Қазақстан мектептердегі балаларғА Қатысты зорлық-зомбылықты бағалау



жүктеу 2,14 Mb.
Pdf просмотр
бет7/73
Дата15.01.2020
өлшемі2,14 Mb.
#26636
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   73

17
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
қорытындылары бойынша, жыныстық сипаттағы 
жәбірлеулер, оның ішінде оқушылардың және ер 
мұғалімдердің қыздарға қатысты жыныстық қысым 
көрсетуі әлемдегі барлық елдерде орын алаты-
нын, тек дәрежесі жағынан әр түрлі болатындығы 
анықталды. Әдетте, жыныстық сипаттағы сөздер 
не қысым көрсету «қыздарды олардың жынысы не 
сексуалдылығы үшін кемсіту, жазалау тілегінен не 
жыныстық қызығушылық немесе мақтану үшін жа-
салады» (44). Көп жағдайда жыныстық сипаттағы 
сөздер не қысым көрсету, қол жүгірту қыздарды 
қорқытып, кемсітеді, олардың өзіне деген сенімі 
мен құрметін жояды, олардың мектепті ерте тастап 
кетуіне әкеледі (45, 46). 
Құрама Штаттар секілді өнеркәсіптік дамыған ел-
дерде тереңдете жүргізілген зерттеулер мектеп 
атмосферасы мен мектептегі зорлық-зомбылық 
арасындағы байланысты қарастырады (47, 
48). Бұдан бөлек, жәбірлеу мен виктимизация 
тәжірибесіндегі гендер рөлін тереңірек түсіну үшін 
зерттеу жүргізіледі; ұлдар мен қыздардың мек-
тепте физикалық және оған байланысты басқа 
да агрессияға ұшырау жиілігі әр түрлі болады, 
гендер мен виктимизацияның өзара байланы-
сы ұлдар мен қыздардың әлеуметтік дамуы мен 
психикалық денсаулығына әр түрлі әсер етуі мүмкін 
(49). Мектептегі зорлық-зомбылықты қазіргі за-
манда зерттеу балаларды мектептегі зорлық-
зомбылықтың құрбаны не оны жасаушылар болу 
тәуекеліне әкелетін факторларды, оның ішінде 
отбасылық орта (отбасында зорлық-зомбылыққа 
ұшырау не ата-анасына бауыр басу), балалардың 
ашу-ызасы мен агрессия үрдістерін, мектепке 
тым бауыр басуы секілді факторларды анықтауға 
шоғырланған. Зерттеулердің кейбірі мектепте 
зорлық-зомбылық жасалуының тәуекел фактора-
лына отбасылық мәселелерді, ата-анасына деген 
бауыр басудың жоқтығын, ашу-ыза мен физикалық 
агрессияға жақындық, зорлық-зомбылыққа жақын 
қатынастар, тәуекелді мінез-құлық, антисоциал-
ды құрбыларымен байланысты не құқықбұзушы 
құрбыларымен байланысты, төмен академиялық 
үлгерімді, сабақтан қалу дейгейінің жоғарылығын 
және мектептен ерте кетіп қалуды қамтитынын 
көрсетті (50, 51, 52, 53, 54).
Халықаралық зерттеулер сондай-ақ біраз 
балалардың көбінесе зорлық-зомбылықтың 
бірнеше түріне ұшырайтынын да көрсетті – 
оларды «көп реттік құрбандар» деуге бола-
ды. Көп реттік құрбандар отбасындағы нашар 
және жаны ашымас қарым-қатынас, құрбылар 
тарапынан зорлық-зомбылық пен кемсіту, мек-
теп қызметкерлері тарапынан тән жазасына 
ұшырау құрбандары болуы мүмкін. Зерттеулер 
көрсеткендей, көп реткі құрбандар болып табыла-
тын балалар ашу-ыза мен агрессия межелігі бой-
ынша жоғары балл алуы, отбасылық мәселелері 
көп болуы, жақында өмірінде бақытсыздыққа 
душар болуы (мәселен, отбасы мүшесінің қайтыс 
болуы не ата-анасының бірінен айырылуы) 
мүмкін (55). 
Соңғы жылдары, кибербуллинг деп аталатын 
жәбірлеудің жаңа түріне назар аударатын зерт-
теулер де жүргізіле бастады. Кибербуллинг 
электронды пошта арқылы, онлайн-чаттар-
да, жеке парақшаларда, мәтіндік хабарлама-
ларда жәбірлеу үшін ұялы телефондар мен 
Интернетті пайдалануды, бейнелер мен фото-
ларды жіберуді білдіреді. Кибербуллинг бойын-
ша мәдениетаралық зерттеулер кибербуллингтің 
айтылатын жиілігі өзгеріп тұрады. Мысалы, Жаңа 
Зеландиядағы орта мектеп оқушылары ара-
сында өткізілген зерттеу ұлдардың 8%-ы және 
қыздардың 14%-ы мектепте келеңсіз мәтіндік 
хабарламалар алғанын, ұлдар мен қыздардың 
7%-ы өзгелерге келеңсіз мәтіндік хабарлама-
лар жібергенін көрсетті. Салыстыру үшін, Құрама 
Штаттардағы орта мектеп оқушылары арасында 
(6-8-сыныптар) балалардың ең кемінде 22%-ы 
басқа біреуге қатысты кибербуллингпен екі не 
одан да көп рет айналысқан, ал 29%-ы кибербул-
лингке екі не одан да көп рет ұшыраған. Көбінесе 
кибербуллингтен жәбір көргендер бұл іспен ай-
налысушы адамдардың кім екенін білмейді; бірақ 
кибербуллинг арқылы өздерін кімнің кемсітуге 
тырысқанын білген адамдардың 58%-ы өздерін 
жәбірлегендердің бір мектепте оқитындар екенін 
хабарлаған (56, 57, 58). 
Кейбір елдер сондай-ақ балалардың мек-
тепке қару алып келу мәселесінің өсіп келе 
жатқанына алаңдайды. Соңғы онжылдықта мек-
тепте қару алып жүру мәселесі әсіресе Құрама 
Штаттарда белең алғаны байқалды, онда мектеп 
аумағында бірнеше рет жаппай оқ ату оқиғасы 
тіркелген. Расында да, жалпы ұлттық зерттеудің 
анықтауынша, Құрама Штаттарда оқушылардың 
кем дегенде 3% – 10%-ы мектеп аумағына қару 
алып келген, ал 12% – 25% мектеп аумағынан тыс 
жерде қару алып жүрген (59). Канадада өткізілген 
зерттеу болжамынша, бұл елде де мектепте қару 
алып жүру деңгейі Құрама Штаттардағы сияқты 
кең таралған (60).


18
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
және физикалық ишаралар жасайды. Ұлдар та-
рапынан мұндай сексуалды агрессия жыныстық 
белгіге қарай зорлық-зомбылықты қабылдауға 
ықпал етеді, себебі бұл көп ретте ересектердің 
назарынан тыс қалады, «ұлдардың бәрі осын-
дай» деп, ал қыздарды «өздері соны қалап 
тұрған» деп кінәлайды (64). Мектептегі зорлық-
зомбылықтың қай түрі болмасын мектепті ұлдар 
үшін де, қыздар үшін де қауіпті әрі қолайсыз 
орынға айналдырады, әсіресе кейбір елдер-
де бұл қыздар үшін қауіпті жер болып шығады, 
сондықтан ол жақта көбінесе қыздар, ұлдармен 
салыстырғанда, жасөспірім кезде мектепті тастап 
кетеді (65).   
Балалар арасындағы суицид
Суицид – балаларға қатысты барынша 
алаңдаушылық туғызатын мәселенің бірі және 
адамдардың түсінігі үшін мінез-құлықтың өте 
күрделі моделі. Балалардың көпшілігі өзіне 
зақым келтіруге бағытталған түрлі мінез-құлық 
модельдеріне еріксіз тартылады, олар өз денесіне 
қасақана зақым салады (мысалы, әдейілеп терісін 
кеседі, денесін көгертеді, тырнайды, күйдіреді, 
терісін сыпырады не шаштарын жұлады, улы зат-
тарды жұтады, сүйектерін сындырады) немесе 
суицид жасамақ болады/жасайды. Халықаралық 
зерттеулердің көрсетуінше, балалар өзіне-өзі 
зақым келтіру кезінде суицид жасайын деп ойла-
мауы да мүмкін; сонда да болса, екі арадағы бай-
ланыс айқын, себебі өзіне-өзі зақым келтіргені 
туралы хабарлаған адам бұдан кейін суицид жа-
сауы мүмкін екенін немесе жасамақ болғаны ту-
ралы да хабарлауы мүмкін (66).
Балалар/жастар әдетте өзіне-өзі зақым келтіру 
және суицидалды әрекеттері жайында ашыла 
айта қоймайды; сонда да болса, халықаралық 
зерттеулер барысында өзіне-өзі зақым келтіргенін 
мойындаған балалар/жастар мұны мұңаю, ма-
засыздану не эмоционалдық бұзылыстардың 
әсерін басу үшін істейтінін жиі айтқан. Олар су-
ицид жасауға тырыспауы да мүмкін, тек төзімі 
жетпейтін сезімдерін басқаруға не жаңа бір 
сезімдерді сезініп көруге тырысуы мүмкін (67).
Өзіне-өзі зақым келтіруге бағытталатын мінез-
құлық модельдері өмірдің ерте кезеңінде баста-
луы мүмкін. Халықаралық зерттеулер барысында 
өзіне-өзі зақым келтіруге бағытталған мінез-
құлықтың ерте кезеңі көбінесе 7 жасқа келеді 
екен; алайда мұндай мінез-құлық модельдерінің 
Мектептердегі зорлық-зомбылықтың белгілері 
мектеп атмосферасы мен мектептегі ортаға ғана 
кері әсерін тигізіп қоймай, зорлық-зомбылыққа 
ұшыраған балаларға да, куәгерлерге де, 
зорлық-зомбылық жасаушы балаларға да кері 
әсерін тигізеді. Мектепте зорлық-зомбылыққа 
ұшыраған балалар физикалық симптомдардан 
(мысалы, басы, іші, арқасы ауыру, басы айна-
лу), психологиялық бұзылыстардан (мысалы, 
көңіл-күйі болмау, сіркесі су көтермеу, мазасыз-
дану, күйзеліске түсу, қимыл-қозғалысы сылбыр 
тарту, елегізу, елеңдеу) білім алу нәтижелері 
төмендеуінен (мысалы, сабақтан алған бағалары 
төмендеу, сабаққа қатыспау, құрбыларымен, 
мұғалімдерімен қарым-қатынастың болмауы) 
жапа шегуі мүмкін. Мектептегі зорлық-зомбылық 
сипатының қатыгездігі байқалса, қайталанса, 
құрбандарда тиісті қолдау мен қорғау болма-
са, мұндай зорлық-зомбылықтың әсері де тым 
салмақты болмақ. Мысалы, Құрама Штаттардағы, 
Канададағы, Батыс Еуропа елдеріндегі 
зерттеулердің болжамынша, мектептегі зорлық-
зомбылыққа қатысу, мейлі құрбан, мейлі жаса-
ушы ретінде де, болашақтағы антиәлеуметтік, 
қылмыстық мінез-құлықтың, сондай-ақ өзін-өзі 
зақымдау, суицидалды мінез-құлықтың бастапқы 
белгілеріне айналуы мүмкін (61).
«Балаларға қатысты зорлық-зомбылық 
мәселелері бойынша БҰҰ дүниежүзілік есебіне» 
сәйкес, мектептегі зорлық-зомбылық сипаты 
мен дәрежесі әдетте елдегі, қоғамдастықтағы 
зорлық-зомбылық сипаты мен дәрежесін 
шағылыстырып көрсететін жайт болып табы-
лады, ал бұл, өз кезегінде, басым саяси және 
әлеуметтік-экономикалық жағдайларды, 
әлеуметтік бекітілімдерді, мәдени салт-дәстүр 
мен құндылықтарды, сондай-ақ заңдар мен 
олардың орындалу деңгейін айқындап көрсетеді 
(62). Ол ол ма, бұл есепте мектептегі зорлық-
зомбылықтың «жасырын оқу бағдарламасын» 
көрсетеді деп айтылған, бұл бағдарлама 
бойынша балалар «зорлық-зомбылықтың 
күштілер мен агрессивті адамдардың өздерімен 
салыстырғанда біршама әлсіз әрі ынжықтау 
адамдардан қалағанын алу үшін ең қолайлы 
әдіс» деп үйренеді (63). Мектептердегі зорлық-
зомбылық сонымен бірге гендерлік теңсіздік пен 
стереотиптердің таралуына ықпал етеді, себебі 
мұғалімдер көбінесе тән жазасын қыздарға 
қарағанда ұлдарға жиі қолданады, ұлдар 
бір-бірін қорқақсың деп мазақтайды, ұлдар 
қыздарға жыныстық мағынасы бар вербалды 


жүктеу 2,14 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   73




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау