қоғамдағы ролі туралы түсінігін молайту.
Тәрбиелігі: Киім туралы эстетикалық талғамын
қалыптастыру.
Көрнекілігі: әрлеу түрлері, буклет, киімге түскен
әрлеу түрлері пайдаланылатын
иллюстрация.
Сабақтың барысы: 1) Ұйымдастыру кезең.
а) сынып тазалығын қадағалау.
ә) оқушыларды түгендеп, назарын
сабаққа аудару.
2) Үй тапсырмасын сұрау (сұрақ – жауап)
3) Жаңа сабақ түсіндіру.
1) Жалпы киімдер туралы түсінік
Киім дегеніміз адамға ең қажетті, мәдени материалдық элемент болып табылады.
Киім үлгілері адамның өсу ортасына, техниканың, экономиканың өсуіне, ұлттық мадениет пен дәстүрге байланысты өзгереді. Барлық киімдер 2 классқа бөлінеді:1) Өндірістік. 2) Тұрмыстық.
Тұрмыстық киімдерге: күнделікті үйге киетін жұмыстық, спорттық, мейрамдық, меймандық.
Өндірістік киімге: санитарлық, формалық, жұмыс орнына арналған киімдер. Киімдер өлшемі бойынша ұзындығы мен ені алынады. Ұзындығы адамның ьойымен алынады. Ені жағынан: әйелдер кеуде өлшемі, ерлер мойын өлшемі алынады. Модада кездесетін әрлеутүрлері киімді сәнді ете түседі. Ол киім пішініне сәйкес келуі тиіс. Сонымен қатар адамның дене бітімі, жас ерекшелігіесепке алынады. Киімге әрлеудің әр түрін ала отырып, ол киімнің сызықтарымен де тең келуі тиіс екенін ұмытпау керек.
Әрлеудің екі түрі бар: тұрақты, алмалы – салмалы.
Алмалы – салмалы әрлеу түрлерібұйымнан бөлек жасалады. Бұларға: жаға, қаттама, бөкебай немесе мойын орағыш жатады.
Тұрақты әрлеу түрлері бөлек бір бөлшекте болып, ол бұйымды тұтас алуы да мүмкін. Бұлар қатпарлы тігістер, жиек, кесте, қос етек (волом). Кесте және моншақты кестелеу қатты тоқылған барқыт, шибарқыт, түкті маталарда орындалмайды. Шашақтау – көбінесе сәнді сызықтарда, мойын орағыштың ұшында орындалады. Жибіреуін болса тек бұйымның шет жақтарында орналасады. Қосетек пен бүрме – көлденең немесе бойлық жіптер бойымен пішілуі мүмкін. Ұсақ бүрме ұсақ маталардан құралады. Ал көмкерме матаны тігісінен қосқабаттап, машинамен бастырылып тігіледі. Әдіптеу – жалақ немесе қос әдіптеу болуы мүмкін.
Әрлеу жұмыстарына кіріспес бұрын жобасын немесе эскизін жасап алған дұрыс. Бұл көркемдік модельдеу деп аталады.
Сарамандық жұмыс
2. Жұмыс орнын ұйымдастыру
3. Сбақта әрлеу жұмысының орындалу әдіс – тәсілдері.
4. Сабақты қорыту. Сұрақ беру арқылы оқушы түсінігін байқау, бағалау.
Үйге тапсырма беру. Әрлеу жұмыстарының қалаған түрін жасау (кестелеу, әдіптеу, матадан гүл жасау т.б)
Еңбек сабағында қыздарды іскерлікке баулуда осы тақырыптағы сабақтардың маңызы зор. «Қолы қимылдағанның – аузы қимылдайды» деген ерте заманнан келе жатқан үлкен мәнді созб ар . Қолыңмен істеген еңбегіңмен өзіңді асырайсың деген ұғым. Оқушылар ықылас пейіліне қарай кәсіптік мектептер, техникумдарға түсіп оқып, шеберлігін ұштаса, мұғалімнің еңбегінің жанғаны. Ол өз шакірті үшін мақтана алады.
№
|
Құрастыру реті
|
Нобайы
|
Керекті құрал-жабдықтар
|
1
|
Үлгі бойынша үш түрлі матадан бірдей 10х10
16 шаршы қиып ал. Тігіске 0,5-1см қосымша қ.
|
|
Үш түрлі мата, үлгі, қайшы, қарындаш.
|
2
|
12 шаршыны диагоналі бойынша 2 үшбұрышқа бөл.
|
|
Мата, қайшы.
|
3
|
Бірінші қатарды тізбектеп көкте, үтікте.
|
|
Ине, жіп, мата, үтік.
|
4
|
Екінші қатарды тізбектеп, көкте
|
|
Ине – жіп, мата, қайшы.
|
5
|
Үшінші қатарды тізбектеп көкте, үтікте.
|
|
Ине – жіп, қайшы, үтік.
|
6
|
Төртінші қатарды тізбектеп, көкте
|
|
Ине – жіп,
Қайшы
|
7
|
Қатарларды бір-біріне қосып көкте,үтікте, тексер.
|
|
Ине – жіп, мата, қайшы
|
8
|
Әр қатарда көктеу тігісін сөгіп, жеке-жеке тігін машинасымен тік, үтікте.
|
|
Тігін машинасы, үтік
|
9
|
Екі түсті матадан 5см 4 жалақ қиып ал, құрақтың шетін көкте.
|
|
Қайшы, ине, жіп, мата, тігін машинасы
|
10
|
Құрақ бетіне сәйкес астарлық мата қиып ал, бір жағынан 10-12см қалдыра отырып көкте және тік, аударып үтікте.
|
|
Қайшы, ине, жіп, тігін машинасы, үтік.
|
Достарыңызбен бөлісу: |