Баяндама:
«Wi-Fi роутердің бала
денсаулығына зияны мен салдары»
Дайындаған және баяндаған:.
2022-2023 оқу жылы
Бүгінде ұялы телефондарсыз жұмыс істеу, істі бітіру мүмкін емес. Қазір екінің бірінің қолында ұялы телефон. Жас та, кәрі де бір-бірімен телефонды құлаққа тосып, күндіз-түні сөйлесумен болады.
Ұялы телефон — радиожелі арқылы байланыс жасауға арналған құрал.
1875 жылдың 2 маусымында Бостон университетінің Шешендік өнер мектебінің профессоры Грехем Белл ең алғаш рет байланыстырушы сымдардың көмегімен өз көмекшісінің даусын естиді. Өнертапқыш шотландтықтың бұл жаңалығы тарих бетінде телефон деген атпен қалды. Бір қызығы, өнертапқыштың есімі ағылшын тілінен аударғанда, «қоңырау» деген мағына береді.
Бұрын ұялы телефон дегенді тек қана қалталы азаматтардың қолынан көретін болсақ, осы күні титтей балалардың да қолынан түспейтін ойыншыққа айналған. Оны айтасыз, алыстағы ауылдарыңыздың «өзінде» соткасыз» үй жоқ. Ал енді екінің бірінің қолында, жамбасында, қалтасында, сөмкесінде, кеудесінде жүрген осы «сотка» дегеніңіз адамға қаншалықты зиянды? Америкалық мамандар ашқан жаңалыққа бұл күнде ешкім таңғалмайтын болды. Осыдан екі жыл бұрын «екіқабат әйелдер мен жас балалардың ұялы телефонды пайдалануы олардың денсаулығына орасан зиянын тигізеді» деп иондық емес сәулелерден қорғану жөніндегі Ресей ұлттық комитеті де дабыл қаққан болатын.
Ұялы телефон балалардың денсаулығына кері әсер етеді екен. Есте сақтау қабілеті нашарлайды. Танымдық қабілеті төмендейді. Бойды сүлесоқтық пен бойкүйездік билейді. Балалардың көбісі ашушаң, шаршауық, жүйкесі тез құриды. Ал ұялы телефонмен ұзақ сөйлесетін балалардың жүйкесі жұқарып, депрессиялық синдромға ұрынуы жиілейтін көрінеді.
Адамдар пойызда, лифт ішінде телефонмен сөйлесіп жатады. Ең зияны да осы екен. Ұялы телефонның антеннасы мұндай жағдайда жоғары деңгейде радиация шығарады. Бұл айналып келгенде адамның дене бөліктерін қыздырып, денсаулығына кері әсер беретін көрінеді. Әсіресе , жастар күндіз-түні ұялы телефонға жабысып, қолдарынан бір тастамайды. Түнімен музыка тыңдайды, бір-біріне хабар жібереді. Әйтеуір тыным жоқ. Зарядтайтын қондырғы жарты метр жерде болса, онда жоғары кернеулі электр сымының астында ұйықтағанмен бірдей екен. Тіпті мұның соңы мида қатерлі ісіктің пайда болуына әкеледі. Ғалымдар сұмдық сорақы жайттарды да анықтап отыр. Ұялы телефонмен ұзақ сөйлессеңіз, ол адам миын бір градусқа дейін қыздырады екен. Шведтік ғалымдар пайдаланушылардың 84%-ы құлақ тұсында температураның көтерілуін, 60% ұйқышылдыққа бейімделуін, 50%-ы бас ауруының күшеюін анықтаған. Анкара дәрігерлер палатасынан жасалған мәлімдемеде ұялы телефон және оның станцияларының мектептің ауласына, бала бақшалар, ауруханалар, саябақ секілді әлеуметтік тұрмыс мекендеріне құрылмауы керек екені айтылды. Мәлімдемеде сондай-ақ былай делінді: «5 Еуропа елінде жасалған зерттеудің қорытындысы ең аз дегенде 10 жылдан бері ұялы телефон қолданған адамдарда кейбір ми рагының кездесу жиілігінің артқанын көрсетті. Осы мәселемен бірге ДНК-дағы өзгерістер, жүйке клеткаларындағы өзгерістер, мидың жұмысы мен ұйқыдағы өзгерістер секілді аурулар да ортаға шығуда». Ұялы телефонмен сөйлесуден гөрі хабарлама жазу балалар мен жасөспірімдер үшін қолайлы. Себебі сөйлесу кезінде құлаққа берілетін электромагниттік сәулелер хабарлама жіберуден әлдеқайда көбірек бөлінеді.
Мына заманда адам баласын телефонсыз елестету қиын. Әрқайсымыздың «жан серігімізге» айналып, тұрмысымыздан ойып орын алғаны қашан. Бұл байланыс құралы арқылы керек адамыңды лезде табуға, мәселеңді шешуге, қажет деп тапсаңыз суретке, видеоға түсуге, музыка тыңдауға, әлеуметтік желілерге кіруге және тағы да басқа мүмкіндіктерді пайдалануға болады. Техника қарыштап дамыған уақытта байланыс құралдарының құлы болып бара жатқандаймыз. Ол аздай, хабарласып, қайда жүргенін білу үшін әр баланың қалтасына телефон салып қойдық. Қазіргі кезде 1 сынып оқушысына дейін ұялы телефон ұстайды. Телефон болғанда жәй түрі емес, бағасы қымбат көпфункциялысы. Арзан, әрі қарапайым түрімен баланы алдай алмайтын болдық. «Өзгеден кеммін бе? Пәленшеде айфон, түгеншеде планшет бар!» деген уәжіне тап боласыз. «Бала үшін жұмыс істеп, бала үшін өмір сүріп жүрген жоқпын ба?» деген ата-ана бар жалақысын жұмсаса да, перзентінің аңсаған «гаджетін» алып беруде. Ал, телефонның бала денсаулығына, психикасына және ортасына қаншалықты кері әсері бар екенін біле тұра, білмеген кейіп танытамыз.
Иә, кез келген ата-ана ұл-қызының ешкімнен кем болмауын және еш нәрседен тарлық көрмей өсуін қалайды. Бірақ, әр нәрсенің өз уақыты мен шегі болады емес пе? Қолына ұялы телефон ұстап, сабақ кезінде шұқылап отыратын оқушылардың қандай білім алатыны жайлы ойландық па? Қаланың көп жерлерінде WI-FI орнатылып, қалта телефоны арқылы кез келген сайтқа кіре алатыны, онда тәрбиеге нұқсан келетін небір ұятты жағдайлардың толы екені әмбеге аян. Оған қоса қазіргі кезде әлеуметтік желілердің де түр-түрі бар. Оқушылар арасында «В контакте» желісі кең тараған. «Ой, в контактеде отырмайсың ба? Отсталый!» деп оқушылар арасындағы әңгімені де естіп жағамызды ұстап жатамыз. Бастауыш сынып пен енді ғана жоғары сыныпқа аяқ басқан оқушылар әлеуметтік желі арқылы не сөйлеседі? Оны да білдік, жазбаларын оқыдық. Мәнсіз-мағынасыз шатпақтар. Тіпті, бір-бірімен ұрысып, дөрекілікке, жаман сөздер жазуға дейін барған. Осыдан балалардың арасында өшпенділік туындап, ол қылмысқа ұласып кетуі де ғажап емес.
Біз сізге ұялы телефоныңызды қауіпті деп санауға 3 себеп айта аламыз.
"Канцерогенді болуы мүмкін" – Халықаралық Денсаулық сақтау ұйымы ұялы телефоннан шығатын, көзге көрінбейтін электромагнитті толқындарды осылайша сипаттады. Ғалымдар қауіпті аурулар мен телефонның толқындары арасында тікелей байланыс тапқан жоқ, дегенмен зерттеулер жалғасуда, ал "мүмкін" сөзі қорқуға себеп береді.
Ғалымдардың жүргізген зерттеулері бойынша, адам ұялы телефонды қолданғанда оның миы басқаша жұмыс істей бастайды. Бір сағаттық әңгіме нәтижесінде, телефон қойылған жақтағы мидың бөлігінде көбірек глюкоза алмасуы болады. Бұл зерттеулер де әлі жалғасуда, мамандар бұл факті адамның денсаулығына қалай әсер ететінін айта алмай отыр. Алайда телефон миымызға әсер етіп, жұмысын өзгертетіні рас.
Соңғы жылдары бас аймағында ісіктерге шалдыққандардың саны өскені белгілі. Дәрігерлердің көпшілігі бұны ұялы телефонмен байланыстырады.
Ұялы телефонды көбірек қолданған сайын, ісік сияқты қауіпті ауруларға тап болу мүмкіндігі өседі.
Сізге берілетін кеңестер:
Телефонды қалтада, белдікте, ұстамаңыз. Телефонды қолда ұстап, жастықтын астына салып ұйықтамаңыз.
Мүмкіндік болса, қоңырау шалғанның орнына хабарлама жаза салыңыз.
Желі "ұстамайтын" жерлерден қайта-қайта телефон шалуға тырыспаңыз. Бұндай кездері телефон одан бетер көбірек толқындар шығарады.
Балалар электромагнитті толқындардың әсерінен көбірек зиян алады. Сондықтан кішкентайларға телефонды бергеннің алдында, оны "автономиялық" режимге қойыңыз.
Мамандар алдағы 10-15 жылда сымсыз телефонның зардабынан ісік дертіне шалдығушылардың саны арта түсетінін айтып, дабыл қағуда. Биыл дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы ұялы телефондар жас жеткіншектердің денсаулығына зиянды екенін мәлімдеді. Ғалымдардың пайымдауынша, 10 жыл бойы күніне жарты сағат ұялы телефонмен сөйлескен адамдардың глиома дертіне шалдығу қаупі 40 пайызға дейін ұлғаяды. Ұялы телефондар электромагниттік сәулелердің негізгі тетігі екені айтпаса да түсінікті. Бұл – жүйке, эндокриндік және жыныстық аурулардың асқынуына әсер ететін сәулелер. Тіпті, кей мемлекеттерде мектеп жасындағы балаға ұялы телефон ұстауға тыйым салынған. Себебі, 10-11 жастан бастап ұялы телефонды тұрақты пайдаланатын жандардың ми ісігіне тап болуы әбден мүмкін. Себебі электромагниттік сәулелер ойлау қабілетін реттейтін мидың жүйке орталығына енеді. Эпилепсия, жүйке аурулары, ақ қан сияқты дерттің де асқынуының негізгі себепкері де сымсыз телефон екенін жасырмайды мамандар. Әлем елдері ұялы телефонның адам өміріне қауіптілігін жан-жақты зерделеуде. Испаниялық ғалымдар 11-13 жас шамасындағы бала телефон арқылы екі минут сөйлескеннен соң, мидың биоэлектрлік белсенділігі 2 сағат бойы қалпына келтірілетіндігін дәлелдеген. Ұлыбританияның бірқатар қалаларында зерттеу жүргізген ғалымдар да мұны жоққа шығармайды. Ал Ресейдің гигиена институтының жүргізген зерттеулері 5-10 жыл бойы сымсыз телефонды пайдаланған 20-29 жас шамасындағы азаматтың ми ісігіне тап болу қаупі ұлғая түсетінін көрсетіпті. Бұл өскелең ұрпақтың ұялы телефонды неғұрлым ерте пайдаланса, соғұрлым дертке шалдығу қаупі де арта түсетінін меңзесе керек. Сондықтан құрметті ата-аналар балалардың денсаулығы, олардың болашағы өзіміздің қолымызда екенін естен шығармайық.
Wi-Fi сымсыз желісі бізге қазіргі таңда кабель жалғамай-ақ интернетке қол жеткізуге мүмкіндік береді. Алайда, Wi-Fi қызметін ұсынатын сервис қызметкерлерінің офисінде оның денсаулыққа зиянын төмендететін арнайы құрылым бар екенін біреу білсе, біреу білмейді. Wi-Fi сымсыз желісі бізге қазіргі таңда кабель жалғамай-ақ интернетке қол жеткізуге ммүкіндік береді.
Соңғы жылдары техникалық жаңалық болып, адамзаттың қолданысына кеңінен енгізілген Wi-Fi-технологиясының денсаулыққа тигізер зияны да жетіп артылатын көрінеді. Атап айтқанда, мидағы тамырларға әсер етіп, олардың тартылып, қысылуына әкеліп соғады екен. Ал ол өз кезегінде бастың ауруына себеп болады. Ғалымдар мұндай шешімге мектеп оқушыларына жүргізілген зерттеуден кейін келді. Олар оқушылар ұйқыға жатқанда жастықтарының астына Wi-Fi желісі қосылған смартфондар салып жүрген. Ертеңінде балалардың денсаулық жағдайын тексеріп, оқушылардан бас ауруды, шаршағандықты байқаған.
Сонымен қатар, үйінде Wi-Fi желісін пайдаланушылар өзінің бөлме өсімдіктеріне назар аударулары тиіс. Өйткені жүргізілген тәжірибе негізінде Wi-Fi желісі өсімдіктерді құртатыны дәлелденді. Қосулы Wi-Fi-модемімен бір бөлмеде тұрған 6 өсімдік түрі 12 күнде-ақ құрғап, сарғая бастаған.
Зерттеушілердің сөзіне сенсек, балалардың ми сыртындағы сүйектері тым жұқа болып келгендіктен ол радиацияны да ересектерге қарағанда тез қабылдайды. Салдарынан нәрестенің өсіп-жетілуінде кемістіктер пайда болуы мүмкін. Сол себепті дәрігерлер жүкті әйелдерге ұялы телефонды қалтаға салып жүрмеуге кеңес береді. Мұндай жағдай балаланың жетілмей туылуына әкеліп соғуы ғажап емес дейді олар.
Ғалымдардың екінші тобы Wi-Fi-дың зиян екенін теріске шығарып, өз дәлелдерін алға тартуда. Жуырда олар аталған пікірге қарсы мақала жазып, оны Journal of Microscopy and Ultrastructure басылымында жариялады. Екінші тараптың айтуынша, балалар организміне Wi-Fi-дің ешқандай залалы жоқ. Ол көбіне үлкендердің мидағы тамырларына әсер етеді делінген аталған ғылыми мақалада.
Қазіргі заманауи Wi-Fi аппараттары бөліп шығаратын радиотолқындардың жиілігі өте төмен, яғни қысқатолқынды пештердің бөліп шығаратын толқындарымен бірдей. Сондай-ақ, олардан бөлінетін радиация мөлшері де 100 мың есе аз екен. Сондықтан, ғалымдар Wi-Fi-ға шектеу қоюға әлі асығар емес.
Интернетке сымсыз қосылу – заманауи өмірдің ажырамас бөлігі. Үйде, жұмыста, сауда орталықтары мен білім ордаларында – барлық жерде Wi-Fi бар. Кейбір ғалымдар Wi-Fi-ді айтпай келетін дерт дейді. Бізді күнделікті қоршап тұрған Wi-Fi-дан тарайтын сәулелену жайлы қысқаша мәлімет алып көрейік.
Достарыңызбен бөлісу: |