42
тексерді.
Жол-көлік оқиғаларында зардап шеккендерге уақытылы медициналық
көмек көрсету үшін республикалық маңызы бар жолдарда 2014 жылы трассалық
26 медициналық құтқару пункттері (бұдан әрі – ТМҚП) құрылды, жыл соңына
дейін олардың саны 40-қа дейін жеткізілмек. 2015 жылдың 9 айында ТМҚП
шұғыл ден қою бригадалары 803 рет көмек көрсеткен. Көрсетілген медициналық
көмектің барлығы – 2942, оның ішінде балаларға – 179.
2015 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша Республикалық санитариялық
авиация орталығы 1441 рет ұшып шыққан, 1338 рет тасымалдаған, 116 операция
жүргізді, 383 консультациялық қызмет көрсеткен, 3 донорлық органды
тасымалдаған, барлығы 1829 медициналық қызметтер көрсеткен.
Елдің барлық 16 өңірінде БЖАЫЖ (бала жастағы ауруларды
ықпалдастырылған жүргізу) тиімді перинатальды көмекті енгізу жөніндегі
өңірлік оқу орталықтары құрылды, тиімді перинаталды көмек жөнінде 16
үйлестіруші жұмыс істейді. Білімді және практикалық дағдыны бағалау үшін
Астана мен Алматы қалаларында 2 республикалық орталық және медициналық
жоғары оқу орындарының жанында 6 орталық (симуляция орталықтары)
ашылған әрі жұмыс істеп тұр.
Халық денсаулығын одан әрі нығайту, оның ішінде аналардың, балалар мен
жасөспірімдердің денсаулығын қорғау мақсатында ҚР ДӘДМ 2011 жылдан
бастап МСАК (медициналық-санитариялық алғашқы көмек) ұйымдарының
деңгейінде барлық өңірлерде отбасы денсаулығы орталықтарын, жастар
денсаулық сақтау орталықтары (бұдан әрі - ЖДО), профилактика және
әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшелерін құрды, МСАК штаттық
нормативтеріне әлеуметтік қызметкерлер мен психологтар лауазымдары
қосылды.
Республикада (2014 жылғы шілдеде) 2054 әлеуметтік қызметкер (2013
жылдың осындай кезеңінде – 2029) мен 815 психолог (2013 жылдың осындай
кезеңінде – 488) жұмыс істейді. Олар консультация береді, үйге барып
қадағалайды және көмек көрсетеді (патронаж және әлеуметтік сүйемелдеу),
«сенім телефоны» бойынша көмек көрсетеді (консультация береді).
43
Өзіне-өзі және өзара көмек көрсету тренингтері өткізілетін қолдау топтары
құрылды. Министрлік халықаралық үздік тәжірибе негізінде патронаждық және
медициналық-әлеуметтік
қызметтерді
жетілдіру
жөніндегі
жұмысты
жалғастыратын болады.
Мүгедек балаларды медициналық көмекпен қамтамасыз ету
Мүгедек балаларға оңалту көмегі медициналық көмектің кепілдік берілген
көлемі шеңберінде денсаулық сақтау ұйымдарында, медициналық-әлеуметтік
мекемелерде, сондай-ақ санаторлық-курорттық ұйымдарда және жекеменшік
орталықтарда көрсетіледі.
Қазіргі уақытта мүгедек балаларға медициналық оңалтуды 22 оңалту
орталығы (11 РО, 11 МӘМ-медициналық-әлеуметтік мекемелер) және
ауруханалық
пен
амбулаторлық-емхана
ұйымдарының
құрамындағы
медициналық оңалту бөлімшелерінде (керуеттер) тәулік бойы және күндізгі
болатын 3488 кереуетте көрсетіледі. Санаторлық-курорттық ұйымдардың саны
– 28, оның ішінде 2355 керуеттік қуатымен 19 туберкулезге қарсы ұйымдар мен
9 шипажайлар (3 тыныс алу жүйесі ауруларына арналған, 2 неврологиялық
бейінді, 4 соматикалық бейінді). Жекеменшік РО – 11, оның ішінде 3 РО
медициналық оңалтуды мемлекеттік тапсырыс шеңберінде жүзеге асырады.
44
«Мүгедектігі бар адамдардың орталықтандырылған мәлімет банкі»
ақпараттық жүйенің 2015 жылғы 1 қаңтардағы деректері бойынша (бұдан әрі –
«МАОМБ») 0-18 жас аралығындағы мүгедек балардың диспансерлік есебінде
72 574 бала тіркелген, оның ішінде БЦСА бар балалар -13868.
Денсаулық сақтау ұйымдарының жедел деректері бойынша 2015 жылғы 6
ай бойынша ҚР ДСӘДМ ведомстволық бағынысты оңалту орталықтарында,
тәулік бойы және күндізгі болатын 3488 керуетте оңалту курсын 30386 мүгедек
балалар, олардың ішінде БЦСА бар балалар - 3656.
«Республикалық балалар оңалту орталығы» АҚ (бұдан әрі - РБОО) ( 2014
жылы – 180 керует, 2015 жылы - 300 керует) Қызылорда қаласындағы
филиалымен (50 керует) ҚР ДСӘДМ бекіткен әр жылға өңірлер бойынша
орындарды үйлестіру жоспарына сәйкес мүгедек-балаларға оңалту емдеу
шараларын көрсетеді.
2015 жылғы 9 ай бойынша «РБОО» АҚ 3042 мүгедек бала оңалту емдік
шаралар қабылдады.
Денсаулық сақтауды дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған
«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде халыққа
медициналық оңалту көмегін көрсету стандарты әзірленді, Балалардың 43
неврологиялық қызметтерін жетілдіру жөнінде, балалардың церебральды сал
ауруымен науқастанатын балаларды оңалту жөнінде жол картасы бекітілді.
«Денсаулық
сақтау
объектілеріне
қойылатын
санитариялық-
эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 87
қаулысымен мүгедектердің, оның ішінде БЦС-мен ауыратындардың қоғамдық
орындарда болуына қолайлы жағдайлар жасау үшін белгілі бір санитариялық
нормалар бекітілді.